Cыныптан  тыс жұмыстарды ұйымдастыруда халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын қолдану әдістері.

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, С.Ж. Мырзамуратова

 

Бейнелеу өнерін оқытуда қызықты және мазмұнды тақырыптар таңдау оқушылардың бейнелеу өнеріне болған қызығушылығын арттырады. Алайда қолданылып жаттқан бейнелеу өнері дәстүрінде оқушыларға сызу үшін берілген тақырыптар мазмұнының қызықты болуына көңіл бөлінген. Бірақ дәстүрде балалар үшін қызықты болмаған тақырыптарда жоқ емес. Оқушылардың өздері қызығатын тақырыптары негізінде салған суреттері басқа тақырыптардағы салған суреттерге қарағанда мазмұнды және сапалы болады. Оқушыларда спорт, фантастика бойынша тақырыпта зор қызығушылық арттырады. Оқушылардың спорт күнделікті өмірімен байланысты болғаны үшін бейнелеу өнерінде қызықты әсер қалдырса, фантастик тақырыптағы образ бен көріністер өзінің мазмұны мен оқушылардың қызығуын арттырады. Тақырып негізінде сурет салу дайындықтарында оқушылардың қызығушылығын арттыруда қызықты тақырып қажет болса, нәрсенің өзіне қарап сурет салу дайындықтарында натура үшін қызықты нәрселер мен заттар, маталар таңдау, оларды салу үшін компазицион көріністен әдемі етіп орнату қажет. Сыздыру үшін түрлі үлкен бұйымдар , түрлі түстегі заттардың қоюы жақсы нәтижелер береді . Мысалы : Қарбыз, анар, памидор, алма, қияр сол сияқты азық- түліктер және шыны вазалар , шәйнек пиала т, б бұйымдар. Декоратив сурет салу дайындықтарында құтықтау қағаз және қабырға газетасы , түрлі бұйымдар тақтайлар , сандық, т. б жұмыстарды істеу балаларда үлкен қызығу арттырады. Сонымен оймен сурет салу Мысалы«Ең жақсы оқытушым» «Менің ауылым » деген тақырыбында суреттер оқушылардың пәнге болған қызығушылығын көтеруде ерекше орны бөлек. Олар өздері сүйген кісілерінің суреттерін толық ұқсатуға бар ынтасымен салып әрекеттенеді. Суреті жақсы шығып нәтижесі дұрыс болғаннан кеиін оқушының сабаққа деген қызығуы арта түседі. Өнер туындылары репродукцияларын көрсетудіңде рөлі үлкен. Репродукцияларды балаларға жай көрсету, оның мазмұнын талдау мен шекараланып қалмай, туындының жаратылу тарихы, туынды туралы , суретшінің пікірлерін балаларға жеткізу керек. Ұлттық халық өнері жәнеде басқа өнері көшірмелерін көрсету ол жайында сұхбаттар өткізу жақсы нәтижелер береді. Сол мақсатта бейнелеуде жақсы істелген оюлар кестелер, сүйек оюлары бұйымдарының нақты көшірмелерін және оның өнер туындыларының репродукцияларының суреттері көрсетілуі олардың білімін тез жетілуіне жәрдем береді.Халық шығармашылық өнерінде ұсталар туралы сұхпат өткізу кәзіргі күнде істеп жатқан үлкен суретшілермен кездесу өткізу өнер музейлеріне бару экскурсиялар жасау қажет. Оқушылардан әдебиет пәндерінде өтіліп жатқан тақырыптар негізінде ертегідегі негізгі кейіпкерлерге әдебиет пәніндегі гракфик ісіне оқытушы оқушыларға табиғат көрінісі ондағы ағаштар, еңбек етіп жатқан адамдар туралы, ол жердегі түс және перспектива заңдылықтары жайында сұхпат өткізіледі. Бұл сұхпат, ботаника, география, еңбек оқу пәндерінде кейбір материалдарға негізделген түрде алып барылады. Тақырып негізінде естегі қыс, күз, көктем тақырыптарына сәйкес сурет сыздыру керек болған жағдайында класик композиторларының жыл мезгілдеріне сәйкес туындыларды балаларға естірту және сол негізде сурет салдыру бұл екі сабақ үшінде пайдалы болады.          Іс жүзінде үйренген материалдар физика курсындағы спектр түстерін үйрену тақырбына байланысыды. Еңбек пәнінде жасалған аспаптар мен құтыларғы оюлар сызылады, әдебиет пәнінде өтілген әдеби туындыларға кітап бетін безендіру ескиздері дайындалады. Казіргі уақытта мектептерде оқушылар сурет дәптері, бояу, қалам және өшіргіштен пайдаланып шектеліп қалуда. Кейбір мектептерде акварель бояудан пайдаланып сызады өз-өзінен оның мұндай жағдайда берілетін тақырыптар балалар үшін зерігерлі және сабақ қызықты өтілмеуі мүмкін. Сурет  сабағында  бояу, қалам мен акварельмен шектеліп қалмастан гуашь, темпера, тушь, түрлі түсті бор, пастель, көмір, фламастерлермен кеңінен пайдалану мүмкін. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды мадақтау және пәндердегі сияқты үлкен білім және тәрбиеге ие. Ол оқушылардың қызығушылығын көтереді және жәрдем береді.

Мадақтау әсіресе бастауыш сыныптарда көбірек қажет етіледі. Көрме оқушылардың пәнге болған қызығушылығын артырады. Оқушылар өз жұмыстарын достарының істеген істерін көру және олармен салыстыру арқылы өздерінің жұмыстарына қорытынды жасайды. Кейінгі жұмыс жоспар белгілейді.Сол үшін мектеп көрмелерін өткізіп тұру қажет. Оқушылардың бейнелеу өнері пәніне болған қызығушылығын арттыру үшін жәнеде басқада жолдары бар 1 ) Бейнелеу өнері пәндерінің кейбір тақырыптарын ойын тәрізді өткізу, сыныптан тыс қызықты істермен байланыстыру. Пәнаралық байланыс жүйесінде істеп жатқан бейнелеу өнері оқытушыларынан табиғаттағы нәрседен және биологиялық қасиеттері жайында мәлім бір дәрежеде ғылыми мәліметтерге ие болуы талап етіледі.бұл жайында жеткілікті мәлімет алмаулары оқыушылар нәтижесінде өрік ағашын –терекке , теректі - өрікке алма ағашына ұқсатып қоюы мүмкін нәрсенің өзіне қарап сурет сызу сабақтарында үй- тұрмыс бұйымдарын, еңбек құралдары, спорт пен өнер атрибуттары , оқу құралдары, геометриялық денелер, жеміс – жидектер, жануарлар, адам денесі басқада матерйалдар туралы пікір жүргізеді. Тақырып бойынша ойдан композиция түзу дайындық негізінде оқылған ертегі , аңыз, көрген – кешкендер оқиғалар еске алу, табиғат көріністерін істеп шығару кезінде күзетуге шығады. Сурет салудың бұл түрінде әдебиет, биология, тарих пәндеріне байланысады. Әдебиет және де басқада пәндерге байланысты сабақтарда оқушыларға жақсы түсінік беру үшін техникалық көрнекіліктерден пайдаланған дұрыс.