Ахмет К., Досмаханова Г.
Е.А.Букетов ат.
Карағанды мемлекеттік университеті
АХМЕТ
БАЙТУРСЫНОВ КАЗАК ЛИНГВИСТИКАЛЫК
ТЕРМИНДЕРIНIҢ НЕГIЗIН САЛУШЫ
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., проф.Мажитаева Ш.
Қазақ тіл білімі терминологиясында
оның ішінде лингвистикалық
терминдердің қалыптасуы
мен дамуы туралы сөз
қозғағанда
ұлы ғұламаларымыздың қатарына
кіретін ұлтымыздың ең ардақты ұлдарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту
мүмкін емес. Оның себебі – ұлттық
ғылыми терминологияны
қалыптастырудың ғалым еңбектерінен
басталатындығында. Салалық
терминологияның қалыптасуы - белгілі бір арнаулы саланы
құрайтын ұғымдар жүйесінің тілде
таңбалануы. Нақты бір ғылым салалары бойынша
терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми
еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық
сөздіктердің жарық көруімен тығыз байланысты.
Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған терминдері ең алдымен
мектеп оқулықтарында қолданылды. Өйткені белгілі бір тілдік құбылысты
балаға игерту үшін оның өзіне тән атауы болуы заңды. Сондықтан ғалым
термин, атау жасау мәселесіне үлкен ыждағаттылықпен
қарағаны түсінікті. Ғалым жасаған терминдер 7-8
бен 10-12 жастағы ауыл балаларына ұсынылды, сондықтан Ахмет
Байтұрсынұлы білім-ғылымның бұл саласын ана
тілінде түсінікті етіп, баяндауға міндетті еді, оларға жат
болса да, бейтаныс ұғым атауларын қазақша
ұсынуға тырысты. 1912 жылы Орынборда жарық көрген
«Оқу құралында» буын,
дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші,
жіңішкелік белгі, хәріп сияқты терминдер
қолданылды. Ал 1914, 1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928
жылға дейін бірнеше дүркін басылып шыққан
«Тіл-құрал» оқулықтарында әбден қалыптасып,
бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ
сияқты жүздеген терминдердің кездеседі. Мектеп
табалдырығын енді аттаған балалардың өздері
түгілі, ата-әжелерінің, әке-шешелерінің хабары
жоқ білім-ғылым тарауларын «фонетика», «морфология», «синтаксис»
деп танытқаннан гөрі, «дыбыс жүйесі», «сөз
жүйесі» деп атау әлдеқайда түсініктірек, таныстау боларын
ғалым жақсы түсінген. Бұл терминдер терминге
қойылатын талаптарға толық жауап береді [1, 75-76].
Қазақ тілінің дыбыс, сөз және сөйлем
жүйесіне арналған «Тіл-құралында» 310
лингвистикалық термин қолданған. Оның
118-і (38,5%) қазіргі қазақ тіл білімінде
қолданылып жүрсе, 192-сі (61,5%) қазір қолданылмайды.
Бұл терминдерді тіл білімінің салаларына қатысты жіктесек:
фонетикаға қатысты - 108
термин, лексикологияға қатысты 11 термин, морфологияға
қатысты 109 термин, синтаксиске қатысты 64 термин және жалпы
тіл біліміне қатысты 18 термин қолданылған. А.
Байтұрсыновтың терминдерінің көбі қолданылу
аясына қарай өзгеріске ұшыраған [2, 14-15].
|
Ахмет Байтұрсынов
қолданған терминдер |
Қазіргі
қолданыстағы терминдер |
|
бас мүше |
бастауыш |
|
баяншы мүше |
баяндауыш |
|
ымырасыз
харіфтер |
ұяңдар |
|
қосалқы сөз |
шылау |
|
қағида |
ереже |
|
дыбыс жүйесі |
фонетика |
|
сөз жүйесі |
морфология |
|
сөйлем жүйесі |
синтаксис |
|
есімдеуіш атау сөздер |
есімдер |
|
бұратана сөздер |
оқшау сөздер |
|
кіші сызықша |
дефис |
|
ноқат |
нүкте |
|
қос ноқат |
қос нүкте |
|
қабат үтір |
тырнақша |
А. Байтұрсынұлының
ғылыми ізденістері туралы ғалым Т. Қордабаев былай дейді:
«А.Байтұрсынов - казақ тілін туған тілімізде зерттеудің
үлгісін жасап, оның ғылыми терминдерін қалыптастырып,
сөйтіп, тіліміз туралы берік негізін қалаған ғалым
ғана емес, сонымен бірге оның ілгері дамуына, болашағына
бағыт-бағдар сілтеген, игі әсер еткен ғалым» [3. 238
б.].
Ұлттық тілдің
негізіндегі жасалған лингвистикалық терминдерге бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш,пысықтауыш зат есім, сын есім,
етістік, қаратпа сөз, леп белгісі, сұрау белгісі,
үстеу, шылау, одағай, қыстырма сөзт.б.
жатқызуға болады. Мысалы, Сөйлемнің тұрлаулы
мүшелері екеу: 1) бас мүше, 2) баяншы мүше. Бас
мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын
қазық сөзін, сөзін иесін. Сөйлем ішінде сол
нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол
нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын
сөз баяншы мүше болады. Жеңілдік үшін бас мүше –бастауыш деп,
баяншы – баяндауыш деп аталады. Бастауыш бір сөзбен айтылмай,
бірнеше сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп
атаймыз. Мысалы: Асық ойнаған азар. Мұнда асық
ойнаған туралы айтылып тұр. Кім азар? – асық ойнаған.
Ал, сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1)
сыйыса құрмаласу, 2) қиыса құрмаласу. Сыйыса
құрмаласса, сөйлем сыйысулы құрмалас деліп,
қиыса құрмаласса, сөйлем қиысулы
құрмалас деліп аталады. Сыйысулы құрмаласқа мысал
келтіретін болсақ, Қарабай мен Сарыбай аңға
шықты. Бұл сөйлем екі сөйлемнің сыйысып
қосылғанынан болған. Қосылмай бөлек
тұрғандағы түрлері мынау: Қарабай
аңға шықты. Сарыбай аңға шықты.Бұларды
екі қайта айтып жатпас үшін, екеуін сыйыстырып қосып,
бір-ақ айтқан. Бұл мысалда айта кететін бір жайт,
Қарабай, Сарыбай бір сұраққа жауап беріп,
бірыңғай мүше қызметін атқарып жай сөйлем
болып тұр. А.Байтұрсынұлы қалыптастырған
жүздеген терминдер белгілі. Ал солардың қалың
көпшілікке етене жақын болып кетуін,
табиғилығының феноменін, біздіңше, осы танымдық
негізде түсіндіруге болады. Бұл арада танымдық негіздің
ұлттық ерекшеліктерінің де (шешендік, бейнелілік т.б.)
мәні ерекше. Мысалы, А.Байтұрсынұлы
қалыптастырған көсемше термині. Көсем
сөзінің қазақ танымындағы мәні белгілі. Ал,
оның лингвистикалық, грамматикалық қызметіне сай
мәндік сабақтастығы, дәлдігі дау тудырмайды.
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімі жаңаша
бағытта, ауқымды түрде дамып келеді. Ал тәуелсіздік
алғаннан бергі уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесін
нығайту бағытында елімізде терминологияны ретке келтіру, жетілдіру
мақсатында мемлекет тарапынан қарымды қадамдар жасалуда.
Тілдің даму бағытын бағдарлап жаңа сөз
жасау, термин қабылдау, заман талабына сай даму жолындағы
ғылыми техникамыздың түрлі саласындағы терминдерді
қалыптастыруда тіліміздің ерекшеліктерін негізге алу, оны назардан
тыс қалдырмау - өткен ғасырдың бас кезінен бері жалғасып
келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүр
бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жойған
жоқ [3, 149].
Сонымен
ХХ ғасырдың бас кезіндегі реформатор-ғалым
А.Байтұрсынұлының
қазақ лингвистикасына қосқан үлесі зор.
Қазақ тіл білімінде терминжасам тәжірибесі А.Байтұрсынұлы
еңбектерінен, яғни ХХ ғасырдың алғашқы он
жылдығындағы «Тіл – құралынан» бастау алады.
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен
өлшенбек. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ
лингвистикасына жалпы тіл біліміне, түркі тіл біліміне енгізген
жаңалықтары мол [4,22].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1. А.Байтұрсынұлы – қазақ тілі білімінің
негізін салушы: Оқу-әдістемелік кешен. –Алматы, 2006. -76 б.
2. Ахметтану бастамалары:
Оқу-әдістемелік құрал. –Қарағанды:
«Болашақ» баспасы, 2005. – Б.14-15.
3. А.Байтұрсынұлы
тағылымы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдық
мерейтойына арн. респуб. ғыл.-практ. конф. материал. –
Қарағанды, 2003. – 149 б.
4.Байтұрсынов А. Тіл
тағылылымы (Қазақ тілі мен оку-ағартуға
қатысты еңбектер) –Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1992.