Алматы қаласы

Қазмемқызпу

Аға оқытушы Пазилова Б.А.

 

 Кейс стади әдісін шетел тілін оқытуда қолдану

 

           Қазіргі заман талабы шетел тілін үйретуде оқытушыларға оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен технологияларын қолдануды талап етеді. Олар оқытудың түрлерін , әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп,тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Кейінгі кезде Кейс әдісі жиі қолданылынып жүр. Кейс әдісі интенсивті оқыту әдісі ретінде студенттің өз бетінше ойлауы мен мұғалімнің шығармашылықпен педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы.

Алдымен бұл әдістің шығу тарихына көз жүгіртсек ол XX ғасырдың басында, яғни  1870 жылы Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде студенттерге дәріс беру барысында мәселені кеңінен талқылау барысында қолданылған. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және басқа салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.
       Кейс стадидың мақсаты: Мұғалімдердің (студенттердің) бірлесіп болған жағдайды талдау және практикалық шешім шығару. Кейс – технологиялардың негізгі ерекшеліктері:

-   практикалық жағдайларды зерттеу;

-   болған жағдайды баяндау;

-   студенттер проблемамен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.

Кейс стади әдісінің идеялары:

- әдіс қойылған сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын пәндерден білім алуға арналған;

- үйрету объектілерінің бірлесе шығармашылықпен айналысу дағдыларын қалыптастыруға негізделеді;

- әдісті қолданудың нәтижесі болып алған білімдері мен жұмыс жасау барысында қалыптасқан дағдылары есептелінеді.

Кейс – технологияларға жатады:

· жағдайды талдау әдісі;

· инцидент әдісі;

· рольдік ойындар әдісі;

· іс хабарды талдау әдісі;

· ойындық жоба;

· дискуссия әдісі.

 

Кейс әдісінің 5 кезеңі:

1 кезең – жағдаятпен танысу, оның ерекшелігі;

2 кезең – мәселені анықтау, әсер ететін факторлар мен объектілер;

3 кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;

4 кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;

5 кезең – кейстің шешімі – бірнеше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.

Кейс әдісі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өсуіне, оның икемділігіне, жасампаздық іс әрекетіне қол жеткізетін әдіс.

«Кейс стади»  әдісі  - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.  Тұлға құзіреттілігін  дамыту-ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру  мазмұнын жетілдіру, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу. Соған қарай  ұстаздардың  алдында тұрған міндет;  табысты  және әрекетке дайын қабілетті,  өзіндік білім алуға, қоғамдық өмірде  өзін-өзін жан-жақты таныту үшін өз білімін пайдалана алатындай жастарды тәрбиелеу.

Кейс – стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі. Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі. Шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.

Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар студенттерді қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда студент – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект.

Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады.   Нақты мақсаттарға бағытталған және  жақсы ұйымдастырылған белсенді сабақтарда студенттер материалды толық меңгереді. Яғни, олар материалды түсінеді, шынайы өмірде қолдана алады және өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыра алады. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

1. Қазақша Ашық Энциклопедиясы

2. А.Әлімов Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.

3. Интернет жүйесі

 

 

Резюме

В статье рассматриваются о применений метода «Кейс стади».

 

 

Summary

The article deals with the application of methods "Case Studies".