Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері

 

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті

«Құқықтану» мамандығының Юказ-301 топ

студенті Оринбаева Жансая

«Құқықтану» кафедрасының оқытушысы

з.ғ.м., оқытушысы Амангелдықызы А.

 

Адамзаттың қолынан құрып бара жатқан экологияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиілеп кетті. Мемлекеттің байлығы – дені сау ұрпақ. Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен. Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.

Жарық дүниенің есігін мүгедек күйінде ашқан сәбилердің келешек тағдыры қалай қалыптасатынын ойлаудың өзі жанды ауыртады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әлеуметтік проблемалардың ең өзекті мәселесі – мүмкіндігі шектеулі жандар проблемасы. Сондықтан да ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы болып: мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қоғамдағы олардың рөлі, дұрыс әлеуметтенуі, жалпы мүгедектердің жағдайын барша қауымға түсіндіру болып отыр.

Бүгінде олардың негізгі проблемалары – жоғарғы білім алу және жұмыссыздық. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі  500 000-ға жуық адам бар екен. Соның 40 мыңы Алматы қаласында тұрады. Бұл адамдардың көбінің жоғарғы білімі жоқ, жұмыссыз үйде отыр. Бизнес пен өнердің орталығы саналатын Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алып, жұмыс істеуіне ешқандай жағдай жасалмаған соң, басқа қалалар мен аймақтар туралы сөз қозғамай-ақ қоялық. Мысалы, Алматыдағы жоғарғы оқу орындарынан арбада отырған немесе құлағы естімейтін студенттерді көргеніңіз бар ма? Жоқ. Тек көздері нашар көретін бірен-саран студенттер ҚазҰУ, ҚазҰП Университетінде білім алуда. Басқа мүмкіндігі шектеулі жастардың оқып жүргенін байқамадық. Бұл олардың білімге деген ұмтылысы, оқуға деген талпынысы жоқ деген сөз емес. Олардың арасында небір дарынды, небір таланттылар жеткілікті. Он екі мүшесі  шаң қаптырып кететін дарындалар бар. Сонда ойлайсың да, мектепті бітірген жастың оқуға қақысы бар да, арнайы мектепті бітірген жастардың оқуға қақысы жоқ па? Барлық Қазақстан азаматтарының құқы  бірдей емес пе еді?!

Мүгедектер санының ұдайы өсуі, бір жағынан олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық қабілеттілігіне тәуелсіз олардың әрбіреуіне көңіл бөлудің артуынан, екінші жағынан демократиялық азаматтық қоғамға тән. Мұның бәрі әлеуметтік-реабилитациялық қызметтің маңыздылығын алдын-ала анықтайды.

Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның
iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала,
бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл
цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың
өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.

Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстанда да әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Экономикалық өсу анағұрлым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғышарттар жасады. Мүгедектерді оңалтудың 2002–2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құру қамтамасыз етілді, стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі ұлғайды, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың көлемін көбейіп, сапасын арттырылды, мүгедектердің инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделді.

         Құлағы естімейтін мүгедек балаға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетіліп жатыр? Үшінші топтағы мүгедектердің алатын жәрдем ақысы 12500 теңге ол ештеңесіне жетпейді. Неге десеңіз оларда біз сияқты адам үйленгісі, үй алғысы келеді. Бірақ, бұл ақшамен ештеңеге қол жеткізе алмайды. Мемлекет білім береді. Бірақ жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Бір ғана Алматы сервис колледжінде 55-тен астам құлағы естімейтін бала бітіріп шығады. Ол жерде 4жыл бойы тегін білім алып, ай сайын жеңілдік ақшаларын алып отырады.  Бітірген білімі бойынша жұмысқа орналасайын десе еш жерде жұмысқа қабылдамайды. Көп бизнес орталықтар жеке кәсіпкерлердің еншісінде Кімге құлағы естімейтін қызметкер керек. Біз былтырғы жылдан бастап тігін тігу және шаш қию орталығын аштық. Шағын бизнесте жүрген азаматтарға айтқым келетіні құлағы естімейтін мүгедектерімізді жұмыспен қамтамасыз етсе деймін. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етсін деген заңда бар. Заң бар жақсы жазылған, бірақ ол іс жүзінде қолданылмайды. Венгрия, Руминия елінде бұлардың алатын жәрдем ақысы 500 евро, Америкада 1000 доллар Финляндияда 800 евро. Барлық европа елдерінде осылай бағаланады және айына бір рет тегін ұшақпен баратын жерлеріне барып келеді. Бізде тіпті ұшақпен ұшпағаны былай тұрсын. Қоғамдық көліктерде жеңілдіктер жоқ. Алатын жәрдем ақылары 100 долларғада жетпейді. Табиғатта жаратылысымен осындай балаларға үкімет жақсы қамқорлығын аямай көмектессе екен деймін. Олар 12110 теңгеге өмір сүре алмайды. Алған ақшалары ешбір керек заттарына жетпейді. Мемлекет тарапынан қолдау аз.[

Қазіргі таңда Қазақстанда 609,8 мың мүгедектер тұрады, олардың ішінде 65 мың – мүгедек-балалар. Пайызға шаққанда мүгедектердің үлесі Қазақстан халқының 3,5% құрайды. Мүгедектердің мәселелерін шешу әлеуметтік қамтамасыз ету аясында (мүгедектік бойынша жәрдем ақы көлемі, әлеуметтік көмек түрлері және т.б.) ғана шектеліп қалмайды. Осыған байланысты мүгедектік пен мүгедектігі бар адамдарға қандай көзқараспен қарау өте маңызды.

Қазақстанның даму деңгейінде, әлеуметтік Министірліктердің сыртқы ортамен белсенді әрекеттесуінде, мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдарының әлеуетінің бірітіндеп өсуінде,  мүгедекке қана көңіл бөлу емес, сонымен қатар мүгедекке қоғамда толыққанды өмір сүруі мен жұмыс істеуіне кедергі жасайтын қиындықтар мен кедергілерді жоюға көңіл бөлетін мүгедектіктің әлеуметтік үлгісіне көп көңіл бөліне бастады. Ол біз мүгедек жандарға жанашыр болып жүрген адамдарға өте жақсы жаңалық.

         1. Мүгедектер проблемасы қазіргі заманның аса өткір әлеуметтік проблемаларының бірі. Оның ауқымын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері былайша келтіреді: 600 миллионнан астам адам, яғни жер жүзіндегі халықтардың 10 пайызы қандай да бір мүгедектіктің нысанына ие екен. Көптеген елдерде ең аз дегенде он адамның біреуі физикалық, ақыл-ой немесе сенсорлық кемшілікпен азап шегеді екен. Қазақстанда Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері бойынша 386.2 мың мүгедек тіркелген. Оның 60 мыңы – жасы 16-ға толмаған балалар болса, 60 мың мүгедек туа біткен мүгедектер екен. Ал медико-эксперттік комиссияның мамандардың пікірінше мүгедектердің шынайы саны бұдан да көп. Қазақстандағы мүгедектер санының өсу халықтың өсу пайызынан да асып кетеді: жыл сайын 50 мыңнан астам мүгедек болса, олардың еңбекке қабілетті жастағылары – 30мыңнан астам. Жалпы еліміздің халқының мүгедектерінің жасару процесі байқалып отыр.

         2. Мүгедектер халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатына жатады. Олардың табыстары орташа есеппен әлдеқайда төмен де, медициналық және әлеуметтік қызметке деген қажеттіліктері әлдеқайда жоғары. Мүгедектерге еңбек нарығында дене дамуы жағынан толыққанды адамдармен теңбе-тең бәсекеге түсу мүмкін емес, жұмыссыздық өсіп тұрған кезде олардың қоғамдық өндіріске қатысуы барынша қысқарады.

3. Қамқорлығында мүгедегі бар отбасылары мен туыстары әдетте барынша материалдық және психологиялық қиындықтарды бастан кешіреді. Осындай барлық жағдайлар мүгедектерді, соның ішінде жастарды әлеуметтік жұмыстың обьектісіне айналдырады.

4. Адамдар өздерінің жасаған қылықтарына нақты ой салып қарайтын болса, бізде мұндай кемсітушіліктер болмайды деп ойлаймын.

5. Орны толмас өкініштің құрбанына айналып жатқан мүгедектеріміздің жағдайы арнайы ертеңгі күні не болары белгісіз. Әрбір адамзат өз денсаулығы мен болашағын ойласа игі еді. Табиғатыңызды ластаумен қатар біз өзімізге қауіп төндіріп жатқанымызды естен шығармайық, ағайын!

                     

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. 1995 жылдың 30 тамызындағы ҚР Конституциясы.

2«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы.

3.2002 жылдың 11 шілдесіндегі «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагоникалық коррекциялы қолдау туралы» ҚР Заңы

4. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы»ҚР-ның 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы

5.Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат-үйі туралы ҚР орт.атқ. және өзге де мем.орг.нор.құқ.акт бюллетені

6 «Егемен Қазақстан»2002 ж,. 10 қазан Атаулы көмек :оның бүгіні мен болашағы

7.Әбдірәш Ә. Мүгедектердің мұң-мұқтажы мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс.Егемен қазақстан 2003 17 мамыр.

8.Әженов МҚазақстанның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік құрылымы «Ақиқат» 2006 №3.

9. 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы.

10. «invalid.kz» Қазақстан мүгедектерінің порталы.

11. 2007 жылдың 24 қаңтарындағы «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция.

12. Әлеуметті қамтудың аймақтық орталықтарында әлеуметтік қамтамасыз етудің типтік ережесі.

16. 1989 жылы БҰҰ Заң күшіне енген «Балалардың құқығы туралы» Конвенция.