Магистрант Махашова Ә.М., т.ғ.к., доцент Уалиев Б.М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университеті, Тараз қаласы
ҰЛТТЫҚ КИІМНІҢ
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТЫН ТАЛДАУ
Жақсы
киім – жетілген қоғам белгісі.
Бұл – қоғамның, білім және мәдениет,
этикет дәрежесіне қатысты екені түсінікті.
Қоршаған орта мен ауа райы жағдайлары, кәсіби
шаруашылық негіздері мен жалпы экономикалық ахуал,
халықтың әдет - ғұрпымен табиғи
талғамы қазақтың ұлттық киім
үлгілерінің дамуына ықпал еткен.
Қаншама ұлт болса, соншама
ұлттық киім үлгілері қалыптасқан. Өйткені,
әрбір ұлт өзінің тұрып жатқан жер
жағдайына, ауа – райына, тарихи жолдарына, қолындағы малы мен
кәсібіне және басқа да әлеуметтік жағдайларына
өздерінің киім үлгілерін қалыптастырған.
Бұл киім үлгілері бір күнде, бір шебердің қолынан
шықпағаны да оны қазіргі сән үлгілерінен
ерекшелендіреді [1].
Қазақ
киімдерінің түрлі үлгісі көп. Кейбірінің сырт
көріністері мен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың
киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің
киімдеріміздің пішіндері мен нақыштары өзгеше, таза
ұлттық нұсқалы.
Қазақ киімдерін күнделікті
тұрмыстық және салтанаттық, сәндік деп екіге
бөлуге болады. Біріншісі арзан, бірақ шаруа жұмысына берік
материалдардан қарапайым үлгіде тігілсе, соңғылары
бағалы көргенде көз тартатын әдемі материалдардан
сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп, әсем
тігіледі. Сал– серілердің киімдер үлгісі, өздерінің
талғам туындылары сән өрнекті, әшекейі көп болып
келген. Жалпы алғанда қазақи ұлттық киімдер етек
– жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп
тұруға, үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болады.
Ұлттық
киімнің ерекшеліктері құрылуымен, функционалдық
және эстетикалық өзгешелігімен,оюдың
байлығымен,түстік шешіммен белгіленеді, яғни, халық
өнерінің мотивтерін қолдану костюмнің жалғыз
эстетикалық міндеті емес, сонымен бірге пайдаға асыру міндеттерін
атқару деген түсінік өте кең таралған. Тері және
үлбірден тон, бас киім, қысқа арналған шалбар
және сыртқы сәндік киімдерді тігетін [2].
Қазіргі
өркениетті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай
түсетін егделерімізге де, жастарымызға да күнде – күн,
той – думандарда киіп жүруге әбден жарасымды ұлттық
киімдер етек алуда.
Жылдар
көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түскен,
үнемі байытылы отырған. Қазақтың
ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен,
сұлулығымен, сәнімен осындай сан ғасырлық
тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. «Гүл
жердің көркі, қыз елдің көркі» деп әдемілік
деген ұғыммен егіз жаратылғаны анық.
Қазақ ұлтының
киімдері мен ою-өрнектерін сақтау және қайта
жаңғырту әр бір қазақ пендесіне үлкен
міндет деп қарау керек.Қазақ халқының ескі заман
дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан
ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып,
ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл
әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген
«далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала
кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол
байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол
дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай
жаңғыртып, байытушы.
Қазір «қазақ сәні» - деген
термин қалыптасып, өзімен санасуды сұрайды. Біздің
ендігі міндетіміз осы әлем алдына
шыққан қазақы үлгілерімізді тереңдете,
беріктендіре түсіп, оған әлемнің құрметін
қалыптастыру. Мұның өзі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің абыройы мен беделі,
жақсы атағы үшін керек [3].
Аты әлемге мәшһүр
француздың Жан Контонның «сәнге немқұрайлы емес,
сергек қараңыздар, өйткені, ол жап – жас қалпында
өмірден өтеді» - деген қанатты сөзі қазір жер
шарына бой алдырған. Байқап отырсақ, «сән»
қоғам өнерінің барлық жақтарына –
саясатқа, экономикаға, социологияға және
басқаларына дендей еніп келеді. Сол себепті де қоғамдық
өмірдің барлық жақсылықтары сән
үлгілерінен өзіндік көріністерін тауып отырады.
Қазақтың
ұлттық киімі – Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі
қазақтардың басқа халықтарға
ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен
көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан.
Ұлттық
киімнің барша сымбатында, ою-өрнегінде, әрбір
әшекейінде халқымыздың тарихының,
ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ол –
біздің ұлттық мәдениетіміз.
Киімді дайындап
жасап шығару – жұмыстың жауапты және өте
күрделі этаптарының бірі, өйткені, бұлардың
ішінде барлық құрылымдық және әшекейлік
үлгілердің элементтері зор дәлдікпен анықталады. Киімнің
көркемдік жобалауының жіктелуін дамыту, ұлттың
дәстүрлі мотивтері арқылы функционалдық және
эстетикалық сапаны ыңғайту, оларды қазіргі
уақытқа сай орындау, әрқашанда сонылық болып
саналады, өйткені, әр халықтың ұлттық
дәстүрлері киім үлгілерін әрқашанда өзгеше
етіп көрсетеді. Олар киімнің келбетін толықтыра отырып,
оларды айқынды және әшекейлі, одан да ары өндірістік
ассортиментті көркейтіп кеңейте түседі [2].
Қазіргі кезде
ұлттық киімдердің үлгісін негізге алып тігіліп
жатқан жастар сәні кең таралып отыр. Қазақ
жастарының көпшілігі бұрынғы сәнді қайта
жаңғыртып, жаңа үлгіде тігілген киімдерде де
көрініс туып жатыр. Мысалы, қалталарда, белдікте, аяқ-киімде,
шалбарда, тіптен сумкаларда шашақ жиі пайдалана бастады. Сондай-ақ
кешкі сән-салтанатқа арналған ұлттық стилдегі
киімдерді желбезектермен, кестелермен, бастырмалармен, ою-өрнектермен
әшекелеуде.
Ендігі міндет — ұлттық
дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына
сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Ұлттық нақыштар,
сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Оны
ойластырған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. Өз
ұлтымыздың өзіндік қол-өнерімен,
әдеп-ғұрпының жас ұрпаққа берер
тәрбиесі шексіз.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.
С.Асанова Сымбат «Қазақстан
ұлттық киімдері» Атамұра Алматы 1995
2.
Уалиев Б.М. «Новината за напреднали
наука - 2014», материали за международна научна практична конференция,том 22, София «Бял ГРАД-БГ»
ООД, 2014.
3.
Қазақ халқының дәстүрлі өнері.
Өмірбекова М. Ш. – 2004 «Алматы кітап»