ӘОЖ 657/075.5
БЮДЖЕТТЕУ
ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ТАЛДАУ
Умирбекова
С. – аға
оқытушы
Қарағанды
экономикалық университеті
(Қашықтықтан
оқыту орталығының Шымкент өкілеттігі)
Резюме:
В этой
статье рассматривается бюджеттирование и анализ бюджета
Summare:
Byudzhettirovanie and analysis of budget is examined in this article
Өнімнің
көлемін, сапасын, құрылымын талдаудың
мәселелеріне келесілер жатады:
-
өндірілген өнімнің көлемін,
сапасын, динамикасын, құрылымын бағалау;
-
өндірілетін өнім түрінің
оңтайлы болуын тексеру;
-
соңғы нәтижелерге жеке
факторлардың әсерін талдау;
-
өнімнің сапасын, құрамын
жақсарту бағытында ұсыныстарды дайындау.
Өндірістің
процесін (үдерісін) талдау екі бағытта жүргізілуі
керек:
-
пайда
көзқарасынан өндірістік бағдарламаны іске асыру
келешегін бағалау;
-
шығын
көзқарасынан өндірісті реттеу бойынша басқармалық
шешіммен экономикалық
(үнемдеу) нәтижелерімен белгіленеді.
Нарық
қарым-қатынасына өту жағдайына өндіріс процесі
емес, ал өнімге тапсырыс алу және оның төлемін талдау
нысаны басты болып табылады. Бұл жағдайда өндіріс талдауы
және оны зеределеу процесі мен нарықты бағалау
(маркетинг-нарықтану) бір шамада бір-біріне әсер етеді.
Бастапқы кезеңде нарыққа өтуде нарықтың
тоймауынан әрбір өндірісші өзі жасаған өнімді
сата алады. Бірақ ең көп экономикалық тиімділікті
өндірісте өнімге деген
сұраныстың жоғарлануын бағдарлаған,
өндіріс бағдарламасын қалыптастырған, нарық
жағдайын өте жақсы түсінетін ғана алады.
Өнім
көлемін талдаудағы міндеттері:
- кәсіпорынның нарықтану қызметін талдау;
- келісім-шартты орындауда көлемін, ырғақтылығын,
өнім түрлерін және құрылымын бағалау;
- өнімнің құрылымын және көлемін
оңтайландыру мақсатында өндіріс қорларын пайдалануда
сақтық қорларды ашу;
- бизнес-жоспарды орындамауда ішкі және сыртқы себептерді
және келісім-шарт міндеттемелерін белгілеу (кәсіпорынның
ынталандыру жүйесін, жеткізушілерді, көлік мекемелерін, сауда
және заң қызметкерлерін талдау).
Негізінде өнім көлемінің
көрсеткіштері үш түрге
бөлінеді: табиғи, шартты-табиғи және
құнды.
Табиғи
өлшемдер кәсіпорын өнімінің біртекті және
оның кейбір түрлерінің көлемін есептеуде (тонна, дана,
килограмм, т.с.с.) қолданылады.
Ең көп көлемде таратылғаны болып,
ол өнімнің көлемін ақшалай көрсететін
құнды өлшеуіш болып табылады. Сондай-ақ талдауда
өнім көлемінің үш маңызды көрсеткіші
қолданылады: жалпы көлемді, тауарлы және өткізілген
өнім. Жалпы көлемді өнімнің құнына
барлық негізгі және жанама өнімнің құны,
сондай-ақ кәсіпорынның ішкі өндірісінде пайдаланылатын бітпеген
өндірістің құны да енгізіледі.
Тауарлы өнім –
бұл кәсіпорынның сату үшін жасаған өнімі.
Өткізілген өнім – бұл кәсіпорынмен сатылған
өнім.
Өнімнің
көлемін, сапасын, құрылымын талдаған кезде келесі
әдістер кеңінен қолданады:
1.
дәстүрлі:
·
салыстыру;
·
индекстік әдіс;
·
орташа шамалар;
·
баланстық теңдеулер;
·
графиктік әдіс.
2.
математикалық:
·
сызықтық бағдарламалау.
Көлемдік
көрсеткіштерді талдау келесі бағыттарда жүргізіледі:
·
келісім міндеттемелерін талдау;
·
номенклатура және ассортиментті талдау;
·
өнімді шығару көлемін талдау;
·
ырғақтылықты талдау;
·
сапа мен сорттылықты талдау;
·
бизнес-жоспарды оңтайландыру.
Кәсіпорынның
өндірістік қызметінің қорытындысына әр
түрлі себептердің ықпалы әсер етеді. Талдаудың
мақсаты - өнімнің көлеміне әсер ететін себептерді
тауып және экономикалық жағдайдың жақсартылуы
үшін қорларды анықтау, яғни тиімді басқармашылық
шешім қабылдау болып табылады.
Себептер
тәуелді (ішкі) және тәуелсіз (сыртқы)
өндірістің қызметінен екі түрге бөлінеді.
Сыртқы себептерге экономикадағы инфляциялық процестері,
жоғары тұрған шаруашылық басқарманы
ұйымдастыру, монополизациялау дәрежесі, табиғи және
әлеуметтік жағдайлар жатады. Ішкі себептер негізгі және
жанама (қосалқы) болып бөлінеді. Жанама – бұл
шаруашылық тәртіпті бұзушылық, өнімнің
құрамындағы құрылымдық ығысуы. Негізгіге
- жабдықтау-өтімді, өндірістік және
ұйымдастыру-техникалық себептер жатады. Өндірістік себептер
өзіне еңбек өнімділігігнің, негізгі
құралдардың техникалық жағдайын,
кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және
т.б. қамтиды.
Өнімнің
түрлері – бұл коды көрсетілген, өндірісте шығарылып
немесе өткізілетін бұйым атауының, бұйымның
реттік санының тізбесі. Өнім түрлері бойынша талдау жоспарын
орындау ең кіші пайыз немесе орта пайыз әдісі бойынша келесідегі
формуламен анықталады:
Өк = ЖӨз
: ЖӨо x 100%;
мұнда Өк
- өнім коэффициенті,
ЖӨз - әр
түрдегі өнімнің негізгі шыққаны, бірақ
жоспарланған шығу санынан артық емес;
ЖӨо –
жоспарланған өнімнің шығарылуы.
|
Рет саны |
Өнімнің
түрлері |
Өнімнің шығарылуы |
% шығарылуы (гр.4: гр.3) |
Өнім түрлері
бойынша жоспардың орындалу
есебімен салынады (ең аз орындалуы) |
|
|
1 |
А бұйымы |
850 |
850,8 |
100,1 |
850 |
|
2 |
Б бұйымы |
900 |
890,1 |
98,9 |
890,1 |
|
3 |
В бұйымы |
255 |
340,5 |
133,5 |
255 |
|
4 |
Г бұйымы |
369,3 |
304,8 |
82,5 |
304,8 |
|
|
Жиыны: |
2374,3 |
2386,2 |
100,5 |
2299,9 |
Өнім түрлері бойынша жоспардың орындалу пайызы 82,5%-ды
(ең аз пайыз әдісі бойынша) және 96,9% құрайды
(2299,9:2374,3 x 100% - орта пайыз әдісі бойынша) .
Кез-келген
жағдайда, өнім түрлері бойынша жоспар 100%-дан асып
орындалмайды. Сонымен бірге бір өнімнің түрін басқа
өнімнің түрін шығарумен алмастыруға болмайды.
Өнімнің құрылымы – бұл жалпы
шыққан кейбір бұйымның сыбағалы арақатысы.
Құрылым бойынша жоспардың орындалуы – оның кейбір
түрлерінің жоспарланған арақатынасының іс
жүзінде шығарылуымен сақталуы болып табылады. Кейбір
бұйымдар бойынша жоспардың бірқалыпсыз орындалуы жоспарлы
құрылымның ауытқуына әкеледі, сонымен қатар
салыстырмалық жағдайын бұзады. Құрылымдық
ығысу ықпалын жою үшін екі әдіс қолданылады: орта
баға әдісі және тіклей есеп әдісі.
Орта баға
әдісі келесі формуламен анықталады:
ЖӨқ = (Б1
– Б0) * С1, мұнда:
ЖӨқ –
құрылымның өзгеру есебінен өнім
көлемінің өсімі;
Б1, Б0
– бұйымдардың іс жүзіндегі және жоспарланған
тобының орта көтерме бағасы;
С1 – есеп
беру мерзіміндегі іс жүзінде бар бұйымдардың саны.
Кәсіпорын шығаратын өнім
түрлерінің ішінде талап етілмеген, рентабельдігі төмен
өнімдер болуы мүмкін. Егер кәсіпорын барлық
бұйымдар бойынша тапсырманы артығымен орындаса, жеке өнім
түрлері бойынша жоспарды артығымен орындау дәрежесі бірдей
болмаса, құрылым өзгереді. Егер бір өнім түрі
бойынша тапсырма артығымен орындалып, екінші өнім түрі
бойынша орындалмаса, онда құрылым мен ассортимент бұзылады.
Ассортимен құрылымының сипаттамаларын талдаған кезде
ассортимент коэффициенті анықталады. Ассортимент коэффициенті
бизнес-жоспардың мәліметтері бойынша есептеледі.
Кесте 2. Ассортимент
коэффициенті
|
Өнімнің түрлері |
Жоспарда
қабылданған бағалар бойынша өнім көлемі |
Ассортимент коэффициентін анықтаған
кезде есепке алынатын көлемі |
|
|
жоспарлы тапсырма |
нақты |
||
|
1 |
1000 |
1100 |
1000 |
|
2 |
3000 |
3000 |
3000 |
|
3 |
1500 |
1400 |
1400 |
|
4 |
5000 |
4000 |
4000 |
|
5 |
500 |
400 |
400 |
|
6 |
1000 |
1100 |
1000 |
|
барлығы |
12000 |
11000 |
10800 |
Ассортимент коэффициенті =10800/12000=0,9. Яғни,
бұл жағдайда жоспар номенклатура және ассортимент бойынша
орындалмаған. Өнім
үнемі жаңартылып отырған жағдайда ассортимент коэффициентін есептен отыру жөн.
Жаңа
өнім көлемінің үлес салмағы жоғарылаған жағдайда
құрылымдық өзгеріс орын алады.
Өнімді
өндіру көлемінің өзгеруі жұмыстың
барлық көрсеткіштерін өзгертеді: өнімді шығару
және өткізу көлемі, материалсиымдылығы, өзіндік
құн, рентабельдік, қаржылық
тұрақтылық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Друри К. Управленческий и производственный
учет. М.: ЮНИТИ, 2003.
2.Пашигорева Г.И., Савченко О.С. Системы управленческого учета и анализа. М.: Питер, 2002. С.
7.
3.Соловьева О.В. Управленческий анализ в
отраслях. М.: ЭКОНОМИСТЪ. 2006.
4.Чернов В.А. Управленческий учет и анализ
коммерческой деятельности. М., Финансы и статистика. 2001. С. 108.
5. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.
Учебник. М.: Финансы и статистика, 2000
6.Кошкимбаев
С.Х. и др. Анализ себестоимости. Алматы: Каржы-Каражат, 2002
7.Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия.
М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001 – 360с.
8.Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности
предприятия. М.:ИНФРА-М, 2003.