Сарсенова
А.Е.
Информатика пәнінің
мұғалімі,
Атырау қаласы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРА ОТЫРЫП,
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Қазіргі біз ақпараттық
қоғамда өмір сүрудеміз. Ақпараттық мәдениет
деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі
болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі -
білім беру жүйесін ақпараттандыру. Сондықтан жаңа
ақпараттық технологияларды (ЖАТ) информатика пәнін
оқытуда төмендегідей шығармашылық тақырып таңдалды.
Оқушылардың
информатика пәніне қызығушылығын арттыра отырып,
шығармашылыққа баулу.
Тақырыптың
өзектілігі: Қазіргі
технологиялар дамыған заманда оқушылардың компьютерді
қолдануы және бағдарламалармен жұмыс істеу
мүмкіншілігі жоғары. Жарыс, ойын әдістері арқылы
оқушылардың бәсекелестігін, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Мақсаты: Оқушылардың
пәнге қызығушылығын арттыру арқылы олардың
білім сапасын жоғарлату, алған білімдерін тексеруге,
оны практикада қолдана алуына дағдыландыру.
Міндеттері:
1.
Оқыту процесінде
ақпараттану саласы бойынша интерактивті тақта, электронды
оқулықтарды пайдалану.
2.
Оқушыларға
жаңа ақпараттарды меңгертуде ынтымақтастық
педагогикасын тиімді пайдалану.
3.
Оқушыларға
топтық және жеке тапсырмалар беру, жоба тақырыбы бойынша
ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.
4.
Пән
аралық байланыстарды арттыру.
5.
Ойын әдістері
арқылы жарыстыра отырып талпыныстарын тудыру.
Осы
шығармашылық тақырыпқа байланысты мынадай мақсат:
1. Оқушылардың
шығармашылық, ізденушілік біліктіліктерін арттыру.
2. Өздіктерінен ізденуге, жаңа
технологияларды меңгеруге баулу.
3. Логикалық ойлау, танымдылық
қаблеттерін дамыту.
Қазіргі кезеңдегі
қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың
дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы,
өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары.
Сондықтан, мектеп
оқушыларынан үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты
қажет етеді.
Заманауи
қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ.
«Білімді ұрпақ» дегеніміз
алдымызда жан - жақты білім нәрімен сусындатып отырған
оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі
қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі
құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық -
коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу,
ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді
пайдалану болып табылуда. Ақпараттық технологияның негізгі
мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына
сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Шығармашылық
жұмыстардың орындалу аясы :
·
Сабақта компьютермен жұмыс істеу принциптерін жетік
меңгеру
·
Пәндік апталықтарда, сайыстарда, декадалар кезінде
·
Интеллектуалдық ойындар ,
олимпиадаларға қатысу
Оқушының шығармашылық
қабілетін дамыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
·
Жеке шығармашылық тапсырмалар арқылы
·
Тест , блок- схемалар арқылы
·
Ребустар, сөзжұмбақ құрастыру арқылы
·
Компьютерлік ойындар , логикалық есептер арқылы
·
Сыныптан
тыс іс-шаралар
Шығармашылық қабілетті дамыту
1.
Қызығушылығын арттыру
·
Интеллектуалдық ойындар, сайыстар
·
Зерттеу іс-әрікеттері бар сабақтар ұйымдастыру
·
Оқушылардың танымдық бастамалыры мен өз бетінше
жұмыс істеулеріне қолдау көрсету немесе мадақтау
2.
Таным белсенділігін дамыту
·
Анимациялық, мультипликациялық сабақтар
·
Бейнелеу, құрастыру іс-әрекеттерін қолданады
3.
Шығармашылықпен ойлауды дамыту
·
Жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға
шоғырландыру
·
Жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар
беру
·
Шығармашылығы жайында қорытынды жасау
Жалпы
информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем
туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының
логикалық ойлауқа білеттерін дамыту мүмкіндіктері нашады. Информатика сабағында
оқушылардыңпәнге деген қызығушылығын
арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану
оқушылардың ой – өрісін кеңейтеді және
танымдық белсенділігін арттырады.
Бірақ ойынды оқу
процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт
алатындай етіп созуға болмайды.
Ұжымдық ойындар оқушылардың
ұжыммен қарым – қатынасын жетілдіріп,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық,
жолдастық, өзара түсініктік қатынастарды
қалыптастыруға әсер етеді. Сонымен қатар сабақта
ойын элементтерін қолдану әрі білімділік, әрі тәрбиелі
кмақсаттарымен ұштастырылады. Сабақ жоспарын
ойластырған кезде, басқа әрекеттер сияқты
сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа
негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол
үшін мұғалім оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен
жүрісін анықталуы қажет. Тәжірибе көрсеткендей
әдеттегі бір сарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар
ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Олардың
әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың
тереңдігін
көрсете бастайды. Ойын элементтерін сабақта дұрыс пайдалану
нәтижесі оқушылардың шығармашылық белсенділік артады./1,52/
Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай
жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру,
оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға
қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Бұл
оқушының ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік
даярлығы үшін өте қажет. Заман талабына сай
күнделікті сабақта интерактивті тақта, бейне
қондырғылар, компьютерді қолдану оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Сонымен түсінбей қалған
материалдарын қайталап қарап шығуына мүмкіндік береді.
Сабақ барысында қолдану үшін мен мынадай ойын түрінде
қосымша тапсырмалар тобын жинақтадым және оларды әр
сабағымда қолданып жүрмін. Олар мына тақырыпты
қамтиды:
Ø
Кім жылдам
Ø
Логикалық
тапсырмалар
Ø
Ертегі
құрастыру
Ø
Ребус
құру
Ø
Сөзсызба
Ø
Аяқталмаған
сөйлем
Сабақта қандай ойындарды пайдалану
тиісті нәтиже береді?
Ребус, сөзжұмбақ құру – информатикалық
терминдерді тез есте сақтау мақсатында.
Шығармашылық жұмыстар – практикалық жұмыс кезінде
балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар
мен тақырыптық тапсырмаларды орындау.
«Кім жылдам?» - мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау.
Қорыта келгенде, сабақ барысында қолданған ойын
түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының:
Ақпараттық
құзыреттілік - өзінің оқу қызметін
жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты
қолдануға, логикалық операцияларды қолдана отырып,
ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат
қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету
үшін танымдық қызметті жоспарлауға және
жүзеге асыруға;
Коммуникативтік
құзыреттілік - өзіндік пікірін білдіруге, түрлі
көзқарас және әртүрлі бағыттағы
адамдармен сұхбат жүргізе білу
Пәндік
құзыреттілік - мақсатқа жетуде алған білім,
біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыстыру
қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді./3,63/
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мынадай жетістіктерге
жетуге болады:
·
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық,
қарым-қатынасы арта түседі.
·
Бір-біріне ынта – жігерімен көмектесуге, үйретуге бейім
болады.
·
Пәнге қызығуы артады.
·
Өз білім деңгейлеріне талдау жасайды.
·
Білім сайысына түсуге, өздерін қорғай ,
көрсете білуге дағдылары қалыптасады.
·
Шығармашылық ізденісі молаяды.
Компьютерлік сауатты,
білімді, ақпараттық бәсекелестік қабілеті жоғары
жеке тұлға қалыптасады. Нәтижесінде оқушылар:
·
Өз бетімен
оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
·
Шығармашылық ізденіске жетелейді.
·
Өз ісіне деген сенімпайда болады.
·
Әр нәрсеге сын
көзбен қарауғаүйренеді.
·
Салыстыруға, қорытынды жасауғаүйренеді.
·
Шығармашылық белсенділік артады.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезінде
қадам басты. Бұл кезең кез - келген мемлекеттің даму
деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық,
шығармашылық потенциалымен, ғылымда, жаңа
технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды.
Елбасы алға қойған парасатты
экономикаға қызмет ететін адами капиталдың жаңа сипаты
ХХІ ғасырдағы қоғам дамуынан туындап отырған
сұраныстарға тікелей байланысты. Халықаралық
деңгейде бәсекелесетін, өмірге белсенді көзқарас
пен жоғары білікті және жеке тұлғаны тәрбиелеу,
мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми зерттеу
және тәжірибелік қызметке қатыстыру,
қазақстандық және әлемдік білім жүйесінің
таңдаулысына сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық
моделін құру заманауи білім берудегі обьективтік қажеттілік.
Жаңа заманға сай адам ресурстарды
білім беру жүйесі даярлайтынын ескерсек, ол ең алдымен,
төмендегі сұраныстарды қанағаттандыруы қажет:
- білімділікке негізделген қоғам
барлық жас адамдардан білімнің жоғары стандарттарын
меңгеруді талап етеді;
- олар проблемаларды шешуге қажетті
ақпараттарды сұрыптай алуға және өзгелер
пікірімен санаса отырып, қарым - қатынаста өзінің ой –
пікірін еркін білдіре алуға қабілетті болуы тиіс;
- олардың бойында өз білімін
үнемі жаңғыртып отыратын және жаңа
дағдыларды меңгер алатын қабілет қалыптастырылуы
керек./4,26/
Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл
педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне
енуде. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз
пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық
– психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік
және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Пайдаланған әдебиеттер :
1. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі
заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004ж.
2. Электронный ресурс: http://www.metod-kopilka.ru/page-3-7-2.html.
3.
Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2000ж.
4.
Тұрғынбаева Б.А.Ұстаздық шығармашылық.
Алматы 2007ж.