История/
2.Общая история
Батырхан Ш.
КарГУ им. Букетова
Түркиядағы
қазақ диаспорасы
тарихнамасының
зерттелу деңгейі
1960 жылы
Шығыс Түркістандық
қазақтар мен ұйғырлар бірлесіп Стамбұлда
іргесін қалаған аталмыш ұйым, Түркиядағы
қазақтардың тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін,
70-ші жылдардың орта шенінде арнайы комитет ұйымдастырады.
Бұл комитет қазақтың тарихи
оқиғаларының бас- Түркияға барған
қазақтар өзге елдерге
барған қазақтардан гөрі молырақ зерттеуді
қажет етеді. Өйткені,
1991 жылдың аяғына
дейін Түркия әлемдегі түркі тектес барлық халықтардың бірден-бір тәуелсіз елі болып келді. Сондықтан да жат жұрттық отаршылдық қанаудан қашқан барлық түркі тектестер өздері барып паналайтын бірден-бір ел ретінде Түркияны қалады /1/.
Түркияға
қазақтар 1952 жылдан бастап қоныс тебе бастады.
Түркияға қазақ
көшін Елісхан Тәйжі
Әліпұлы, Құсман
Тәйжі Зайыпұлы,Сұлтан Шәріп
Зұқаұлы, Құсайын Тәйжі
Төлеубайұлы,Қалибек Райымбекұлы, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтай
қатарлы жетекшілер бастап
барды. Міне, сол
уақыттан бері
қарай өткен жарты
ғасырлық
мезгілде олар туралы
бір сыпыра зерттеулер жасалды. Олардың
өз ішінен шыққан қаламгерлер
қазақтардың
тарихын және салт –
дәстүрін таныстырып кітаптар
жазды. Осындай еңбектерді
4 кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:
1. 1953 – 1960 жж. Түркияға
қонстанған
қазақтарды шетелдерге таныстыру кезеңі;
2. 1960 – 1980 жж. Түркиядағы
қазақтардың
өзін түрік жұртшылығына және өзінің
жас ұрпағына
таныстыру кезеңі;
3. 1980 – 1990 жж.
Қазақтардың
Түркиядағы
өмірін зерттеу кезеңі;
4. 1990
жылдан бері қарай Түркия қазақтарының
Атамекен, яғни
Қазақстанмен қарым
қатынас жасау
кезеңі.
Осы жолда көптеген тарихшылардың еңбектері жарияланған. Айта кетер болсақ, тарих ғылымдарының докторы
Әбдіуақап Қараның
«Түркиядағы қазақтар туралы жасалған
зерттеулерінде» қазақтардың
Түркияға Пәкістан және Кәшмірден
барғандығын жазады.
Олардың негізгі атамекені
Қытай қол астындағы Шығыс
Түркістан болатын.
1930 жылдары
Шығыс Түркістанның
қытайлық губернаторының езгісіне шыдай алмай
Гималай мен Тибет арқылы Үндістан және Пәкістанға ауа көшіп, алды 1940 жылы, арты 1950 жылы келген қазақтардың
алғашқы
легінің тобы 1952 жылдың қыркүйек айында Түркияға келді/2/.
1950 жылдары Түркия және Батыс Еуропа
елдері жұртшылығы қазақ халқын білмейтін, тіпті оның
атынан өзін естімегендері де көп еді.Көбінесе
қазақ халқы орыс
казактарымен шатастырылатын. Міне,
осы кезеңде кей ғалымдар, әсіресе қазақты бұрыннан білетін немесе білетіндердің кеңесі бойынша, «Қазақ»
деген халық кім және де ол
сонау Азияның кіндгінен
қалай келіп отыр деген
сұрақтарды қанағаттандырып, қазақтарды
әлем
жұртшылығына
таныстыруға тырысты.
Осы
мақсатпен
Түркиядағы
қазақ
диаспорасының тарихын көптеген ғалымдар мен тарихшылар зерттей бастады. Соның ішінде
ең
алғашқылардың бірі болып, Түркиялық
қазақтар арасынан шыққан зерттеушілердің бірі –
Халифа Алтай. Ол кісінің екеуі түрік, біреуі қазақ
тілінде жарық көрген үш еңбегі бар. Оның бірінші
еңбегі 1977 жылы түрік
тілінде жарық көрген
«Қазақ шежіресі» деп аталады. Бұл шағын
кітапшада Түркиядағы қазақтардың шежіресі жазылған. Екінші
еңбегі 1980 жылы «Естеліктерім»
деген атпен Стамбұлда қазақ тілінде
жарыққа шық¬ты. Халифа Алтай
өзі көш барысында куә
болған
оқиғаларды өлең
түрінде дастан етіп
жырлайды. Кітапта автор қазақтардың көші туралы
және де ондағы оқиғаларды баяндайды,
әсіресе, Үндістан мен
Пәкістанда өткізген өмірлеріне қатысты
құнды мәліметтер береді. Бұл Түркияда
қазақ тілінде жарық көрген алғашқы еңбек
болып табылады /3/.
Автордың үшінші әрі
кең тараған еңбегі
«Атажұрттан Анадолыға дейін» деген еңбегі болып табылады. Ол
1981 жылы Түркия мәдениет министрлігінің басылымдары арасында
Анкарада түрік тілінде жарыққа шықты. Онда
қазақтың салт – дәстүрі мен мәдениеті егжей – тегжейлі
әңгімеленеді. Бұл
кітап ықшамдалып қазақ тіліне аударылып 1995
жылы Алматы қаласында жарық көрді /4/. Бұл
еңбектер Түркиядағы қазақ
диаспорасының тарихын
зерттеуде маңызды рөл
атқарады.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Қ. Найманбаев, Қазақ диаспорасы
және қауымдастық //
Егемен Қазақстан- 2004.
2 . Алтын бесік, (Ел аралық қоғамдық – саяси,
әдеби-көркем журнал) № 5,
А., 2005.
3. К. Тасболатова. http:// www .turkystan.kz
4. Ә. Қара, Көне дәуірден бүгінге дейінгі
қазақтар және
Қазақстан, Алматы., 2006.