Мусаева А.Я.,  Омарова  А.Д., Саткей    Т.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ІНДЕТПЕН КҮРЕС-БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ

 

Бүгінгі қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілгенімен бұл дертке бой алдырғандардың қатары азаяр емес. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлықпен әлеуметтік экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономиканы құруды инвестиция тартуды тежейтін дерт. Сыбайлас жемқорлық деген түсініктің өзі қайдан шыққан? Бұл сөздің этимологиялық мағынасына талдау жасасақ, параға сатып алу деген ұғым береді екен. Естір құлаққа ерсі «сыбайлас жемқорлық» деген ұғым бұрын санамызға жат болғанымен, бүгінгі таңда күн тәртібінде жиі көтерілетін мәселелердің біріне айналған. Қоғам дертіне жол берілер болса, адами қасиет те жоғалады емес пе? Сол себепті де қоғамның барлық саласын жемқорлық індеті жайлап бара жатқан соң, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бас болып, онымен күресті қолға алып отыр. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. 1998 жылғы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықтың шегі жоқ, ол бір  елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Бұл оңай іс емес, мысалы, өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында экономиканы епсіз басқарумен ұштасқан сыбайлас жемқорлық Венесуэла сияқты мұнайға бай елді төлем қабілетсіздігіне әкелді. Демократиялық және демократиялық емес институттары бар бай елдер де, кедей елдер де сыбайлас жемқорлыққа бейім болады. Сыбайлас жемқорлықтың Жапония үкіметінде болған өзгерістерде, Италияның саяси жүйесін қайта ұйымдастыруда, Заирдағы үкіметтік биліктің, заңның және тәртіптің коллапсында түйінді рөл атқарғаны белгілі. Егер мәліметтерге жүгінсек онда, 2005 - 2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 10929 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды. Бұл ретте, осы көрсеткіштің жыл сайынғы өсу үдерісі байқалады, егер 2005 жылы осындай қылмыстар саны 1505 болса, 2010 жылдың нәтижелері бойынша - 1911, яғни 27 %-ға өскен. Израиль сыбайлас жемқорлықтан жеткілікті түрде ерікті мемлекеттердің бірі болып саналады. Ондағы жемқорлыққа қарсы күрес, Нидерланды елінде қолданылатын шараларға қоса, «мониторинг жүргізудің белгілі қайталануы» жүйесі арқылы жүргізіледі. Израильде шенеуніктер үшін едәуір әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған және сыбайлас жемқорлық анықталған жағдайда олар қатаң жазаланатындықтан, төмен деңгейлі жемқорлық жоқ дерлік.Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның, қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі қауіпті білдіреді, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының жағымсыз имиджін жасай отырып, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі жасайды. Сонымен, Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты түрде мұқият зерделеуді, жүйелік ұстанымды, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылады. Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық келісімдер мен халықаралық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында 2008 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, Румыния, Польша, Эстония, Хорватия, Грузия, Словакия, Латвия, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Франция үкіметтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 12 келісімге қол қойды. 2001 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналған 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Мұның қисынды жалғасы ретінде 2006-2010 жылдарға арналған осындай бағдарлама қабылданды. Бағдарламаны іске асыру жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді мемлекеттік саясат жүргізуді, жемқорлықтың деңгейін төмендетуді, қоғамның мемлекет пен оның институттарына деген сенімін нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Елбасы 2006 жылы Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мемлекеттік органдардың құрылымдарын жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, орнықтылығын, басқарылуын арттыру, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты азайтуды, мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыруды көздейтінін атап көрсетті. Мемлекеттік саясаттың қисынды жалғасы ретінде «Нұр отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада 36 индикатор қамтылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру,мемлекетті, қоғам мен бизнесті жоғарыда талып кеткен әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру болып табылады. Мемлект, қоғам мен бизнестің сенім өзара жауапкершілік , әріптестік , айқындық, ашықтық пен есептілік қағидаттарына негізделген жаңа үлгідегі қарым қатынасын қалыптастыру - бағдарламаның міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізудің өзекті шарты. Партияның 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбаылас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру еліміздің Президенті-партияның Лидері  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қойылған  мақсаттар мен міндеттерді іс жүзінде асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықты жою - біздің халқымыз бен мемлекетіміздің іргелі құндылығы - Тәуелсіздігімізді нығайтудың  іргелі, өзекті шарты болып табылады. Иә кезінде данышпан Абай атамыздың «Еңбек еткенді сыйла, менменсіме, надан болма адам бол»,-деген өсиет сөзінде терең мағына  бар екенін ұғынып, түсінуіміз керек. Ежелгі Рим империясының құлдырауына себеп болған варварлар емес, жемқорлық, парақорлық, элитаның азғындауына әкеп соққанына тарих куә. Сондықтан да жоғарыда аталған мемлекеттің тарапынан жасалып жатқан барлық бағдарламаға белсене ат салысып, қоғам болып жұмыла күрес жүргізу біздің әр біріміздің мақсат мүддемізге айналу керек.  Осы қағидаларды сақтап өмір сүру- ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, ең негізгісі Тәуелсіздігіміздің мықты негізі болады деп санаймыз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.   «Нұр отан»партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы// Егемен Қазақстан. – 14 қараша, 2014ж. Б. 4-5.

2.   1998 жылғы 2 шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

3.   Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы

4.   Н.А. Назарбаев, Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 11қазан, 1997ж. Б. 2-8.

5.   Левин М. Коррупция есть везде //Комерсантъ Властъ. 2000