ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Керімбеков М.А. – п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ, Абитиярова А.А. – ф.ғ.к., доцент, Айтөреев Н. – ЖТ-15-4р тоб. студенті, Жунисбекова Ж.А. – п.ғ.к., доцент

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандарттарында жалпы білім беретін мектептерде оқытудың мақсаты – жеткіншек жасындағы балаларды оқыту барысында оқушылардың алған білімі жоғарғы сыныптарда оқытудың тірегі болатындай шығармашылықпен, өз бетінше ойлай білетін оқушыларды тәрбиелеу екендігі айтылған. Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды күнделікті сабақ тақырыптарына сай іріктеп, тиімді және ұтымды әрі оқу мотивациасының мәнін арттырады.

Сондықтан, білім беру жүйесінің негізгі бағыттарның бірі - оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықты, құштарлықты дамыту, соның ішінде жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының белгілі бір пәнге қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Бұл бағдарлама өзінің көкей тестілігімен ерекшелініп, қазақтың халық психологиясы мен педагогикасындағы идеялармен үндестік тауып жататындығымен де құнды.

Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың барысында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты беру не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында да пайдаланылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп мазмұнын байыта түседі, балалардың қиалдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.

Оқу үрдісінде ойын әрекетінің негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу жаттығу ойындары. Жеке тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтандырады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылғар оқушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады. Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.

Оқытудың ойын формасын қолдануды екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Ойын теориясын зерттеуші Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров тағы басқалар.

Жеткіншек жасындағы балаларды оқытуда ұлттық ойындарды қолданудағы психологиялық ғылыми ой-пікірдің қалыптасуының бұлақ-бастауларының бірі – халық педагогикасы мен психологиялық идеялары болып табылады.

Олар: Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі: ертегі, аңыз әңгімелер, ойын өлеңдері (санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ), мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жыр-термелер, айтыс-өлеңдер, эпостар, дастан-толғаулардың мазмұнына тереңірек үңілсек, ерте заманнан-ақ жас баланың ақыл-ойын дамытуда, қарапайым ұғымдарды қалыптастыруда, оның ерекше орын алатындығын айқын көруге болады. Бабаларымыздың даналық ойлары, мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері терең пайымдаулары балаларды тәрбиелеудің, олардың психологиялық дұрыс дамуын сондай-ақ, білімнің қажеттігін насихаттауда да кең орын алған. «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды», - деген мәтел осының дәлелі сияқты.

Халық ойындарын – пән сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірімен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Сыныпта берілген білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын пайдаланудың дұрыс әдіс – тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да құралдары мен астаса отырып, бұл олқылықтың орынын толтырады.

Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.

Әдебиеттер

1.Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. – Алматы: Мектеп, 1988. – 128 б.

2.Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д.P., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. - Алматы: Білім, 1998. - 206 б.