ӘӨЖ 37.01/06-51
Кайқауыстың
білім беру мен тәрбие беру жолдары туралы идеялары
Шауенова
М.А., Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, Алматы қаласы
Аннотация:
В
статье рассматриваются идеи Кайкауса о способах образования и воспитания, а
также их взаимосвязь с современными условиями. Идеи Кайкауса о науке,
воспитаний и образований, а также их способы и значения рассмотрены в контексте
современных дидактических принципов: сознательность обучения, наглядность
обучения, систематичность и последовательность, прочность обучения, взаимосвязь
теории и практики. Чтобы добиться больших успехов в воспитании Кайкаус
предлагает такие методы как внушение, восхваление, наказание, а также различные
поучительные и эстетические беседы. В статье излагаются идеи Кайкауса о мотивах
обучения, о роли выполненного труда, проверки и оценки знаний. Кроме того,
приводятся идеи Кайкауса об общих и частных, теоретических и практических задач
всех видов профессий, т.е. о профессиональном долге и обязанности в
средневековом Востоке, у каждого ремесленника есть свои профессиональные
обязанности и они зависят от уровня развития общества, полученные знания надо
уметь применять в жизни. Схема дидактических принципов и схема общих способов
образования и воспитания, выявленных в результате исследования величайшего
труда ученого-мыслителя «Кабуснаме» приведены в конце статьи.
Ключевые слова: Кайкаус,
«Кабус-наме», идея, образование, воспитание.
Annotation: This article deals with the ideas of Kaykaus about education and
upbringing ways, as well as their relationship to the present situation.
Kaykaus ideas about science, education and upbringing, as well as their methods
and significance are considered related to the modern didactic
principles: deliberateness, visualization, systematicness and sequence,
solidity of education, the relationship of theory and practice. To achieve
great success in upbringing Kaykaus offers methods such as suggestion, praise,
punishment, and a various instructive and aesthetic conversation. The article
presents the ideas of Kaykaus about the motives of education, the role of
labour performed, to test and give a mark. In addition, there are given ideas
of Kaykaus about general and specific, theoretical and practical problems of
all kinds of occupation, i.e. the professional duties and responsibilities of
the medieval East, each craftsman had his professional duties, and they
depended on the development level of society, acquired knowledge should be used
in practical experience. There are given the diagrams of the didactic principles
and the general methods of education and upbringing, revealed as a result of
great research of scientist-thinker’s work “Qabus-name” at the end of the
article.
Keywords: Kaykaus,
“Qabus-name”,
idea, education, upbringing.
Қоғамдық
дамудың қазіргі сатысында жан-жақты дамыған
тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің
бірі. Бұл үлкен бағдарламалы міндеттің ажырамас
бөлігі – білім берудің мазмұнын жетілдіру болып табылады.
Аталған мәселені шешудің тиімділігі белгілі бір деңгейде
өткеннің педагогикалық жүйесінің озық
ойларының қаншалықты ебін тауып және
шығармашылықты қолданылуына да байланысты болмақ. Басты
міндеттердің бірі, сапалы өскелең ұрпақты
тәрбиелеу үшін қоғамдық ойлар мен адамгершілік
нормалардың және мәдени дәстүрлердің орасан
мол қорынан нені, қалай пайдалануға болатындығын
сұрыптап алу. Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2013-2015
жылдарға арналған кешенді бағдарламасында:
"Тұлғаның құқықтық
санасын, саяси белсенділігін, құқықтық
мәдениетін қалыптастыру; Балалар мен оқушы жастарда
адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие қалыптастыру,
қазақ халқының, ҚР-да тұратын басқа
этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне
құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу,
толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру
білігін қалыптастыру ..." міндеті қойылғандығын ескерер болсақ [1], аталған мәселелерге
қатысты тағылым алуда ортағасырлық ғалым-педагог
Кайқауыстың мұрасы таптырмас қазына дер едік.
Өйткені педагог-ғалымның еңбегі ғылым, білім беру
мен тәрбиенің мазмұны туралы құнды
идеяларға толы. Еңбектегі аталған мәселелерге
қатысты көтерілген тағылымдық идеяларды бүгінгі
күн тұрғысынан қарар болсақ, күн
тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарына қояр едік.
Кайқауыстың
тәрбие, ғылым, білім, оның жолдары мен мәні туралы
идеялары артында қалған жалғыз ғана еңбек
«Қабуснамада» сипатталған. Шындығында, олар кітаптың
барлық тарауларына шашырап тарап кеткен, асылы соларды ғылыми
тұрғыдан бір жүйеге келтіру. Еңбектің
өзектілігі, ондағы педагог-ғалымның білім беру мен
тәрбие беруге қатысты ойларының қазіргі күн
талаптарымен сабақтастығында. Мәселен, біздің
көзқарасымыз бойынша, Кайқауыстың білім беру мен
тәрбие туралы ойларын төмендегідей топтастыруға болар еді:
- оқытудың
саналылығы;
- көрнекілілігі;
- жүйелілік және
бірізділік;
- оқытудың беріктігі
- теорияның практикамен байланысы.
Кайқауыс,
әсіресе, білім беру мен тәрбие үдерісі барысындағы
теорияның практикамен байланысына, ақыл-ой операцияларына аса
мән береді. Ғалымның туралығы мен әділдігі,
ауызша әрі жазбаша ескерткіштерді зерттеудегі өзіндік
көзқарастары мен пайымдаулары, өмірлік тәжірибелері,
алынған мәліметтерге сын тұрғысынан келу,
ақиқатты орнату мақсатында оларды салыстыру, әртүрлі
деректерді логикалық тұрғыдан жалпылап, оларды
теорияларға топтастыру – міне Кайқауыстың ғылыми
әдістеріне тән қырлары мен негізі осы. Оның
дәуірі үшін бұл әдіс үлкен жетістік пен аса
ғылыми құндылықты білдірді. Кайқауыстың
өзі осы әдісті басшылыққа ала отыра,
оқытудың саналылығы туралы ғылыми әрекетінде
үлкен табысқа жетті. Ғұламаның салыстыру анализі,
логикалық операциялар мен басқа да ойлары қазіргі кезең
үшін де құнды, өйткені, қазіргі мектептің білім
беру негізіне білімді саналы түрде меңгеру жатады. Бұл
дегеніміз, білім алушы ғылыми білімдер қорын иеленіп қана
қоймай, оларды өз бетімен таба білуі және өмірлік
тәжірибеде қолдана білуі керек, ал бұл ақыл-ой
операциялары көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, теория мен
практиканың байланысына аса мән беріледі. Және ол,
қоғамның даму деңгейі, әсіресе
өңірлік және әлеуметтік жағдайлары ескеріле
отырып жүзеге асырылатын болса. Кайқауыстың теория мен
практиканың байланысының маңыздылығына қатысты
ойлары өзінің дәрігерлік ғылым туралы идеяларында анық
байқалады. Ол дәрігерлік ғылымның жетілуі
теорияға ғана емес, практикада қолданылуына да байланысты
болатындығын айта келе, «аллаға сену ғылымынан кейін,
дәрігерлік ғылымынан асқан пайдалы да құрметті
ғылым жоқ» дегенді алға тартады. Кайқауыс,
дәрігерді, сапалы да саналы адам капиталын арттыруға
қосқан еңбегі үшін үлкен құрметке ие деп
санайды. Дәрігерлік ғылымы туралы идеяларында Кайқауыс теория
мен практиканың бірлігін: «Теория мен практика тән (дене) мен рух
(жан) сияқты» екеуі де бірлікте, тәнсіз (денесіз) жан және
жансыз тән толық емес» деген пайымдаулары арқылы білдіреді
[2]. Байқасақ, Кайқауысша, теория мен практиканың
бірлігі – кез-келген кәсіп иегерінің жетістіктерінің кепілі
болып табылады. Кайқауыс дәрігерлік кәсіпке қатысты
көзқарастары арқылы бүкіл кәсіп атаулының
жалпы әрі жеке, теориялық және практикалық мәселелері
жайлы, яғни, ортағасырлық-мұсылмандық
Шығыстағы кәсіби міндеттер мен парыздар туралы ой
қорытады. Онда қоғамның даму деңгейі өзінше
бейнеленеді және соған сай кәсіп иелерінің кәсіби
міндеттері туралы айта келе, олардың әлеуметтік жағдайлары да
ескеріледі. Ол ойын мынадай жолдар арқылы білдіреді: «... емдеуші
көп тәжірибе жүргізуі керек, бірақ тек танымал
әрі әйгілі адамдарға тәжірибе жүргізбеуі шарт»
[2].
Кайқауыс
оқытудың көрнекілігінің маңыздылығын ерекше
атап өтеді. Кайқауысша, көрнекілік оқытуды барынша жетімді,
нақты әрі қызықты етеді, байқағыштық
пен ойды дамытады. Мысалы: «Көргеніңді елестетуге
үйренсең, ойыңдағыны жүзеге асыруға
көшу де оңай болмақ» дегендей, «Қабуснамадағы»
барлық тараулардың көрнекі әңгімелермен,
мақал-мәтелдермен, өмірлік тәжірибелермен
байланыстырылып берілуі оқыту үдерісіндегі
көрнекіліктің маңыздылығын, қажеттілігін білдіреді[2].
Көрнекіліктен
бөлек, ғалым материалды мазмұндауда және оны беруде
бірізділік пен жүйелілікке ерекше мән береді. Ол адамның
ғылыми әрекеті ғылымның бастауын оқып білмейінше
парықсыз, көңілге қонбайды деп санайды: «... дегенмен
адамдар істі оны жақсы білетіндерге тапсырмайды. Олар, қандай да
бір ғылымның болмашы бір бөлігін қазбалағанына
мәз болып, оның негізі мен бастамасын білмей жатып, басқа да
бөліктерін игеремін деп ойлайды» [2]. Демек, ғалым,
оқытудың қатаң ғылыми негізде құрылуы
керектігіне аса көңіл бөледі. Әрине, ол
қатаң ғылымилық жайында нақты ашып
көрсетпегенімен, оның «Қабуснама» тарауларында келтірген
деректері ғылыми қатаңдық пен
нақтылыққа меңзейді. Мәселен, ол күман
тудыратын деректерден, олардың бәрін анықтап біліп алмайынша
және күдіктіге күдіксізді, белгіліге белгісізді араластырып
алудан сақтанған жөн деп санайды.
Келесі
бір тарауында танымның құдіреті туралы айтады. Ғалым
таным теориясына қатысты мынадай қорытындыға келеді: «Адамдар
жиынтығы туралы баршаға мәлім, ал жиынтық материядан
туындаған жоқ» демек [2], шындығында таным болуы
мүмкін, бірақ бұл шексіз процесс. Ал мына бір ойында «Білім
парсыша таным деген сөз, ал тану, бір нәрсені тануды білу
деңгейіне өткізу ...»-деген ақыл-кеңес ұсына келе
[2], Кайқауыс адамдардың танымының шегін
анықтауға тырысады. Ғалым танымға мүлдем
қарсы емес. Керісінше, ол «танылуға тиістінің барлығын да
тануға болады» деп санайды.
Кайқауыс
өз еңбегінде көптеген мысалдар мен әңгімелер
келтіре отыра, оқытудың мотивтері туралы да, көрнекілік пен
практикалық әдістер, орындалған еңбек пен алынған
білімді тексеру мен бағалаудың рөлі туралы да айтады.
Осылайша, Кайқауыс оқытудың негізін қатаң
ғылымилықпен құру керек деп санаса, оқыту
үдерісін көрнекілік, бірізділік пен жүйелілік принциптеріне
негіздеп құру керек деп есептейді.
Оқыту
үдерісінде ол мақсаттылыққа көп ерекше мән
береді.
Демек, көтерілген
мәселелрге қарап, Кайқауыстың оқулықтар мен
оқу құралдарына талаптары туралы бағалары мен ойларын
да байқауға болады. Ол әрине, ғылымилық,
анықтық, түсініктілік. Кайқауыс мұрасында
айқындалған дидактика принциптері 1-сызбада көрсетілген.
Саналылық Ғылымилық Теорияның практикамен байланысы



Сызба 1.
Кайқауыс тұжырымындағы дидактикалық принциптер
Ал тәлімгердің
тәрбие үдерісіне қатысты идеяларына келер болсақ,
Кайқауыс, халықты қараңғылық пен кедейліктен
қоғамда ғылым, білімді таратумен және табанды
еңбектің көмегімен босатуға болады деп ойлап, адамдарды
өз бойларындағы жоғары–адамгершілік қырларын
тәрбиелеуге шақырады. Ол білімді меңгеруді,
күш-қуат, уақыт пен төзімділікті талап ететін,
үлкен әрі табанды еңбек деп санайды. Білім,
Кайқауыстың пікірінше, адамды қадірлі, сыйлы етеді, оны
мейірімді әрі ақылды етеді. Кайқауыс үшін «білімнің
тазалығынан өзге» ештеңе жоқ. Ойшыл: «... Ұлы
дәрежелі болу шыққан тегіңе емес,
ақыл-біліміңе байланысты» дей келе [2], кемелділікке,
ғылымның көмегімен тәрбиеленетін, жоғары
интеллектуалды және адамгершілік нормаларын бірлесе ендіру процесінде
жетуге болады деп үйретті және білімнің адамды тура
жолға апаратындығына кәміл сенді.
Кайқауыстың
тек қана білімді, сауатты адам болу, «ізгілікті»
мінез-құлық ережелерін білу аз, ең бастысы – осы
білімдеріңді өмірлік тәжірибеде қолдана білу деген ойлары
қызығарлық әрі маңызды. Автордың бұл
ойы қазіргі күн талаптарымен сабақтас, бүгінгі
педагогикалық технологияларға қойылатын талаптармен
үндес, өйткені адамгершілік мінез-құлықтың
қажетті шарты теория мен практиканың бірлігінде болып табылады,
құрғақ білім адамгершілік
мінез-құлықтың талапқа сай деңгейін
қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қоса, талапқа сай
адамгершілік мінез-құлықтың практикасынсыз меңгерілген
білімде «Мен» адамның білімі мен мінез-құлығының
арасында көрінетін «адамгершіліктік формализмнің»
қалыптасуына әкеледі.
Кайқауыс
еңбек тәрбиесіне ерекше мән берді. Ғалымның
пікірі бойынша, жас жеткіншекті дұрыс дамыту үшін еңбек
ең маңызды , қажетті шарт болып табылады. Нақ
еңбек – материалды құндылықтарды
құрудың басты факторы. Кайқауыс, еңбекпен тәрбиелеу
– адам өмірінің негізі деп санап, өмір мен бақытты
еңбексіз елестете алмайды. Еңбекпен тәрбиелеу туралы айта
келе, ол ерікке көп мән береді. Өзінің алға
қойған мақсатына жету мен білімді меңгерудегі
табандылығы туралы Кайқауыс былайша баяндайды: «Дүниенің
рақаты – еңбек ете білуде. Бүгінгі рақатың –
кешегі еңбегіңнің жемісі» [2]. Оқыту үдерісінде
адамға бәрі бірдей қызықты бола бермейді, бірақ
ерікті шыңдау арқылы қиындықтарды жеңе білуге
үйренеді.
Кайқауыс
педагогикасының іргетасы, жақсылық пен жамандықтың
арақатынасы төңірегінде «адамның парасатты
әрекеті – шыншылдықтың, адалдықтың,
әділдіктің логикалық тізбегі ретінде» анықталатын,
өзіндік өнегелік үштаған – ізгі ой, ізгі сөз
және ізгі іс болып табылады. Баласы Гиланшаһқа айтқан
өсиеттері арқылы бүкіл адамзат баласын «жақсылық
іс жасауға, керісінше, жамандық іс жақпастық» деп, одан
бойыңды аулақ ұстауға шақырады. «..., қай
кезде болмасын жақсылық істеуді жадыңнан шығарма,
жақсылықты жалпы халыққа жаса, жамандықтан
аулақ бол, керісінше сөйлеме, теріс оймен ойлама. Бидайды
көрсетіп, арпа сатпағын. Әр істе әділетті бол.
Әділ жанға бидің де, қазынаның да қажеті
жоқ» деп, Кайқауыс әрдайым әділетті, халықшыл
бола біл деген кеңес берсе, келесі бір жерде: «Біреудің істеген
ісін зая кетірме, еңбегіне қарай ақысын төле.
Жақсылықты ең алдымен өз жақыныңа істей
біл. Қарт-қарияларына ізет, құрмет көрсетіп сыйла»-деген
кеңестер береді [2]. Әрине, Кайқауыстың өмірге
деген бұл көзқарастары оның үстем тап өкілі
бола отыра әділдікті, кісілікті, қайырымдылықты, ізеттілік
пен естілікті атақ пен байлықтан жоғары
бағалағандығын танытады.
Кайқауыс
шығармашылығын зерттеу барысында байқағанымыз, ол
адамгершіліктің: ар-ұят, достық пен жолдастық,
әділдік пен ұят, жомарттық сияқты мәселелеріне
аса мән береді. Онысын: «адамға жақсы
қоғамдық ахуалды жаулап алу үшін, білім мен шешендік
(ділмарлық) керек»-деп санайды. Ал ар-ұятқа қатысты
ойын өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура
сөз, ізгі тілек, жақсы бастамадан ұялма. ... Ұят –
иманның жемісі дегендей, жарлылық та
ұялшақтықтың жемісі. ... Жақсылықтың
бастапқы шарты – ар-ұятты сақтауда, жамандықтың
бастапқы шарты – ар-ұяттан айрылуда»-деген терең ойлы,
ұтымды кеңестері арқылы білдіреді [2]. Демек,
Кайқауыстың педагогикалық көзқарастарының
негізінде бастан-аяқ жақсылық пен жамандық идеясы
жатыр.
Кайқауыс
достық пен жолдастық мәселелеріне аса көңіл
бөлді. Ол достық – адам бойындағы ең бір нәзік,
шынайы сезім, онсыз адамда нағыз, шынайы бақыт болған емес,
болмайды да деген пікір білдіреді. Сондықтан: «..., білгенің
жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды. Адамның доссыз
болғанынан туысқансыз болғаны артық»-деген ойларды
ұсынады. Және мына жолдарда: «Жақсы дос – ол да бір
дәулет» деп [2], достың көп болғандығын
жақтайды. Ал мына бір тағылымында жомарттықты
адамдық қасиеттің асылы ретінде қарап: «Адамның
адамдық қасиетінде үш нәрсе бар. Бұл
үшеудің бірі – ақыл, екіншісі – туралық, үшіншісі
– жомарттық. ....бұл үш қасиет болмайтын адам
жоқ, ...»-дегенді айта келе, одан әрі жомарттықтың
пайда болу жолын өз шама-шарқынша түсіндіруге тырысады. Ол
жомарттық, данышпандық, кемелділік, қайырымдылық,
ұлықтық дегеннің бәрінің негізі –
ақыл дегенді айтып, ақылдың арқасында ғана осы
айтылған қасиеттер адам жан дүниесінде пайда болады дейді.
Осылайша: «...тән – жанмен, жан – деммен, дем – ақылмен тірі.
Әрбір адам жансыз емес, жаны бар адам демсіз емес, демі бар адам
ақыл-ойсыз емес. Бұл жағдай адамның бәріне
тән болатын жәйт...» дегенді айтады [2].
Тәрбиеде
үлкен жетістікке жету үшін Кайқауыс сендіру, мадақтау,
жазалау, өнегелік және эстетикалық тақырыптарындағы
әртүрлі әңгімелер сияқты әдістерді
ұсынады. Мысалы, бірде, бір адам моншаға кірер алдында,
қараңғыда, жаңылып «орамалға түйілген
жүз динарын» ұрыға қалдырады. Әлгі адам моншадан
шыққанда ұрыға көңіл аудармай, кете барады.
Ұры оны тоқтатып, сеніп тапсырған алтынын қайта алуын
өтінеді. Адам: «егер сен ұры болсаң, неге менің
алтынымды алып кете бермедің»-деп сұрайды. Ұры: «Егер мен
өз өнеріммен тапсам, онда бұл мың динар болса да сені
ойламас едім және саған бір түйірін де бермес едім.
Бірақ сен маған оны аманат етіп бердің, ал саған
менің көмегім керек болғанда олай еткенім адамгершілікке
жатпайды. Қайырымды жандар бұлай істемейді»-дейді [2].
Түсінген адамға әңгіменің тәрбиелік
мәні өте зор. Ол оқырмандар бойына жауапкершілік пен
азаматтық парыз қасиеттерін ұялатары анық.
Сондай-ақ, шыншыл да адал, ар-ұятты, заңға
бағынушы әрі тәртіпті болу керек деген өсиет береді. Ғалым
ұрының әрекетін мысалға ала отырып, тіпті
құқық бұзушы бола тұра, жоғары
адамдық қасиетті ұмытпау керектігін ескертеді. Мұндай
тәрбиелік мәні жоғары әңгімелер біздің
заманымыз үшін де өте бағалы болмақ. Байқап
отырғанымыздай, ғалымның тағылымдық
ұстанымдары біріншіден, адамдардың әлеуметтік жағдайы
мен тұрмыс-тіршілігіне қарамастан, имандылық,
парасаттылық, әділдік пен адалдық сияқты рухани
құндылықтардан құралса; екіншіден,
жақсылық пен жамандық, достық пен жомарттық,
мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерден; үшіншіден,
өмірдің ыстығы мен суығына бірдей төзе
білетіндей, табандылық пен ақыл-ой, оқу-білімге,
ғылымға деген құштарлық, біліктілік пен
кәсіпкерлік, сабырлылық пен еңбексүйгіштік сияқты
қасиеттерден құралуы шарт. Төртіншіден, ел ішіндегі
тұрақтылық пен бейбітшілікті, халықаралық қатынастар
мен саяси-экономикалық байланыстарды орнату үшін, әділ де
қайсар патша мен халқына адал қызмет етерлік білімді де
білікті уәзірлер мен әскербасылар, ғалымдар мен
ақындар, хатшылар т.б. сияқты зиялы қауымнан
құралған орта жасақтау. Осылайша, Кайқауыс
мемлекет қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен
мінез-құлық нормаларын да назардан тыс қалдырмағандығын
байқатады. Әсіресе, ізгілікті ел басқару өнерінің
ерекшеліктеріне баса назар аударылғанды жөн көреді.
Бірақ, байқасақ, Кайқауыс ізгілікті ел басқару
өнерінің өзіндік теориясын беруді мақсат етпейді.
Сондықтан да, ел басқару өнеріне байланысты мәселелерде
өзгелері сияқты белгілі бір жүйеде емес, адамдардың
іс-әрекеттерінің барлық түрлерін контексте баяндау
барысында беріледі, тіпті, олардың көпшілігі патшалық
құру өнеріне еш қатысы жоқ десек те болады.
Мұның бәрі Кайқауыстың өз еңбегін
жазу барысында мүлдем басқа мақсатты, яғни, өз
перзентін ХІ ғасырда үстемдік құрған оқыту
мен тәрбиенің барлық жүйесімен таныстыруды
көздегендігін байқатады.
Әрине,
Кайқауыстың еңбегіндегі педагогикалық
көзқарастарын еңбектің барлық тарауларына шашырап
кеткендіктен, оларды анықтап, бір жүйеге түсіру үлкен
қиындық тудырады. Оның оқыту мен тәрбиенің
мазмұнына қатысты ойлары өз дәуірінде сөзсіз аса
озық мәнге ие болды, ал олардың көбісі қазіргі
дидактиканың негізіне жатады деп ой қорытуымызға негіз бола
алады дей келе, Кайқауыстың еңбегін педагогика,
этнопедагогика, психология, тарих, әдебиет, құқық
пәндерінен осы ғылымдарды оқытуда оқу
құралы ретінде ұсынуға болады.
«Қабуснамадағы» білім мен тәрбие беру жолдары екінші сызбада
беріледі.



Сызба 2. «Қабуснамадағы» білім беру мен тәрбие беру
жолдары
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2013-2015
жылдарға арналған кешенді бағдарламасы. - Астана, 2013.
2. Кайқауыс «Қабуснама».
- Алматы: Балауса, 1992.