ЖАСТАРДЫ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақтамбердиева
З.С.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
оқу және оқу-әдістемелік істері
жөніндегі
проректор
Патриоттық тәрбие
тәжірибелері мен тарихын сараптап алмай тұрып, адамдар
санасына ұлттық патриотизм
ұғымын орнықтыру мүмкін емес. Қазақстан сан
түрлі күрделі тарихи аласапырандарды бастан өткізіп барып
құрылған тәуелсіз әрі көпұлтты
республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық және
интернационалдық тәрбиені дұрыс жолдарға қоя
білуіне әдбен байланысты.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде
ежелден жиып-терген мол тәжірибесі, заңдылықтары бар.
Халқымыз өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін
жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста
үйретіп, оның бойына сіңіріп отырған. Ендеше, осы
тәрбие – денсаулық көзі. Адамның жан тыныштығы,
жан саулығы – денсаулық
кепілі. Баланың дені сау болып ер жету үшін – адамгершілік,
руханилық, имандылық ауадай қажет. Бұл бесік жырынан
басталады. Тәрбиенің асыл көзі – көнеден келе
жатқан, ғасырлардан шыңдала жеткен бабалар
ұлағатынан екенін ғұлама Платон да айтқан.
Жан-жақты өзгеріп жатқан көпұлтты
қоғам жағдайында адам факторы белсенділігін күшейтудің
әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетудің, егемен
мемелекетті қорғаудың басты құралы – осы ұлтжандылық
не қазақстандық патриотизм болып табылады.
Ұлтжандылық не патриотизм сөзі – отанға деген
сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін отан
игілігі мен мүддесіне жұмсау- деген мағына білдіретіні
бәрімізге аян. Туған жеріне, ана тіліне, елдің
әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет
тұту сияқты патриотизмнің қарапайым элементтерін
бүгінгі таңда ұлттық мемлекеттілік
тұрғысынан қайта жаңғырту міндеттері тіындап тұрғаны
белгілі.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм
берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан
ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық
педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi
әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы
жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық
конференциялар мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде
этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш
проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап
отыр. Болашақта гүлденген
Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң
негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды
құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды
дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын
жұмысы зор екенi даусыз. Қай заманда болса да адамзат алдында
тұратын басты міндеттердің бірі – есті де еңбек сүйгіш,
қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өз
ұрпағын адал, үлкенді құрметтейтін, әділ,
ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданды, дені сау болып өсуін
қалайды.
Көп
ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк
сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық
келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн
нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух -
қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер
көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан
лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие
жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi
мақсаты -
“қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк
және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының
негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi
сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI
жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен
өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға
қалыптастыру көзделiп отыр. (1)
Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке
тұлғаның
бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру
басты міндет болып саналады.
Патриоттық тәрбиенiң
күре тамыры ежелгі сақ, ғұн, Түркi
қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан
аямай күрескен көптеген Жәңгір, Тәуке, Абылай,
Әбілқайыр т.б. хандарымыз бен Жалаңтөс, Қарасай,
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен, ХIХ
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс,
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып, 1986 жылғы қазақ
жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi
арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң
қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып
отырған Қазақстан халықтарының еңбектерiнен көрiнiс тауып
отырғаны анық. Сонымен қатар, ұрпақ
бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда
негізге орын алады.
Еліміздің
алдыңғы қатарлы 50
мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн
аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiлiм беру жүйесiнiң Болон
декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi бiздiң алдымызға үлкен
маңызды мiндеттердi жүктейдi.
Осы орайда
біздерге, ұстаздар қауымына ең негізгі мақсатымыз
ұлттың болашағы болғандықтан, оқу
орындарында өз
халқының ұлттық салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын, мәдени, рухани байлығын,
әдебиетін, өнерін, тарихын оқып-үйрене отырып, осы
қасиеттерді шәкірт бойына
молынан сіңіруіміз керек.
Сондықтан,
ректор доктор, профессор Сабри
Хизметлидің ұсынуымен
Шет тілдер және іскерлік карера
Экономика өрлеп, әлеуметтік саясат тереңдеген сайын
рухани құндылықтар алға тартыла бастайтыны – тарихи
заңдылық. Сондықтан бүгін бәсекелестік экономика,
қорғаныс, қаржы, басқа да салаларда, әсіресе
рухани салада шиеленісіп тұр. Рухани
құндылықтардың көздері тіл, дін,
салт-дәстүр десек, соның ішіндегі бүгінгі таңда
жастар тәрбиесінде келелі орын алатыны – дін.
Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше.
Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс,тылсым ретінде
танымайды, ойсыз бас қойып, көзсіз құлдай
жығылып, табынған да емес. Діннің адам мен қоғам
арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші
қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын
сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге
тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке
бағалаған. Атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз
заманында исламға ден қоя отырып,
мұсылманшылықтың тұтқасы – сенім, иман, имандылық
деп дәйектесе, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев дін
рәсімдерінің тұрмыс дағдыларымен астарластығын
«Ораза деген қазаққа құлшылық емес,
әдеп қой», - деп бір ауыз өлеңмен сипаттаған.
Ойшыл жазушы Ғ.Мүсірепов дін жөнінде: «Адам баласы бірдемеге
сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды, сол сенімнің аты -
дін. Ең арғысы саяси сенім дегеннің өзі
халықтың басым көпшілігі үшін дін»,-деп оның адам
өміріндегі рухани күшін жоғары бағалағаны
белгілі. (2)
Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, ежелден
көшпенділер басқа халықтардан рухани психологиялық
жағынан артығырақ болды. Себебі, олар негізінен батыр, ер
мінезді, жігерлі, сол сияқты, еркін ойлап-сөйлейтін, ар-намысын
ақшаға сатпайтын асыл текті адамдардан құралды. Осындай
табиғи қасиеттерге ислам руханияты келіп қосылғанда
нұр үстіне нұр болып, тамаша нәтиже туды.
Қазақ халқы соқыр сеніммен емес, ақыл-ой елегінен
өткізіп, жан жүрегімен қабылдап, оны даналық,
софылық үлгісінде ұстанған. Біз діни
көзқарасы терең, діни мәдениеті өте жоғары
ұлттардың қатарына жатамыз. Тек осы дәстүрді
қалыпқа келтіру керек. (3)
Қазіргі таңда адамзат
материалдық жағынан емес, рухани жағынан жүдеп кеткені,
өкінішке орай, рас болып барады. Күллі жаһанды үйдегі
теледидар мен компьютерге сыйғызған адам баласы, ұлы Абай
айтқан барлық адамзатты сүю, жақсы көру сезімін
ақылына, содан барып шыңдаса бүкіл әлем сыятын
жүрегіне сыйғыза алмай отыр. Демек, бүгінгі адамзат баласы
бірінші кезекте материалдық байлыққа емес, рухани
байлыққа, ізгі адамдарға зәру.
1990
жылдардың аяғында кеңестік Ресей империясы
ыдырағаннан кейін Орта Азияда тәуелсіз түрік республикалары құрылды, сонымен бірге саяси,
әлеуметтік, мәдени және діни салаларда жаңа
құрылымдану басталды. Бір ғасырға жуық атеист
және дінсіз қоғам
ретінде өмір сүруге мәжбүр болған тәуелсіз
түрік халықтары әрине жаны мен тәніндей қажетті
ұлттық және рухани құндылықтарын іздеп
табатые еді. Өйткені, олардың рухани өмірі бос бір
кеңістік сияқты болып қалған еді.
Бұл жағдай, бір жағынан тәуелсіз түрік
республикаларында халықтың
жүздеген жылдардан бері ата-бабаларының сеніп келген және
өздеріне мирас етіп қалдырған ислам дініне бет
бұруларына түрткі болса, бір жағынан исламға деген
көңіл бөлушілікке кедергі жасау үшін кейбір
орталардың исламиятқа қарсы әрекет етуіне немесе оны
террористік немесе анархистік дін ретінде көрсетуіне жол ашты. Сонымен
қатар, вахабилік, миссионерлік, радикализм, экстремизм, исмаилилік,
беханзи, адианилік және сол сияқты арандатушы-зиянды діни
және философиялық ағымдарды Орта Азия халықтарына
бағыттауға себеп болды.
Бұлар осы аймақ халықтарын, олардың басынан
кешіріп отырған қиын жағдайларын пайдалана отырып, өз
қатарларына тартуға тырысты. Әсіресе жұмыссыз
жүрген, кедей, ұлттық және рухани
құндылықтарынан хабары жоқ жастарды өздері
үшін мақсатты көпшілік ретінде таңдады (4).
Елбасының 2006 жылғы 10
қазандадағы “Қазақстан республикасының
азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы”
Жарлығында: “Соңғы онжылдықта шетелдік насихатқа,
сондай-ақ жекелеген азаматтар мүдделілігіне бола елде таратылып
отырған діни жоралғылармен байланысты түрлі экстремистік
пікірлер байқалуда. Жастардың кришнаиттер, Иеһова куәгерлері
секілді Қазақстан үшін дәстүрлі емес
бірлестіктерге, сондай-ақ экстремистік ұйымдарға, мысалы,
“Хизб-ут-Тахрир” діни саяси бірлестігіне және басқаларға
деген қызығушылығы осы бірлестіктер мен ұйымдарды
белсенді жақтаушылардың жас адамдардың санасына
психологиялық ықпал етуімен байланысты. Сондықтан діни
саладағы пайда болатын өзекті өзекті проблемаларды
реттеудің нақты тетігін әзірлеу қажет”, делінген. (5)
Демек, алаңдаушылық
терең орын алып отыр. Олар жастар санасын улауда. Оның ішіндегі ең
белсенді қимылға көшкен “Иегова куәгерлері” мен
евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстанда 1000-нан астам
шіркеу тұрғызып, халықтың санасы мен ділін
өзгертіп, жаппай шоқындыруды аяқтап шығу міндетін
алға қойғанын өз бағдарламаларында ашық та
айқын мәлім етті. Олардың ұстанымы бойынша, Отан, мемлекет
деген ұғым жоқ. Аспан да, жер де барша адамға
ортақ. Демек, олар үшін отансүйгіштік сезімі, оны
қорғау, ол үшін еңбектенудің түкке де
қажеті жоқ көрінеді. Қазірге солар санасын улаған
бірқатар жас жігіттеріміз армияға барудан үзілді-кесілді
бас тартуда. Олардың ұстанымынша, қиналып жатқан
сырқатқа қан беруге де, құюға да болмайды
екен. “Қансырап өлсе өле берсін” дейді. Мемлекеттігімізді
мойындамаған соң оның мемлекеттік рәміздерін де мойындағысы
келмейді, құрметтемейді. Ұлт дегенді де қажет етпейді.
Мақсаты – халықты жаппай мәңгүрттендіріп,
өздерінің құлақкесті құлына
айналдыру. Егер солардың мұндай үгітін мұнан әрі
де жүргізуіне мүмкіндік беріле берсе, күні ертең
ұрпағымыз кім болмақ? Бүгінгі қол жеткен
тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігіміздің келешегі бұлдыр сағымға
айналмай ма? Қаншама ғасыр бойы ата-бабалар армандаған
азаттыққа қол жеткізген бүгінгі ұрпағы оны
өз қолында ұстап тұра алмаса, мұнан өткен
өкініш болар ма?!
Егер тез арада есімізді
жиып, бар-жоғымызды түгендемесек, халқымыздың рухани
санасына жасалып жатқан мұндай «шабуылдардың» соңы орны
толмас өкінішке әкеп соқпасына кім кепіл? «Бір жылыңды
ойласаң, күріш ек, он жылыңды ойласаң, ағаш ек,
жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» дейді халық
даналығы. Біз, балаларымызды ата-бабасының мұра етіп
қалдырған үлкен
және қойны толған қазыналы жерін, дүние
жүзінде баламасы жоқ сақтар дәуірінен келе жатқан
мәдени және рухани құндылықтарымызды бар жанымен
сүйетін, қорғайтын, аяғынан шалып, етегінен тартатын
іші тар, қызғаншақ мінезден аулақ, керісінше бір-бірін
батырым деп сылайтын, бауырым, жерлесім деп қамқор болатын
ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Ол үшін үлкендердің бойындағы Отанына,
халқына, тарихи және мәдени мұрасына, әсіресе
артынан із болып қалатын ұрпағына деген сүйіспеншілігі жоғары болатын болса, онда
олардың жеке басы жастарға үлгі бола алады деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарындағы
мәліметі бойынша, елде 40-тан астам конфессия мен діни нанымды
ұстанатын 4001 түрлі діни бірлестік қызмет етеді. Олардың
ішінде заңды тұлға және филиалдар мәртебесін
иеленетіндері 3337 болса, ал жалпы Қазақстан аумағында 3100
діни-ғұрыптық объекті тіркелген.
Қазiргi кезде қаптап кеткен дiни ұйымдарға
бiздiң жастарымыздың кiруi
- өкiнiштi жағдай. Бұл бiздiң жастарымыздың
кiруiне белгiлi бiр себеп бар деген сөз. Менiңше, олардың
кiруiне бірнеше себеп бар:
1. Ислам дiнiнiң шариғат жолдарын түсiнбеуi және
бiлмеуiнен;
2.Экономикалық қиыншылық, яғни олардың берген
азын-аулақ ақшалай, заттай жәрдемдерiне қызығу;
3. Ұлттық тәлім-тәрбие мен дәстүрлерден
алыстаулары;
4. Ұлттық тілді, мәдениетті білмеу және
қадырлемеу.
Мiне,осы
сияқты себептердiң әсерiнен жастар өзге дiни
ұйымдарға кiрiп жатыр. Сондықтан осындай келеңсiз
жайларды тыюды ойластыру керек. Бұл жолдан құтылудың
жолын iздестiрер болсақ, бiрiншiден, дiни ұйымдардың санын
шектейтiн заң қабылданса, екіншіден, жастардың бойында патриоттық
құндылықтарын қалыптастыруға негізделген
көркемфильмдер, электронды оқу-әдістемелік
құралдарды және тәуелсіз Қазақстанның
дамуына үлес қосып отырған еңбек ерлері,
қоғам қайраткерлері
туралы әдеби
шығармаларды шығаруды қолға алу, үшіншіден,
өзiмiздiң дiндi, яғни ислам дiнiн дұрыс насихаттап,
оның ерекшелiктерiн түсiндiретiн адамдар саны көбейсе,
төртіншіден, балаларды отбасынан бастап, мектепте, жоғары оқу
орындарында имандылыққа тәрбиелейтін арнайы «Дінтану»,
«Ұлттық және рухани құндылықтарымыз» деген пәндердің
оқу бағдарламасына енгiзiлуі қажет, сонымен қатар теледидардан
көрсетіліп жатқан неше түрлі жастарымыздың рухани
дүниетанымына жат дүниелерді уағыздайтын бағдарламаларға мемлекет
тарапынан шек қою керек деп
ойлаймын .
Жастар арасында болып жатқан нашақорлық,
жезөкшелік, қылмыс істер, түрлі аурулар – барлығы да
қоғамдық, экономикалық жағдайдың
жайсыздығы мен руханилық тамырымыздан ажырауға байланысты деп
ойлаймын.
«Жастар – қоғамның тұтқасы» дейміз.
Сондықтан дін жастарға әсер етпей қоймайды. Жалпы, дін
қоғам психологиясына күшті әсер етеді. Жастарға
олардың психологиясына әсер ету арқылы ғана
имандылыққа, әдептiлiкке тәрбиелеуге болады. Жастырымыз иманды болса, ел де иманды болады. Ал иманды ел – инабатты ел. Сонда иманды елде қылмыс кемiп, ар
мен ұят үстемдiк құрады. Ал адамзаттың
түпкi мақсаты – соған бiртiндеп жол салып, жету болып
табылады. Егер, жастардың жадында пайғамбарымыздың
хадистерінен ғылымға, бiлiмге үндейтiн сөздері
сақталса, нұр үстіне
нұр болар еді. Мысалы:
«Адамның адамгершілігі білім деңгейімен өлшенедi», «Ғалымның
өлiмi – ғаламның қирауы», «Надан тiрiсiнде де
өлiммен тең, ал ғалым өлгеннен кейiн де өмiр
сүредi», «Өз еңбегiмен тапқан тағамнан
дәмдi асты тiршiлiкте ешкiм iшiп көрген емес », «Құдайға
құлшылық қылудың ең үлкенi – бiлiм
қуу», «Кiсiнiң имандылығы кiсi сыйлауынан көрiнедi», «Адамның
ақыл-парасаты мәдениетi мен мiнез – құлқынан байқалмақ» - деген хадистерiнен
ғылымға, бiлiмге, имандылыққа, еңбекке
тәрбиелейтiн идеяларды қабылдай алатын еді.
Сонымен қатар, шет ел
тәжірибесі көрсеткендей, мықты экономикалық және
әскери күш те, ең жоғары жалақымен және
ең жаңа әскери техникамен қамтамасыз етілетін арнайы
қызмет те өз шаңырағының,
жақын-туыстарының амандық-саулығын сақтап
қалуға мүдделі адал адамдардың, өз Отанының
патриоттарының нақты көмегінсіз лаңкестікке қарсы
тұра алмайды. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін
қорғау – әр азаматтың конституциялық борышы.
Рухани ұйымдар, шығармашылық және ғылыми
интеллигенцияның, бұқаралық ақпарат құралдарының
ұстанымдары да аса маңызды. Олардың экстремизм мен
лаңкестіктің белгілеріне ғана емес, олардың туындау
алғышарттарына қарсы әрекет етудегі азаматтық
ұстанымдары демократиялық Қазақстанның
бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында одан әрі
гүлденіп дамуының қажетті шартты болып табылады.
Ел Президентінің
“Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң
жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен
немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын
жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты
өкiлдерi етіп тәрбиелейді. Олар
бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып,
қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында
жұмыс iстеуге даяр болады...”, - десе, жастарға патриоттық
тәрбие берудің маңыздылығын «мемлекеттік «Мәдени
мұра бағдарламасы» негізінде бүгінгі
ұрпақтардың бойына ұлттық патриоттық
сезімдерді қалыптастыру керек...»деп, баяндалған аманатында
ұлт болашағы мен ұрпақ тағдырына деген зор
жауапкершiлiктің биігін көреміз. (6)
Озық жетiстiктерге негiзделген
бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие
құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар
ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын
барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа
мирас болып келе жатқан ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру жастар бойындағы
сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен
елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап
қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық
мүмкiндiктердің бар
екендiгі және мемлекет тарапынан осы бағытта үлкен
жұмыстар жүргізіліп жатқаны
қуантады.
Қолданған әдебиет:
1. Қазақстан
Республикасының «Білім» бағдарламасы
2. А. Аманбаева, М. Спанов. Діннің жастар психологиясына
әсері. Қазақ
әдебиеті . - 25.10.2002
3. Н. Нұртазина. Ислам
және ұлт тәуелсіздігі. Егемен Қазақстан.- 24
тамыз, 2001.
4. Сабри Хизметли. Орта Азия Түрік
республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік. Алматы,
2006, 60-б.
5. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы” Жарлығы. 2006 жыл 10 қазан.
6. Н.Ә. Назарбаев.
«Қазақстан - 2030» бағдарламасы.
Резюме:
В статье
подчеркивается основополагающая роль религии в духовно-нравственном воспитании
подростающего поколения.
This artikle emphasizes the major role of religion in a spirituqe – moral-based
education of the уounger generation.