Маратқызы Сания, магистрант

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік

тәжірибенің несиелендірудегі рөлі

 

 

Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті дамытуға  экономикасы дамыған елдерде көптеген шаралар жүргізілуде. Дамыған  елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық өркендеуіне әсерін тигізетін қажетті шарттардың бірі,  ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің  жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі [4].

АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру  шағын бизнесті несиелендіру Әкімшілігі арқылы жүзеге асырылады. Ұлыбританияның тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қаржылық - несиелендіру көптеген несиелік мекемелер арқылы іске асырылады. Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы жүргізіледі.  Мысал ретінде, «қаржылық өндірістік және сауда кәсіпорындары» корпорациялары, әртүрлі клирингтік банктер тағыда басқа қаржылық мекемелер. Франциядағы шағын бизнесті несиелендіру негізінен шағын кәсіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады. Банктің негізгі бағыты - бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау[3].

Жапониядағы шағын кәсіпорындарды несиелендіру орталықтары ірі қаржы - несие орталықтары негізінде іске асырылады. Жапониядағы шағын кәсіпорындарды бір орталыққа бағыттау жүйесіне: орталық үкімет, жергілікті билік органдары, ірі бизнес, шағын бизнестің бірігу мекемелері жатады. Дамыған шағын фирмалардың көлемі 70%  дейін жетеді. Сонымен қатар Жапониядағы шағын кәсіпорындарды қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен көрінеді. Жапонияда мемлекет тарапынан орта және шағын кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген және олар үшін жеке меншік банктерде қаржылық органдары құрылған[2].

        Бастапқылары ретінде негізгі үш үкіметтік институт табылады:

- орталық кооперативтік банк сауда және өндіріс құрылғыларын қаржыландыру мақсатында құрылған (негізінен сауда және өндіріс жобаларын қаржыландырады, банк капиталының 2/3 бөлігі мемлекеттік жарналардан);

- шағын кәсіпорындарды қаржыландыру мақсатындағы ұлттық корпорация (кепілсіз қамтамасыз етуді қаржыландыруды жүргізеді, бұл корпорация ең кішігірім компанияларды қаржыландыру үшін құрылған);

-  мемлекеттік қаржылық корпорациясы (инновационды және тәуекелді жобаларды жүргізетін шағын кәсіпорындар жобаларын қаржыландырады); сауда - өндіріс палаталарын иемденеді (мемлекет бойынша 500-ден жоғары), бұл корпорация жыл сайын шамамен  500 млрд. иен несие береді.

Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнесті қаржыландыру жүйесі маңызды әрі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Солардың кейбіреулеріне жеке - жеке тоқталу көзделіп отыр[1].

Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең  өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының  жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

 

Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың  барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдармен арнайы жүргізіледі.

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда, шағын бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр.

 

Әдебиеттер:

1.     Роберт Тору Кийосаки, Шэрон Л. Лектер Школа бизнеса

2.     Шевчук В.А., Шевчук Д.А. Финансы и кредит.

3.     http://reftrend.ru/520720.html

4.     http://www.bestreferat.ru/referat-304536.html