Ермағанбетова
Гүлнәр Әділханқызы
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық -техникалық колледжі
ТҮРКІСТАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ
ӘЛЕСҚОЙЛАР ҮЙІРМЕСІ
ТАРИХЫ
Ресей
патшасы кең-байтақ қазақ жерін отарлау мақсатында
ең алдымен оның тарихын, мәдениетін зерттеуді басты меже етіп
алғаны белгілі. Осы мақсатта қазақ жерінің
табиғатын, географиясын, жер қойнауын, халқының
салт-дәстүрін, тұрмысын жан-жақты зерттеумен
айналысатын ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Атап
айтсақ, Солтүстік және Батыс Қазақстанды –
Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы,
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды – Түркістан
археология әуесқойларының үйірмесі, Шығыс
және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды – Орыс география
қоғамының Батыс-Сібір бөлімі зерттеумен айналысты.
Соның ішінде Түркістан археология әуесқойларының
үйірмесі – қазақ халқының тарихында елеулі
орынға ие болды. Үйірме Қазақстанның тарихы, археологиясы,
этнографиясы мен мәдениеті саласында мол мұра қалдырды.
Түркістан өлкесіндегі археологиялық
зерттеуге байланысты жазылған очерк авторының айтуынша, 1886
жылға дейін Түркістан өлкесінде дербес қазулар
және жүйелі археологиялық зерттеулер шығарылған
жоқ. Бұл өлкеде ешқандай мекемелер өздері
археологиялық комиссиямен тұрақты, сонымен қатар ресми
қатынас жасай алмады. 1886 жылы Н.П.Остроумовқа археологиялық
комиссияның ұсынысымен осы қатынасты өз мойнына алу
керек болды. Дегенмен де бұл іс тек қана 1893 жылы нақтыланады.
ХІХ ғасырдың 80 жылдарында Ташкентте
ТАӘҮ-нің келешек мүшелері (шенеуніктер,
мұғалімдер, докторлар) құрылды, олар Түркістан
өлкесін зерттеуге, тарихы мен мәдениетіне қызығушылар
болатын. Олардың кейбіреулері жеке немесе басқа өлшемге
байланысты Ташкент ғылыми-өлкетанулық ұйымымен
байланыста болды.
ТАӘҮ-нің зерттеулері мен
құрушыларының алдында үлкен екі тұлға
тұрды, олар шығыстанушы ғалым, профессор Василий Владимирович
Бартольд және Ташкент ерлер гимназиясының директоры Николай Петрович
Остраумов еді.
Жалпы
Түркістан археология әуесқойлары үйірмесін
құру жоғарғы жақтан берілген тапсырма
болғанымен, оның негізінен үш құрылтайшысын
атауға болады, оларды ішкі мақсат пен ғылыми
қызығушылық бір арнаға тоғыстырды.
Құрылтайшылардың мақсат - міндеттері бір ауыздан
мақұлданатын болған. Үйірменің
төрағасы Түркістан генерал-губернаторы А.Б.Вребский,
төраға орынбасары Н.П.Остроумов және белсенді мүшесі
В.В.Бартольд болды. Түркістан археология әуесқойлары
үйірмесінің 1896 жылғы 22 желтоқсандағы
мәжілісінде мүшелерінің саны
47 адамнан тұрған. Олардың ішінен В.В.Радлов,
В.Р.Розен, Н.И.Ветеловский, В.А.Каллаур, А.А.Диваев, К.Г.Залеман, Н.Н.Пантусов,
И.В.Аничков, А.К.Кларе, С.Ф.Ольденбург, В.Г.Тизенгаузен, И.А.Кастанье,
Н.Жетпісбаев, М.С.Андреев, Н.Г.Маллицкий, Е.Т.Смирнов, т.б. белсенді
мүшелерін атауымызға болады [1, 124 б.]. Бұдан кейінгі жылдары үйірмеде 100-ден астам
мүше болған [2, 8-10б.]. Сонымен қатар үйірме
жұмысына атсалысқан, бірақ мүше болуды
қаламаған белгілі ғалым ретінде В.Л.Вяткинді атауға
болады.
ТАӘҮ кездейсоқ мүшелерінің
арасында, әсіресе бірінші жылдары жоғарғы әскери
шенеуніктер және т.б., болған. Олардың ТАӘҮ мүшесі
болуларының себебі, формальдық жақындығы
үйірменің құрметті председателі, өлкенің
генерал-губернаторы, «Ақ үйге» жиі бару, өзін көрсетіп,
басшылардың көзіне түсуі еді. Е.М.Массонның сөзімен айтқанда, «Археологияда
өзіне карьераны жасауға талпынған (өйткені,
председатель генерал-губернатор болған), бірақ (өлі жандар
үйірмесі) саны жағынан алғанда, оның мүшелерінің
аз бөлігі ғылымның алдамшы қызығушылары,
энтузиастық өлкетанушылары болды», (3) дейді.
Үйірменің мүшелері В.В.Бартольд,
Н.П.Остроумов, В.А.Каллаур, А.А.Диваев сияқты белсенді және
көрнекті қайраткерлерін атап өтуге болады.
Үйірме мүшелері
өздерінің статусын жай ғана «әуесқойлар»
дегенімен, олардың көпшілігі он шақты немесе одан да
көп шығыс және батыс тілдерін білген, гимназиядан
толыққанды орта білім алғандар болуымен қатар, сол
кезеңдегі шығыстану саласының орталықтары болған
Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан университеттерінің шығыс
тілдері факультетінде тарихи-филологиялық білім алған, өз
еңбектерін шетелдік басылымдарда жариялап отырған белгілі
ғалымдар болған. Мәселен, археология
«әуесқойларының» бірі М.С.Андреев КСРО ҒА корреспондент
мүшесі, Өзбекстан Республикасының ҒА академигі,
Бенгалия Географиялық қоғамының
корреспондент-мүшесі қызметтерін атқара жүріп
ортаазиялық этнографияға үлес қосқан ғалым
болатын.
Үйірме мүшелерінің
құрамы кең ауқымда болды, оған әлемдік
деңгейдегі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольдтан бастап
шығыстану саласына қатысы жоқ Түркістан
генерал-губернаторлығында халыққа білім беру ісіне жауапты
Ф.М.Керенскийге дейін мүшелік еткен.
Түркістан археология
әуесқойларының үйірмесі - Орта Азия, Қазақстанның
оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері
жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми
бірлестік. Оған әскери әкімшіліктің басшылары,
әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуніктер
мүше болған. Түркістан археология
әуесқойларының үйірмесі 1895 жыл-дың 11
желтоқсанынан 1917 жылға дейін қызмет атқарған.
Құрылған күнінен бастап үйірме мүшелері жалпы жиналысын өткізіп, кейін «Туркестанские ведомости» газетінде
үйірменің ашылғаны және оның Жарғысы
шыққандығы туралы жариялайды [4, 124 б.]. 1917 жылға
дейін жұмыс істеген бұл ұйым Орта Азия мен
Қазақстандағы шығыстану саласының даму тарихында
елеулі із қалдырды. Ұйымның ашқан
жаңалықтары мен атақты шығыстанушылардың
ғылыми зерттеулері еліміздің тарих ғылымы саласын жаңа
мағлұматтармен толықтырып, дамуына үлес қосты.
Ұйым жұмысы барысында
жинақталған мәліметтерді кейінгі зерттеушілер анықтама
материал ретінде пайдаланды. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеген
тұста отандық тарихшылар өткенімізді саралап, тарихымызды
жинақтауда кейбір жоғалып кеткен тарихи ескерткіштерді,
фольклорлық шығармаларды және жазуларды үйірме
мұраларынан анықтап отырды. Ұйым мүшелерінің
ой-пікірлері, олардың жазған зерттеулері көптеген жаңа
зерттеулерге талпыныс берді. Ұйым атқарған
жұмыстарының арқасында Қазақстан жерінде
орналасқан тарихи маңызы бар археологиялық ескерткіштер
белгіленіп, Қазақстаннның археология ғылымының
дамуында үлкен серпіліс жасалды. Үйірме мүшелері
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді, оның
нәтижелерін ғылыми басылым беттерінде жариялап тұрды.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Массон М.Е. Рудник Погибели (из истории первых лет деятельности
Туркестанского кружка любителей археологии), Фрунзе, «Кыргызтан», 1971г.
2. Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии //
Қазақстанның тарихи -
мәдени ескерткіштері,
Түркістан, 2011ж
3.
www.mytashkent.uz , В. А. Германов «Туркестанский кружок любителей археологии: примат науки или геополитики?»
4. Ахметова Ұ.Т. Орынбор ғылыми – мұрағаттық
комиссиясының құрылуы және қызметі
(1887-1918жж.) - Атырау, 2010ж.