УДК

573.2

Бидахаметова Жанаргуль Жумагазиновна

Қарағанды облысы, Ақтасты орта мектебі

Биология пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді[1]. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі – бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана – сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік қиындай түсті.

Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету. Қазақстандық мұғалімдерді кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау. Өзімнің күнделікті педагогикалық тәжірибемде бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір–бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды.

Бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір – бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады.

Мұғалімнің өздігінен білім көтеру және бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дербес жұмыс жоспарына сай іске асыру тікелей шығармашылыққа байланысты. Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің  алдымыздағы міндетіміз.

Білімді ұрпақ – болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті  жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

Қазіргі заман талаптарына сай оқытуда пайдаланатын жеті модульмен жұмыс істеу керек. Олар:

·        Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер

·        Оқытуды басқару және көшбасшылық

·        Сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету

·        Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану

·        Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу

·        Талантты және дарынды балаларды оқыту

·        Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Биология пәнін оқытуда алға қойған міндеттер :

-Орта мерзімді және қысқа мерзімді  сабақ жоспарларын жасау.

-Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру

-Жеті модульді үнемі пайдалана  отырып  сабақ  өткізу

-Өз бетінше білім алу дағдыларына       негіз салу

-Биологиялық білім деңгейлерін тереңдету

- Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту

-Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру

- Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру

- Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту

- Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау

-Қосымша материалдар мен жұмыс жасауға үйрету

Cондықтан мен өз биология сабақтарында ақпараттық оқыту технологиясымен, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

 Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі [2., Б.21-25].

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол шығармашылық немесе көкейкесті ойлау.

Сонымен қатар тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

 Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады.Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыт қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп  сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады.

Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ой. Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар» мақсатында оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім – оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс «Ой қозғау» бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)

2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)

3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)

4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)

5. Оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді? (Сабақ)

6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)

7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)

8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)

9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)

10. Бастапқы өркен? (Бүршік)

11.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)

12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )

13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)

14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)

15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен).

Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді.

Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты.

Қорыта келе, өткізген барлық сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау технологиясын жиі пайдалану арқылы оқушы білімін жүйелі қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Жас ұрпаққа білім беру жолында сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде пайдалану мен тиімділігін арттырудың маңызы орасан зор.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Дандыбаева А.С., Сабанбаев Н.И Жоғарғы мектептің оқу- тәрбие процесінде педагогикалық инновацияны ендіру жолдары //Қарағанды Университетінің Хабаршысы. №1(65) 2012ж.

2. Адилова Ж. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі // Химия мектепте. - 2012. -№5. - С. 5-8. -