Экономические науки/ 2. Финансы и банковское дело
Капанова Шолпан
Аманжоловна
«Қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы, экономика
ғылымдарының магистрі
Төлеген
Ақмоншақ Әмірбекқызы
«Қаржы»
мамандығының 2 курс студенті,
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
қаласы
Меншікті капитал,
оның кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі
Капитал
- бұл танылған міндеттемелерді танылған актвитердің
құнынан шегеру нәтижесінде пайда болған
қалдық. Бухгалтерлік есепте және баланста «Капитал»
бөлімі кіші сыныпшаларға бөлінуі мүмкін. Мысалы,
акцонерлік қоғамда капитал мынандай сыныпшалар бойынша
көрсетіледі: жарғылық капитал, төленбеген капитал,
сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық
кіріс, резервтік капитал, бөлінбеген пайда, қорытынды пайда. Мұндай
сыныптаулар, олар
кәсіпорынның капиталын бөлу немесе өзгеше
пайдалану қабілетінің құқықтық
көрсеткіштері немесе басқа да шектеулер болғанда, шешім
қабылдаған кезде қаржылық есептілікті пайдаланушылар
үшін маңызды болуы мүмкін. Олар сондай ақ өз меншігіне
пайыздар алу құқығы бар тараптардың дивидендтер
(таза кірістің бөлігі) алуға немесе мүліктің бір
бөлігінің құқын төлеуге қатысты
әр түрлі құқықтары болып отырғанын
көрсетуі мүмкін.
Барлық
авансталған (салынған) капитал өзінің қалыптасу
көздері бойынша екі құрамнан тұрады: меншікті
және қарыздық қаражаттар. Баланс пассивінің
құрылымын талдау барысында олардың қалыптасу
ерекшеліктері мен түрлері арқылы көрінеді (1 сурет).
Меншікті қаражаттарды қалыптастыру көздеріне меншік иесі
немесе қатысушылардың жарғылық капиталы,
бөлінбеген пайдасы және меншікті қаражаттардың
қорлары түрінде; қарыз қаражаттары банктермен
басқа да инвесторлардың займдары мен несиелері; уақытша
тартылған қаражаттарға-кредиторлардың ресурстары
жатады.

Сурет 1. Кәсіпорынның
баланс пассивінің құрылымы
Капиталды пайдалану ұзақтығына байланысты
ұзақ мерзімді (перманенттік) және қысқа мерзімді
деп бөлеміз. Қаражаттардың қалыптасу
құрылымын талдау барысында тиімді және тиімсіз жақтарын
көруге болады.
Жоғарыдағы 2-суреттен көріп отырғанымыздай меншікті
капиталдың құрамына кіретін негізгі элементтерді
көреміз.
Меншікті капиталға талдау жүргізу үдерісінде мына негізгі
тапсырмаларға көңіл бөлген жөн:
- меншікті қаражаттарды қалыптастыру көздерін
анықтау және кәсіпорындардың қаржылық
тұрақтылығының динамикасына әсерін бағалау;
- анықталған тенденцияларды сақтау жағдайында
кәсіпорындардың перспективасын бағалау.
Меншікті
қаражаттарды қалыптастыру көздеріне мыналар жатады:
1.
жарғылық капитал-қатысушылардың үлестік жарналары
мен акцияларын сатудан түскен қаражат,
2.
кәсіпорындардың жинақтары, резервтері;
3.
заңды және жеке тұлғалардың басқа да
жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық
шараларға аударымдар).
![]()

![]()


![]()
![]()
![]()
![]()

Сурет 2. Кәсіпорындардың
меншікті капиталының құрамы
Меншікті
капитал кәсіпорын капиталының меншікті қаржыландыру
көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі.
Кәсіпорынның қаржы әлеуетінің негізін меншікті
капитал құрайды.
Меншікті
капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және
қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде
пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның жыл
бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін
қажет. Актив пен пассив балансы ( баланс парағы бойынша бюджет)
бойынша алдағы кезеңнің
(тоқсанның, жылдың) соңында меншікті айналым
қаражатының жоспарлы мөлшері анықталады,
яғни акционерлік
қоғамның келешектегі төлем қабілеттілігі,
сондай-ақ осы қаражаттың өсімнің мөлшері
болжанады.
Меншікті
қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі
әрбір баптың өзіндік салмағын сипаттайды. Меншікті
капиталдың құрылымына ішкі де, сондай-ақ сыртқы
да факторлар ықпал етеді. Кәсіпорын басшылығы ішкі
факторларды (менеджменттің, маркетингтің жай-күйі, қаржының
тұрақтылығы) байқалады. Сыртқы факторларды
меншікті капиталдың мақсатты құрылымын
қалыптастырған кезде ескерген орынды. Сыртқы факторға
қаржы нарығының жай-күйі, мемлекеттің салық
және ақша-несие саясаты жатады.
Бухгалтерлік
есеп және есеп беру жөніндегі нормативтік
құжаттарға сәйкес құрылатын
құжатқа және қабылданған есептік
саясатқа сәйкес пайда болған арнайы қордың
қалдығы нәтиже бойынша жеке көрсетілмейді. Таза
пайданың пайдалануын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік
балансқа тіркелетін түсіндірмеде және табыстар мен
шығыстар туралы есепте, сондай-ақ меншікті капиталдағы
өзгеріс туралы есепте көрсетіледі.
Меншік
капиталды басқару тек қана оның жинақталған
бөлігін тиімді қолдаумен ғана емес, сонымен қатар
кәсіпорынның дамуына қамтамасыз етіп отырған меншік
қаржылық ресурстардың құрылуымен де байланысты.
Меншік қаражаттардың құрылуын басқару процесінде
олар құрылу көздері бойынша жіктеледі.
Кәсіпорында меншік қаржы ресурстарының
құрылуының негізгі көздері 2 суретте көрсетілген.
Меншік қаржы ресурстарының құрылуының ішкі
көздерінің арасында негізгі орын кәсіпорынның
қарамағында қалатын пайданың үлесіне тиеді – ол
оның меншік қаржы ресурстарының негізгі бөлігін
құрайды, меншік капиталдың өсімін қамтамасыз
етеді, яғни сәйкесінше кәсіпорынның
нарықтық құнын өсіреді. Ішкі
көздердің ішінде көп орынды амортизациялық
төлемдерде алады, әсіресе материалды емес активтер мен негізгі
қаражаттарды қолданудың жоғарғы құны
болып кәсіпорындарда; алайда кәсіпорынды меншік капиталының
сомасын өсірмейді тек ұана оның инвестициялау көзі
ғана болып табылады. Басқа ішкі көздер
кәсіпорынның меншік қаражаттарын құруда
үлкен орынды алмайды. Меншік қаржы ресурстарды
құрудың сыртқы көздерін құрамында
негізгі орын, кәсіпорын мен қосымша пайлық
(жарғылық қорға төлемдерді жасау арқылы)
немесе акционерлік (қосымша құнды шығару арқылы)
алады.
Меншікті капиталдың құрылымы бірқатар есепті
кезең бойынша зерттеледі және зерттеу нәтижесі бойынша
келешекке болжам жасалады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы -
Алматы: Экономика, 2008.- 376 бет
2. Э. Э. Михель, Р. А.
Əмірханов, Г. А. Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова Корпоративтік
қаржы: Оқулық (Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
бекіткен) - Алматы, 2012