Экономические науки/ 2. Финансовые отношение
Капанова Шолпан
Аманжоловна
«Қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы, экономика
ғылымдарының магистрі
Сәрсембек
Ақерке Сәрсембекқызы
«Қаржы»
мамандығының 2 курс студенті,
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
қаласы
Айналым капиталын қалыптастыру көздері
мен айналым қаражаттарының
тиімділігін есептеу көрсеткіштері
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені маңызды жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдайында үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру үдерісін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің
құрылымы:
- меншікті көзді;
- қарыздық көзді;
- қосымша тартылған көзді қамтиды.
Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады.
Айналым
жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
-
күнмен саналатын айналым капиалының айналымдылық
ұзақтығы арқылы;
-
айналымдылықтың тура коэффицентімен;
-
айналымдылықтың кері коэффицентімен;
Айналым
капиаталының күнмен саналатын айналымдылығы айналымның
бірінші сатысы – шикізат, материалдар мен жартылай өңделген
өнімдерді сатып алудан, ақырғы сатысы – дайын өнімді
сатуға дейін толық айналым ұзақтығы деп
түсініледі.
Айналым
қаражатының айналым коэффиценті (К айналым ):
|
К айналым = Ө/Қ |
(1) |
Мұндағы, Ө – белгілі бір кезеңдегі сатылу
құны (сатудан түскен түсім);
Қ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа
қалдығы.
Айдың
ұзақтығы 30 күн
, тоқсан 90 күн, жыл – 360 күн болып есептеледі.
|
Тай = Т / К айналым |
(2) |
Мұндағы,
К айналым' – айналым коэффиценті;
Т –
күннің көрсеткіштерін анықтайтын уақыттың
ұзақтығы (Т =30, 90, 360 күнді құрайды).
Сонан
соң капиталдың орташа тәуліктік айналымын табуға
болады:
|
Т тәулік =
Ө/Қ |
(3) |
Осыдан бір күндегі айналым
ұзақтығы:
|
Ткүн =
Қ/Ө |
(4) |
Сонымен
қатар айналым қаражаты бекіту коэффицентінің шамасын да
анықтайды, бұл айналу коэффицентінің кері көрсеткіші:
|
К бекіту = 1/К айналым |
(5) |
Өнімнің
материалдық сыйымдылық көрсеткіші:
|
М сыйымдылық =
М / Өндіріс |
(6) |
Мұнда: М
– шикізат, отын, материал, энергия т.б. шығындар;
Өндіріс
– өндіріс көлемі.
Бұл
көрсеткіштің кері шамасы материал қайтарымын береді:
|
М қайтарым =
Өндіріс / М |
(7) |
Айналым
қаражатында тұтынылатындарды анықтағанда негізгі
үш әдіс қолданылады:
1.
Талдамалы әдіс бойынша өндіріс көлемінің
өсуіне байланысты айналым қаражатында тұтынылатындардың
орташа нақты қалдықтарының мөлшері
анықталады. Бұл әдіс – айналым қаражатының жалпы
сомасында үлес салмағы жоғары кәсіпорында қолданылады.
2.
Коэффицентті әдісті
қолданғанда босалқы қорлар мен шығындар,
өндіріс көлемінің өзгеруіне әсер ететін (шикізат,
материал, аяқталмаған өндіріс) және әсер етпейтін
болып екіге бөлінетінін ескеру қажет. Бірінші топ бойынша айналым
қаражатында тұтынылатындардың алдағы жылдағы мөлшері
мен өткен жылдағы өнім шығындарының өсу
қарқыны анықталады. Екінші топ бойынша тұтынылатындар
орташа нақты қалдықтар деңгейіне қарай
қарастырылады.
3.
Тікелей ескерту әдісі кәсіпорындағы
ұйымдық-техникалық даму деңгейіндегі әрбір
айналым қаражаты элементтерінің барлық өзгерістерін
есепке ала отырып, тауарлы-материалдық құндылықтарды
тасымалдау және кәсіпорындар арасындағы тәжірибелі есеп
айырысу жұмыстарын атқаруға қолданылады. Бұл
әдіс кәсіпорында өндірілетін өнімнің
болашақта еңбек сыйымдылығын неғұрлым
азайтуға бағытталған. Ол кәсіпорынның
жабдықтау, заң, өнім өткізу, өнірістік
өнімдерінде, сондай-ақ есептеу және басқа да ішкі
құрылымдарында жұмыс істейтін кадрлардың аса біліктілігін
талап етеді.
Айналым
капиталының жеке элементтерінің нормативін Н³ есептеудің
жалпы формуласы:
|
Н³ = О³* Н³ /
Т³ |
(8) |
Мұндағы, О³ –
кезең ішінде берілген элементтің айналымы (шығыны,
шығарылуы);
Т³ – кезең ұзақтығы;
Н³ – берілген элемент бойынша айналым капиталының мөлшері.
Өндірістік қордың белгілі бір элементі бойынша бір
күндік шығыны өндірісте бір тоқсанда керек деп
саналған шығынның қосындысын тоқсан күнге
бөлгеннен кейін табылады. Дайын болмаған өндірістік
өнімнің бір күндік айналымдылығы бір тоқсанда
өндірілетін тауарлық өнімнің өзіндік құнын
тоқсан күнге бөлгенде анықталады.
Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым капиаталының
мөлшерін анықтау үшін өндірістік циклдің
ұзақтығы туралы мәліметтерден басқа
өнімнің дайындық дәрежесін білу керек. Ол
шығынның өсу коэффицентімен сипатталады. Өңдеуге
жұмсалатын шығындар бір қалыпты жүзеге асырылатын
кәсіпорындарда шығынның өсу коэффиценті К
мына формуламен анықталады:
|
К |
(9) |
мұнда С
- өндіріс үдерісінің басында бірден
жұмсалатын шығындар.
С
– өнім болғанға дейін жұмсалатын
шығындар.
Егер шығындардың өсімі бір қалыпты болмаса, онда К
коэффициенті негізгі бұйымдар шығынының
бірізді өсу тізбегі бойынша анықталады.
Аяқталмаған өндіріске жұмсалатын айналым
капиталының нормативі тауарлық өнімді өндіру
шығындарының есебі бойынша бір күндік шығын
құны мен айналым капиталының көбейтіндісі ретінде
есептеледі.
Сонымен, аяқталмаған өндірістегі айналым
капиталының нормативі Н
есептеудің жалпы формуласы келесідей:
|
Н |
(10) |
мұндағы: C – жалпы өнім өндіру шығындары;
Т – кезеңнің ұзақтығы (тоқсан,
жартыжылдық және т.б.);
t
– өндірістік циклдің ұзақтығы, күн;
К
– аяқталмаған өндірістегі шығындардың
өсу коэффициенті.
Айналым капиталын сипаттауға айналым капиталының күнмен
саналған жалпы мөлшері қолданылады. Ол айналым
капиталының жалпы нормативін өндірістік шығынның есебі
бойынша бір күндік мөлшерге бөлу арқылы
анықталады.
Қорыта
айтқанда, өндірістік айналым қорын пайдалануды
жақсатудың және үнемдеудің экономикалық
тиімділігі аса зор, өйткені олар кәсіпорынның
өндірістік және шаруашылық қызметінің
барлық талаптарына оң әсер етеді.
Нарықтық
экономикаға көшу жағдайында әрбір
кәсіпорынның алдында тұратын аса маңызды
міндеттерінің бірі – материалдық ресурстарды үнемдеу болып
табылады, себебі материалдық шығындар кәсіпорынның
пайда табу шамасына тікелей байланысты өндіріс шығындарының
қомақты бөлігін құрайды. Ал пайда болса
нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның
қызмет етуінің негізгі көзі.
Материалдық
ресурстарды үнемдеудің әр түрлі көздері мен
жолдары болады. Үнемдеу көздері үнемдеуді қандай
әдістер арқылы жүзеге асыруға болатындығын
көрсетеді. Ал үнемдеу жолдары (немесе бағыттары)
үнемдеуді қандай тәсілмен, қандай шаралар
көмегімен жүргізуге болатындығын көрсетеді.
Әрбір
кәсіпорында материалдық ресурстардың резервтері болады.
Резерв деп пайда болған немесе туындап жатқан, бірақ
әлі пайдаланылмаған (толық немесе ішінара) материалдық
ресурстарды пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айтамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Кадерова
Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика,
2008. -376 бет.
2. Э. Э. Михель, Р. А. Əмірханов, Г. А.
Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова Корпоративтік қаржы:
Оқулық -
Алматы, 2012
3.
Бигельдиева З.А. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы.-
Алматы: Экономика, 2010.- 150 бет
4. Гаврилова
А.Н., Попов А.А. Финансы организаций (предприятий).- М.: Кнорус, 2010.- 606 с.