Экономические
науки/ 2. Финансы и банковское дело
Капанова Шолпан Аманжоловна
«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика
ғылымдарының магистрі
Қалтай Ботакөз Азаматқызы
«Қаржы» мамандығының 2 курс студенті,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қызылорда қаласы
Қазақстандағы
сақтандыру компаниялары және олардың қаржылық потенциалы
Сақтандыру ұйымының
сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру
ұйымдары ҚР сақтандыру нарығының кәсіби
қатысушылары болып табылады.
Бүгінгі күнде Қазақстан
Республикасындағы сақтандыру саласын Азаматтық Кодексі
(ерекше бөлім, 40 тарау), Қазақстан
Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
18 желтоқсандағы қабылданған №126 Заңы және 2006 жылдың 5 шілдесінде
қабылданған «Өмірді сақтандыру туралы» Заңымен
реттеліп отырады.
Сақтандыру ұйымы міндетті түрде
келесідей органдар құрады:
-
директорлар кеңесі-басқару органы;
-
басқарма – атқарушы орган;
-
тексеру комиссиясы – бақылау органы.
Сақтандыру компаниясы – коммерциялық ұйым. Ол
өзінің қызметін лицензия негізінде сақтандыру
келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады.
Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың
құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке
тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент
және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік
қоғам нысанында құрылады. Сақтандыру
ұйымының құрылтайшысы мемлекетте бола алады,
бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі
ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық
капиталының 50 пайызынан астамы мемлекет меншігіндегі
ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола
алмайды.
Сақтандыру
компаниясының жарғылық капиталы тек қана
ұлттық валютада төленеді.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық
қадағалаудың 01.02.2016 жылғы мәліметтері бойынша
сақтандыру секторында 33
сақтандыру ұйымдары, оның ішінде 7 өмірді
сақтандыру саласы болып табылады.
1."Азия Life"
Өмірді
сақтандыру
компаниясы"
АҚ
3."Kaspi
Сақтандыру" АҚ (бұрынғы атауы - «Алматы
Халықаралық Сақтандыру Тобы» Сақтандыру компаниясы»
"Kaspi Bank" АҚ-ның Еншілес компаниясы" АҚ)
4."АСКО"
СК" АҚ
5."Сәлем"
СК" АҚ (бұрынғы атауы "Алатау" СК"
АҚ)
6."Trust
Insurance" Сақтандыру компаниясы" АҚ
7."Виктория"
СК" АҚ
8."КазЭкспортГарант"
Экспорттық кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ
9."Евразия"
Сақтандыру компаниясы” АҚ
10."Астық
сақтандыру компаниясы" АҚ
11."ДСжМСҚК
"Интертич" АҚ
12."Халық- Казахинстрах"
Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру
компаниясы" АҚ
13."Мемлекеттік
аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ
14."Қазақмыс"
СК” АҚ
15."Казкоммерц-Полис"
СК" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы)
16."Коммеск-Өмiр"
СК" АҚ
17."=69&Лондон-Алматы=69&" =69&Сақтандыру=69& =69&компаниясы=69&" АҚ
18."Нұрбанк"
АҚ еншілес ұйымы "Нұрполис" СК” АҚ
19."Мұнай
сақтандыру компаниясы" АҚ
20.“НОМАД
Иншуранс”СК” АҚ
21."=78&Сентрас=78& =78&Иншуранс=78&" СК" АҚ
22."ТрансОйл"
СК" АҚ
23."Цеснабанк"
АҚ ЕҰ "Цесна Гарант" Сақтандыру компаниясы"
АҚ (бұрынғы атауы "Сақ Иншуранс"
СҚ" АҚ)
24."Чартис
Қазақстан Сақтандыру Компаниясы" АҚ
(бұрынғы атауы - «ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру
компаниясы» АҚ)
25."Қазақстан
Халык Банкі Еншілес ұйымы "Халық-Life"
АҚ
26."Казкоммерц-Life"
ӨСК" АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес
ұйымы)
27.Өмірді
Сақтандыру Компаниясы "Еуропалық Сақтандыру Компаниясы
Акционерлік Қоғамы" (бұрынғы атауы - Өмірді
Сақтандыру Компаниясы "PPF Insurance"
Акционерлік қоғамы)
28."Amanat"
Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы "Amanat Insurance"
Cақтандыру
компаниясы" АҚ)
29."Kompetenz"
CК"
АҚ (бұрынғы атауы - "Allianz Kazakhstan"
(Альянз Қазақстан) Сақтандыру компаниясы АҚ
30."Архимедес
Қазақстан" МСК" АҚ
31."STANDARD"
Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы
-"Астана-Финанс" СК" АҚ)
32."НОМАД LIFE"
Өмірді Сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы
атауы -"Астана-Финанс" Өмірді Сақтандыру компаниясы"
АҚ)
33."Grandes"
өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (бұрынғы
атауы -"Alliance
-Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ).
Сонымен қатар,
01.02.2016 жылғы жағдай бойынша сақтандыру брокерлерінің 15 түрі бар:
|
1. |
|
|
2. |
|
|
3. |
|
|
4. |
|
|
5. |
|
|
6. |
|
|
7. |
|
|
8. |
|
|
9. |
|
|
10. |
|
|
11. |
|
|
12. |
|
|
13. |
|
|
14. |
|
|
15. |
"Страховой
Брокер
"RMCG" ЖШС
(бұрынғы
атауы
- "Risk Management Consulting Group)" |
Қазақстанда
01.02.2016 жылғы мәлімет бойынша 42 өзара сақтандыру
қоғамдары және 1 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры» АҚ-ы жұмыс жасайды.
Сақтандыру компаниялары мен
тұлғалардың қаржылық
тұрақтылығы және төлем қабілеттілігіне
бақылау арнайы нормалар мен
лимиттер шегінде жүзеге асырылады. Негізінен Ұлттық
Банктің пруденциалды нормативтері арқылы, олар басқа міндетті
сақталатын нормалар мен лимиттер шегінде орындалады.
Сақтандыру ұйымдарына қатысты
пруденциалды нормативтер мыналардан тұрады:
1. төлем қабілеттілігі нормативтері;
2. қаржылық тұрақтылық нормативтері.
Сақтандыру компанияларының қаржылық
тұрақтылығына қойылатын негізгі талаптар
сақтандыру компанияларының қаржылық жағдайын
рейтингтік бағалауды пайдалана отырып анықталады. Сақтандыру
компанияларының қаржылық жағдайын рейтингтік
бағалау негізгі екі жиынтық критериймен ашылады:
1 Қаржылық көрсеткіштерді бағалау.
2 Қаржылық емес көрсеткіштерді бағалау.
1. Қаржылық көрсеткіштерді
бағалау.
Сақтандыру компаниялары қызметінің негізгі
қаржылық көрсеткіштері балдық-салмақтық
әдістеме арқылы бағаланады.
Төмендегі 1-кесте бойынша көрсеткіштерді
анықтауға болады.
1-кесте бойынша әрбір көрсеткіштің
нормативтік мәндері анықталады. Көрсеткіштердің
нормативтік мәндері 100 балдық шкала бойынша көрсетіледі.
Нормативтік мәнге сәйкес келмейтін көрсеткіштер 0-дік балмен
көрсетіледі.
Кесте 1
Сақтандыру компанияларының негізгі қаржылық
көрсеткіштерін бағалау
|
№ р/р |
Көрсеткіштер |
Нормативтік мәні |
Барлық көрсеткіштер |
Көрсеткіштер тобының мәні |
|
1. Қаржылық
тұрақтылық көрсеткіштері |
||||
|
1.1 |
Меншікті капиталдың
үлесі |
>= 0.15 |
0.4 |
0,2 |
|
1.2 |
Меншікті қаражат
-тың сақтандыру резервтеріне қатынасы |
>= 0.3 |
0.3 |
|
|
1.3 |
Қарыздық
жүктеменің деңгейі |
<= 0.35 |
0.3 |
|
|
2 Рентабельділік көрсеткіштері |
||||
|
2.1 |
Қызметтің рентабельділігі (өмірді сақтандырудан басқасы) |
5% -дан 40% дейін |
0.5 |
0,1 |
|
2.2 |
Меншікті капиталдың
рентабельділігі |
0%-дан 30% -ға дейін |
0.5 |
|
|
3 Сақтандыру
операцияларының залалсыздық көрсеткіштері |
||||
|
3.1 |
Өмірді
сақтандырудан басқа, төлемдер деңгейінің
көрсеткіштері |
5% -дан 40% -ға дейін |
0.3 |
0,2 |
|
3.2 |
Өмірді
сақтандырудан басқа, шығыстар деңгейінің
көрсеткіштері |
5% -дан 30%-ға дейін |
0.3 |
|
|
3.3 |
Залалсыздықтың
құрамдастырылған кқрсеткіштері |
100% дейін |
0.4 |
|
|
4 Инвестициялардың жеткіліктілігі көрсеткіштері |
||||
|
4.1 |
Сақтандыру резервтерін |
|
|
|
|
|
активтер мен инвестициялар арқылы жабу
деңгейі |
>= 0.85 |
0.25 |
0.2 |
|
4.2 |
Инвестициялық
қоржынның рентабельділігі |
>=0% |
0.25 |
|
|
4.3 |
Жоғары өтімді
инвестициялардың үлесі |
>=20% |
0.25 |
|
|
4.4 |
Басқа
ұйымдардың акцияларының үлесі |
<=40% |
0.25 |
|
|
5 Қайта сақтандыру операцияларын
бағалау көрсеткіштері |
||||
|
5.1 |
Сақтандыру
резервтеріндегі қайта сақтандыру- шылардың үлесі |
5%-дан 60% -ға дейін |
1.0 |
0.1 |
|
6
Өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштері |
||||
|
6.1 |
Сақтандыру
төлемақысының есепті кезеңнің соңғы
тоқсанның жиынына қатынасы |
>= 35% |
0.5 |
0.2 |
|
6.2 |
Активтердің жалпы
көлеміндегі ең өтімді активтердің үлесі |
>= 0.2 |
0.25 |
|
|
6.3 |
Төлемқабілеттілік
көрсеткіштері |
>= 0.85 |
0.25 |
|
|
Е С К Е Р Т У – кесте
мәліметтері Интернет көздері арқылы автормен
құрастырылған |
||||
2-кесте бойынша сақтандыру компанияларының қаржылық
көрсеткіштерін талдау нәтижесінде алынған, яғни
рейтингтік бағалау бойынша анықталған
көрсеткіштердің жалпы балдық санын көруге болады.
Кесте 2
Сақтандыру компанияларын рейтингік бағалау
|
Баллдардың
саны |
Рейтингтік
бағалау |
|
90 балдан 100 балды қоса алғанда |
1 |
|
80 балдан 90 балды қоса алғанда |
2 |
|
70 балдан 80 балды қоса алғанда |
3 |
|
60 балдан 70 балды қоса алғанда |
4 |
|
50 балдан 60 балды қоса алғанда |
5 |
|
40 балдан 50 балды қоса |
6 |
|
30 балдан 40 балды қоса алғанда |
7 |
|
20 балдан 30 балды қоса алғанда |
8 |
|
10 балдан 20 балды қоса алғанда |
9 |
|
0 балдан 10 балды қоса алғанда |
10 |
|
Е С К Е Р Т У – кесте
мәліметтері Интернет көздері арқылы автормен
құрастырылған |
|
2. Қаржылық емес көрсеткіштерді бағалау.
2-кесте бойынша алынған көрсеткіштерді барлық
критериилері бойынша анықтап, сол арқылы сақтандыру
компаниясының сәйкес деңгейін көруге болады (3-кесте).
Банктер қаржылық емес көрсеткіштерді 3
деңгейге бөліп қарастырады:
1-ші деңгейі
көрсеткіштердің орындалу үшін міндетті.
Сақтандыру компаниясы осы көрсеткіштерді сақтамаған
жағдайда банктер қаржылық және қаржылық
емес көрсеткіштердің барлығы талаптарға сәйкес
келмейді деп есептеледі.
2-ші деңгейі сақтандыру компаниясының
көрсеткіштер ауқымы. Ірі сақтандыру компанияларының
қаржылық тұрақтылығы сенімді деп есептеледі,
яғни сақтандыру жағдайын туындаған кезде
ықтималдылықтарды бағалау үшін. Бұл топқа
ҚР –ның сақтандыру нарығында қызмет жасайтын банктердің
капиталына сақтандыру компанияларының
төлемақысының қатынасы ретінде анықталатын
көрсеткіштердің топтары жатады.
3-ші деңгейі
тәуелсіз сараптамашылардың бекітуімен сақтандыру
компанияларының қаржылық
тұрақтылығының көрсеткіштері. Бұл
топқа халықарлық рейтингтік деңгейді бағалау
үшін қолданылатын көрсеткіштер жатқызылады.
Кесте 3
Сақтандыру компанияларының
деңгейін анықтайтын көрсеткіштер
|
Деңгейі |
Көрсеткіштердің реттік саны |
Көрсеткіштер |
|
1 |
1 |
Көрсеткіштердің
орындалу үшін міндеттілері |
|
1 |
1.1 |
Лицензияның болуы |
|
1 |
1.2 |
Жарғылық капиталдың
жеткілікті мөлшері |
|
1 |
1.3 |
Мүмкін болатын
банкроттықтық туралы ақпараттардың болмауы |
|
1 |
1.4 |
Жағымды іскерлік қарым
қатынастардың болуы |
|
1 |
1.5 |
Сақтандыру компаниялары туралы
ақпараттардың ұсынылуы |
|
1 |
1.6 |
Қызметтердің залалсыздығы |
|
2 |
2 |
Сақтандыру
компанияларының көлемді көрсеткіштері |
|
2 |
2.1 |
Сақтандыру
нарықтарының позициясы |
|
3 |
3 |
Тәуелсіз срапшылардың бекітіп берген сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері |
|
3 |
3.1 |
Халықаралық рейтингтерді
деңгейі |
|
3 |
3.2 |
Тәуелсіз сарапшылардың қойған рейтингтердің деңгейі |
|
Е С К Е Р Т У – кесте мәліметтері Интернет көздері
арқылы автормен құрастырылған |
||
Сақтандыру
компаниясын
құру кезінде оның бірінші базалық элементі –
меншікті капитал болып
табылады. Кейіннен
компанияның
жұмысы барсында бұл
капитал әр түрлі
көздерден
толықтырылады. Олар:
- табыс
- инвестициялық
қызмет нәтижелері.
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының өз капиталы сақтандыру резервтері мен
өзге де міндеттемелердің сомасына азайтылған барлық
активтердің құны ретінде анықталады.
Сақтандыру резервтері дегеніміз актуарлық есептеулер
негізінде айқындалатын барлық міндеттемелер.
Өз капиталы═Актив құны-
міндеттемелер
Сақтандырушының қаржылары – оның сақтық
қорғанысты жүзеге асырудағы қызметін
қамтамасыз етеді. Сақтандырушы сақтандыру резервтерінің
құралдарын сақтаушының шығындарын жабуға
және өзінің сақтандыру қызметін
ұйымдастырудағы шығындарын жабу үшін
қалыптастырады және жұмсайды.
Осы тұста сақтық қорғанысты
қамтамасыз ететін қаражаттар айналысы екі этаптан немесе
кезеңнен өтеді: бірінші кезеңде сақтық резервтер
қалыптасып бөлінеді, ал екінші кезеңде сақтық
резервтерінің бір бөлігі табыс табу мақсатында
инвестицияланады.
2016 жылдың 1-ші ақпандағы
мәліметтер бойынша барлық сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының активтері 813 861,3 млн.
теңгені (2015 жылдың басында -612 085,4 млн. тенге),
өсуі -32,8 пайызға артқан.
Сақтандыру компаниясының қаржылық потенциалы
(әлуеті) дегеніміз - инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін
және сақтандыру операцияларын жүргізу
үшін пайдаланылатын
шаруашылық
айналысындағы қаржы ресурстарын
айтамыз. Осыған байланысты
сақтандыру
ұйымының
қаражаттары мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
- қоғамдық қаржылық
жүйеге интеграциялануы;
- сақтандыру
компаниялары
қаражаттарының
құрылымының
салалық
айрықшалығы;
- инвестициялық
қызметтің
кең мүмкіндіктері.
Пайдаланылатын
әдебиеттер:
1. ҚР "Сақтандыру қызметі
туралы" Заңы. 18 желтоқсан. 2000 жыл.
2. К.Жуйриков., Р.Жуйриков., И. Назарчук. «Страхование:
теория, практика и зарубежный опыт. Алматы,2000ж.
3. Джемпеисова Г.И., Чикунов О.Н., Суйеубаева С.Н.
Сақтандыру. Оқу құралы. Алматы 2010
4. Ильясов К.К., Құлпыбаев С. Қаржы.
Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы
2014
5.
Искаков У.М. Рузиева Э. Бохаев Д.Т. Қаржы нарықтары және
делдалдары: Оқулық.-Алматы, Экономика, 2008ж.