Умарова А.Қ.
Чапаев
атындағы орта мектеп, Жамбыл облысы, Қазақстан
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бүгінгі таңда елімізде білім беру
жүйесінде жаңаша әдіс - тәсілдері жасалынып, бүкіл
әлемдік білім беру кеңістігіне бағытқа негіз
қаланған. Бұл мәселе өз кезегінде жаңа педагогика
мен оқу-тәрбие процесіндегі жүйелі әрі қолжетімді
жаңаруларға байланысты болып табылады, олай дейтін себебіміз, қазіргі
оқыту мен тәрбие беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас орнады.
Бұрынғы дәстүрлі білім
беру әдістемесінің мемлекеттік стандарт көліменде толықтай
меңгеруге ықпал ете алмайтынын мектеп тәжірибесі
дәлелдеді, сондықтан да жаңа инновациялық
әдістемелік жүйені оқыту процесінде жүзеге асыру
үшін оны технологияландыру қажеттігі туындап отыр.
Педагогикалық технология дегеніміз –
мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы
және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік
беретін іс-әрекетінің жиынтығын құрайды. Ал педагогиялық
технологиядағы негізгі міндет – оқушының
оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға
қойған мақсатқа толық жетуге ықпал етеді.
Әлемнің жетекші
елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім
берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның
нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің
қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен
дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес,
солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби
біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан
бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және
жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау» -
деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде
әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты
міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны
меңгеруі жатады [1].
Жаңа педагогикалық
технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы
бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу
үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен
В.П.Беспалько, В.В.Егоров, М.В.Кларин, В.М.Монахов,
Қ.Қабдықайырұлы, М.М.Жанпейісова, Ж.А.Қараев,
Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина, К.Ж.Бұзаубақова т.б.
ғалымдар айналысты.
Кеңестік дәуірде жеке
пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір
әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа
технологиясын мектеп өміріне
белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының
жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің
бірі — донецкілік математика пәнінің
мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады. Кезінде
оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға кездесті. Себебі, В.Ф. Шаталовтың әдістемелік
жүйесін жаңа жағдайда жұмыс жасауын психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және сипаттау жеткіліксіз болды [2].
Қазіргі
жас ұрпаққа математика пәнін тиімді меңгертудегі жаңа
технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға
қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету,
берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға
өз ойын рет - ретімен толық жеткізуді үйрету аса
маңызды.
Қазіргі
жаңа заман ақпарат дәуірі болғандықтан
әрбір адам компьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де
қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы
әлемі бізге өте үлкен көлемді мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте
зор көлемін өңдеуге көмектеседі.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың
төмендегідей артықшылықтарын атап өтуімізге болады.
Олар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта
қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен
меңгеру, өзін - өзі бағалай алуы, өз күшіне
сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны
ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.
Осылайша
ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай
нәтижелерге қол жеткізеді:
-
оқу материалын терең түсінуге;
-
оқу мотивациясының артуына;
-
алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына.
Ал
қазіргі математика сабақтарында көптеген жаңа
технологияларды қолдану ол тікілей мұғалімдердің кәсіби
шеберлігіне байланысты екендігі даусыз. Бұл жердегі мұғалімнің
кәсіби шеберлігі дегеніміз жаңа формациядағы
мұғалімді атауымызға болады. Қазіргі кезде жаратылыстану
пәндерінде жаңа технологиялық әдістерді ендіру
қиын деген пікірлер де көптеп кездесіп жатады. Дегенмен, математика
сабақтарында ерекше көрініс тапқан бірнеше
технологияларға тоқталып өтуге болады [3].
Математика
пәні бойынша оқыту процесінде ең көп көрініс
тапқан Қараевтың технологиясы. Бұл технологияны
математика пәнінде пайдалану оң нәтижесін көрсетіп
жатыр. Үш өлшем бойынша тапсырмаларды құрастыру
оңай. Өйткені, оқулықта тапсырмалардың өзі
үш деңгейде беріледі. Сонымен қатар бұл технологияны
пайдалана отырып, бір сабақта бағалау жүйелерін
құрастыруға өте көп мүмкіндік туындайды.
Өз іс тәжірибелерінде қолданап жүрген
мұғалімдер әр бір өлшемге өзіндік көрсеткіштері
немесе талаптарын құра отырып, шынайы бағалау сатысын
құрйды.
Қазіргі
көп қолданылып жүрген дамыта оқыту
технологиясының ерекшелігіне біршама ғалымдар(Л.С.Выготский,
Л.В.Занков, В.В.Давыдов) тұжырымдаған болатын. Жалпы математиканы
оқытуда оқушыға даму аймағын ұйымдастыру
өте маңызды. Выготскийдің салған іліміне
сүйенсек, математика пәнінде бірін-бірі оқыту ең тиімді
тәсілдердің бірі. Математика пәні бойынша
оқушылардың үлгерімі бойынша деңгейлері анық
көрінеді. Сондықтан мұғалімдердің басым
бөлігі өз іс тәжірибелерінде оқушыларды бірін-бірі
оқыту немесе бірінің көмегіне жүгіне отырып оқу
жолдарын қарастырған.
Жаңа
технологиялар жүйесінде көп қолданыста жүрген «сыни
тұрғыдан ойлау» – мұғалімнің бағыттауымен
оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым
– қатынас жасауға тәрбиелейді. Бағдарлама
көптеген стратегиялардан тұрады. Сабақтың
құрылымына қарай қолданған жағдайда
оқушылар белсенділігі артып, бір-біріне деген сенімі, өзінің
түсінігі мен түйсінуі арқылы жаңа білім
құрастыруға дағдыланады. Математика пәнінде, сыни
тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін
қолдану арқылы оқушыларды топаралық жұмыс
жасауға, топтардың жұмыстарын баяндауға, нәтижені
қорғауға, пікірталас туғызуға, талдау және
қорытындылауға үйрете отырып білім беру өте тиімді
екендігі дәлелденуде.
Қорыта
айтқанда, еліміздің жарқын болашағы, мектеп
қабырғасындағы бүгінгі жас ұрпақтың
терең біліміне және тәрбиесіне тікелей байланысты. Қазіргі
жаһандық оқыту жүйесінің талабына
сәйкес педагогика мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі
өзгерістерді қабылдай отырып, басқа да пәндер
сияқты математика сабақтарында да тиімді жаңа педагогикалық
технологияларды жүйелі әрі тиімді түрде пайдалану қажет.
Әдебиет:
1. Қазақстан
Республикасының “Білім туралы” Заңы /баптары бойынша
түсіндірмелерімен/ және оны жүзеге асыру жөніндегі
негізгі құжаттар. - Астана, 2000.
2. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі
инновациялық технологиялар. Алматы., 2005.
3. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды
оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. (Әдістемелік
нұсқау) – Алматы, 2002.