ШЕТЕЛ ТІЛІ
САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК
МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
А.Е.Қодасова, магистр-оқытушы
ҚазмемқызПУ, Алматы
қ.
Мақаланың негізіне арқау
болған шетел тілі сабақтарында филолог студенттердің тілдік
мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру мәселесі
болып табылады. Тақырыптың өзектілігі шетел тілі пән
мұғалімдерін даярлаудың, қарастырып отырған
педагогикалық жүйенің сыртқы
құраушылары арқылы
оқытудың нәтижесін арттыруға
бағытталады.Мақалада білім беру меке-
мелеріндегі
шетел тілдерін үйрету мәселесі бүгінгі күннің
басты міндеттеріне айналып отырғандығын қарастырады.
Республикамыздағы
саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі,
нарықтық қатынастар жолы, ұлттық- мәдени
тұрғыдан даму білім беру жүйесінеде ерекше талаптар
жүктеуде. Білім беру- қоғам мүшелерінің
адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби
біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді
мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі.
Білі беру ісі шеберліке, дағдыға баулудың өсіп,
өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен
тиянақталады.Жүзеге асыралын білім беру бағдарламаларының
сипатына қараай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі[1].
Қазіргі
уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір
тәжірбиесін беруді жүйелі жүргізетін – мұғалім.
Ал жастарды өмірге дайында, қоғам талап етіп отырған
деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі
ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А.
Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен
әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі
жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз
мәнін жойған жоқ [2].
Психологиялық-педагогикалық
зерттеу мәліметтерге қарағанда
(
Ф.Н.Гоноболин, Н.В. Кузьмина, И.В. Страхов, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков т.б)
педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.Олар:
дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу( экспресивті),
ұйыдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы
қабілеттер[3]
Оқыту
технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол
жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері
мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында
белгіленген оқытудың мазмұны оның
құрылымын: оқытудың мақсаты ; білім берудің
мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің
құралы ( оқыту және мотивация), оқыту
үдерісін ұйымдастыру ; оқушы оқытушы;
әрекеттің нәтижесі ( сонымен бірге кәсіптік
дарлықтың деңгейі) көрсетеді.
Сондай-
ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.
Қараевтың, Ә. Жүнісбектің,
Қ.
Жанпейісованың және т.б ғалымдардың оқыту технологиялары
белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда.Бұл
технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Студенттерге
шетел тілін оқытуда төмендегідей негізігі
құзіреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық;
коммуникативтік; кәсіби- бейімді ( кәсіби- педагогикалық
мақсат аясында), т.б.
Қазіргі
уақытта болашақ шетел тілі мұғалімнің І курстан
бастап даярлығын қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар
төмендегілер болвп табылады: курстың сөздік тақырыптары
( қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы
үй- тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің
оқуы мен өмірі; оқып- үйренетін тілдің елдері мен
Қазақстандағы интернационалдық және
ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл
мезгілдері, оқып- үйренетін
елдің және Қазақстанның климаты;
қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу,
қазіргі заманғы мода); сөздік іс- әрекет түрлері
бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (
әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық
сөз( аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз),
т.б.[4].
Орта
мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі
элементтерден тұрады. Тақырыптар ( денсаулық, білім,
жағрафия және қыдыру, жол жүру, т.б.); тілдік
материалдар ( лексика, грамматика), т.б.
Жоғары
оқу орындарындағы пән бағдарламаларының
мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел
тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп
қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес
оқу тақырыптарын ( оқу материалдарын) бір пән
толық қамти бермейтінін көруге болады.Студенттермен
жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау шет тілі
мұғалімдерін әсби даярлау бойынша жоғарғы
оқу орындарында шешілмей жатқан бірқатар
мәселелердің барын аңғартады.Олардың ішінде,
бағдарламаның бағыттары, бөлімдері бойынша хрестоматиялардың,
оқу-әдістемелік құралдардың, не қосымша
еңбектердің, арнайы жабдықталған кабинеттердің,
т.б. жетіспеуі- шетел тілін жоғары оқу орындарында жүйелі
оқытуда қайшылықтар тудырып отыр.Олар: тек теориялық
мағұлматтардағы оқу материалдарын толық
көлемде беруі, практикалық іс-әрекеттерге ( тілдік
қарым-қатынасқа байланысты) қатысты іскерліктерді
игермеуі, т.б.
Ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерде іс- жүзінде анықталып
белгіленген оқыту үдерісінің нәтижесін көрсететін
әдіс- тәсілдерді, формаларды көбінше жаңашыл,
инновациялық деп атайды. Кейбір зерттеушілер оны «өзгеріс» деген
терминмен анықтайды. Соның бірі И.П.Подласый ХХ ғ. 80-жылдары
кәсіби түрде, алдымен журналшылар, содан кейінгі кездерде
педагогтар «инновация» сөзін пайдалана бастағанын жазады. Сондай
–ақ инновация (ағылшынның innovation – нововведение,
новация)- бұл ескі жүйенің өзгерісі деп
қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең
мағынада терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген
өзгерісті сипаттайды[5].
Инновация
білім берудегі (мектептегі) құбылысқа тың
жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс- тәсілдерді оқу
және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Инновация-
жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген
ұғымды білдіреді. Инновация құрал және
үдеріс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген
сөз. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен
тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен
мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен
қызметін ұйымдастыруға жаңалықты енгізуді
білдіреді.
Н.Ф.
Талызина және т.б. инновация өзінің дамуы барысында белгілі
бір өмірлік сатыдан тұрады: жаңа идеяның пайда болуы;
мақсат қоюшылық: тарату және жойылу- деп айтса келе,
инновациялық технологияға жататындар: компьютерлік технологиясы,
жоба әдісі – деп топтастырып көрсетеді.
Келтірілген
талдаулардан ұғатынымыз «жаңа педагогикалық технология
дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа
сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізу барысында және
оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-
тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді
пайдаланатын педагог іс-әрекеттің өзгерісті (жаңалықты)
алгоритмі»- деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен
болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл
негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тілдік мәдени қарым-қатынас
іскерліктерін қалыптастыру тұрғысынан оқытудың
әдістері. Мұндағы оқытудың ұстанымдары оны
жүзеге асыруға көмектесетін оқытудың
әдістерімен сабақтасады.
Тілдік
мәдени қарым-қатынас іскерліктерін қалыптастыру
тұрғысынан оқытуда интеграциялық,
сыни-талдамалық, ақпаратты-рецептивті, проблемалық,
зерттеушілік салыстыру және қатысымдық, танымдық
әдістерді қолдану тиімді болды.
Интеграциялық
әдіс қазіргі ғылымдардың тоғысуы жағдайында
студентті синтаксистік бірліктерді әр қырынан зерделеуге,
оның басқалармен байланысын анықтауға, түрлі
саладан алған білімдерін бір арнаға тоғыстырып
пайдалануға жетелейді. Пәнаралық интеграциялық
әдіс синтаксистің салаларын өзара сабақтастықта,
бірлікте меңгертуде қолданылды. Салааралық
интеграциялық әдіс синтаксисті фонетика, лексика, морфология,
стилистика, т.б. пәндермен байланыста оқытуды көздеген
тапсырмалар арқылы жүзеге асты.Мысалы, синтаксис пен
фонетиканың, синтаксис пен
лексиканың, синтаксис пен морфологияның байланысын Венн диаграммасы
арқылы көрсету. Сонымен бірге синтаксисті тіл білімі салаларымен
тоғыстыра игертуде ( когнитивті лингвистика, этнолингвистика,
лингвомәденитеттану, психолингвистика т.б. ) аталған әдіс
тиімді болады.
Сыни-
талдамалық әдіс сөз тіркесі, сөйлем және
мәтінді талдауда ұтымды болып табылады.Бұл әдіс
көбінесі СӨЖ және СОӨЖ орындау кезінде
қолданылады. Мәселен, студенттер
бір-бірінің орындаған тапсырмаларын мұқият
тыңдай отырып, жіберген қателерін өздері түзетіп отырады.
Бұл тек қатені ғана анықтауға емес, сонымен бірге
олардың сөйлеу мәдениетін де жетілдіруге игі ықпал
етеді.
Ақпаратты-
рецептивті әдіс оқу материалын түсіндіру мен жеткізуде
пайдалы болады. Әдіс оқытушының әр түрлі құралдар арқылы дайын
материалды түсіндіруіне негізделеді. Әдіскерлер бұл
әдіске түсіндіру, әңгіме, дәріс, кітаппен
жұмыс, демонстрация тәрізді тәсілдерді жатқызады.
Бұл студенттерге оқу материалын жеткізуде уақытты
үнемдеуге көмектеседі.Тақырыпты меңгертуде
қолданылған көрнекі құралдар, түйін
сызбалар, кестелер студенттердің материалды қабылдауын
жеңілдетеді.
Зерттеушілік
әдіс өзіндік жұмыстарды орындауда ұтымды болып
табылады. Ғалымдардың тұжырымдарын өзара салыстыру,
реферат, конспект, баяндаам, жоба жұмыстарын т.б. дайындау және оны
қорғау тәрізді тапсырмалар студенттің ізденушілік
қабілетін дамытады. Оны өз бетімен жұмыс істеуге, өзіне
өзі сын көзбен қарауға дағдыландырады.
Қазақ тілі білімінде жарық көрген жаңа
жұмыстармен танысып, олардың ішінен өздеріне қажетті
ақпаратты сұрыптап ала білуге үйретеді.
Салыстыру
әдісі- сабақ үрдісінде ең жиі қолданылған
тиімді әдістердің бірі. Синтаксистегі ұқсас
құбылыстарды салыстыру, олардың айырмашылығын тіл
фактілеріне сүйене отырып
дәлелдеу ( сөз тіркесін күрделі сөзбен, атаулық
тіркеспен, тұрақты тіркеспен, сөздердің салалас қатарлармен салыстыру немесе толвмды
және толымсыз сөйлемді салыстыру т.б.) студенттің білім
қорын іс жүзінде
қолдана білуіне, білімнің тиянақты болуына, өз бетімен
шығармашылық ізденіс жасауына ықпал етеді.
Қатысымдық
әдіс сөйлесім әрекетінің барлық түрін
жүзеге асруға мүмкіндік тудырады. Қатысымдық
әдіске негізделген тапсырмалар жұптық, топтық,
ұжымдық формада іске асырылады. Қатысымдық
жаттығулар мен тілдік жағдаяттар студенттерді тілдік
қатынаста өз ойын нақты, дәлелді, жүйелі, еркін
түрде жеткізуде үйретуге және ой-өрісі мен тілдік қабілетін дамытуға
бағытталады.
Танымдық
әдіс синтаксистік бірліктерді табу, анықтау, жасалу жолын
түсіндіру, мәтінге прагмматикалық талдау жасау, дисскурс т.б.
тапсырмалар аясында іске асырылады.
Сонымен
аталған әдістер тілдік мәдени қарым-қатынас
іскерліктерін қалыптастыру тұрғысынан оқытуда
түпкі нәтижеге жетуге көмектесіп, студент
құзіреттілігін қалыптастыруда тиімді болады.
Шет тілі
сабақтарында филолог студенттердің тілдік мәдени-қарым-қатынас
іскерліктерін қалыптастыруда сонымен қатар, аталмыш
үдерістің писхологиялық және педагогикалық
алғышарттарын анықтаған жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.- Алматы-2004.-5б
2.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы: Ана тілі -1992. 21-142бб
3.
Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы.- Алматы:
Арыс, 2006.-201-264бб
4.
Психолого-педагогический словарь по одаренности ( Составители: Кирабаева
Ш.А., Акимжанова Г.М., Бакиева Т.А.-Астана: «Дарын»- 2006.-152с.
РЕЗЮМЕ
В статье
рассматривается обучение студентов- филологов культуре речевого общения.
SUMMARY
The
article deals with teaching students to the culture of communication.