Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

 

Д.П.Жаздықбаева-аға оқытушы

«Мирас» университеті, Қазақстан Республикасы

 

Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор.  Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп  беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

Ұлттық экономикамыздың қарқынды дамуында  ауылшаруашылығының ерекше орны бар екендігін Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен. Жолдауда: «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет» - делінген [1].

Республикамыздың ауылшаруашылығы өндірісінің басқа да салалар сияқты, мал шаруашылығының  алдында тұрған негізгі міндет – бұл саладан алынатын өнімдердің көлемі мен сапасын жоғарылату болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор.  Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп  беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

Жыл бойы табын ішінде малдардың жүйелі қозғалысы байқалады. Осы қозғалыстың нәтижесінде әр айдың 1 күніне мал басының белгілі саны қалыптасады. Ауылдық (селолық), кенттік және қалалық округтердің әкімдіктері жүзеге асыратын әр жұртшылық қожалықтарын есепке алу және шаруа (фермер) қожалықтарын есепке алу 1 қаңтар мен 1 шілдеге шаруашылықтардың көрсетілген санаттарындағы мал мен құс басы туралы деректердің болуына мүмкіндік береді. Шағын шаруа (фермер) қожалықтарында және жұртшылық қожалықтарында жылдың қалған күндеріне (1 ақпандағы, 1 наурыздағы, 1 сәуірдегі және т.с.с.)  мал мен құс басын анықтау үшін малдың әр түрі бойынша ай сайын табын айналымын есепті түрде құрастыру қажет.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Жалпы Қазақстан Республикасы деңгейінде ауыл шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемі 2007 жылы 1089,4 млдр. теңгені құраған болса, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 2286,0 млдр. теңгеге дейін жетіп отыр. Соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім құны 2007 жылы 476,3 млдр.теңге болса, ал 2011 жылы ол 942,4 млдр. теңгеге дейін жоғарылаған [2]. 

2012 жылғы сойылған салмағындағы ет өндіріс шаруашылықтардың барлық санттарында 0,7%-ға кеміді. Сиыр сүтінің өндірісі 7,6%-ға, тауық жұмыртқалары – 1,5%-ға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 0,4%-ға артты.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі көлемінің 13%-ға, сүттің 13,2%-ға, жүннің 5,6%-ға артуы белгіленеді.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 5,7 млн. бас, соның ішінде сиырлар – 2,6 млн. бас, қойлар – 15,3 млн. бас, ешкілер – 2,6 млн. бас, шошқалар – 1,1 млн. бас, жылқылар – 1,6 млн. бас, түйелер – 172,6 мың бас, құстар – 33,8 млн. бас құрады.

1 сиырға орташа сүт сауылымы – 0,2%-ға, 1 жұмыртқалағыш тауыққа жұмыртқаның шығуы – 0,9%-ға артты, 1 қойға орташа жүн қырқу өткен жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға кеміді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 сиырға орташа сүт сауылымы 9,1%-ға артты және 3846 кг құрады.

Республика деңгейінде ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемінің деңгейін төмендегі кесте арқылы толық сипаттауға болады (1 кесте).

Кестенің мәліметтерінен  жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі жыл сайын артып отырғанын толық аңғаруға болады.

Егер барлық ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1196,6 млдр. теңгеге немесе 109,8 %-ға жоғарылаған болса, соның ішінде мал шаруашылығынан алынған жалпы өнім  көлемі  466,1 млдр. теңгеге немесе 97,9 %-ға артқанын байқап отырмыз.

 

Кесте 1 – Қазақстан Республикасы деңгейінде ауыл шаруашылығынан алынған жалпы өнім көлемі                                                                    

                                                                                   (млд. теңге)                                                                                                                                                                                                                   

Ауыл шаруашылығы салалары

 

2007

 

2008

 

2009

 

2010

 

2011

Өсу қарқыны

2011/2007 қатынасы

млд. тг

%

Мал шаруашылығы

 

476,3

 

628,6

 

703,2

 

774,1

 

942,4

 

+466,1

 

+97,9

Өсімдік шаруашылығы

 

608,4

 

770,2

 

932,3

 

662,7

 

1337,2

 

+728,8

 

+119,8

Барлығы

1089,4

1404,5

1641,4

1442,6

2286,0

+1196,6

+109,8

Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде жасалынды [2, 282 б.]

 

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін ары қарай дамыту міндеттерін жүзеге асыруда шығындардың есебін ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі ол жалпы кәсіпорын деңгейінде де, оның өндірістік бөлімшелері деңгейінде де өнім өндіруге өндірістік құралдардың үнемді жұмсалуына, барлық өндірілген өнім түрлері мен орындалған жұмыстардың өзіндік құнын шығын баптары бойынша анықтауға, өндіріс көлемін ұлғайту үшін пайдаланылмаған резервтерді анықтауға, өндіріс сапасын жоғарылатуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жүйелі түрде бақылау жасап отыруды қамтамасыз етеді [3].

Жалпы ауыл шаруашылығы саласының, соның ішінде мал шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне құрамына шығындар және өнім шығымы есебі мен бақылау жүйесі енгізілетін ұйымдық басқару, жоспарлау, нормалау, талдау, ішкі бақылау шараларының  әсері зор. Қазіргі ауылшаруашылығы тәжірибесінде бұл мәселелерге дұрыс көңіл бөлінбей, соның салдарынан мал шаруашылығымен  айналысатын кәсіпорындар өндірісте шығындарды тиімсіз жұмсап, көп жағдайда материалдық шығынға ұшырап отырады.

Зерттеулер нәтижесінде мал шаруашылығы өндірісімен айналысатын кәсіпорындарда  басқару есебі төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет деп санаймыз: өндіріс үдерісінің технологиялық ерекшелігіне байланысты өндіріске жұмсалынатын негізгі және үстеме шығындар міндетті түрде нормалануы (мөлшерленуі) қажет және есепті мерзімнің соңында нақты шығындар нормамен (мөлшермен)  салыстырылып, ауытқу есебі бөлек жүргізілуі қажет; өндіріске жұмсалынған шығын мөлшері мен алынған өнім көлемін дер кезінде және толық  көрсетуге тиісті; құрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсеткен басқа құрылымдардың  қызметі дер кезінде есепке алынуы тиіс; құрылымдық бөлімшелерде өндіріс құралдарының, еңбек ақы қорының дұрыс пайдаланылуына, жем-шөп және басқа да материалдық ресурстардың мөлшерге сәйкес жұмсалуына жедел бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Мал шаруашылығындағы шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотына ашылған 8110/2 «Мал  шаруашылығы» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша есепті мерзім бойы мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындар және жыл соңында азық-түліктің, көмекші өндіріс қызметтерінің және басқа да шығын баптарының жоспарлы өзіндік құны нақты өзіндік құнға дейінгі түзетілген сомасы (қызыл жазу немесе қосымша жазу арқылы) көрсетілсе, ал шоттың кредитінде жыл бойы жоспарлы өзіндік құнмен алынған өнімнің  жыл соңында нақты өзіндік құнға дейін түзетілген сомасы есепке алынады. Жылдың соңында калькуляциялық айырмашылықтар есептен шығарылғаннан кейін, 8110/2 «Мал шаруашылығы» шоты жабылады.

Мал шаруашылығындағы өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдас-тырылады :

- материалдар;

- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары;

- еңбек ақыдан аударымдар;

- үстеме шығындар.

Мал шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды азықтандыруға жұмсалынатын жем-шөптер төмендегі екі тәсілдің біреуін қолдану арқылы жұмсалуы қажет [4] .

Бірінші тәсіл – негізгі өндіріске жіберілген материалдар (азықтар) бастапқы құжаттардың негізінде тікелей 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен, «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жазылады. Есепті мерзімнің соңында пайдала-нылмаған мал азығына түгелдеу жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған жем-шөптің көлемі мен құны фермаға немесе бөлімшеге жіберілген жем-шөптің құндарынан шегеріледі.

Екінші тәсіл – орталық қоймадан өндірістік бөлімшеге немесе бригадаға жіберілген мал азығы алдыменен бөлімше меңгерушісінің немесе бригадирдің, малшының есебіне беріледі де, содан кейін әрбір бөлімшедегі азықты сақтау орындарынан тек мал азығының рационына сәйкес қажетті мөлшері ғана азықтандыруға жіберіледі.

Шағын шаруа (фермер) қожалықтарындағы  мал шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерін ай сайынғы есептеу нәтижелері ірі және орташа шаруа (фермер) қожалықтарын ай сайынғы статистикалық байқаулары шегінде алынатын тиісті көрсеткіштеріне қосылады. Осылайша қалыптасқан деректер шаруа (фермер) қожалықтарының санаты бойынша мал шаруашылығының жағдайын тұтастай сипаттайды.

Жұртшылық қожалықтарындағы мал шаруашылығы бойынша  есептеу деректерін және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша есеп деректерін есепке алғанда, есепті айда шаруашылықтың барлық санаттарында мал шаруашылығы жағдайының жалпы көрінісі қалыптасады.

 

Әдебиеттер

1.                 ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы  Астана. 14 желтоқсан 2012. – 3б.

2.                 Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник . – Астана, 2012. – С. 282

3.                 Тайгашинова К.Т. Өнімдердің, қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау.: Оқу құралы. –Алматы: «Издательство LEM» ЖШС, 2012 – 276 б.

4.                 Алишарова Г.С. Басқару есебіндегі шығындар мен шығыстардың экономикалық мазмұны және жіктемесі //ҚазЭУ Хабаршысы.–2008. - № 5, 20-23 б.