Педагогика. Современные методы педагогики
Жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялардың білім
берудегі маңыздылығы
Арипбаева Бақыт Макеновна
қазақ тілі
мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі
№142 жалпы
білім беретін мектебі
Алматы қаласы, Қазақстан
Республикасы
ХХІ ғасыр – ғылым
мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай
қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен
жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру
үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі
көзі.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген..
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз
пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық,
педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық
сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім
беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне
еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан
болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші
тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Жаңа
технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине
мультимедиялық оқулығымыз - электрондық
оқулық. Білім берудің кез келген саласында танымдық
белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын –
электрондық оқулық. Электрондық оқулықты
пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін
жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер
арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу,
мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс
бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын
жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым
оқулықтарға қарағанда пайдалану
ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру
жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін
электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып
тұратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны
әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың
бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер
қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын
өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде
көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап
алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер,
видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге
болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға
жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады.
Компьютерлер
мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік
құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту
құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық
және ақпараттық сауаттылығын арттыруға
көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану
оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді
жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең
білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни
жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген,
ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп
жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл
тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай
халықтың, қай ұлттың болсын толығып
өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын
тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім
деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды
пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге
көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының,
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа
алған бағыты деп есептейміз.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың
жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық
жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Білім
беру жүйесі-
қызығы мен
қиындығы
күрделі сала. Бүгінгі жас
ұрпаққа
жан-жақты білім беру
тәрбиелеу- әрбір
ұстаздың
оқу тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір
мұғалімдер
сабақтың
жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің
тәжірибесін
қолданады. Қандай
әдісті пайдаланса да,
мақсат
бағдарламадағы
материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Бүгінгі таңда жан-жақты талантты, білімді, дарынды
дамын қалыптастыру бағытындағы білім беру
күн талабы. Осы тұрғыда бүгінгі күнде
мұғалімдерге білім берудің тиімді жолдарын
қалыптастыру, өзі таңдай білу еркіндігі тиіп
отыр.
Жүсіпбек Аймауытов :
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік
емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-
деген екен. Сондықтан
қазіргі таңда жаңа
техналогияны пән ерекшелігіне қарай,
қолдана
білу-оқытудың
мақсатына
жетудің бірден бір
жолы.Осы орайда кез келген
техналогиямен жұмыс жүргізгенде сол жаңашылдық
әдісті пән мұғалімі өзі
жақсы меңгеруі тиіс.
Бұл төмендегідей бағытта іске асады:
а)
Оқығанын меңгерту;
ә)
Сабақта қолдану;
б)
Шығармашылық
ізденушілік бағытта дамыту;
в)
Нәтижесі.
Қазір қолданылып жүрген сын тұрысынан ойлауды дамыту технология
төмендегідей
кезеңдер мен
әдіс-тәсілдерді
қамтиды:
Сын тұрғысынан
ойлау
![]()
![]()
Кезеңдері
Оқушылардың қызығушылығын ояту Зерттеу ояту,
не білдік?
Ойтолғау
Мен үшін
жаңалық?
Мағынаны тану
Не білгіміз келеді?
Әдісі
Топпен жұмыс жасау
барысында Вен диаграммасы, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстарды тиімді
қолдануға болады.
Бұл сын
тұрғысынан
ойлау техналогиясының тағы бір ерекшелігі мұғалімнің өзі
көп сөйлемей
оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыруында.
Сонымен қатар, тілді
практикалық игеруде оқытудың тиімді
техналогиясы
Ж.А.Қараевтың: «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» атты педагогикалық технологиясы болып
табылады.
Технологияның мақсаты:
а) баланың қабілетін ашу;
ә) шығармашылығын шыңдау;
б) іздендіру;
в) пәнге деген
қызығушылығын
арттыру;
г) іздендіру үрдісін
сақтай отырып,
өздігінен білім алып, дами
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру;
Осы
мақсаттарды
жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:
а) Оқушылардың өздігінен танымдық
іс-әрекетін дамытуға бағыттау;
ә) Жеке тұлғаны
дамыта отырып, білім сапасын
арттыру.
Сабақтың қызықты өткізілуі
мұғалімнің үнемі іздену,
ұтымды
әдіс-тәсілдерді
қолдануында. Қазіргі
таңда
мұғалімнің иновациялық техналогияларды
қолдануы сабақтың сапалы әрі қызықты
өтуіне ықпалын тигізеді.