Молдабекова Б.И.
М.Жұмабаев
атындағы №15 мектеп-гимназиясының мұғалімі,
Түркістан қаласы, Қазақстан
БАСТАУЫШ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДА
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі кезеңде мектептің жұмысын қайта
қарау, қоғамның дамуының жаңа
жағдайларына сәйкес оның мақсат, міндеттерін
түбегейлі өзгерту қажеттілігі тyындап отыр. Оқыта
отырып тәрбиелеу принципін, тәрбиелей отырып оқыту
принципімен алмастыру қажет. Мектептегі мұғалімнің орны
мен ролі қайта қаралып, Л.В.Выготскийдің
«мұғалім әлеуметтік-
тәрбиелік ортаны
ұйымдастырушы, әр оқушымен қарым-қатынасты
ретке келтіруші және бақылаушы» деген анықтамасын басты
назарға алуымыз керек [1].
Мұғалім – адамды
қалыптастыратын, адамды адам етіп
тәрбиелейтін адам иесі. Тәрбие деген аталы
ұғымның пайдалы
болғанынан бері бұл
қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға
тапсырылатыны сондықтан.
Осыған орай мұғалім-тәрбиешілердің еңбегіне
қоғамда зор мән берілген.
Бұл орайда «технологиялық мәдениет» жаңаша
ойлау жүйесіне негізделген қайта құрудың
күретамыры – мектепті
гуманитарландыру мен демократияландыру
еліміздегі барлық жаңару жолындағы мақсат міндеттерімен ұштасып жатқандығын айтуымыз керек.
«Оқушының технологиялық мәдениеті» оның
даму траекториясының қажеттіліктері мен оған қызмет
етудің әрекеттік мазмұнын қамтамасыз ететін шешуші
мотивация болуы тиіс. Өйткені, бүгінгі таңда
толғағы жеткен
көптеген педагогикалық әлеуметтік проблемалар тек
мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа
міндеттерді айқын түсінуімен,
педагогтардың белсенділігі мен шығармашылық қатынастарымен ғана емес,
оқушылардың белсенділіктерімен байланысты шешіледі.
Сондықтан,
«оқушының технологиялық мәдениетін» қалыптастыруда
мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі
көп салалы болады. Мұғалім оқушының жеке
басының дамуын,
қалыптасуын, ілім беру мен тәрбие және оқыту процесін
басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты
терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық,
саяси-моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Бұл ретте «Өзін-өзітану» пәнінің атқаратын
ролі ерекше
Диалогтық потенциалды
қалыптастырудың педагогикалық шарттары болып өзін-өзі тану сабақтарын,
психологиялық-педагогикалық пәндерге өзін-өзі диагностикалау
элементтерін еңгізу, диалогтық технологияны бірлесіп қызмет
атқару принципінің негізінде жүргізу болып табылады. Өзін-өзі жетілдіру, дамыту
процесі саналы түрде өтіп, болашақ педагогтардың ішкі
мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады. Білім, дағды
және іскерлік арқылы өзін-өзі дамытуға, өз
қызметін талдауға қажеттілік қалыптасады.
Осы
жағдайдарды ескерудің нәтижесінде, жоғарғы оқу орнында білімгерлер
оқытушылармен
арақатынасына қанағаттанатыны байқалған,
өзін-өзі жоғары
бағалауы, өзін-өзі танып білуге даярлығы, жеке
тұлғаның азаматтық-адамгершілік
,шығармашылық позицияларының артқаны байқалады.
Барлық педагогикалық жағдайлар ұлттық,
қоғамдық компоненттердің өзара байланысуын,
бірлігін біріктіріп пәндердің оқулықтарындағы
мазмұнын, оқу жоспарында пәндердің орналасуын,
психологиялық-педагогикалық ғылымның негізгі
түсініктерінің, категорияларының мәнін ашуға ықпал етеді.
Бұл пәндердің
мазмұны – бала тәрбиелеуде іргелі білім алуға, оның
негізінде машықтау кызметін қалыптастыруға, эмоционалды –
құндылықтарды, белсенділікті тәрбиелеуге ықпал
етуге, білімгерлердің ұлттық санасын
қалыптастыруға, мәдениетке деген тұрақты
қатынасты дамытуға, кәсіпке деген
құндылықтарды бағыттауға, өзін-өзі
тануға ұмтылуға, кәсіби қызметінде
өзін-өзі жетілдіруге бағытталғаны жөн. Осы
мақсатпен бұл бағдарламаға біз төмендегі
тақырыптарды қостық: педагогтың тәрбиелеу
потенциалы, оның құрылымы мен мазмұны; диагностика,
өзін-өзі тәрбиелеу потенциалының
қалыптасуының өзін-өзі диагностикалау,
оқушылардың тәрбиелігінің деңгейін анықтау,
мұғалімнің тәрбиелік қызметінің моделі,
құнды-мағыналық диалогтық технология; оқушылардың сабақтан тыс қызметін
ұйымдастыру, әр оқушының өзіндік
мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасау, сабақтан
тыс қызметтің түрлері, жолдары, мәдениетті
тәрбиелеуші ортаны қалыптастыру, кәсіби және
өмірлік ағымының мәдениеті, және
өзінің мүмкіндігін ашудың жолы, эмоционалды-құнды
қатынастар тәрбие қызметінің басты механизімі,
тәрбие қызметін реттеу механизмі, рефлекция-педагогтың
тұлғасын дамытудың негізгі буыны, біріккен шығармашылықты
ұйымдастыру, мұғалім мен оқушының біріккен
шығармашылық қызметінің технологиясы, болашақ
ұстаздардың адамгершілік тұрғыдан
қалыптасуы, ұлттық педагогиканың жалпыадамзаттық және
ұлттық құнды бағыттары, әлеуметтік
өзгерістер кезіндегі тәрбие барысы, тәрбиелеудің
ұлттық стратегиясы, тәрбиенің диалогтығы,
оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушылардың
ұлттық саналығын дамыту. Болашақ педагогтардың
тәрбиелеу потенциалының қалыптасуында
педагогикалық-психологиялық пәндердің
маңыздылығы болашақ педагогтардың эмоционалды-құнды
қатынастарымен, құнды бағыттылығының
қалыптасқандығымен анықталады, сол жағдайда
ғана мемлекеттің
тәрбие стратегиясының нәтижелі жүзеге асырылуы
мүмкін.
Әдебиет
1. Выготский Л.С. Педагогическая
психология. - М., 1991. - 192 с.