БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РУХАНИ — АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазмемқызпу
П.ғ.к.,доцент Қоқумбаева Т. И.
Болашақта ел
тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі
тәрбиесі – бүгінгі
күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың
отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен
шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік
қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық
көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды
мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік
құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен
қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген.
Қай заманда болмасын, сол
қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы
адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі
уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ
көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен
адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген.
Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік
қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй
тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты
жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар
ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген
сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың
осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі
мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір
сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені
анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне
мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие
іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
Адамгершілік тәрбие мәселелері
көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт,
А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
И.Г.Пестолоции
еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін
өзара және олардың ересектермен дұрыс
қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы
А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы
қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым,
педагог.
Абай,
Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында,
рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік
секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл
бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің
белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік
тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға
айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша
дәлелдеуге талпынды.
Адамгершілік
сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру,
сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік
жатады.
Адамгершілік
тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп
отырған кезеңдегі қоғамның алдында
тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік
қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік
тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс.
Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың
үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін,
өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят
таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ,
ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.
Бала дамуының
алғашқы кезеңiнен яғни адамгершiлiк туралы
ұғымдарды саралап, санасына сiңiре бастайды.
Моральдiк-этикалық дәстүр мәдениетiнiң
толысқан сферасы ретiнде дәстүрлi педагогикалық
мәдениеттi қалыптастыра отырып өскелең
ұрпақты, адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiзгi
құралы, формасы, әдiс-тәсiлдерi, адамгершiлiктiң
қайнар көзi, iлкi бастауы бола алады.
Кейбiр зерттеушiлер
адамгершiлiк дәстүрлерiн
ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде
өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт
қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында
қарастырады.
Бұған
А.Д.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында
қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн
дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп
отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi
моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп
тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты
тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз
еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына,
еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына
және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл
бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педа-гогика”
деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде
жалғас-тырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң
түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Ø Бiрiншi: Имандылық.
Ø Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Ø Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Ø Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Ø
Бесiншiсi:
Адал ниетпен өсиет беру.
Ø
Алтыншысы:
Жомарттық, қайырымдылық.
Ø
Жетiншiсi:
Дұрыс заңдылық.
Ә.Фараби: “Доскерлiк – адамгершiлiктегi
жақсы қасиет, бұл өзi адамның
басқа адамдармен тиiстi
шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында
ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол
адамдармен әңгiмесiнен
жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету –
жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар
болу – тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi
осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса,
онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”.
М.Әуезовтың педагогика, методика
мәселелерi жайлы мәселе көтергенi
белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде:
“Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,
өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен
және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi
адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн
жас буынды тәрбиелеу қажет … Адамшылықты таза жүргiзу
үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн
оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп,
ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп,
көңiлiне
жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң
адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке
тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше
еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк
педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң
“Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн
афоризмiн эпиграф етiп алады. Ол “Саналы
тәртiп оқушылардың еңбекке, оқуға
саналы түрде өзiнiң
бар ықыласымен қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты
болуын, туысқандарына, жолдастарына көзқарас,
қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi,
қошеметтi болуын талап етедi ” .
Жалпы қазiргi
ғылыми әдебиеттерде адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастыру мынадай мiндеттердi
белгiлейдi:
Ø
Табиғи
және әлеуметтiк ортаға деген
жауапкершiлiкпен қарауды қалыптастыру –
тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi.
Ø
Өзiн
қоршаған ортаға зиян келтiрмей, қайырымдылыққа
iзеттiлiкке
үйретудi мектептiң бастауыш
сыныбынан бастау.
Ø
Табиғатты
қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен
гүлдердi баптау, үй жануарларын өсiру.
Үлкенге iзет, кiшiге
құрмет ету қасиеттерiн жетiлдiру.
Оқушының адамгершiлiк
мәдениетi қай кезде де назардан тыс қалып көрген
емес. Бүгiн де оқушылардың адамгершiлiк
мәдениетi жоғары болуы маңызды мәселе ретiнде
саналады.
Ал рухани-адамгершiлiк
құндылық белгiлi бiр
бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық
көзқарасты, мiнез-құлықтағы
адамдық тәртiп пен рухани
дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Адамгершiлiк
құндылық – адамдық қасиетiнiң
өлшемi. Оның жақсылыққа талпынуы,
өзге адмға жанашырлық бiлдiруi.
Айналадағы адамдарға қайырымы, өмiр
сүру мәселелерi жайында iзденуі,
өзiн-өзi танып сол арқылы
дүниенi — әлемдi тануы.
Қорыта айтқанда, рухани
- адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай
жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның
қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын
қалыптастыруды болжайды. Рухани - адамгершілік
құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру
жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор,
маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке
тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті,
кезек күттірмес мәселе.
Резюме
Бұл
мақалада адамгершілік тәрбиесі жан-жақты
тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар,
ол қоғамдық
дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі
өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды
құбылыс екендігі баяндалады.
В этом статье
подробно докладываются о нравственном воспитание, которое является
общественно-развивающий процесс.
Here in detail given
a report the article about moral education
that is publicly-developing
process.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы – Алматы:
Қазақстан, 1994 ж.
2. Бержанов Қ., Мусин
С. Педагогика тарихы, Алматы: Мектеп,
1984
3. Қоянбаев Р.М.,
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Астана. 1992 – 114 б.
4. Крупская Н.К.
Таңдамалы педагогикалық шығармалары – Алматы. 1961
5.
Макаренко
А.С. «Мои педагогические воззрения». – Москва, 1960
6. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991
7. Қабекенов Ғ.
Адамгершілік және имандылық мәселелері. Ұлт
тағлымы. 2001 ж. №3
8. Қайыров И.А.
Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі – Алматы: Мектеп, 1988