ЖЕРДІҢ КЕҢІСТІК ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ФАКТОРЛАР
Сүйменова
М.К.
Ш.Есенов
атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті
Жерге орналастыруда ескерілетін факторлардың ең бастысының
бірі - топырақ қыртысы.
Топырақтың
құнарлылығы, әсіресе экономикалық (тиімділік)
құнарлылығы диқан еңбегінің
нәтижелігіне, дақылдардың түсімділігіне және мал
азығы алаптарының өнімділігіне тікелей әсер етеді. Су
мен жел эрозияларының өршуі топырақ құрылымынан,
оның экологиялық төзімділігінен тәуелді.
Сондықтан да қазіргі кезде ішкішаруашылық жерге
орналастырудың басты бағытының бірі болып табылатын
территорияны эрозияға қарсы бейімдеу топырақтың
түрлерін, физикалық-химиялық және механикалық
қасиеттерін, эрозияға ұшырағандығын,
ұшырауға ықтималдығын сипаттайтын накты
материалдарға негізделеді. Сонымен қатар топырақ
қыртысының
тұзданған
және
сортаңданған
мөлшері, ластанғандығы және басқа
жағымсыз құбылыстарға ұшырағаны ескеріліп
отырады. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиісті
түрде орналастыру, жоғары тиімді ауылшаруашылық
өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ,
агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз
етуге, топырақтың құнарлылығын арттыруға
және ұдайы өндіруге қолайлы территориялық
жағдайларды жасауды көздейді. Бұндай методологиялық амал, жердің
ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы
ретіндегі басты ерекшелігінен - дұрыс пайдаланғанда өндіргіш
қасиеттерін (құнарлылығын) жоғалтпай,
қалпына келіп отыру қабілеттілігінен, туындайды.
Бонитет және құндылық
бағалау балымен сипатталатын топырақ күйін ескеру, бірінші
кезекте, жер алаптарының құрамы мен орналасуын белгілеуге,
оларды бір-біріне ауыстыруға, жыртылған жерде ауыспалы егістіктер
жүйесін (ауыспалы егістердің түрлері мен типтерін
таңдау, олардың танаптары мен жұмыс учаскелерін, мал
азығы алаптарын орналастыру) жобалауға қажет.[3]
Қазіргі
нарықтық
жағдайда жер жөніндегі әр түрлі
келісім-шарттарды жүргізуде, салық салуда, мемлекеттік жер
кадастрын жасауда және көптеген баска да жер қатынастарын
реттеуге байланысты мәселерді шешкенде, кең қолданылатын жер
учаскелерінің бағалау балын топырақтың күйі
себептейді.
Шаруашылық
жүргізу жағдайлары мен жердің пайдаланылуына бедер
саналуан ықпал жасайды.
Жер
қыртысының топыраққа айналу процесі
бедердің әр түрлі элементтерінде (суайрық, тальвег,
баурайдың басы мен етегі) өзіне тән сипатқа ие болады.
Сонымен
бірге бедер су эрозиясының басты себебі, топырақтың
шайылуы, оның табиғи құнарлылығын жоғалтуы,
қордасының азаюы, жыра-жыраңалардың пайда болуы
бедердің кеңістік қасиеттеріне байланысты.
Баурайлардың
әрбір беткейінде (экспозициясында) жеке микроклимат болады.
Демек, тәулік пен жылдың мезгіліне қарай ерекше
температуралық және ылғалдық режим қалыптасып
отырады. Осыған байланысты
ауылшаруашылық алаптары мен дақылдардың, әсіресе
жеміс-жидектердің орналасуы белгіленеді.
Ғимараттар мен құрылыстарды, жол
мен ирригациялық жүйелерді және басқа да объектілерді
салу бедердің сипатынан айтарлықтай тәуелді.
Бедер машина-тракторлық агрегаттардың (МТА) да тиімділігіне әсер етеді. Құламалы
баурайларда МТА өнімділігі күрт төмендейді. Өрге қарай тракторға, қосымша тарту күші қажет. Осы жағдайды танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобалағанда әрқашанда ескеріп отырған жөн.[2]
Макро-, мезо- және
микробедер сан алуан жағдайлармен сипатталатын және әр түрлі көлемді агроланшафтарды құрайды. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдау барысында олардың ерекшеліктерін ескеру мақсатымен түрлі-түрлі амалдарды іздестіру керек. Бұл шешімдердің дәлелді болуы
үшін жер бедері көрсетілген
план-картографиялық материалдар міндетті түрде қолданылуы қажет. [3]
Дефляциялық процестердің алдын алу
немесе бәсеңдету максатымен, желдің зиянды бағыттары
ескеріле отырып, егістік жөне орман жолақтары жобаланады.
Желдің зияндылығы, өзі кезегінде
ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті
аңызақ жел температураның жоғары және ауа
ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда
болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да
аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса
қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура
косындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен
салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары
ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын
тікелей себептейді.[2]
Жерге орналастыру
шешімдерінің тиімділігіне әсер етуші экономикалық және
әлеуметтік жағдайлар.
Жерге орналастыру, қоғамның
өндірістің құрамды бөлігі ретінде,
әрқашанда нақты экономикалық жағдайларда
жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне
тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш
күштерінің және өндірістік қатынастарының
арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге
орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге
асыру мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке
барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру
қажет. Салааралық және шаруашылықаралық жерге
орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің
макроэкономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың
мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық
жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Экономикалық жағдайлардың
арасында, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге
орналастыруда ескерілетіндеріне, мынадайлар жатады:
1. Жер алаптарының құрамы мен
аудандары, оларды әр түрлі мақсаттарға игеру
мүмкіншіліктері;
2. Жалпы өнімге, шығындардың
өтелуіне жөне дифференциалдық табысқа қарай,
құндық немесе аналитикалық (балдық)
көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш
қасиеттерін бағалау;
3. Серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа
қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың
мамандандырылғандығы (өндірістік бағыттары),
шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары,
нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру
жөне жабдықталу пунктерінің орналасуы;
4. Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен
бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және
экономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен
құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары,
өндірістік және каржы көрсеткіштері (егіншілік және мал
шаруашылығы бойынша), а.ш. дақылдарының түсімділігі мен
алаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен
өндірістің рентабельділігі;
5. Шаруашылықтардың
ұйымдастыру-өндірістік құрылымы, еңбектің
ұйымдастырылу деңгейі;
6. Кәсіпорындардың еңбек
ресурстарымен, а.ш. техникасымен, өндірістік қорларымен
қамсыздандырылғандығы және енбектің энергиямен
қаруландырылғандығы;
7. Шаруашылықтардың ақшалай
қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау
және несие беру мүмкіндіктері.
Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер
алаптарының құрамы мен аудандары оның өндірістік
бағытын, мамандандырылғандығын жөне салаларының
үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес
салмағы жоғары болса - астың өндіруге, табиғи
жайылымдардьщ мол-шылығы - қой шаруашылығьш жүргізуге
қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды
шабындықтары мен жайылымдары бар шаруашылықтарда басты назар
осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру
мәселелеріне аударылады. Керісінше, мал азығы алаптары шамалы
кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге
ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал
азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы
учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар
трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың
мелиоративтік қоры жасалады.[1]
Құндылық бағалауға
қатысты материалдар шаруашылықтың
қарамағындағы жерлердің экономикалық
құнарлылығын сипаттайды. Бұнда табиғи
құнарлылықпен бірге жердің елді мекендерден
шалғайлығы, эрозияның өршіп кету қауіптілігі, жер
массивтерінің технологиялың қасиеттері, конфигурациялары,
көлемдері және бедері ескеріледі.
Жерге орналастыруда экономикалық
жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі, территорияны
өндірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу
арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен
касиеттерін ескере отырып өзгерту. Бірінші жағдайда
өндірістің салалық құрамына сәйкес
алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады,
еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін
дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал
фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер
массивтерінің пішін кескіндіктерін жақсарту, алаптардың
ұсақ контурлылығы мен ыдыраңқылығын жою
қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда
шаруашылықтың өндірістік бағыты,
мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшелерінің
орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а.ш. дақылдарды өсіру
технологиялары топырақтардың құнарлылығы мен
таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа
да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады.
Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ -климаттық
жағдайлары алаптардың құрамы мен арақатынастарын
себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың
мамандандырылғандығын, демек территорияның реттестірілуіне
тікелей әсер етеді. Мысалы, астың өндіретін
шаруашылықтарда алаптардың басым бөлігін жыртылған жер
құраса, қой шаруашылықтарында табиғи
жайылымдардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.
Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстарымен
толығырақ қамтамасыз етілген шаруашылықтарда
көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп
және т.с.с.) шоғырланады.
Ал, мал өсіруге мамандандырылған
кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы
дақылдарының (көпжылдық және біржылдық
шөп, жүгері, тамыр жемістілері және т.б.) үлес
салмақтары едөуір артығырақ болады.
Жеміс-жидек бағытындағы
шаруашылықтарда алаптарының біраз бөлігі
көпжылдық көшеттерді өсіруге үлестіріледі.
Нарықтық экономика кезеңінде
өнімнің кай түрі болса да шаруашылықтың
мамандандырылғандығына қарамастан, өзін-өзі
өтеу және қаржыландыру принциптерін негізінде
өндіріледі. Бұл, ауылшаруашылық өндірісі
толығымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты
рентабельдікке бағытталған деген сөз.
Сондықтан жерге орналастыруда
шаруашылық пен оның өндірістік бөлімшелерінің
мамандандырылғандығын талдау, соңғысының жерді
тиімді пайдалану талаптарына сай болуын анықтау қажетті. Осымен
қатар өнімдерді қабылдау және өңдеу
кәсіпорындарының жабдықтану пункттері мен
инфрақұрылымның бар болуы және орналасуы,
шаруашылықаралық кооперация және агроөнеркәсіптік
интеграция мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиналады. Бұл
мәліметтер шаруашылықтың мамандандырылғандығын
нақтылауға, алаптардың құрамы мен аудандарын
және т.б. осыған сөйкес қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Түпкі мақсат -жердің пайдалану
деңгейін барынша көтеру және топырақтың
құнарлылығын жүйелі түрде арттырып отыру.
Осы мақсатпен, сонымен бірге
өндірістің тиімділігін арттыру үшін, шаруашылық
жүргізу жүйесі, егіншілік және мал шаруашылығы
салаларының үйлесімділігі, өндірістің ұйымдастыру
деңгейі зерттеледі, жалпы және тауарлы өнімнің
құрамы мен өндірістің рентабельдіктігі, кіріс пен
шығыс, өнімнің өзіндік құны мен
тағыда көптеген экономикалық көрсеткіштер талданады.[2]
Бұл іс-әрекеттер нарық
қатынастары, толық шаруашылық есебі, өзін-өзі
өтеу және қаржыландыру талаптары ескеріле отырып
жүргізіледі.
Сондай-ақ жерге орналастыруда
еңбектің үйымдастырылуы, ең-бек ұжымдарының
а.ш. техникамен және өндірістік қорларымен
қамсыздандырылғандығы назарға алынады. Ол үшін
еңбекке жарамды адамдардыңтсаны, біліктілігі, а.ш. алаптарымен
жүктелуі, өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі,
шаруашылық жүргізу және жекешелендіру формалары, мүлік
және жер үлестерінің мөлшері, бұрынғы
совхоздар мен колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық
қүрылымдарының (ШФҚ, ЖШС, ЖК және т.с.с.)
ұйымдастырылуы анықталады.
Жерге орналастыруда ескерілетін негізгі
әлеуметтік жағдайларға жатады:
1. Қалыптасқан қоныстану
жүйесі, халықтың құрамы мен коныстану
тығыздығы, миграциялық процестердің динамикасы;
2. Елді мекендердің саны, орналасуы,
көлемдері, мақсатталғандығы және жабдықталу
деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы
3. Мал фермаларының түрлері, саны,
көлемі, егіншілік пен мал шаруашылығында өндірістік
процестердің механикаландыру деңгейі;
4. Еңбекті ұйымдастыру, ақы
төлеу, материалдық және моральдік ынталандыру формалары;
5. Жол торабының күйі,
халықтың көлікпен қамтамасыз етілуі, су
көздерінің тапшылығы, елді мекендер мен өндірістік
орталықтардың сумен қамсыздандырылуы және
жайылымдардың суландырылуы;
6. Жеке үй (қосалқы)
шаруашылқтарының даму деңгейі, оларды ұлғайту
мүмкіндіктері;
7. Қала түрғындарының,
саяжай қүрылыстарының (жеке меншік, кооперативтік)
өнімді өткізудің және
өндірісті жабдықтаудың ұйымдастырылуы,
кооперацияның, нарықтық қатынастардың,
инфрақұрылымның дамуы, ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс
жағдайларын жақсарту мүмкіншіліктері.
Қалыптасқан ауылдық
қоныстану жүйесі біртекті емес. Мысалы, қой шаруашылығы
тараған батыс жөне оңтүстік аймақтарға
ұсақ қоныстар тән, ал республиканың астық
өндірісі дамыған жерлерінде ірі елді мекендер
қалыптасқан.[3]
Соңғы жылдары ауыл
тұрғындарының қалаларға көшу процесі
үдейе түсуде. Бұл шаруашылықтардың еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етеді, сондықтан
жерге орналастыруды жүргізгенде міндетті түрде ескерілуге тиісті.
Әрбір жеке жағдайда ауыл жанұяларын жақсы
жабдықталған, қора-қопсылары бар үйлермен
қамтамасыз ету көзделеді.
Осы мақсатпен жерге орналастыруды
жүзеге асыру барысында елді мекендердегі жердің іс жүзінде
пайдалануы зерттеліп, бос учаскелері айқындалады, жеке
қосалқы шаруашылықтарының ұйымдастырылуы, оларды
ұлғайту мүмкіншіліктері қарастырылады. Сондай-ақ
шаруа фермерлік кожалықтарының динамикасы мен әрі қарай
дамуы зерттеледі.
Осы аса маңызды әлеуметтік
проблеманың шешілуі жерді пайдалану экономикасымен, әрбір елді
мекеннің дамуымен байланысты. Халық миграциясының
белсенділігі жұмыс орындарының, денсаулық қорғау,
білім беру және мөдени - тұрмыс қызметтерінің бар
болуына, транспорттық қатынастарының даму деңгейіне
тікелей байланысты. Бұндай қызметтер мен жұмыс
орындарының жоқтығы, шарасыз, халықтың
қалаларға көшуін себептейді. Осының нәтижесінде
шағын ауылдардың едәуір бөлігі құлдырап,
оларды сақтап қалу мәселесі бүгінгі күннің
шешімін күттіртпейтін проблеманың біріне айналып отыр. Бұл
мөселені шағын елді мекендерде қажетті мөлшерде
жұмыс орындарын қамтамасыз ету, оларды жаңа шаруашылық
құрылымдарын ұйымдастыруға пайдалану және
дағдарыс жылдары жойылған мал фермалары мен кешендерін
қалпына келтіру арқылы шешуге болады. Өзі кезегінде бұл
іс-шаралар шағын қоныстарының жандануына және оларда
мәдени-тұрмыс объектілерін (ФАП-терін, мектептерді,
дүкендерді және т.с.с.) салуға септігін тигізеді.
Жерге орналастыру жобаларында жер
пайдаланушылықтардың кеңістік кемшіліктерін (алабарлық,
шалғайжерлік жөне т.с.с.) жою арқылы жолы жоқ жерлер
мен жергілікті маңыздағы жолдарда жүру қашықтықтары
айтарлыктай қысқартылады. Ауыл шаруашылығы
еңбеккерлерінің демалу және санитарлық-гигиеналық
жағдайларын жақсарту мақсатымен алқаптық
қостар мен орман жолақтары жобаланады, жарамсыз және
тасталған жерлерде ағаш өсіру, жалпы мәдени
ландшафттарды қалыптастыру және жақсарту жөніндегі шаралар
жоспарланады.[1]
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әліпбеки О. Табынбаева Л.К. Жер мониторингі.-Алматы: ҚазҰАУ,
2009.-90б.
2. Гендельман М.А.Жерге орналастырудың
және кадастрдың ғылыми негіздері-Астана: Фолиант,-154б.
3. Научные и методические
основы землеустройства. //Под ред. Гендельмана М.А.-М.:Колос, 1978.