ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ – САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

 

Бадекова М.А.,

"Сәтбаев қаласының 1 мектеп-гимназиясы" КММ,

бастауыш сынып мұғалімі 

 

Мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға берілетін білім мен дағдының ең бастыларының бірі – сауаттылыққа тәрбиелеу. Басқаша айтқанда, оқушының сауатты жазып, өз ойын сауатты жеткізе білу қабілетін қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті.  Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі әліппе, сауат ашу, ана тілі секілді пәндерден сабақ беру барысында оқу жоспарын осы міндетті орындау мақсатына қарай құрастыруы керек. Осы мақсатта сабақта оқытудың заманауи технологияларының әр түрі қолданылады. Сондай технологиялардың бірі – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы дегеніміз - оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділіне баса назар аударылады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясында жұмыс міндеті 3 деңгейлік  қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

 Осы тұрғыдан алғанда, өзім сабақ беретін сыныпта «Әліппе» пәнінде дыбыстарды меңгерту барысында осы деңгейлік тапсырмаларды жиі қолданамын. Осы арқылы оқушылардың өз деңгейіне сай білім алуларын, сауаттылықтарын арттыруды көздеймін. Төменде осындай бір сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

 

 

Сабақтың атауы

Оо дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Әдістеме

Сабақтың жабдығы

Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар ақылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

а) Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыс деген не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

 

Қызығушықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Қосымша тапсырма.

а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу
3. Аюдың тапсырмасы:

Отан,торғай, топ сөздеріне дыбыстық математикалық талдау жасату.(скт)

Отанымыз қалай аталады? Отан туралы тақпақтар білесіңдерме?

Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық.Бауырсақ атасы мен әжесіне қайта келіп,олар қатты қуанып,сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.

4.Түлкінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс:о әрпін жазу.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Көлбеу қойып дәптерді,

Әдемі етіп жазайық.    
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне,керегі
Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек қасынан....

 

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.

Рефлексия 

Біз қандай дыбыспен таныстық?

О қандай дыбыс?

Әріп таңбасы неге ұқсайды?

 

Берілген жұлдызшаларды санау.

 

 

 

 

Формативті бағалау.

 

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

 

 

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

 

            Ұсынылып отырған сабақ жоспарынан байқағандарыңыздай, аталған пәнде дыбыстарды меңгертуде түрлі әдістер мен технологияларды қолдануға болады. Қандай әдіс-тәсілдер қолданылса да, бастысы сабақ өз мақсатына қол жеткізсе болғаны.

         Мектеп оқушыларының бойындағы болуы керек қасиеттер мен білім, қабілеттерінің бастауы – бастауыш сынып екенін ескерсек, оқушылардың сауаттылықтарын қалыптастыруда, жетілдіруде 1-сыныпта өтетін пәндердің орны қаншалықты екені айтпаса да түсінікті. Ал бұл бағытта пән мұғалімі оқытудың түрлі технологиялары арасынан ең тиімдісін пайдаланғаны дұрыс. Ал деңгейлік оқыту – біздіңше, сауаттылықты қалыптастыруда ең тиімді тәсіл болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. Алматы – 2000, 95б.

2.     Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы – 2005, 12 б.

3.     Баймаханова С. Деңгейлеп саралап оқыту//Қазақстан мектебі журналы, 2004-№10, 63-67 бб.

4.     Кемелжанова М. Деңгейлеп оқыту//Бастауыш мектеп журналы, 2005-№9, 45-46 бб.