Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Психология және педагогикалық коррекция»

кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Матаева Б.Ү.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының

3 курс студенті Ибраева Ж. М

 

Оқушылардың субъектісін диалогтік оқыту арқылы дамыту

 

    Субъект аса жоғары белсенділік, біртұтас автономиялық деңгейіне  жеткен адам.  Бұл деңгейде адам жоғары жеке даралықты көрсетеді, яғни, өзінің мотивация, қабілет, психологиялық ұйымдасу ерекшеліктерін көрсетеді. Адам субъект болып дүниеге келмейді. Іс-әрекет барысында субъект болып қалыптасады. Субъект тұлғаның өзін-өзі ұйымдасуы, өзіндік бақылаудың нақты сапалы тәсілі. Сонымен қатар белгілі бір уақыт  барысында іс-әрекетті жүзеге асырушы ішкі және сыртқы жағдайлар кемшілігінің тәсілі. Субъект белсенділігі объективті және субъективті мақсаттарға қатысты тұлғаның шектеулердің, мүмкіндіктердің және қабілеттерінің келісімділік тәсілі. Субъект өзінің өмір сүру барысының  әрбір кезеңінде немесе сатысында қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында ашылатын нақты жүйелікке ие ретінде қарастырылады. Субъектінің өмір сүру барысында өмір сүру барысында оның басты құндылық құрылым механизмдері –  белсенділік, сана, қабілеттілік. Субьект психологиясының алғашқы ғылыми ілімдері С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе, Б.Г.Ананьев еңбектерінен бастау алады және гуманистік тұрғыда жалпы түрде қарастырылу жағдайлар кездеседі. С.А.Рубинштейн қалыптастырған субьект психологиясының А.В.Брушинский, К.А.Абылханов, Славская жалғастырып дамытты. Қазіргі кезде субьект психологиясының әдіснамалық қағидасы осы ғалымдардың іргелі еңбектерімен байланысты, және олар субьектінің әдіснамалық қағидасын құраған, сонымен қатар субьектілік іс-әрекетті теорияның маңызын ашып, кеңейтуге үлес қосқан. Аталмыш ғалымдардың ықпалымен қазіргі уақытта субьект психологиясын теориялық және практикалық тұрғыдан үздіксіз зерттеуде Журавлев, Знаков, Целеванов, Слабочников, Сукермен және т.б. ғалымдардың еңбектері жоғары дәрежеде.  Брушинскийдің пайымдауынша субъект бұл адам психикасы емес ол психикаға ие адам. Ол адамдармен іс-әрекетке , қарым-қатынасқа  түседі. Рубинштейн  бойынша субъект ретінде адам бұл оның барлық қиын және қарама-қарсы сапаларының, яғни психологиялық процестердің, күйлер мен қасиеттердің, саналы мен санасыздық деңгейінің жүйелілік тұтастығы. Мұндай тұтастық адамдардың жеке даралық және тарихи дамуы барысында қалыптасады.  Адам белсенді бола отырып, субъект болып туылмайды. Ол қарым-қатынас, іс-әрекет және басқа да белсенділік түрлері процесс барысында субъект болып қалыптасады.  Философиялық және психологиялық зерттеулерді анықталған субъект параметрлерін нақтылап жинақтау арқылы оның мәнін ашатын, жан-жақты сипаттайтын өлшемдік қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Осы зерттеулерге талдау нәтижесінде субъектінің мәнді қасиеттері төмендегідей:

1.Белсенділік; 2. Психологиялық қасиеттеріне бірлестік, тұтастық, ықпалдастық тән. 3. Психологиялық; 4.Дербес автономды; 5.Саналы; 6.Жасампаз; 7.Иманды, ізгілікті;  8.Рухты; 9.Жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті; 10.Қайратты ерік-жігер иесі; 11.Бастамашы; 12.Өзіне сенімді және басқалары сенім артуға қабілетті; 13.Өз тағдырының, өмір жолының авторы; 14. Дүниені танумен түрлендіруге қабілетті;  15. Қоғамды дамытуға белсенді; 16. Шығармашылыққа қабілетті;  17.Өзін-өзі тануға, өзін-өзі актуландыруға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті; 18.Психологиялық қасиеттерді процесстерді, жай-күйді өзекті етеді; 19. Іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеріп, оларды жетілдіре алады; 20. Өмір сүрумен іс-әрекетке жеке даралық сипаттағы стратегиялар мен мәнерлерді қолданады;  21. Өз болмысы мен басқа да адамның болмысын, құндылығын, даралығын күшейтеді; 22.Басқа да адамды субъект ретінде  қабылдауға , түсінуге қабілетті; 23. Қарым-қатынасты диалологтік  құруға, жетілдіруге қабілетті; 24. Қайшылықтардың қандайын да шешуге қабілетті. Оқушылардың субьектісін дамытуда сабақта көптеген әдістерді қолдануға болады. Соның бірі диалогтік оқытудың маңызы зор. Дилогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін,  қызығушылығын арттыруға , өзіндік ой-пікірін жүйелеуге мүмкіндік аламыз. Диалог  дегеніміз – өзіне  және  өзгеге  деген қарым-қатынасты  қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуға ерекше қызмет атқарады.  Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал.  Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Тиімділігі: Сабақта диалогтік оқытуды  жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді  байқауға  болады, оқушылар сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс  үстінде сұрақ қою  арқылы білім алады. Диалог  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлкен  үлес  қосады. Әуел бастан  оқушылардың  ерекшелігі жас ерекшелігі мен  пәнге деген зерттеушілік кезде қызығушылықтарын түсіне келе мектептегі өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушыларды жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл  мәдениетін қалыптастыруға,өз ойларын еркін жеткізуге  тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол  нәтижеге жету болатын. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы  жағдаяттарды ескере келе,  әр сабақта  диалогтік  оқытудың маңызы оқушылар  үшін пәнге деген   қызығушылықтарын  одан  әрі  арттырды себебі осы тәсіл арқылы оқушылар өз ойын еркін жеткізе алды.   Диалогтік  оқыту  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынастың  жақсаруына  ықпал  етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын   оқушылар  да  өздерін  бірте-бірте  аша бастайды. Сабақтың  тақырыбы  бойынша  оқушылар өз  ойларын  ашық  түрде  білдіре  бастайды. Басқа  адамдардың да,  өздерінің де жаңа бір идея туғызатындығына, оны  өз ортасында   салып  айтуына  болатынын  түсіне  бастайды. Жаңадан туындаған өз  идеяларын, пікірлерін  дәлелдеуге  қызығушылықтары  артады. Тиыннан теңге құралатыны сияқты,білім де оқығанның түйірлерінен құралады дегендей,  сөз  байлықтары  аз  балалармен  қандай  жұмыс  жасауға  болатынын диалогтік оқыту арқылы ашуға болады. Бүгінгі таңда тіл  мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың  сөздік  қорларын әрі қарай қалай жетілдіруге  болады?»-  деген  сұрақ  барлық  мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін  дамытуда сұрақтардың түрткі болуына, сынақтан өткізу және қайта бағыттау,  тиімділігіне  оңтайлы жол ашады. Әр сабақта оқушылар өз ойын еркін жеткізсе, тілінің шеберлігін, шешендігін көрсетсе, сабақта толығымен ойын жеткізіп сөйлесе, оның жауабын тыңдап, жоққа шығармай, кемшілігін көңілге тимей, қолдау көрсете отырып, түзетсек мақтау, мадақтай сөздермен айтып отырса оқушы ойын еркін жеткізетін болады.  Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім болмақшы. Сабақтарда әр түрлі  сұрақ-жауап арқылы оқушының  сыныппен  қарым-қатынасын жақсарта  отырып, білім алуына ынтымақтастырып, сөйлеу қабілетін дамыту керек. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.   Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.  Қорытындылай келе, диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.

Жалпы сұрақ қою арқылы мұғалім:

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.

- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.

- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.

 

              

                 Пайдаланылған әдебиеттер:

1.        Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение, 1985.

2.      Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968

3.      А.Р. Ерментаева монография