Инновациялық
қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесінің
кәсіпорынға бейімделуі
5В050600 «Экономика» Нугманова Айтолкын Маргулановна
Салимбаева
Б.К. – к.э.н., ассоц.профессор
Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны оның
ғылымға бөлген қаражаттарымен анықталады.
Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде
ғылымға бөлген қаражаттары жыл сайын өсіп,
ЖҰӨ-нің 2,5-3,8%-ын құрап
отыр. Бұл қаражаттың 25-34%-ы мемлекет үлесіне тиесілі.
Бұндай мемлекеттерге Оңтүстік Корея, Израиль, Швейцария,
Жапония, Швеция,Финляндия кіреді. 90-шы жылдардың соңында Жапония
ЖІӨ-нің 3,04%-ын, Америка 2,64%-ын, Еуропа Одағы 1,92%-ын
ғылымға бөлді.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің жəне
коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі
Еуропа мен одан тыс жерлерде əптүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та
ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың
үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада
66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ларды
мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы
орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия ен Греция (50%-ға
жуық), Польша (58%), Венгрия (53%), Словакия (48%) жəне Чехия (42%).
Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы
тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген
қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол
үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік
қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі
сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте
əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға
бөлінетін үлес – 0,5%-ды құрайды. Қазақстан
да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы
Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің
0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды
құрап огыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың
арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа
ғылыми өнімді шығару деңгейі нөлге тең
болады.Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді
шығару жағынан əлемдік нарықтағы Ресей үлесі
0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%,
Сингапур-7%, Оңтүстік Корея-4%, 38 Қытай-2%. Ғылыми
өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы
мемлекеттер үлесі ғылыми-техникалық жəне
инновациялық қызмет тиімділігінің көрсеткіші болып
табылады.
Инновациялық қызметті дамыту жолында жетістіктерге жеткен
мемлекеттердегі басқарудың мемлекеттік институттары жаңа
техниканы енгізудің тəуекелдіктерді төмендету,
ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, нарық
субъектілерінің ғылыми-зерттеу əзірлемелер
бағытындағы басымдықтарды анықтайды. Ғылыми-техникалық
прогреспен байланысты қауіп-қатерлерді төмендету үшін
мемлекет дамыту субъектісі ретінде үлкен қаражаттар жұмсайды.
Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінде
инновациялық қызмет экономиканы дамытудың негізгі факторы
болып табылады. Еуропаның түрлі елдерінде ірі жəне шағын
инновациялық кəсіпорындардың үлесі 60-тан 90%-ға
дейін жетеді. Қазақстан Республикасы инновациялық
қызметті мемлекеттік баспалдақтарында тұр.
Қазақстан үшін инновациялық қызметті
қолдаудың экономикалық жағынан дамыған
мемлекеттердің тəжірибесімен танысу өте маңызды болып
келеді. Мысалы АҚШ-тың мол тəжірибесімен танысу
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың
күрделі жүйесінің құрылымы туралы көптеген
қорытындылар жасауға көмек береді. АҚШ-тың
инновациялық инновациялық қызметінің
заңнамалық негізі 1980-1990 жылдары Конгреспен
қабылданған мемлекеттік актілері болып табылады. Олардың
ішіндегі маңыздылары: Доул-Бейлидің «Федералды патенттік саясат
туралы», С.Уайлдердің «Технологияларды жіберу туралы»(1980,1986),
«Бəсекеқабілеттілік пен технологияларды жіберу туралы»(1988), «Критикалық
технологиялар туралы», «Американдық технологияның
артықшылықтары туралы», «Технологияларды мемлекеттік жіберу
туралы»(1995). АҚШ-та инновациялық қызметтегі мемлекеттік
саясатты анықтайтын 20-ға жуық федералды заң мен
актілері бар.
АҚШ-та инновациялық қызметті басқаратын
əртүрлі мемлекеттік органдар мен мекемелер бар. Алайда мемлекетте
инновациялық қызмет үшін жауапты бірегей орган жоқ.
Федералды деңгейде инновациялық қызметке 39 қатысы бар
енгізгі органдар: Президент əкімшілігі жанынан құрылған
ғылыми-техникалық саясат басқармасы, Конгресстің
ғылыми комитеттері, оның зерттеу қызметтері, бюджеттік
басқарма. Ғылыми-техникалық саясатты құруда
маңызды рөлді мемлекеттік емес органдар атқарады:
Ұлттық зерттеу одағы, ғылымды дамытудың
Американдық ассоциациясы, РЭНД корпорациясы жəне т.б. Өндіріске
жаңалықтарды енгізу үрдісін тездету мен технологиялық
прогресті үйлестіру жұмыстарын бақылауға жауапты
мемлекеттік орган - Сауда Министрлігі. Оның құрамында
стандарттар мен технологиялардың ұлттық институты,
технологиялық ақпараттың ұлттық мекемесі
жəне технологиялық саясат басқармасы сияқты үш
құрылымды біріктіретін технологиялар əкімшілігі
құрылды.
Технологиялық саясат басқармасы – федералды үкіметте
ұлттық инновациялық саясатты жүзеге асыруда бірден бір
маңызды орган. Яғни бұл орган өндіріс салаларының
даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін зерттейді, отандық жəне
əлемдік нарықтарға инновациялық технологияларды
өндірістік компаниялардың тездетіп шығаруы мен
əзірлемелер жасауына əсер ететін факторларды анықтайды.
Қазіргі кезде АҚШ-тың инновациялық дамыту
облысындағы мемлекеттік саясат келесі міндеттерді атқаруға
бағытталған:
- жеке сектордың бəсекеқабілеттілігін арттыратын,
инновация
- саласындағы қызметін белсенді жүргізу үшін
қолайлы климат жасау;
- инновациялық əзірлемелерді іске асыру жəне ғылыми
зерттеулерді
- қаржыландыру;
- АҚШ өндірісінің бəсекеқабілеттілігін арттыру
үшін ХХІ ғасыр
- инфрақұрылымын құру;
- азаматтық жəне қауіпсіздік ҒЗТКЖ-лардың
интеграциясы, яғни алда
- қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
- ғылымға негізделген жəне үнемі өзгермелі
экономика жағдайына
- белсенді маманданған жұмыс күшін даярлау.
АҚШ-тың ғылыми-техникалық жəне
инновациялық дамуын мемлекеттік басқарудың негізгі механизмі
бюджеттен тікелей қаржыландыру болып табылады. Бұдан басқа
ғылыми-техникалық зерттеулер мен
əзірлемелердіқолдаудың маңызды принциптерінің бірі
инновациялық қызметті жанама бақылаудың түрлі
əдістері қолданылады. Олар:
- салықтық жеңілдіктер;
- сыртқы сауда саясаты. Яғни, жоғары технологиялы
қызметтер мен өнімдер экспортын бақылау мен жетілдіру
жəне ғылыми-техникалық сала мен өндірістің негізгі
факторы болып табылатын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту;
- инновациялық қызметті заңнамалық
қамтамасыздандыру. Патент саясаты мен авторлық
құқықтарды қорғау саясатын мемлекеттік
инновациялық қызметтің ажырамас бөлігі ретінде
қарастыру;
- инновациялық қызметті басқарудың маңызды
механизмі болып табылатын федералды келісім-шарттық жүйені
ауқымды қолдану;
- антимонопольді заңдарға
өзгертулер енгізу - ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерді бірлесіп
жүргізу үшін консорциумдар мен жеке кəсіпорындардың
бірлестігін құру кезіндегі кейбір шектеулерді алып тастауға
бағытталған.
Жеке кəсіпкерлік сектордың инновациялық қызметі
үшін қолайлы жағдайларды құру үшін:
1.
ҒЗТКЖ-ларға кеткен шығындарды өнімнің өзіндік
құнына кіргізу;
2.
ғылыми құрал-жабдықтарды шығару кезінде
амортизацияның тездетілген нормаларын қолдану;
3.
ғылыми-техникалық
жобаларды несиелеуде жеңілдіктер беру;
4.
инновациялық
кəсіпорындарды ұйымдастыру үшін жеңілдік шарттармен не
ақысыз түрде мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді немесе
жер учаскелерін беру.
АҚШ-тағы
шағын иновациялық кəсіпкерлікті қолдау үкіметтік
деңгейде 5,5 млрд. долларды құрап отыр, алайда жеке
қолдау бұл соманың 41 17%-нан аспай отыр. АҚШ-та
шағын инновациялық кəсіпкерлікті қолдаудың арнайы
бағдарламасы бар, оның ішінде шағын кəсіпкерлікті
қолдау мен дамытуға қарыздар беру- 0,8 млрд. доллар,
мемлекеттік инвестициялар-3,1 млрд.доллар, шағын
кəсіпоындардың шығындарын бірлесіп жабу - 0,6 млрд.доллар бөлініп отыр.Осы шараларды
үкімет іске асырады. Қолдаудың жеке формадлары да бар.
Оларға тəуекелді венчурлық қорлар (0,75 млрд. доллар) жəне жеке инвесторлар жатады
Əлемдегі алғашқы технопарктің негізін қалаушы
АҚШ-тағы Стенфорд университеті болып табылады(50-жылдардың
басында). 1997 жылы АҚШ-та 160-қа жуық технопарк болды
жəне олар əлемдегі технопарктердің 30%-ын құрады.
Ал Еуропада технопарктер тек өткен ғасырдың 70-жылдарында
пайда болды. Ал Қытайда түрлі инновациялық
орталықтармен бірігіп, ұлттық
ғылыми-технологиялық парктердің негізі қаланды. Олардың қызметтерінің
мақсаттары келесідей:
-
ғылыми жəне
технологиялық жетістіктерді пайдаланып, өнімдер
-
шығару мен
қызметтерді жүзеге асыру;
-
шағын
инновациялық кəсіпкерлікті дамыту;
-
ҒЗТКЖ-ларды
жүргізуде шағын инновациялық кəсіпорындарға
қолдау көрсету;
-
қажетті
ақпаратпен қамтамасыз ету;
-
несиелерге кепілдіктер
беру;
-
технологияларды
бағалау, халықаралық қатынастарды қалпына
-
келтірудеқызметтер
көрсету;
-
зияткерлік меншікті
қорғау.
Қытайдағы
инновациялық орталықтар жоғары жəне жаңа
технологиялар сферасын қаржыландырудың негізі болып табылады,
яғни оларды кəсіпкерлер мен жоғары оқу орындарын
байланыстыратын «көпір» ретінде қарастыруға болады.
Осымен қатар инновациялық кəсіпорындарды корпоративке
біріктіру саясаты да белсенді жүзеге асырылуда. Бұл шағын инновациялық
кəсіпорындар үшін тиімді, өйткені оларға жаңа
технологияларды жүзеге асыру үшін жер, жеңілдікті шарттармен
несиелер, транспорттық құрал-жабдықтарды сатып алу
үшін қаражаттар беріледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1
Стратегия / “Қазақстан Республикасының
Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
2
Купешова С.Т. Теория и
практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан. –
автореферат Алматы, 2002г. -15с.
3
Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва:
Прогресс. 1998. – 454 с.
4
Автореферат. Мырзалиева Г.А. “Экономикадағы инновациялық
қызметтің
басқару тетіктері және оларды жетілдіру жолдары
(Қазақстан Республикасы бойынша)” Алматы 2010г. -12б.
5
Инновационный
менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ
унивеситетi. – 1998. – 260 с.