«Педагогические науки»
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ
ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жунисбекова Ж.А. – п.ғ.к., доцент,
Изтаев Ж.Д. – п.ғ.к., доцент,
М.Әуезов ат.ОҚМУ, Керімбеков
М.Ә. – п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның
филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ п.ғ.к., Шымкент, Момбиева Г.А. –
магистр, аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ,
Алматы
Казахстан
Математиканы оқытуда есепті шығару үлкен рольге ие.
Өйткені есеп шығару арқылы тек қана үйрету
әдістерін және белгілі есептер жүйесін шешу тәсілдерін
ғана үйреніп қоймай сонымен қатар пәннің
шынайлығы анықталады. Оқытудың толық
нәтижесіне жету үшін оқушы алған білімін
практикалық есептерді шешу барысында қолдана білуі қажет.
Осындай қадам, есептерді шешу негізгі мақсат және оқыту
құралы бола алады.
Есептерді шешу математикалық пәндер циклін оқытуда
оқушыларды оқыту-тәрбиелеу процесінде негізгі
элементтердің бірі болып саналады. Оқытудың бұл
түрі ойлау қабілетін қалыптастырады және дамытады.
Оқушыларға қажетті есептерді шешуге ұсыну
оқытушының шеберлігіне байланысты.
Берілген есепті шешу арқылы оқушы нені меңгеруі керек
және нені есте сақтауы керек және т.б.
Есепті шығару ықпал етеді:
1. Оқылған математикалық заңдар мен
заңдылықтарды практикалық қолдануға.
2. Оқушыларға арнайы математикалық білік пен
дағдыларды қалыптастырып оны дамытуға.
3. Оқушыларға пән аралық байланысты және
зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға.
4. Оқушыларға есептерді жанжақты талдап шешуге.
Әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай келе есепті шешу
дегеніміз – онсыз дұрыс нәтиже алынбайтындай, есептің
шартындағы берілгендер мен белгісіз өлшемдердің
арасындағы қайшылық шешілетіндей белгілі бір
анықталғын жүйенің тізбектеліп орындалуы.
Мектеп математика курсының мазмұны екі бөлімнен
тұрады. Бірінші – теориялық материал (түсінік және
анықтама, математикалық фактілер және теоремалар,
тұжырымдарды дәлелдеу және есепті шешу).
Екінші – теориялық материалға сәйкес есептер.
Математикалық оқытуда нәтижеге жету
оқушылардың сабақта және үйде қандай
есепті, қандай ретпен және қандай көлемде шығару
керектігіне байланысты.
Сондықтан математикалық есептерді шығаруға
үйретуге оқытуды ұйымдастыру барысында оқытушы
есептердің дұрыс тізбегін құруда
қиындықтарға кезігеді.
Әдістемелік оқулықтарда математикалық есептерді
классификациялаудың түрлі тәсілдері келтірілген. Әрбір
классификация белгілі бір дидактикалық есептерді шешу үшін белгілі
бір деігейде оқушыға да оқытушыға да көмегін
тигізеді.
Кеңінен таралған классификациялау оқу курсына байланысты
арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді.
Өз кезегінде бұл есептердің топтары шешу барысында
қолданылатын амалдарға қарай және бөлінеді. Мысалы,
алгебралық есептер:
- теңдеу немесе теңдеулер жүйесін құру
арқылы шешілетін есептер;
- дәлелдеуге арналған есептер;
- теңбе-тең түрлендіруге арналған есептер.
геометриялық есептер:
- есептеуге арналған;
- дәлелдеуге арналған;
- салуға арналған.
Бұлай бөлу жалпылама ғана болып есептеледі.
Оқытушы бұл классификацияның өзіндегі есептерді
қосымша анализ жасап оларды нақты дифференциялайды. Есептерді жалпы
түрде стандартты және стандартты емес деп классификациялауға
болады. Стандартты есептер бұл белгілі бір алгоритммен, әдіспен
шығарылатын есептер. Стандартты емес есептерге бұл шешімі белгілі
бір алгоритмге келмейтін есептерді жатқызамыз. Оларға кейбір
логикалық және олимпиадалық есептерді жатқызуға
болады.
Өзара байланысқан есептер жүйесін екі бөлімге
бөліп көрсетуге болады. Олар: негізгі және
творчестволық.
Негізгі бөлімде бағдарламадағы материалдар және
оқытудың негізгі нәтижелері көрсетіледі. Негізгі
бөлімде оқушының творчестволық жұмыс жасауына
қажетті мәліметтер қамтылады. Есептердің біртіндеп
күрделене түсуі, олардың арасындағы жүйелік
байланыс, қажетті әдістемелік қамдану оқушыларға
өз бетінше жұмыс жасауға негіз болады. Әрине есептер
жүйесін бұлай екіге бөлу шартты түрде ғана.
Себебі бұл оқу материалдарының күрделілігіне,
сыныптың мүмкіндігіне тікелей байланысты.
Литература
1.Билялова Ж.Т. Бастауыш сыныптарда математиканы
оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесі:
пед.ғыл.кандидаты ... дис.авторефераты. – Алматы, 2000. – 26 б.
2.Шуакбаева Р.С. Жоғары сынып оқушыларын
көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен
шығаруға үйрету әдістемесі: пед.ғыл.кандидаты ...
дис.авторефераты. – Шымкент, 2007. – 26 б.