Технические науки/13. Охрана труда
Магистрант.
Қосаяқов Ө.К
Евразийский национальный
университет, Казахстан
Тұтынылатын судың сапасы
Су! Бұл өмірдегі ең маңызды әрі қажетті
зат. Біз ол туралы не білеміз, біз оның біздің өмірімізге не
алып келетіні туралы ойландық па? Қандай су ішу керек? Адам
ағзасында ең маңызды сұйықтық болып
табылатын ол адам ағзасында миниралды заттарды, дәрумендерді, амин
қышқылдарын қорытады.
Ағзадағы метаболиялық үрдітердің өтуі
үшін судың мәнін және адам ағзасының
көп бөлігі судан тұратынын ескере отырсақ,
биологиялық бірлігін сипаттайтын судың
ерекшелігі мен қасиетіне қызығушылық пайда болады.
Судың физикалық-химиялық
және биологиялық қасиеті:
·
Судың тазалығы: эко
және био көрсеткіштер
·
Беткейлік қысым –
судың мембрананың ішінен өту мүмкіндігі қабілеті
·
Қышқылды-сілтілік
тепе-теңдігі – рН белгісі
·
Тотықтырғыш-тотығу әлеуеті –
судың заряды
·
Су құрылымы: Су молекулалары
орналасуының құрылымдық – кристалдық үлгісі
·
Судың ақпараттық зердесі
·
Минерализация – микроэлементтердің саны мен
әр түрлілігі
·
Судың қаттылығы – оны
анықтайтын тұздар концетрациясының бар болуы
Бізге қандай су керек?
Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және
құрамында хлор мен оның табиғи қоспалары, ауыр
металды тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар
және басқалары болмауы қажет.

Су биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез
сіңетін болу қажет, яғни су молекулаларының
арасындағы беткейлік қысым (БҚ) деңгейі аса үлкен
болмау керек. БҚ су молекулалары арасындағы тіркесу күшін,
сонымен қатар сұйықтық бетінің пішінін
анықтайды. Мысалы, ҮК күшінен тамшы, шабындық,
жіңішке ағыс және т.б. пайда болады.
Сұйықтықтың буға айналуы молекулалардың
тіркесу күшіне байланысты болады. Су құбырының суында
ҮК-73 мН/м, қанда-53 мН/м бар,ал ішкі және жасушаның
сыртындағы суда шамамен 43 мН/м болады. Төмен беткейлік
қысымды су биологиялық тұрғыдан қол жетімді.
Ағзадағы сұйықтықтың электролиттік
құрамын қуаттау үшін су нашар минералданған болуы
керек. Судың қаттылығы орта болуы керек. Жасуша үшін
тым жұмсақ және тым қатты су бірдей қолайлы. Су
аз сілтілі болуы қажет. Негізгі тіршілік аз сілтілі ортадан
тұратындықтан, бұл ағзадағы
сұйықтықтың қышқылдық-сілтілік
тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы
орталардың сілтілігін төмендету кезінде биохимиялық
үрдіс өзгереді, ағза қышқылданады. Бұл
аурулардың пайда болуына әкеледі. Рұқсат етілетін
значение қан рН 7,38-7,42 және осы диапазоннан 10
%-ға да ауытқып кете алмайды. Жансақтау бөлімінің
дәрігері аурудың өмір үшін күресі
қышқылдық-сілтілік тепетеңдігін қалпына келтіруден
басталатынын растайды.


Өмір шекарасы нашар сілтілік ортада!
1931ж. физиология және медицина бойынша тыныс алу ферменттері
әрекетінің механизмі мен табиғатын ашқаны үшін
Нобель сыйлығына ие болған, неміс биохимик-физиологы, Отто
Варбург(Warburg, Otto) тарамдарда ауаның жетіспеуі
(қышқылды орта рН 7.0 аз) қалыпты жасушалардың
қауіпті жасушаға айналуына әкеледі. Нәрсіз
жұқпадан онкологияға дейінгі барлық патология
қышқыл ортаға әуес болады. Қышқыл ортада
қалыпты жасушаларды зақымдайтын және жоятын еркін радикалдар
белсенді түрде пайда болады.


Сілтілі ортада олардың бәрі қалыпқа келеді, ал
онкологиялық жасушалар – дамымайды. Қышқылдық –
сілтілік балансты үйлесімді қолдану - бұл өз
өміріңді ұзарту мен оны жоғары сапалы деңгейде
сақтау деген сөз! Кез келген сұйық ортада ағып
кететін тотығу- тотықсыздану реакциясының параметрлерін
реттеудің ең маңызды факторларының бірі
тотығу-тотықсыздану әлеуеті (ТТӘ) болып табылады.
Судың қышқылдану (+) бола алады, яғни қартаю
үрдісіне мүмкіндік туғызады немесе тотықсыздану (-),
яғни бұл үрдіске кедергі жасайды. Адам ағзасы (-100
-200 милливольт, мВ) мен ауыз судың (+150 -+400мВ, норма бойынша +60 мВ
жоғары емес) ішкі ортадағы ТТӘ ерекшелігі
ағзадағы ауыз судың ТТӘ өзгертіп, аса зор энергия
жұмсау керектігін білдіреді. Ағза тозады, қартаяды,
өмірлік маңызды органдардың қызметі ауырлайды.
Бұл үрдіс ағзаның ішкі ортасына жақындаған
(аз сілтілі, ТТӘ 100-300 мВ дейін) ТТӘ бар су енген кезде
бәсеңдеуі мүмкін. Бұл ағзаның ішкі
энергиясын сақтауға көмектеседі. Су
құрылымдалған болу керек. Ағзадағы барлық
су құрылымдалған, соымен қатар бүлінбеген
жемістер мен көкөністердегі суда құрылымдалған.
Кез келген тірі ағза, өсімдік өзінің тіршілік
әрекетінде сырттан келген суды құрылымдауға тырысады.
Осы кезде көп энергия жұмсалады.
Су молекулалары орналасуының құрылымдық –
кристалдық үлгісі
Су туралы жағымсыз ақпараттар аз болуы керек. Жасушаға
берілген жағымсыз ақпарат оның
биоэнергоақпараттық сипаттамасын бұзады (судың емдік
қасиеті мен оны ұзақ сақтау сыры «киелі негіздерден»,
«Зам-Зам-Су»).
Қазіргі кезде судың физикалық-химиялық
құрамын өзгерту үшін және оны: таза,
«сұйық», биологиялық тұрғыдан қол жетімді,
тез сіңетін, қауіпсіз, химиялық белсенді, тірі жасушаның
талаптарына сәйкес етуге арналған табиғатта жалғыз
ғана зат бар, ол Окинав аралы ауданындағы теңіз түбінен
алынатын «О2 рН Сoral Сalcium» (Жапония тұрғындарының
ұзақ өмір сүру құпиясы) минералды
құрылысы. Бұл күміс және оттегімен
байытылған, жоғары-кальцийленген ұнтақ. 1.5 литр
суға 1 г қалта кальций, магний және 70-тен астам
микроэлементтердің бір күндік мөлшерін таза ионды түрде
сақтайды, бұл біздің ағзамен оның жоғары
биологиялық сіңімділігін көрсетеді. О2 біздің суды
қазіргі адам өмірі талабымен пайда болған, стресс салдарынан
қорғайтын қуатты сілтілі сусынға айналдырады.
40 жастағы 50% адамға ағзада кальций жетіспейді
және 90 % адам осы мәселені 60 жаста кездестіреді екен.
Кальцийдің жетіспеуі әр түрлі 150 ауруға негіз
болады: остеопороз, шорбуын, қан
қысымының артуы, тырысу, тетания, асқынған
жүктілік, ұйқысыздық, обыр және т.б. 2003 жылы
бұл минералды құрылыс Ресей Федерациясының Денсаулық
сақтау Министрлігімен «2003-2010 ж.ж. денісаулардың
денсаулығын нығайту мен күшейту» мемлекеттік
бағдарламасында мақұлданды. 2006 жылы академиялық
атағы берілді: Ресейде И.И. Мечников атындағы «Ұлт
денсаулығын нығайтуға қосқан кәсіби
үлесі үшін» медалі мен «Пауль Эрлих» (Ганновер, Германия,
академиялық марапаттар бойынша халықаралық комиссия) медалін
алған.
Теңіздер мен мұхиттардың экологиялық
мәселелері бойынша Денсаулық сақтаудың
Дүниежүзілік Ұйымы консультантына, академиктер Коротков, В.А.
Ткачев, В.П. Казначеев және бірнеше ғалымдар қатарына,
судың энергетикалық құрамын терең зерттегені
бойынша тез қату кезінде судың кристалдық
құрылымын зерттеп, суретке түсіріп алған, Брюс
Хэлстедке, Цюрихке (Швейцария) шебер энергия Әлемдік институтын
ашқан Эмот Массардың арқасында біз судың тек
адамға ғана емес, оның эмоционалдық жағдайына ерекше
қатты әсер ететінін білдік. Осыған байланысты
қорытындылай келе, біз жеткілікті деңгейде және сапалы –
бұл таза құрылымдалған «жанды су» - газдалмаған,
минералсыз, қайнатылмаған ауыз суды ішудің барлық
мәдениетін үйренуді ұсынамыз, күніне аз дегенде 1,5-2
литр бір жұтымдап ішу (шәй, кофе, компот т.б.
қоспағанда). Таза, жанды су, табиғи тағам,
күнделікті физикалық белсенділік, ағзаны физикалық
және рухани тазарту-осының бәрі адамның негізгі
салауатты өмір салтын сақтайды!
Әдебиеттер
1.
Тоғабаев Е.Т., Утепбергенова Л.М. Ауыз суын дайындауда цеолитті
қолдану // Известия научно-технического общества «КАХАК». – Алматы, 2009.
- №2(24). – 94-97 бет.
2.
Жұмағұлов
«Сумен жабдықтау» Алматы:1995ж.
3.
Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны
қорғау». Алматы 2004ж.
4.
СНиП 2.04.02-84
«Водоснабжение, наружные сети» Москва 1985г.