Филологические науки

 

Рапишева Жанат Дабыловна (фил. ғыл. канд., доцент)

Рахимова Балауса Мейрамбекқызы (студент)

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

ДИСКУРС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Мақалада қазіргі лингвистикадағы дискурс типтерін жіктеу мәселесі қарастырылады. Дискурс типтерін классификациялауда негізге алынатын белгілер, дискурстың  қолданыс аясына  қарай түрлері, типтері, топтары туралы айтылады.

Дискурс термині француз тілінде «discоurs» – сөйлеу, ал ағылшын тілінде – талқылау, лебіз, сөйлеу деген мағынада жұмсалған болса, ал кейіннен «айтушыға, сөйлеушіге меншіктелген сөз» деген жаңа мағынада қолданылады.  Орыс тіл білімінде дискрус ұғымы дискурс, сөйлеу, сөз, мәтін деп айтылып жүр.  Дискурс термині американдық лингвист З.Харристің 1952 жылы жарияланған «Дискурс - анализ» атты мақаласында тұңғыш рет көрініс тапқан еді.

М. Стаббс дискурсқа тән үш белгісін көрсетеді: 1) формальды тұрғыдан дискурс – бұл тілдік бірлік, яғни сөйлемнің көлеміне байланысты болады; 2) дискурс тілдің әлеуметтік контекспен қарым-қатынасын қарастырады; қатынасын қарастырады; 3) өзінің ұйымдастырылуында дискурс диалогті түрде болып келеді.

Дискурс өз алдына екі жақты құбылыс болып келеді. Бір жағынан алғанда, ол – когнитивті құбылыс, яғни білімді беру ісімен байланысты, ал екінші жағынан қарағанда, дискурс – коммуникативті құбылыс болып табылады. Себебі дискурс жүйесінде ақпарат тек коммуниканттар арасында ғана жүріп отырады. Дискурстар мәтін түрінде кездеседі. Дегенмен, тіл біліміндегі соңғы зерттеулерге байланысты дискурс тек мәтін түрінде емес, тіпті басқа дискурс түрлерінде де кездесіп отырады. Мұндай өзара байланыс дискурстың мәтін  шекарасында интердискрусті деген атауға ие болды. Мәтін өзінің құрамы мен құрылысына, тақырыбы мен ішкі құрылымына қарай қиын болғанымен,  басқа дискурстар ішінде кең ауқымда көрінеді. Мәселен, ұлттық дискурс өз ішінде төмендегідей түрлерін ажыратады: саяси, ғылыми, ауызекі сөйлеу, аргументті, заңды, көркемдік және т.б. Әрбір дискурс өз ішіндегі дискурста көп мағыналы жағдайлар түрінде болады. Мысалға алатын болсақ, заңды дискурсқа сот дискурсы, еңбек құқығы дискурсы, қылмыстық құқық дискурсы т.б. жатады. Коммуникативтік феномен ретінде дискурс өз алдына белгілі бір қиын сөйлеу актісінің жүйесін құрады. Сөйлеу актісін адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде алатын ақпараты деп түсінуге болады.

Сөйлеу актісі үш деңгейлі болып келеді: локутивті, иллокутивті және перлокутивті.

Локутивті акт – бұл белгілі бір мағынаны жеткізу кезінде әр түрлі тілдік құрылымдарды қолдана отырып жүргізілетін акт. Перлокутивті – аудиторияға өзінің сөйлеу кезінде сана мен сезімі арқылы әсер ету; бұл сөйлеу актісімен кезінде шешендік өнер айналысқан. Перлокутивті акт белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Иллокутивті акт болса өз алдына адамның сөйлеу кезіндегі  бір іс-әрекетті білдіреді.

Н. Д. Артюнованың пайымдауынша: «Дискурс – тілден тыс – прагматикалық, әлеуметтік мәдени, психологиялық факторларды біріктіретін байласымды мәтін, оқиғалық аспектідегі мәтін, белгілі мақсатқа бағытталған әлеуметтік әрекет ретінде қаралатын сөйлеу (сөз). Адамдардың когнитивтік санасында өзара қарым-қатынас механизміне қатысатын компонент. Дискурс, бұл – «өмірмен біте қайнасқан» сөз [1, 370].

Қазіргі таңда дискурсты қолданыс аясына байланысты бірнеше түрге бөліп жүргендігі белгілі. Дискурс түрлеріне: ғылыми дискурс, әскери дискурс, іскери дискурс, шешендік дискурс, поэтикалық дискурс, балалық дискурс, масс-медиа дискурсы, жарнама дискурсы, экономикалық дискурс, педагогикалық дискурс, электрондық дискурс т.б. жатады. Жалпы дискурс ұғымы прагмалингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, антропология, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, философия ғылымдарының тоғысында тұрғандықтан, оған белгілі бір  категория ретінде анықтама берудің өзі де  қиындық тудырады.

Ғылыми дискурс туралы С. Борчикова: «Есть ли четкие отличия эстетического//этического дискурса от дискурса науки? Несомненно. Этико-эстетическое знание является нормативным, а не экспериментально-фактическим. В этом оно близко к логике и математике, которые также нормативны. Брентано в своей работе (по «психологии», но это скорее философия как предтеча феноменологии) четко различает объективный научный дискурс как дискурс суждений (дискурс как таковой) и оценочной дискурс (по типу нравится/не нравится). Это близко (восходит?) к кантовской позиции в КСС»,- дейді.

Кәсіби дискурсты зерттеу когнитивтік терминтанымның басты бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіби дискурс деп біз белгілі бір сөйлеу нормалары қалыптасқан, ойлау, көңіл-күй, мінез-құлық ерекшеліктері бар кәсіп иелерінің өзара қарым-қатынас үдерісі деп түсінеміз. Кәсіби дискурс түрлері кәсіби іс-әрекет саласына байланысты анықталады. Мәселен, медициналық дискурс, педагогикалық дискурс, саяси дискурс т.б. атауға болады.

Кәсіби дискурс қарым-қатынасқа түсушілердің ең болмағанда біреуінің арнайы дайындығына негізделеді және қарым-қатынас сол арнаулы сала шеңберімен шектеледі. Кәсіби сөйлеудің төмендегідей төрт өлшемін бөліп көрсетуге болады: 1) ғылым саласын кәсіби деңгейде меңгеру; 2) қарым-қатынас құралы; 3) жұмыс сапасын кәсіби бағалау; 4) қарым-қатынастың кәсіби маркерленген стратегиясы; 5) өзін-өзі танытуы.

Дискурс – пәнаралық зерттеу нысаны, оны теориялық лингвистикадан басқа компьютерлік лингвистика, жасанды интеллект, психология, философия мен логика, әлеуметтану, антропология мен этнология, әдебиеттану мен семиотика, теология, заң, педагогика, аударма теориясы мен практикасы, коммуникациялық зерттеулер, саясаттану т.б. ғылымдар зерттейді. Л.С.Выготский: «Помимо двух фундаментальных разновидностей дискурса - устной и письменнои - следует упомянуть еще одну: мысленную. Человек может пользоваться языком, не производя при этом ни акустических, ни графических следов языковой деятельности. В этом случае язык также используется коммуникативно, но одно и то же лицо является и говорящим, и адресатом. В силу отсутствия легко наблюдаемых проявлений мысленный диск урс исследован гораздо меньше, чем устный и письменный», - дейді  [2, 97].

В.И.Карасик дискурстың екі негізге типін ажыратады: жекеленген дискурс және институционалды дискурс. Бірінші жағдайда сөйлеуші тұлға ретінде сөз сөйлейтін болса, екінші жағдайда – белгілі бір әлеуметтік институттың өкілі ретінде жүзеге асады [3, 65].

Институционалдық дискурстың заңды, медициналық, іскерлік, жарнамалық түрлерімен қатар ғалымдар саяси дискурсты ерекше атап көрсетеді, оны зерттеумен көптеген саясаткерлер, әлеуметтаншылар, психологтер мен лингвистер айналысады. Саяси дискурстың негізін кембридж және оксфорд философия мектептерінің өкілдері салған болатын.

В.И. Карасик, Е.И. Шейгал, П.Б. Паршин сынды танымал лингвистердің еңбектеріне назар аударатын болсақ, қазіргі ғылымда «саяси дискурс» түсінігі мен термині жоқ екендігін аңғаруға болады.

А.И.Баранова мен Е.Г.Казакевичтің айқындауы бойынша, саяси дискурс – саяси дискуссияда қолданылатын барлық сөйлеу актілерінің жинақтылығы, сонымен қатар, көпшілік алдындағы саясат ережелері дегенді айтады [4, 89].

 

Дискурстың өзі әртүрлі ауысымдардан  (коммуникативтік ситуация, интеракцияға қатысушылар және мазмұны мен түрі жағынан әртүрлі болып келетін мәтін) тұратынын ескерсек, дискурстың мәтіндер бірлігін қалыптастыра алатынын айтуға болады. Дискурс типі бірегей тақырыптық бірліктен (единая тематическая общность) тұратын мәтіндерді біріктіреді. Дегенмен, күні бүгінге дейін дискурс типтеріне әсер ететін ауысымдардың толық сипаты да, дискурс типтерінің ортақ классификациясы да берілген жоқ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.                 Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. – М.: Языки русской культуры, 1999. –  896 с.

2.                 Выготский Л.С. Дискурс и текст. – М., 2001.

3.                 Карасик В.И. О типах дискурса // Языковая личность: институциональный и персональный дискурс: сб. науч. тр. – Волгоград, 2000. – С. 5-20.

4.                 Баранов А.Н., Казакевич Е.Г. Парламентские дебаты: традиции и новации. – М., 1991.