Заркенова Л.С., Смайлова А.Б.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

 

ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

       Қазіргі таңда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың саны артып келетіні бәрімізге мәлім.  Барлық тірі организмдерге тән қасиет қимыл-қозғалыс, өйткені ол ағзаның өсіп дамуына, адам денсаулығына әсерін тигізеді.

     Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрып, тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметін атқарады.

     Атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттердің  келесідей топтарын ажыратады: буын бүккіш, буын жазғыш, мүшені жақындатқыш және алшақтатқыш үйлесімді бұлшық еттер, орналасуына байланысты үлкен үш топқа бөледі: бас, тұлға және аяқ пен қол бұлшық еттері. Бұлшық ет негізінен, екі түрлі қызмет атқарады: денені қимыл- қозғалысқа келтіреді және денені тік ұстауға мүмкіндік береді.

       Тірек-қимыл жүйесінің дамуында қаңқа мен бұлшық еттер жасушаның  үнемі жаңарып отыруы маңызды, мүшелердің өсуіне қажетті жағдай, балалық шақта, ер жеткенде қаңқа мен бұлшық ет жасушалары жылдам өсіп дамиды.

       Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз-жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуына мынандай себептер әсер етеді.

-        Екіқабат кезіндегі ананың денсаулық жағдайы.

-        Босану үстінде жарақат алу.

-        Мезгілінен бұрын босану: а) бұл кезде миға қан құйылып кетуі мүмкін, ә) баланың миына оттектің жетіспеуі.

       Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады [1].

Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5-7 пайызды тірек-қимыл аппаратының бұзылулары құрайды. Аталмыш зақымдар туа біте және тіршілік барысында бара келе пайда болуы мүмкін. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының келес түрлерін көрсетуге болады.

Тірек-қимыл жүйесінің туа біткен патологиясы: туа біткен жамбас сүйектері шығып кетуі, мойын омыртқалары  қисайып кетуі, маймаңдау және бунақ сүйектерінің басқа да деформациялары, арқа омыртқа дамуының кемістіктері (сколиоздар), қол сүйектері дамуының кемістіктері, артрогрипоз.

Тірек-қимыл аппаратының жүре келе пайда болған ауруларымен бұзылуы: жұлын, бас ми және аяқ-қолдардың жарақаттан бұзылуы, полиартрит, қаңқа аурулары (өкпе құрт ауруы, қаңқаның ісіктері, остеомиелит), қаңқаның жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).

Тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларда бастапқы кемістік қозғалтқыш ауытқуы болып табылады (қозғалтқыш қызметтерінің жетілмеуі, бұзылуы немесе мүлдем жойылуы). Сондай ауытқулары бар балалардың арасында көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар құрайды (89%).

       Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. Заттық - тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл тежеліп, бір мезгілде еркін сенсорлық-моторлық активтілік жеңілдетіледі.

       Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру - моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады.

       Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының тәрбиенің жүйелілігінің қалыптасуын жүзеге асырады.

       Қимыл - қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:

Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады ;

Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); балалардың басым көпшілігі өздігәнен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.

Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;

       Бұл балалрдың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрнісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б)[2].

       Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп оқушыларын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу мәселесінің маңызы айрықша. Бірақ мектепке дейінгі жастан бастап-ақ, церебральды сал аурулы балалардың еңбек дағдылылары мен дағдыларын қалыптастыра бастауға болады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбек әрекетінің ұйымдастырылуы, спецификалық сипатқа ие. Себебі, ол түпкі нәтижеге қол жеткізуге емес, үдерістің өзін орындауға бағытталады.Мектепке дейінгі жаста бұл әрекет, баланың жан-жақты дамуының құралы ретінде, өте маңызды: баланың қоршаған орта туралы, заттардың қасиеттері мен сапалары туралы, олардың өзара қарым-қатынастары мен себеп-салдары байланыстары туралыбілімдері мен мағлұматтары молаяды. Яғни, осы әрекет шеңберінде, барлық танымдық психикалық үдерістер дамиды. Еңбек әрекеті, жеке тұлғалық дамудың қайнар көзі ретінде қарастырылады: ол ерік сапаларын, тұлғаның ынта- түрткі мен қажеттіліктер саласын, мінез-құлықтағы еңбексүйгіштік, ұқыптылық тәрізді сапаларды қалыптастырады. Еңбек, адамгершілік жағынан дамудың күшті қайнар көзі. Әдетте, еңбек әрекеті ұжымдық сипатқа ие және еңбек үдерісінде балалардың коммуникативті дағдылары, өзара бірігіп әрекеттесуі, ұжымдық шешім қабылдау, міндеттерін тағайындау, істі бірге жоспарлау қабілеттері дамиды.

      Еңбек әрекетінің келес түрлері ажыратылады: өзіне-өзі қызмет ету, шарушылық пен тұрмыстық еңбек, табиғат аясындағы еңбек және қол еңбек. БЦП бар балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, мектепке дейінгі жаста өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың бұл дағдыларды игеруі мектепке дайындық пен өз бетімен өмір сүруге дайындықтың бастамасы болып табылады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты.  Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; өзінің төсегін салуға немесе жинауға, жазу жазуға, текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Мақсатты практикалық әрекеттер(практис), манипуляция үдерісінде дамиды, сондықтан, ата-аналар баланы аяп, барлық нәрсені бала үшін өздері орындауға тырысатын болса, ол практикалық тәжірибеден айырылады, праксистің дамуы тежеледі, демек, екінші рет апраксия пайда болады. Апраксия құбылыстары, өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.

        Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық маңызға ие. Мануалды әрекеттің адам миының дамуына әсер ететіні біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Қытайда белгілі болған. Саусақтарды импулсты орталық жүйке жүйесіне жіберіп отыратын рецепторлардың үлкен көлемі бар. Сезімтал аймақтар сонымен қатар құлақта, табанда болады. Ал біздің сезімтал аймақтар сонымен қатар құлақта, табанда болады.

       Мектепке дейінгі жаста қол қозғалыстарының кординациясы мен ұсақ моторикасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

       Қозғалыстың бұзылысын түзету бойынша жұмыстардың жүйесін анықтауда сал ауруымен ауыратын балалардың тұлғалық жетілуін, еріктік ұстанымындағы әлсіздік көрінісін, эмоционалдық мабилдігін ескерген дұрыс. Қажетті қозғалысты немесе әрекеттерді жандандырудағы талпыныстын сәтсіздікке ұшырауы баланың сабақтан бас тартуына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, кез келген тапсырманы оның қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс, және туындайтын жағымды эмоциионалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарлауына әсерін тигізеді. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әрбір сабақты қолдың білезігі мен саусақтарына өзіндік массаж жасаудың бөлшектерінен бастау ұсынылады.

Массаж бірден бір пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшықеттерінде бас ми қыртысына жететін импульстар пайда болады. Тірек-қимыл бұзылысы бар балалардың ұсақ моторикасын дамытатын массаж, түрлі жаттығуларды орындау жағымды әсер етеді.

       Өзіндік массаж қолдың бірізділіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:

1.     Қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.

2.     Алақанға өзіндік массаж.

3.     Қол саусақтарына өзіндік массаж.

Осы массаждарды істеу барысында балалардың ұсақ моторикасы дамып, іс-әрекет жасауға, өзіне-өзі қызмет істеуге әсерін тигізеді [3].

       Сабақ өту барысында баланың  ұсақ моторикасы жақсы даму үшін  5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жаттығулардың барлық кешенін шартты түрде үш құрылымға бөлген:

1.    Саусақтарға арналған гимнастика – бұл саусақтардың көмегі арқылы

қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сақыналау, қолмен орындау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді. Сонын нәтижесінде өз қозғалыстарын басқара білу іскерліктерін дағдыландырып, іс – әрекеттің бір түріне зейінін шоғырландырады.

    Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілу мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша. Ең бірінші сөздік нұсқауы көрсетіліммен жүргізіледі, яғни балалар көрсетілім бойынша жұмыс жасайды. Одан кейін олардың өзбетілік деңгейлері өсе түседі – көрсетілім шеттетіліп, тек сөздік нұсқауға ғана қалады.

2.    Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың бірізділіктері мен

саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

-        Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру;

-        Тоқымаға шеңбер өткізу;

-        Қағазға түйме, жіп, замок әр түрлі ұзындықта жапсыру жұмысы;

-        Тиындарды іріктеу;

-        Жарманы жинау;

-        Сіріңкемен жұмыс;

-        Қағазбен жұмыс;

-        Жапсыру (балшықтан, пластелиннен, қамырдан);

-        Арнайы шеңберге, бәтенкеге бау байлау;

-        Жуан жіппен түйіншек жасау;

-        Құммен, сумен ойнау;

-        Өзінің саусағына жіңішке сымды орау (жүзік немесе орам жасалады);

-        Бұрандалы шегені немесе гайканы бұрау;

-        Конструктор немесе кубиктер ойнау;

-        Ауада сурет салу;

-        Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, қалам, бор, көмір, және т.б);

-        Қолөнері;

Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындау индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді [4].

Саусаққа арналған ойындар жағымды эмоционалды көңіл-күй тудырады, үлкенге еліктеу білігін дамытады.

Бала өзінің зейінін шоғырландыруға және оны дұрыс бөлуге үйренеді.

Егер бала жаттығуларды қысқа тақпақтармен қатар орындаса, оның сөзі неғұрлым анық, ырғақты, жарқын болады және орындаған қозғалысын қадағалауы күшейеді.

Баланың жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қолдың білектері мен саусақтары күш жинайды, қозғалғыштыққа және иілгіштікке ие болады.

Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым – қатынасты қалыптастырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қ.С.Тебенова,А.Р.Рымханова Арнайы психология Алматы,2011

2. Л.А.Данилова. Методы коорекции речевого и психического развития у детей с церебральным параличом. Л ., 1977.

3. А.А.Катаева, Е.А.Стребелева. Дидактические игры и упражнения. М., 1991.

4. Р.К.Айтжанова, Р.А.Сүлейменова, А.К.Ерсарина. Психолого-медико-педагогическое обследование детей дошкольного и младшего школьного возраста. А,. 2000