аға оқытушы, магистр Жумажанова М.Т.  

«Қаржы» мамандығының 1 курс студенті Мусабеков Нурканат 

АҚ «Қаржылық академия», Қазақстан

Офшорлық аймақтардың еліміздің эконмикасына тигізетін кері әсері

Әлемдік эконмикалық ғаламдану процессі жүріп жатқан уақытта, әр елдің ішкі экономикалық дамуын интенсивті түрде ұйымдстыру, елдің тұрақты дамуын қамтамасыздандырады.[1, б-51].

20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай әлемде 1200-ге жуық әр түрлі еркін (арнаулы) экономикалық аймақ болды, оның ішінде: 400-і еркін сауда аймағы, 400-і ғылыми-өнеркәсіптік парк, 300-ден астамы экспорттық өндірістік аймақ және шамамен 100 шақтысы арнайы мақсаттағы аймақтар (офшорлық аумақтар, экология-экономикалық аймақтар, туристік орталықтар). [2, 8-бет]

Қарастырылып отырған тақырып, арнайы мақсаттағы аймақтар тобына жататын, көлеңкелі экономиканың механизаторы болып табылатын-офшорлық аймақтардың еліміздің эконмикасына тигізетін әсері.

Оффшорлық банк қызметін қолданудың жетістіктерін келесідей бөліп қарастыруға болады:

-       салымшылардың, яғни оффшорлық банк қызметіне жүгінуші тұлғаларға қатысты ақпараттардың анонимдігі;

-       салық төлеуден жалтару немесе төмен ставкалармен төлеу;

Төмендегі кестеден офшорлық шот ашудағы әйгілі банктер тізімі бейнеленген. [4]

 

Кесте – 1. Офшорлық шот ашудағы әйгілі банктер тізімі

Банктердің атауы

Офшорлық елді мекен атауы

1

Aizkraukles banka (AB.LV)

Латвия

2

AKB Privatbank Zuerich AG

Швейцария

3

Baltikums Bank

Латвия

4

Bank of Cyprus

Кипр

5

Credit Suisse

Luxembourg

6

FBME Bank

Кипр

7

Hellenic Bank

Кипр

8

HSBC Bank

Гонконг

9

HYPO Landesbank

Австрия

14

Valartis Bank (Austria) AG

Австрия

Дерек көзі: Халықаралық валюта қоры бойынша және әлемдік даму банкі көрсеткіштері негізінде автормен құрылды [4]

 

Қазіргі қаржылық тұрақсыздыққа әлемде етек алып отырған салық төлемдерінен жалтарудың да кері әсері тиіп отырғаны сөзсіз. Үлкен жиырмалықтың қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының айтуынша, халықаралық салық төлемінен жалтару мәселесі офшорлық аймақтар арқылы одан сайын ұлғая түсуде. Бұл орайда Ресейдің қаржы ми-нистрі Антон Силуанов: “Біз бұл мәселені әдейі терең талқылаған жоқпыз. Алайда, басқа жағынан алып қарағанда барлық елдер салық төлеушілерінің офшорға кетуіне, бюджеттің кіріс түсімдерінің төмендеуіне алаңдаулы. Қазіргі дағдарыс жағдайында әрбір ел өз бюджетін толықтыру үшін оның көздерін іздейді. Сондықтан жеңілдетілген әрі оңай салық саңылауларын іздейтіндер, әрине, барлығымызды алаңдатады”, – деді. Қорытындылай келе,   қаржылық “жиырмалық” біртарапты коммюнике қабылдап, барлық офшорларды салық мәселелеріндегі көпжақты әкімшілік өзара көмек туралы конвенцияға қол қоюға шақырды. [2, 16-бет]

Әлемдік қауымдастық офшорларды бақылауға алуы тиіс. Бұл ұсынысты Президентіміз: «Офшорлық аймақтарды жаһандық қадағалауды біржола қолға алуымыз керек», - деді.

Ұлттық экономикалардан офшорлық аймақтарға шығарылатын қаржы 30 триллион долларға дейін жетеді - дей келе, Қазақстан Президенті офшорларда қордаланған қаржы әлемдік экономикаға кез-келген уақытта кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты. Ол Кипрде биыл болған ахуалды - соның бір көрінісі ретінде мысалға келтірді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Кәсіпкерлердің қаржыларын шетелдегі жылжымайтын мүлікке емес, ұлттық экономикаға инвестициялау – оның патриоттық борышы болуы тиіс», – дегенді баса айтқан болатын. Бұл мәселеге жалғыз Қазақстан емес, Еуропа елдері де офшорлық шоттар мен Швейцария банктеріндегі есепшоттардың иелерін білуге талпынуда. Әсіресе Франция қыс айларында елдегі олигархтардың табысының 75 пайызын Үкіметке салық ретінде төлеуі туралы заң жобасын қарастырған еді. Нәтижесінде белді деген олигархтар шетел асып, Швейцария мен Бельгияға көшті. Франция үкіметі табыстың 75 пайызын талап ететін заң жобасын қабылдаған жоқ. Бірақ президент Франсуа Олландтың көмекшісі Жан-жжак Огьенің де офшорлық шоты анықталған.

Елдің экономикасын жанғыртуда, иновациялық жобаларды жүзеге асыруда, прогрессивті экономиканың даңғыл жолына түсуде, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін көтеру жоспарын іс-шараларға негіздей отырып жүзеге асыруға, қаржыны мемлекеттің құзырлы (Қаржы Министірлігі мен ҚР-ның Ұлттық банкі) ұйымдары  қамтамасыздандырады. Мемлекеттің немесе Қаржылық институттардың қаржылық қатынастар жиынында ақшаның дефициті болғанда, олар аналогты ұйымдарға, мемлекеттер мен офшорлық аймақтарға   қаржылық көмекке жүгінеді. Бір ғана елімізге сырттан келетін инвестициялық салымдардан, мемлекеттің сыртқы қарызының артуына септігін тигізеді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Халықаралық Бизнес. Рикки. У. Гриффин, Майкл У. Пастей.

2.     Миравая экономика. И.С. Цыпин, В.Р. Веснин.

3.     Международная экономика. А.И. Михайлушкин, П.Д. Шимко.

4.     Халықаралық валюта қоры бойынша және әлемдік даму банкі көрсеткіштері