Магистрант Ниетбаев Н.А.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университеті, Казахстан
Қолжетімділікті
бақылау жүйесі
Кез-келген
үлкен дымыған кәсіп орындарда туындайтын мәселелердің бірі ол,
қызметкерлердің жұмыс уакытын қадағалауды авоматтандыру. Бұл жұмысты
атқаратын кадрлар бөлімі.
Менің диссертациям осы мәселені терең қарастырады, яғни
кадрлар жұмысын автоматтандыру болып табылады. Кадрлар бөлімінен
қажетті деректер ол сол кәсіп орындағы жұмыскерлер
жайлы ақпараттар. Олар: қызметкерлердің толық
аты-жөні туған жылы, жұмыс бөлімі, жеке төл құжатының
нөмірі, бұйрық бойынша
жұмысқа тіркелген күні және т.б.
ақпараттар. Осы ақпараттарды біле отырып
қызметкерлердің жұмыс уақытын автоматтандыруға
болады.
Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел
терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты
пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға
мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде
жүзеге асыруға арналған құралдар мен
қамтамасыз етіледі. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол
қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық
құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік
сақтағыштар, басып шығару құрылғылары,
оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты
санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа
АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан
құралдар және т.б. программалық жабдықтар
қажет. Сонымен қатар автоматтындыру
іске асыру үшін қолжетімділікті бақылау
жүйесі жайлы білуіміз керек(СКУД).
Бақылау жүйесі мен қолжетімділікті
басқарудың (СКД, СКУД) компания персоналын және компания
келушілерін бақылауды автоматтандырады. Сондай жүйені
енгізу, қорғалатын ғимарат ішінде болатын әртүрлі
жағдайларды реттеуге, бөгде тұлғалардың енуін,
сонымен қатар объекті аумақтарында мінез-құлық
ережелерінің бұзуларын қадағалайды.
Қолжетімділікті бақылауды жүйесінің маңызды
компоненттері болып басқару панелі, есептеуіштер мен электрондық
рұқсатнамалар-карточкалар, жетондар немесе биркалар болып саналады.
Сонымен қатар әрбіреуі
бірегей теңестірілген кодта болады. Қарапайым жағдайда СКД
белгілі есіктер арқылы жолды тиым салады не болмаса рұқсат
етеді. Егер карта коды алдын-ала белгіленген талаптарға сай болса,
автоматика электр-магниттік құлыпты бұзады және есікті
ашады.
СКД арқасында ЦОД ішіндегі
қызметкерлердің қозғалысын бақылау
ыңғайлы. Ол қызметкерлердің
қозғалыс маршрутын, жұмыс уақытында
жұмыс
орнында болуын, белгіленген тапсырмалардың орындалуын
қадағалауға болады. Бұл жүйенің қалай
жұмыс істейтінін келесі суреттен
көруімізге болады
(1-сурет).
1-сурет.Қолжетімділікті
бақылау жүйесі
Біріншіден жүйені іске асыру
үшін жұмыскерлердің барлығында жеке элетронды магниттік карта болуы тиіс.
Картада сол қызметкер жайлы жоғарыда айтып өткендей
қажетті ақпараттар болады.Мысалы: Аты-жөні, жұмыс
бөлімі және т.б Электронды
магниттік карта арқылы жұмыскерлер оқығыш
құралдары арқылы өтуі тиіс, бұл жерде
оқығыш құралдары дегеніміз турникеттер.
Оқығыш құралдары өткендегі уақыты және
қызметкер жайлы ақпарат орталық контроллер тіркеліп
сервердегі деректер қорына жазылады. Сол деректер қорында
жазылған ақпараттарды кейін өңдеп
Жұмыскерлердің жұмықа келу уақытын
бақылауға болады. Ол
үшін арнайы программаларды қолдануға болады.
Мысалы:PERCo-S-20 бұл программаның
ерекшелігі қолдануға ыңғайлы кіші кәсіп
орындарға қолдану қиындық тудырмайды, ал кемшілігі
көп ақпаратпен жұмыс істей алмайды.Яғни үлкен
кәсіп орындарға ыңғайсыз және басқа
жүйелермен байланыстыруға болмайды. Мысалы жұмыскерлер жайлы
ақпаратты қолданушы өзі енгізуге тиіс.
Осы мәселені шешу үшін арнайы
программа жазуға тура келді. Ол
программаның басты айырмашылығы, қызметкерлер туралы
ақпаратты 1С программасынан экспорт жасап бізге қажетті деректер
қорына импорт жасауға болатындығында. Алынған
ақпаратты жұмыскердің жеке электронды магниттік карта
нөмерімен салыстырып экранға алып шығуға болады.
Колданылған әдебиеттер:
1. Единая система PERCo-S-20 Маклина.Д.С
2. Система СКУД Калакуцкой Е.А.