6.Социальная
педагогика.
Баетов Биназар Көпжасарұлы магистр, аға оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Ұлттық ойындар арқылы
12 жылдық мектепте қозғалыс дағдыларын тәрбиелеу
әдістемесі
Оқушылар ерекшелігіне сай дене тәрбиесін беруде
ұлттық ойындар жеке сайыс элементтерін пайдалану процесінің
принциптері – бұл дене тәрбиесі сабағында қолданылатын
мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау
ережелері. Бұл ұлттық қимылдық ойындарды дене
тәрбиесі сабағында қолданудың өзіндік ерекшелігін
танытады. Негізгі қойылатын
талаптар: 1. Міндеттілік – бұл
дене тәрбиесі сабағында – бұл кеңес, нұсқау
емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге
ұласуды талап етеді. Дене тәрбиесі сабағын ұлттық
нышанда өткізудің маңызы өте зор. 2. Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлінбеген талаптар
түрінде дене тәрбиесі сабағының барлық
кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. 3. Бірмәнділік.
Бұл жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып
келеді. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау
тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі[1]:.
Сонымен бірге,
оқушыларға дене тәрбиесін беруде жеке сайыс элементтерін
пайдалану принциптері – дайын нұсқау емес, тіпті оларды
қолдану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде
жеткізе салатын әмбебап ережелер де емес. Олар дене тәрбиесіне
қажет арнайы білімдерді, денені шынықтырудағы
тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды.
Мектеп
оқушыларына дене тәрбиесін беруде ұлттық ойындарды жеке
сайыс түрінде өткізу мынадай принциптерді
ұстану қажет:
- дене
тәрбиесінің қоғамдық бағытта болуы;
- дене
тәрбиесінің өмірмен, еңбекпен байланысты болуы;
-
оқушылардың ұнамды
өнеге-үлгіге арқа сүйеу;
- дене
тәрбиесінің гуманизациясы;
- дене
тәрбиесінің тұлғалық сапаларға
сүйену;
- дене
мәдениеті ықпалдарының бірлігі.
Дене тәрбиесінің
қоғамдық бағытта болу принципі. Елімізде дене салауаттылығы
қозғаласын бүкіл халықтық
қозғалысқа айналдыру үшін, дене шынықтырумен
айналысуға барлық жас топтарындағы адамдарды тарту ісі
қолға алынып отыр. Бұл принцип педагог іс-әрекетін дене
тәрбиесі бағдарламасына сәйкес өскелең
ұрпақты шынықтыруды көздейді және жоғары
адамгершілік қасиеттерге ие, дені сау тұлға қалыптастыруға
бағдарлайды. Егер мемлекеттік және қоғамдық
мүдделер бір-біріне сай келіп, азаматтардың жеке мүдделерімен
келісімді болса, онда жоғарыдағы принцип талаптары
сәйкестеледі. Соңғы жылдары өмірге енгізілетін
Қазақстан Республикасы тұрғындары дене
даярлығының Президенттік сынамалары соған дәлел.
Қоғамдық бағытты іске асыра отырып, болашақ
дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай дене тәрбиесі
сабағында халықтық педагогика материалдарын
пайдаланудың маңызы зор. Дене тәрбиесі сабағында тиімді
пайдалану құлық пен қатынас тәжірибесі негіз
болар дене тәрбиесі мен оқушылар арасындағы байланыс орнайтын
пайдалы іс-әрекетте іске асады. Дегенмен де қимылдық ойындар
(ұлттық ойын, ұлт спорттық жаттығулар) дене
тәрбиелік мәнге ие болуы үшін оқушылардың
іс-әрекетінің қоғамдық құнды
мотивтерін қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты,
қоғамдық мәнді болса, онда ұнамды
қылықтарға бастау беретін, дене тәрбиесі
сабағының сапасын жоғарылатады. [2]:
Ұлттық ойындар,
ұлт спорттық қозғалыс-қимыл жаттығулары
әр адамға ерте балалық шақтан етене таныс.
Сондықтан да дәйектеліп, дене тәрбиесі сабақтары
жоспарында бекітілсе, онда бұлар тез меңгерілер еді. Дене
тәрбиесінде қажетті ұлттық ұғымдарды
бекітіп, адамгершілік қасиетін дамытады, оқушылар әлеуметтік
шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын
орнықтырады.
Дене тәрбиесі сабағында қимылдық ойындар жолдарын
жоспарлағанда, нәтижелерін
жобалағанда оқушылардың мүмкіншілік
пәрменділігінің кейбір сапаларды қалыптастыруда азаятынын,
жас ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесінің
нәзіктігін, сыртқы әсерлерге психологиялық
қарсылықтың көбейетінін, сензитивті кезең қажеттерінің өзгеруін
естен шығармаған жөн. [3]:
Педагог қазіргі заманғы оқушылардың білім
деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, өзі де
жан-жақты дамып отыруы керек, саясат, мәдениет, спорт, өнер
саласындағы білімдерді жинақтай білуге үйрету
оқушыларға
адамгершіліктің жоғары үлгісі ретінде,
ұлттық қадір-қасиеттің,
құндылықтың таратушысы ретінде өз әрекетінде қолдану.
Оқушы жас ерекшелігіне сай дене тәрбиесі сабағында
қимылдық ойындар әдісі – дене тәрбиесін
ұлттық нышанда өткізу үшін, қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін, пайдаланылатын жол,
тәсілдер – бұл дене тәрбиесі сабағында,
оқушылардың еркіне, сезіміне, дене мүшелеріне,
іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Дене тәрбиесі сабағының жаңа әдісін жасау
күрделі мәселе екені белгілі. Әдістерді жоғары
деңгейге, ұлттық нышанға бейімдеу – қазіргі
заманның алға қойған міндеті. Сондықтан дене
тәрбиесі сабағында жас ерекшелігіне тура келетіндей, педагог
өз тәжірибесі мен мүмкіндігіне қарай
бағдарламасына жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып,
алға қойылған мақсатқа жетуге, өз
міндеттерін шешуге болады.
Дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістерін таңдау
көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ
факторлардың сан алуандығына қарамастан әдістерді
таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Педагог
жас ерекшелігіне сай дене тәрбиесі ұлттық
маңыздылығы себептерін қаншалықты терең
түсінсе, әдістің сипатын біліп, қолдануға машықтанса,
соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу
жолының дұрысын таңдағаны.
Ж. Әбиев,
С. Бабаев, А. Құдиярова тәрбие әдістерін
таңдаудың жалпы принциптерін былайша көрсетеді [4]:
Оқу орындарында түсіндіру адам психикасына еніп,
іс-әрекеттің себептерін тудыратын және
тұлғаға әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру
жеке тұлғаға белгілі бір шешім қабылдату
жағдайында пайдаланылады. Сендіру және түсіндіру
ұлттық тәрбие әдістерінің әсерін
күшейту үшін қолданылады.
Мәселен: сабақта қазақ халқының
ұлттық “Көкпар”ойыны туралы түсінік беріліп,
сабақта “Көкпар” ойынын жүргізуші, ойын тәртібін
қадағалап бақылаушы -
ұстаз. “Көкпар” – қазақ халқының аса
ұнататын ежелгі ұлттық ойындарының бірі. Көкпар
жігіттерді батылдыққа, ептілікке, төзімділікке,
шапшаңдыққа үйретіп, денесін шынықтырады. Кенет
кездесетін қиыншылықтарды оңай жеңуге,
ұжымшылдыққа тәрбиелейді. Көкпар – жігітке
жағдайды тез аңғарып, қысылтаяңда жол таба
білушілікке, ол ат ойынында бейімделіп ұшқыр, төзімді,
бұлтарғыш болуға дағдыландырады. Ойынға
қатысушылар тартуға әзірленген тұлыпты
төрешінің берген белгісі бойынша, бір көкпаршы көкпарды
жерден іліп алып, қаша жөнеледі. Ал ерте кезде көкпаршы
(серкені немесе лақты) өз аулына апармақ болса, ал екінші
ауыл жігіттері көкпарды жібермей, өздері алып, өз аулына
апаруға тырысады.
Дене тәрбиесі сабағында залда ойналатын болса, онда “жаяу
көкпар” ойнатуға болады.
Халықтық педагогика мен халықтық психология
тағылымдарын пайдалану дене тәрбиесіне деген
оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін
арттырып, сабақты сапалы өткізуге, ережелерді толық
меңгеріп, тез машықтануға көмектеседі.
Халық педагогикасының тағылымдарын дене тәрбиесі
сабағында қолдану – оның үйрету және
тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар,
халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, студенттерге
ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
Ғылыми
мақаламды қорытындылай келе 12 жылдық местептегі проблеманы теориялық тұрғыда зерттеу мен
педагогикалық әдістемесі бойынша мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік берді:
- Зерттеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі және
басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесін берудің
теориялық негізділігі тұлғаның-бағдарлық,
іс-әрекеттік, рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан
айқындалды. Ғылыми-педагогикалық талдаулар нәтижесінде
«дене тәрбиесі жүйесі» ұғымының мәні,
мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы
шешуші роль атқаратыны анықталды.
- Тұрғылықты жердегі және халықтың
жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру және спорт
тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол
ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді,
олардың ақыл-ойын, адамгершілігін, эстетикалық және
экологиялық, сауықтыру түйсігін қалыптастырады.
- Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт
мүгедектерді дене бітімі және әлеуметтік жағынан
оңалту құралдары деңгейін жоғарылатуға
болады.
- Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен
бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде
қауіпсіздік ережелерін сақтау, азаматтардың денсаулығын
қорғау анықталды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Оңалбек Ж.К. Ұлттар
арасындағы дене тәрбиесі мен спорт. – Алматы: РБК, 1997. – 126 б.
2. Тайжанов С. Дене мүмкіндіктерін
тәрбиелеу. – Алматы: Мектеп, 2004. – 96 б.
3. Төтенаев Б. Қазақтың
ұлттық ойындары. – Алматы,
1978. – 144 б.
4. Тілеулов Э.Ж. Дене тәрбиесінің
ілімі мен әдістемесі. Оқу құралы.2003
5. Сағындықов Е. Қазақтың
ұлттық ойындары. – Алматы, 1991. – 77 б.