«Инновациялық әдістер арқылы оқушылардың жазбаша

сауаттылығын арттыру»

Желдибаева Шарипа Егембердиевна, Қазақстан, Тараз

№24 гимназиясы

Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Бұған дейін дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінбеді.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда .Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:

-       білім беру мазмұны жаңа прогрессивтік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылыммдағы шығармаылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баи түсуде;

-       ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып, орын беруде;

-       баланың жеке басын тәрбиелеуде оиның жан дүниесінің  рухани  баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде;

-       мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

-       қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі болып табылатын ізгілендіру мен демократияландыру - мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдары.

Балаларға  ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз – балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік,  олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына, қабілетіне  сену, ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі, тікелей қысым көрсетпеу, баланы ынталандыру, баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.

Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз – мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы, оқушының еркін таңдауға мүмкіндік құқығы болуы, қателесу құқығы, өзіндік көзқарас құқығы, қарым-қатынас стилі, тыйым салмау-бағыт беру, басқармау – бірігіп тең басқару, шектемеу – еркін таңдау мүмкіндігін беру.

        Түсіндіре басқара отырып, оза оқыту технологиясы. Тірек немесе оза оқыту дегеніміз – оқушының көз алдында жүріп жататын кесте, карточка, жылжымалы полотно, сызба, сурет арқылы түсінік бере отырып, қорытындылау. Осы «тірек» әдісіне сабақ басрысында барлық оқушылар қатыса алады. «Тіректер» плокаттар сияқты дайын тұрмайды, олар әр сабақта жұмыс үстінде туындап отырады. Оқушылар өз жауаптарын сызба түрінде жазып, оны оқиды, сол бойынша  жұмыс істейді.

Оқушылар түсінбей, құр жаттап алудан аулақ болады, алдымен ережені жаттап алмайды, түсіну, салыстыру, көру арқылы өздері тұжырымдайды. Кіші тіректер сабақтың алдында дайындалып қойылады, бөлек папкаларда сақталады.  Сабақты тек мұғалім оқытып қоймайды, оқушылар да жүргізеді. Мысалы, бір оқушы ауызша түсіндіре отырып, бүкіл сыныпты басқарады. Бұл жағдайда оқушылар өздерін еркін ұстап, ойланып жауап беруге төселеді. Терминдерді дұрыс айтуға жаттығады. Есту, көру қабілеті қалыптасады,  қайталауға, өзін-өзі тексеруге дағдыланады. Бұл процесс біртіндеп жеңілден ауырға қарай күрделене түседі.

Талдап, көрсете отырып, түсіндіре жазғызу теориялық білімнің тереңдігін көрсетеді. Сондықтан,  басқару ұстанымы бүкіл сыныпты басқарушыны таңдауға, оған бағынуға баулиды. Оқу үрдісіндегі оқушылардың рөлі күшейіп, ынтасы артады. Алдымен мұндай жұмысқа жақсы оқитындар тартылады. Сабақ кезеңдерінің жоғары деңгейде ұйымдасуы, сыныптың барлық соқушыларының біріккен жұмыс уақытын үнемдеуге көмектеседі. Осындай кесте, сызба-кестелердің қолданылуы – өткенді қайталап, қорытындылай отырып, жаңа тақырыпты түсіндіруді көздейді. Ол үшін кітап материалдары ғана емес, қосымша әдебиеттерден, күнделікті өмірден алған мысалдарды жиі қолдану керек. Сонда ғана, сыныптағы, үйдегі тапсырмалар оқушылар үшін жаңалық болмай, олар алдын-ала дайындық арқылы туындап, дамытылып отырады.

         Жаңа материалдарды меңгеру үш кезеңде жүргізіледі:

1.     Жаңаны біртіндеп таныстыру

2.     Жаңа ұғымды нақтылау, тұжырымдап, қорытындылау

3.     Оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту.

Оза отырып оқыту технологиясының ерекшелігі:

-         ретімен қолданылатын дидактиалық материалдарды – сызба, кесте, карточканы қолдану жаңа тақырыптың берік негізін қалайды;

-         үлкен және кішкентай тіректер жекеленіп, даралап оқыту, дербестікті дамыту үшін қолданылады.

         Ойын арқылы оқыту тиехнологиясы. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап, күні бүгінге дейңн қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Соңғы жылдарға дейін ойын  әдісін отқыту процесінде қолдануға шек қойылып та келді. Қазіргі кезде оқу процесінің тиіммділігін арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі бағытта қолданылып жүр:

-         оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлін өткенде, үғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;

-         барынша көлемді бір технологияның элементі ретінде;

-         тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, жаттығу, тексеру кезеңдерінде қолданылатын оның бөлігі ретінде. Ойын мен сабақтың табиғи үйлесуінде мұғалім тапқырлығы шешуші рөл атқарады.