Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті “Психология және
педагогикалық коррекция”кафедрасының
аға оқытушысы, магистрі МатаеваБ.Ү. “Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану” мамандығының 3 курс студенті Пайз А.
Ажырасудың бала психологиясына тигізетін
әсері
Отбасы-қоғамның
ажырамас бөлігі. Ешқандай өркениет отбасысыз болған
емес. Отбасы адам тағдырының зертханасы, ол жеке бастың
ғана емес, сондай ақ халықтық, қоғамдық,
мемлекеттік болып та табылады. Отбасы өмірге адам әкелу, оның
қажеттілігін өтеу, өмірге жан жақты даярлау, яғни
әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық
түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік инситут.
Отбасылардың
ажырасуының қарапайым себептері: мінез жарастығының
болмауы, сүйіспеншіліктің болмауы, бала сүймеу,
отбасылық өмірге бейімсіздік, көзге шөп салу, жат
қылық, маскүнемдік немесе нашақорлық,
материалдық жағдайдың төмендігі немесе тасып
толушылық баспана мәселесінің шешілмеуі, аурулы болуы.
Өкінішке орай үш жұп некелесуге өтініш берсе, екі
жұп ажырасуға тілек білдіреді. БАҚ мәліметіне
және статистикалық мәліметтерге жүгінсек
ажырасудың 75% әйелдердің бастамасымен болады. Алматы
қаласындағы ажырасу себептерін зерттеулердің 75%-78% арасында
некеде ақша мәселесі маңызды рөл атқармайды, ал
неке келесі:
Ø Жұбайлардың біреуінің арақ ішуінен;
Ø Үй шаруашылығы бойынша рөлдердің дұрыс
бөлінбеуінен;
Ø Мәдениеттің төмен деңгейінен;
Ø Жұбайлардың бір-біріне қойған талаптарына
қарсылықтан басталады.[1.]
Ажырсу
көптеген балалардың психикалық жағдайларының
нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс
түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына
мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез
құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін
түсінбейді. Баланың мінез-құлқындағы
өзгерістерді ата-ананың сындары мен кіналаушыларының
өзара байланысты екендігінде түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің
орнына ,одан сайын одан өзін жалғыз сезініп, ажырасу
жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын
күшейе түседі. Нәтижесінде ата-анамен конфликтіге апаратын
мінез-құлық ата-ананың жан қуатын, ескермеушілер
мен сындардын жұмсауын талап етеді. Әр жыл сайын ажырасудың
әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың отбасы
қосылып отырады. Ең ауыры,бала ата-анасының біреуінде
тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына әсер
етеді.
Толық
емес отбасы-бұл толық емес, үзілді кесілді байланыстағы
, дәстүрлі қарым-қатынас жүйесі жоқ кіші
топ: ана-әке, әке-бала, ана-балалары, бала-ата-әже.
Толық емес отбасыда психологиялық климат бұзылады. Оған
тән нәрсе шеттелу қоғамнан тыс алу. Көбінесе
толық емес отбасы-ананың бір немесе одан да көп балалармен
болуы. Мұндай отбасыда ана өзіне тән емес көптеген
қызметтерді атқаруға мәжбүр болады. Сонымен
қатар, толық емес отбасында балалар бір жақты феминистік
тәрбие алады.
Вильям Сатирдің айтуы бойынша,
толық емес отбасындағы бала тұтастай ер адамды және
тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне
алмайды. Баламен қалған ата-ана үшін екінші жоқ анасы
немесе әкесі туралы негативті, яғни, жағымсыз пікір
қалыптастыру қиын емес. Балалар қалған әйел
оларға барлық еркектер сондай жаман деген ойдың
қалыптасуына барынша күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл
бала «ер адам» болу жақсы емес дегенге сенеді, сол себептен ол
өзінің де жақсы емес екендігіне күмән келтіреді.
Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын
ұл балаларда жалғыз басты анасымен
тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады,
әлеуметтік жүріс тұрысы бағытталған және
танымдық мүңкіндіктерін көп көрсететіндігі
анықталған.
Зерттеулер
көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен,алдыңғы
отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады.
Жасөспірімдік кезеңде балалар өгей әкенің немесе
өгей шешенің болуына әрең қиындықпен
үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы
жылдар стресске толы болады. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдер
көбі бақытта жұп құруға өте тырысады және өз
ата-анасының жіберген қателіктерін өз балаларына
қайталамауға үлкен талпыныстар жасайды. [2.]
Ажырасуға
баланың реакциясы депрессия немесе өмірінің
өзгергендігін толық мойындаумен
көрінуі мүмкін. Кейбір балаларда ата-анасын татуластыру идеясы басым болады және олар
ұзақ жылдар бойы осы нәтижесіз талпыныстарды
жалғастырулары мүмкін. Кең тараған реакция ашу-ыза
болып табылады. Әдетте бала өзінің қаскөйлігі
үшін кінәлі сезінеді және осы сезімді жеңуге
көмектесетін әртүрлі тәсілдерді іздейді. Кейбір балалар
ашу-ызасын бірге тұратын анасын бағыттайды, кейбіреулерінде
тітіркенушілік кездеседі, ал қайсібір ата-атасының
жайлылығымен мазасызданғаны сонша, өздері ауырып
қалады. Басқа балалар өздерінің жаман ойлары
ата-анасына зиян келтіруі мүмкін деп санайды, сондықтан оларда кінә
сезімі мен қорқыныш мен қорқыныш пайда болады. Бір
ата-анасын жоғалтқаннан кейін, бала өзімен бірге
тұратын ата-анасының бірге болатынына әлдеқайда аз
мазасызданады. Сондықтан ол көп күмәнданып,сезімтал
болады. Ата-ананың бірі өзінің кетіп бара жатқанын
түсіндіріп кетеді,бала кетуші ата-ананы өзінен бас тартуды адам
ретінде қабылдайды. Бала өзін кінәлі сезініп және
ажырасу оның кінәсі үшін болып жатыр деп санайды.
Көптеген балалар, әсіресе ажырасуға кенеттен тап болған
кішкентай балалар, ата-анасының жекелік сәтсіздіктері олардың
балаға қарым-қатынасынан маңызды деп түсіне бастайды.
Баланың эгоцентризмі үшін бұл қатты соққы.
Ажырасу бойынша балада кінә сезімінің дамуы қорқынышты
тудырады. Бірақ өзін жауапкер ретінде сезінбейтін балалар да, ауыр
мазасыздықты сезінеді. Көптеген балалар әкесін
жоғалтқаннан кейін , енді анасын жоғалтудан қорқа
бастайды. Саналы қорқыныш бірінші кезекте махаббат
мәңгілік емес деген ашылыммен байланысты. Көптеген ата-аналар
ажырасуларын былай түсіндіреді: «Анаң мен әкең бір
бірін түсінбейді,олар көп ұрысады және
бұрынғыдай бір-бірін жақсы көрмейді». Бала бұдан
мынандай қортынды шығаруы мүмкін: «Егер әкем анамы
жақсы көрмесе және сол үшін кетіп бара жатса,онда
меніде ертең жақсы көрмей тастап кетуі мүмкін...».
Мұндай ойлар-олар саналы немесе санасыз болсада ажырасудан кейін бала
әрекетінің өзгеруіне себепші болады. Кейде олар жағымды
болуы мүмкін. Бала өзін тастап кетпес үшін сұраныстарын
және агрессиясын ысырып, қақтығыстан
қашқақтайтын болады.
Өкінішке орай,
ата-ананың ажырасуы баланы отбасы ішіндегі қақтығыстан
әрқашан құтқара бермейді. Ажырасқан ата-аналардың
50%-нан көбісі «суық соғыс»жағдайында ұзақ
жылдар қала береді. Сол уақытта бала бітпейтін реніштермен
кекшілдіктің қаруына айналады. Бала ажырасу қиындығын
жеңіл өткізу үшін ,оның әкесімен де, анасымен де
максималды жақсы қарым-қатынас сақталу керек. Бұл
ең алдымен ата-анаға байланысты:егер олар жағдайды
ушықтырмай, бірін-бірі кіналамай , баланы бір-біріне қарсы
қоймаса және онымен неғұрлым ашық болса, онда
бала бұл жағдайда соғұрлым оңай бейімделеді.
Өкінішке орай,көбінесе ата-ана баласын артық уайымдаулардан
қорғау үшін ажырасу фактісін соңғы
кезеңдерге дейін асырады.
Ажырасудан
кейін ата-ананың екеуіменде баланың байланысын ұйымдастыру
ерекше тапсырма болып келеді. Әрине,егер әкесі үнемі
балаларына келіп, олармен бірге қыдырып тұрса-бұл керемет. Сонымен
қатар, баланың кетіп қалған әкесімен біраз
уақыт бірге тұру мүмкіндігі болса, мысалы, демалыстарын бірге
өткізу, бұл өте жақсы болады. Ажырасқан
ата-ананың бала тәрбиеленуіне үлестері тең
болса,бұл ол үшін жақсы.[3.]
Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні барлық
мәліметтерді саралап, талдағандағы ой түйін
,тәрбиені отбасынан бастап , барлық жас буынға отбасы, неке
құндылықтарын жастайынан бойына сіңіруіміз қажет
және отбасындағы ажырасу процесін болдырмауға тырысуымыз
керек. Осы процесте бала тәрбиесіне үлкен мән беруіміз
қажет. Отан отбасынан басталады демекші, отбасының беріктігі,
берекелігі-мемлекетіміздің мәртебесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Э.Туганова.М.Дабылтаева.Жастар арасындағы отбасы түрлері мен
ажырасу себептері//Ұлт тағылымы-№4(1)-2010
2. А.Нусипова. Ажырасу жағдайының жасөспірімнің
эмоциональды-тұлғалық сферасына
әсері//Қазақстан жоғарғы мектебі-№2-2011
3. Д.Сабабекова.Ажырасудың бала психологиясына тигізетін
әсері//Отбасы психологиясы-№1(5)-2009