Психология/Психология развития
Психология және педагогика магистрі, аға оқытушы
Даутқалиева П.Б.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
ТҰЛҒА
ТӘРБИЕНІҢ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттерінің айқын және спецификациялық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекеттіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «тұлға» деген ұғымдардың қатары даралық деген ұғыммен толтырылуы қажет.
Жекедаралық ұғымы бір
адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған
өзіне тән қайталанбас қасиеттер беретін жалпы мен
жекеден тұрады.
Адам қасиетін
түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл
сөз латын сөзінен алынған және оның
қазақша баламасы – жекелік. Индивид – адамзат
тұқымының еш қасиеттері ескерілменген бір өкілін
білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид.
Психологияда тұлға деген ұғымға мынандай
анықтама береді:
Тұлға дегеніміз -
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетттердің
субъектісі ретіндегі индивид.
Тұлғаның басты белгісі –
оның әлеуметтік менінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды атқаруды.
Тұлғаның ең
маңызды белгілері – оның саналылығы,
жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.
Тұлғаның даму мен қалыптасу мәлесінің
көп ғасырлық тарихы бар.Тұлғаның
қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі
дәуірлердің прогрессивті философиялық және
психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын
тапқан (Э. Роттерданский, А.Я. Коменский, К.А. Гельвеций, Д.Дидро,
А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс,
З.Фрейд; Д.Дью, Э.Торндайк, Н.К Крупская, Б.Б. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С.
Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.)
Тұлғаның
дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы
сандық өзгерістер процесі.
Тұлғаның
дамуы дегеніміз – адамның анатомиялық,
физиологиялық жетілуіндегі, оның жеке жүйесі мен
психикалық дамуындағы, сондай-ақ танымдық және
шығармашылық іс-әрекетіндегі оның дүние танымы,
өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары
мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және
сапалық өзгерістердің өзара тығыз
байланыстық процес.
Сонымен
адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты –
биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады.
Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы
барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Тұлғаның
дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
1.
Тұқым қуалаушылық.
2.
Орта (биологиялық, географиялық, әлеуметтік).
3.
Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие.
4.
Тұлғаның іс-әрекеті.
Американдық
психолог және педагог Э. Торндайктың пікірінше, тұлғаның
барлық қасиеттерін тек тектілік, тұқым
қуашылық ғана анықтайды. Оның ойынша,
ақыл-ой қабілеті балаға көздері, тістері және
саусақтарының сияқты дүниеге келгеннен-ақ
беріледі.
Тұқымқуалаушылық
деп генетикалық
код арқылы атадан балаға түр ұқсастығы мен
кейбір ерекше қабілеттілігі нышанының берілуін айтамыз.
Ата-аналарынан балаларына тұқым
қуашылық арқылы:
- дене бітімінің ерекшеліктері;
- шаштың, көздің,
тері қабатының түсі сияқты сыртқы белгілер;
- қан тобы, резурс-фактор;
- бала
мінез-құлқының негізін құрайтын жүйке
жүйесінің ерекшеліктері, психикалық процестердің
өту ерекшеліктері;
- қан аурулары, қат
диабеті, кейбір эндокриндік бұзушылықтар;
- кейбір ерекше қабілеттіліктер
нышаны.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді
әсер ететін, өз өміріндегі жағдайларды өзгерте
алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырылады.
Орта деп бізді
айнала қоршаған бүкіл дүниені айтады.
Биологиялық және
географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері
қабатының түсуіне айналысатын еңбек
түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына,
салт-дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.
Әлеуметтік орта сол
орта үшін құңды болып табылатын бүкіл адами
қасиеттер мен қабілеттермен, табиғатпен, адамдармен,
қоғаммен қарым-қатынас нормаларының
қалыптасуына ықпал етеді.
Тұқымқуалаушылық пен
ортаның адамға ықпалы мақсатты түрде
жүргізілетін тәрбиеарқылы
түзетіледі. Тәрбиенің тиімділігі оның
мақөсаты, жүйелі және білікті жүргізілетіндігінде.
Тәрбиешінің мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету
алдын-ала жоспарланған мақсатқа сәйкес
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына
әкеледі.
Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан
– ақ тақта сияқты таптаза болады, сондықтан
тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ
тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің
маңызын көрсетті.
В.Г. Белинский
тұжырымдауынша, өмір жазатын әріптердің мәні тәрбиеші мен
жазы құралына және сол тақтаның өз
саласынан байланысты деп жазды. Мұнда ол тәрбиенің ролін
аса дәріптеді.
Тәрбиенің
тиімділігі оның
мақсатты, жүйелі және білікті жүргізілетін-дігінде. Тәрбиешінің
мақсатқа сай, жүйелі ықпал ету алдын-ала
жоспарланған мақсатқа сәйкес,
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына
әкеледі.
Іс-әрекет деп адамның
бүкіл айналысатын, шұғылданатын істерінің
барлығын айтады. Адамның өз қолымен жасап
көрмеген іс-әрекетті оның санасында із қалдырмайтын.
Іс-әрекет
бағыттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
– танымдық іс-әрекет;
– қоғамдық
іс-әрекет;
– спорттық іс-әрекет;
– көркем өнерлік іс-әрекет;
– техникалық іс-әрекет;
– қолөнерлік іс-әрекет;
– гедоникалық іс-әрекет.
Тұлға туралы теориялар.
Тұлға
теориясы – бұл
адам бойынша болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.
Бұл теорияны негізгі екі функцияны
атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді
және алдын-ала болжайды. Тұлға теориясы адамның жеке
басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан
жүйесіне түсініктеме береді.
Психодинамикалық теория. З. Фрейдтің (1856-1939 ж.ж.)
психодинамикалық теориясында тұлғаның
мінез-құлқы мен іс-әрекеті психоанализ
тұрғысынан ішкі бейсаналы ұмтылыстары арқылы негізделген.
Тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон). Бұл теория бойынша,
қоғамға және жеке адамдарға, олардың
барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы
тепе-теңдік теориясына негізделген.
Эриксон теориясының
артықшылығы – биологиялық жетілу жолдарының адам өмірінің
барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық,
психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. Әлеуметтік
үрдістермен байланыстылығын анықтайды.
Джулиана
Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын
Джулиана Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа
адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік
әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіреді.
Альберт Бандураның
әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория өзара детерминизмге
негізделген. Ол тұлғаның және әрбір адамның
қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі
өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл
теория бойынша мінез-құлық реакциясы мен
айналадағылардың дамуы, ортамен бсыпайы түрде
қарым-қатынас жасауға негізделген.
Джорж Келлидің
тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).
Тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында
конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған
ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды.
Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның мінезін
айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар
қалыптасады.
Карл
Роджерстің тұлғалық феноменологиялық теориясы
(1902-1987 ж.ж.). Бұл теорияның авторлары
феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің
және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана
дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем – оның феномені
қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде
болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның
уайым тартуы тұлғаның жекелей іс-әрекетінің
мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы
кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып
есептеледі. Ол субъектінің белсенділігін туғызатын, және сол
белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Іс-әрекет белсенді
және енжар болуы мүмкін.
Дамудың
қозғаушы күші қайшылықтардың күресі
болып табылады. Қайшылықтың түрлері: ішкі
қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы
қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.
Ішкі қайшылықтар
адам «өзімен
өзі келіспеген» жағдайда, өзінің бойында бар
тұлғалық қасиеттер мен қабілеттерге
көңілі толмай, сапалық жағынан жаңа
қасиеттер мен қабілеттерге ұмтылған жағдайда
пайда болады. Негізгі ішкі қайшылықтардың біріне адамда пайда
болған жаңа мұқтаждық пен оны
қанағаттандыру мүмкіндігінің арасындағы
қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән
олимпиадасына қатысуға ұмтылуға мен оның осы
пәнге қатысты ғылым саласынан нақты
білімінің, білігі мен шығармашылық ойлау деңгейінің
арасындағы қайшылық.
Сыртқы қайшылықтар адамның
сыртқы дүниемен өзараәрекеті барысында
қалыптасады.
Жалпы (әмбебап)
қайшылықтарға әрбір адамның, сондай-ақ
жалпы адамзат дамуының қайнар көзі болып табылатын
қайшылықтар жатады. Мысалы, бұларға
рухани және материалдық қажеттіліктер арасындағы
қайшылықтар, әсіесе мектеп жасында көрініс табатын сана
мен мінез-құлық арасындағы
қарама-қайшылық, және адамдарда объективті факторлар
әсерінен пайда болатын мұқтаждықтар мен оларды
қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы
қайшылықтар жатады.
Жекедара қайшылықтар әрбір
жеке тұлға дамуының
нақты жағдаятымен шартталады. Бұл қайшылықтарды
шешуге тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу
үрдісі септігін тигізеді. Мысалы: бұрын мүмкіндігім жоқ
болатын, ал қазір бар, бұрын істей алмайтынмын-қазір істей
аламын, бұрын білмейтінмін- қазір білемін.
Сонымен,
тәрбие қоғамдық құбылыс бола тұра,
тұлғаның түрлі қайшылықтарын шешіп,
оның дамып, есеюіне әсер ететін маңызды шешуші фактор болып
табылады.
Әдебиетер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. – Алматы, 2004
2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. – Алматы: Алла прима, 2012.
– 207 б.
3. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., 2007. – 350 с.