ЗЕЙНОЛЛА
ҚАБДОЛОВТЫҢ ШАҒЫН
ТҮР ТУЫНДЫЛАРЫ
Сұлтанғалиева Жанат
Сәлімгерейқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
Тәжіғалиева Сәбира
Оңайбайқызы
Филология магистрі, аға оқытушы
Тәңірбергенова Гүлжан
Кеңшілікқызы
Филология магистрі, оқытушы
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
Зейнолла Қабдолов
өз эссе-толғаныстарында
ұлы ғұламалардан
бастап, қатардағы қарапайым зиялыларға дейінгі адамды ардақтайды.
З.Қабдоловтың
адамдары осындай, бойы биік, ойы терең. Оған барлық адам бірдей емес. Адам дегенде ол тарихи тұлғаны,
қаһарман халықты, қайтпас қазақты айтып
отыр. Оның Асан би (Асан қайғы да осы) сияқты білгірін, Шәлгез
сияқты дүлдүлін, Қобыланды сияқты батырын , Абай сияқты ақынын, Сәтбаевтай
ғұламасын, адамы мен арманы қауышқан мұнайлы
Ембі даласын, «Асан
қиялдаған Жерұйыққа маңғаз басып,
маңып бара жатқан» жаңа адымды айтады.
«Менің елім» -
бас-аяғы кітаптың екі бетін ғана толтыратын, күн санап
күш жинап келе жатқан Қазақстан туралы шағын шалқу, әрине,
осыдан қырық жылдай
бұрын жазылған эсседе
қазіргі оқырман, соңғы буын сынай қарайтын
жерлер бар. Ол кезде партиясыз,
Ленинсіз, Кеңессіз ештемені де айтпайтын, ештемені де жазбайтын.
Әйтпесе, алтынмен аптап, күміспен күптеп қанша жылтыратса
да, ұлттық мақтаныш сезіміне
толы тақырып жарық
көру былай тұрсын, жазушының үні шықпас та еді.
Солай десек те, жазушы еш
нәрсені артық та айтқан жоқ, бүгіп те
қалған жоқ. Айтпағы елі, жері. Жеткізе айтты.
Көркем бейнесі – Қазақстан. Сәтті.
Тегінде жақсы өзі туған
өлкенің елі мен жерін алаламайды. Өйткені өзін
адам мен заман перзенті санайтын қаламгерге: «...
туған өлкенің дәл кеудесіндегі дүрсілдеп
Қарағанды тұр, мұнайын Атырау теңізіндей толқытып Гурьев, қорғасынын
Шымкент жатыр, қолалы Павлодар күні ертең қалың
нөпір комбайнын қаптатпақ болса, рудалы Өскемен асау
Ертісті бұғаулап, сапан жұлдыздарын жерге тізіп түсіріп жатыр».
Бәрі де жазушының
жүрегіне жақын, жанына ортақ.
Жазушы туған жер дегенде, Қазақстан
дегенде ерекше шабытқа мінеді, тілінің тұсауы шешіледі, не
бір сырлы, не бір сиқырлы сұлу сөздер ағынды судай сылдырайды. Елім дегенде асыл ойлар
арындайды. Мысал ма? Мысалы: «Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау
өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар ерке жел... ».
Міне,
Қазақстан, міне, қазақ елі! Осылай эссе – сыр еселене
береді.
Қазақ халқы
өз бақытын өзі
жасауда, сол жасампаздыққа жазушы да ат салысуда.
Сонау бір мұнар күнде
еңкеу-еңкеу жер шалып, егеулі найза қолға алып,
жолбарыстай жортқан ер Махамбет өз елінің осы бақытын
көксеген.
Бұл эссе ғажап сырлы,
сұлу ұйқасты, ағыл-тегіл толғау іспетті.
Бұл тіпті ақ өлең де емес, ақпа жырдың
өзі десе де болады. Мұнда Қазақстан мен автор бейнесі
астасып жатқан тұтас дүние дерлік.
Туған елдің бақыты
мен шаттығы – мол ән-күйлер...
Қызыл тулы Қазақстан,
шалқи бер! – деп аяқталады. Өлең дейсіз бе, өнер
дейсіз бе? Өзіңіз біліңіз?
Әйтеуір, ағыл-тегіл сыр мен
жыр.
Немесе «Гүлден Қазақстаным!» .
«Ел
ертеңінің есігін ашты. Адам абзал арманын
құшақтады. Қиял мен шындықтың арасында
шекара қалған жоқ. Жер бетінде нұрлы ой бой жазып, сырлы сана салтанат құрып
келеді».
Я
болмаса осы эсседен мына бір
үзіндіні де қарайық:
«Қазақстаным!
Күншығыстан
күнді құшқан Гүлстан!
Сіз
Алтайдан Атырауға сапар шегіп
көрдіңіз бе? Қазақ жерін аралау бүкіл Европаны шарлап шығумен барабар.
Жалғыз-ақ мынаны ескерген
жөн: Европа сөз жоқ, сұлу. Бірақ оның
сұлулығы – таныс сұлулық. Европаны көргенде
оқылған кітап, белгілі сурет қана еске түседі. Ал Қазақстанды
кезіп, бұл атыраптағы өмір
келбетін көру, тіршілік байыбына
бару үшін адам анық
ақын болуы керек. Біздің
алтын бесік көрген жанды
тербетеді, әлдилейді, аялайды, шабытқа бөлейді».
Жазушы
толғаныстарының бәрі осындай. Ынтықтырып, бәріне
ғашық қылып отырады. Олардың қай-қайсысы да
сізге ой салып, жаңалық ашып, тылсым жайларды сезінуге,
көруге жетелейді, санаңды
байытады.
«Жайық жағасындағы толғаныс», «Оралу», «Атырау
ақындарының көрер көзі, сөйлер сөзі»,
«Егемен ел туралы екі ауыз сөз» - автордың тоқсаныншы жылдардағы
Қазақ Елі, туған топырағы туралы толғаныстары.
Кім-кім де өзінің туған жерін ыстық сезінеді. Жазушы өзі өскен өлкесі туралы қалай төгілетінін осынау жүрекжарды туындыларынан да
көреміз. Ол перзенттік сағынышын айта отырып, асыл белгі –
қасиеттердің аяққа басылғанына қатты
күйзеледі, ел мұңын, жер проблемасын санамалап өтеді.
«Тозған емей немене, Нарын мен Тайсойғанның ел
қонатын, мал жайылатын кең жайлауларын полигон тартып
алған... бір кезде шөбі шүйгін, суы мол ну дала бүгінде
қу медиен құба
шөлге айналып, қоныс-құдықтар
төңірегін түгел экологиялық апат жайлап барады: ауа
бұзылып, өзендер тартылған, көлдер суалған,
көгалдар қуарған...»
Туған жердің осындай қатерлі сиқын суреттеген
жазушының жаны қалай күйзелгенін көзге елестету
қиын. Әйтсе де бұл бейнелеу азасынан бәрін де аңғарғандайсың. Қаламгер
толғаныстары ескерусіз қалмаса деп те тілейсің. Өйткені
оны өзіңе үлкен тірек көресің. Қаламға ілікпей қалған басқа
жайларды да өзің қосыла еселей жеткізгің келеді.
«Атырау адамдарының көрер көзі, сөйлер
сөзі» деген толғаныста жазушы Атырау облыстық «Атырау»
газетінің жетпіс жыл бойы атқарған
қызметіне тоқталады. Оның қоғамдық ірі
істерін атайды. Елдің арын арлайтын, жанына сүйеу,
еңбекшілердің көрер көзі, сөйлер сөзіне
айналған айбынды мәртебесін
дәріптейді. Ал «Егемен ел туралы екі ауыз сөз» эссесінде әйгілі Қасымның
ел туралы өлеңдерін шебер қиюластыра отырып, өршіл
ақын арманы енді орындалғанын, Қазақстанның
егемен ел болғанын жүрегі жарыла
мақтаныш етеді.
Жазушының осы
толғанысындағы мына сөздеріне еріксіз келісесің:
«Аш болайық, тоқ болайық, көйлегіміз көк болсын,
яки жалаңаш жүрелік, бұйым емес, бәрі уақытша!
Жалғыз-ақ, егемен
еліміздің азаттығы мәңгілік болғай! Соны
көзіміздің қарашығындай сақтайық! Осынау
ұлы міндет пен мақсат бізді «бір жеңнен қол, бір
жағадан бас» шығаратын бірлікке апаратын, ал бірлік күні
ертең-ақ қолымыз жететін тамаша тірлікке апаратыны
сөзсіз. Соған
шүкіршілік айтпай болмайды...».
«Май
сұлу»: «Бүгін менің қарындасым-қарақат
көз қарлығашым ерте тұрды, таңғы
тәтті ұйқысынан
оянды, терезеден баяу еніп, үнсіз келіп, шашын сипап, ай маңдайын
аймалаған, бетін өпкен майда леппен оянды. Қасын керді,
қара көзін мөлдіретті, сылаң тұрды,
қылаң ұрды күлімдей; жібек ернін үлбіретті,
қызғалдақтай – қырдың қызыл гүліндей.
Назбен басты, терезесін баппен ашты... Ой-хой шіркін,
құшақтасты қос ару... Рас айтам, қараңдаршы
табиғатты: ойды-қырды, күнді-нұрды, алуан сырлы
үнді-жырды тамылжытқан
сан бұлбұлды...
неткен ғажап – Май сұлу».
Қалшылдаған қаңтарда Абай «кәрі
құда шал» десе, май дегенің он екі айдың ішіндегі
сұлу қыз ғой сыланған Бар сәнімен, салтанатпен,
нұрға балқып,
шалқып жатқан жырға
малтып, гүлін ұстап, саф алтынмен күнді тыстап Май тұр сыртта... «Сылдырап
өңкей келісім тас бұлақтың суындай» думандата жер
үстіне тағы да келді –
сұлу Май!»
«Оралу. Эссе». Жазушы -
туған жердің топырағына, дәм-тұзына, бары
мен байлығына, ауылы мен адамына ақықтай таза, сәбидей
ақ, күмәнсіз адал. Сондықтан болуы керек, ол
Атырауға, Ақжайыққа ат құрғатпай
оралумен болады. Оның эссе-естеліктерінің бәрінде де
арғы-бергі замандағы ата
қонысы есінен бір сәт шықпайды, демеуші - әл
берушідей әсер етеді. Жылына бір-екі рет
аулына барып, рухани азық жинап қайтпаса, қаламын
ұштап, тілін жанымаса, тап осылай
жаза алмайтындай болып көрінеді. Өзі – астанада,
көкірек көзі – Атырауда. Қызық қой тағдыр
деген. Алматыдағы жазушыны Жайық бойының әні тербейді,
Атыраудың әруағы жебейді, Доссор мен Мақаттың,
бүкіл қара алтынды Жем
(Ембі) бойының күш-қуаты демейді.
Алматыдағы жазушы туған
топырағына аунамаса ,
мұнай иісін сімірмесе,
өсіп-өнген ортасына бір
соғып кетпесе, шабыттанбаса, рухтанбаса қаламының желі жетіспейтін көрінеді. Жазушыға
өзгелер біле бермейтін,
бірақ өзіне аса ыстық көрінетін Атырау, Нарын,
Ақжайық, Бүйрек, Тайсойған, Ойыл да Қиыл, Жем:
Сағыз, Қызылқоға, Доссор, Мақат – теңдесі
жоқ жер жаннаты. Қай очеркін , эссесін, естелігін алып
оқымасаңыз, бұлардың аты аталмайтындарын таппайсыз.
Бұлар – жазушының анасы. Қай шығармасын, жолжазбаларын
оқымаңыз, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Сырым, Исатай, Махамбет, Мұрат, Құрманғазы, Дина, Мұхит...
тағы алдыңыздан шығады. Бұлар – жазушының атасы.
Осындай өнегелі жерден, осындай
арлы ортадан шыққан жазушының осал болуға
құқығы жоқ.
Әдебиеттер:
Қазақ әдебиеті, 1961, № 27.
Эссе // Негимов С. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. -ІІ
басылым.- Алматы:
«Ана тілі»,1998.
Қабдолов З. Сыр.- Алматы,1975.
Мүтәлиева Р.ЗейноллаҚабдоловтың жазушылық
шеберлігі:
Монография.-Алматы: «Өлке», 1997. – 123б.
5.Қабдол
З. Әуезов. – Алматы: «Санат», 1997. – 352-б.