Болтаева С.Ж.

                                                                                      Нархоз Университетінің                  

«Жалпы білім беру пәндері»

кафедрасының аға оқытушысы

 

     ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

        Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігінің интеграциялану процесі орын алып жатыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптасуда. Осыған орай, Жоғарғы оқу орындарындағы білім беруде педагогтарға қойылатын талап деңгейініңде артары анық. Бұл инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық жағымен ұштасуы болып табылады. Қазіргі студентке заманауи білім беру оның бойындағы талантын ашып, ары қарай дамуына жол ашу, уақыт талабына айналды. Мүмкіндігі бар қабілетті азаматты жан-жақты баулу, оның ғылымға,  қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттыру, қоғамдық маңызы бар жобаларғақатыстыру үлкен нәтиже беретіндігін тәжірибе дәлелдеді. Студентті  тұлға ретінде толық қалыптасуға кез-келген Жоғарғы оқу орнында мүмкіндіктердің  жасалуыда бүгінгі күннің талабы болып отыр.

       Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін алға тартады. Осы бағытта Қазақстанда әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасу мақсатында атқарылып жатқан жаңашыл идеяларда өз нәтижелерін көрсетіп жатқандығын баспасөз арқылы көру,есту жаңа бағыттарға жетелейді.           Шетелдік тәжірибелерді зерделеп, тиімді жақтарын өзімізге енгізу талабы туындап отыр. Дегенменде бұл тұрғыда әр елдің өз жолы болуы заңды процесс. Олай дейтін себебім,әр ұлттың менталитеті бар. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік үрдісі мүлдем жойылып кетуі мүмкін емес жағдай.

          Қазіргі таңда уақыт талабына сай бетбұрыс жасау әбден керек.  Мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени деңгейімен  білім сапасының дәрежесіоның әлемдік орнын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен Қазақ елінің білімі мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар айқындайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік сұлбасы қалыптасып жатыр. Бұл білім саласындағы бағдарламалардың өзгеруімен жаңа оқыту әдістерінің енгізілуімен  қатар жүруде. Оқыту әдісіндегі жаңа ұстанымдар студенттерден  өз бетінше көбірек жұмыс істеуді, ізденуді талап етеді.

         ЖОО  әлемдік стандартты енгізудің нәтижелерін  түрлі мамандықтар бойынша білім алушы студенттердің жұмыс қарқынынан байқай аламыз. Қоғамда оған алғышарттар жасалған. Оның басты көріністерінің бірі- заманауи ақпараттану. Кеңестік дәуір түлектеріне қиял болған  уақыт енді жетті. Ғылым саласының өзінде шетел жаңалықтарын білгісі келіп құмартқан жаңашылдардың қудалану күндері тарихта қалды.Ендігі жерде ақпараттық қоғамда өмір сүруші азаматтың талабы мағыналы болып табылады. Бұл студенттің ізденісінен,белсенділігінен,қабілетінен көрініс табатын жағдайлар. Нақты алғанда, қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті мамандар дайындау  негізгі стратегиялық мақсат болып отыр.

             Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір Жоғарғы оқу орныныңда қызмет етуші педагогикалық  қауымның алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Аталған міндеттерді жүзеге асыруда елімізде атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстар бар. Осыған орай, бүгінгі ЖОО мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарымен оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда. Оның ішінде бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­ мәселесіне ерекше мән берілуде. Елімізде бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру заманауи талап болып табылады. Ол біртіндеп бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни ақпараттық қоғам құру.  Ол арқылы студенттің логикалық – құрылымдық ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін студенттердің творчестволық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Ақпараттық қоғамда ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілік қалыптасады. Оның ұтымдылығы студенттің аз уақыт жіберіп көп білім алуында, тапқан ақпаратты өзгелерімен салыстырып оның артықшылықтарын ажыратып талдау жасап яғни логикалық операцияларды өз бетімен орындау мүмкіндіктерін пайдалана алуында.

       Бүгінгі таңдағы білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – замануи үрдіс. Бұл әсіресе оқыту процесінде байқалады. Мысалы, дәрісті, тәжірибе сабақтарын, СОӨЖ, СӨЖ  т.б. оқытудытүрлендіріп өткізудің тиімді жақтары мол. Әр тақырыптың мәніне қарай презентация әзірлеу, электронды оқу құралдарын, пәннің сипатына қарай интерактивті тақтаны қолдануүйреншікті қалыпқа айналуы тиіс. ЖОО білім беруді ақпараттандыру жағдайында  ақпараттық сауаттылықты, ақпараттық мәдениетті және ақпараттық құзырлылық  сияқты қабілетті қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

       Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне творчестволық жолмен баратын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

   Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру ЖОО білім алушылардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттыруға алып келеді. Жалпы алғанда Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді. Пәндердің өзара байланыс деңгейі педагогтардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі Демек, бүгінгі білім саласының мақсат-міндеті бүгінгі студент ертеңгі маманның жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып табылады. Ертеңгі маманның уақыт талабына сай білім алып, өзін осы қоғамның толық және белсенді мүшесі бола алатындай сенім, күш-жігер қалыптастыру әр педагогтың парызына айналуы тиіс.