Ө.АЙТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ
КАРИБАЕВА А.Ө. ф.ғ.к.доцент, РАМның корреспондент мүшесі,
Қазақ Ұлттық
Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының
докторы, Өмірзақ Айтбайұлының қазақ
терминологиясына қосқан сүбелі үлесі ерекше. Бүгінде
80-нің сеңгіріне шығып, Қазақстан
Республикасының
«Қазақ тілі»
қоғамының президенті қызметін атқарып
жүрген Ө.Айтбайұлының «қазақ
терминологиясы» саласындағы еңбектеріне тоқталсақ,
оның өткен
ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап, қазіргі күнге дейінгі
ғылыми еңбектері мен
ғылыми мақалалары бір төбе.Оны қазіргі
ғылым саласында зерттеушілер мен тілші мамандардың, магистранттар
мен докторанттардың
қолдануына мол септігін тигізіп отырғаны аян. Мәселен,
1988 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің
қалыптасуы мен дамуы» атты еңбегі, үш тараудан, бірнеше
тараушалардан тұрады.Онда автор «қазақ терминлогиясының
жасалу көздерінен» бастап, «термин жасаудың негізгі тәсілдері
мен олардың құрылымдық сипатының» жілігіне дейін
шағып, термин жайында және
оған қойылатын талаптар жайында терең түсінік берген.
Қазіргі күнде қазақ
тіліндегі
терминдердің жасалу ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен термин мен терминология деген
ұғымды анықтап алуымыз қажет. Өйткені оның
мағынасы мен мазмұнын
терең түсінбей тұрып, оның анықтамасын да ажырату
қиын.Сондықтан, ғалым өзінің бұл
еңбегінде терминннің бүге-шігесіне дейін қалдырмай,
оның қалыптасуы үшін, біріншіден терминдердің
жүйелілігін қалыптастыруды, екіншіден, терминнің нақты,
дәл анықтама беруін талап етеді,ал үшіншіден термин
қысқа болуын қамтамасыз етеді.
Термин –
Тәуелсіздік
кезеңіне дейінгі Кеңес
дәуірінде, өзге тілден
енген сөздерді «терминдер» - деп қабылдап,
тіліміздің қалыптасуы мен дамуына
үлес
қосқандығын білеміз. Өйткені, термин сөзі латын тілінен аударғанда «шекара»
деген ұғымды
білдіретін сөз. Яғни сөздің де шегі мен шекарасы болады
деген ұғым. Ғылымның әртүрлі
саласының өсіп-өркендеуіне сәйкес, бұл
сөздің мағынасы кеңейіп, нақты
терминологиялық жүйе арқылы қолданысқа
түсті. Сондықтан да термин қазақ тілінің жалпы
лексикалық қорын молайтып, лексикалық жүйесін құрады.
Термин -
атау сөз, ғылым мен техниканың белгілі бір саласындағы
құралдарды дәл,
анық айту үшін жұмсалатын сөздер. Ғылыми
атауларға
қазақша балама табу үрдісі тұрақты қалыптасқанда ғана, қазақ тіліндегі
терминдерді ғылымға енгізуге толық болады. Ал термин
сөздердің пайда болуы мен қалыптасуы: ғылым мен
техникаға, әдебиет пен мәдениетке, өндіріс пен
шаруашылыққа байланысты терминдер
негізінде қарастырылады.
Терминдерді зерттеуде
және қоғам үшін оның мәні мен
маңызын анықтауда:белгілі терминолог-ғалымдар А.А.Реформатский,
Д.С.Лотте, Н.А.Баскаков, О.С.Ахманова, В.П.Даниленко,Т.Л.Канделаки, К.М.Мусаев т.б. Отандық белгілі
терминолог-ғалымдардың термин туралы ой- пікірлерімен
бөліссе, ал қазақ
елінің терминолог-ғалымдары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов,
І.Жарылғапов, Ш.Сарыбаев, М.Балақаев, А.Т.Қайдаров,
Ш.Құрманбайұлы, Ш.Біләлов, С.Исакова,
Б.Қалиұлы, Б.С.Қарағұлова,
А.Салқынбай т.б. термин жайлы
өздерінің ой – пікірлері мен тұжырымдарын айтып, оны
зерттеуде қомақты еңбек сіңірген терминтанушылармен де
ой бөліседі. Сондай – ақ академик Ө.Айтбаев түрколог –
ғалымдармен де етене
араласып, өзінің термин жайлы ой тұжырымдарын бірге
бөліскен.
Ал терминнің
анықтамасына келсек, термин жөніндегі
ғылыми еңбектерде түрлі мәліметтер
беріледі.Мәселен, Энциклопедиялық сөздіктердегі анықтамада Термин-Рим мифологиясындағы шекара
құдайы. «Терминалдар
құрметіне
арналған мейрам»
дегенді меңзейді екен [1. 222].
Алайда бұл
термин сөздің табиғатын танытатындай нақты басты
белгілердің бірі екені даусыз. Ал академик
І.Кеңесбаев пен
профессорТ.Жанұзақов
«термин – шек, шекара»
деген сөздерден пайда
болып, ғылым мен техниканың, көркемөнер
мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты
қолданылатын, тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін
сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз деп
түйіндейді [2,26].
Академиктің өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері айналысып келе жатқан
ғылым саласы «фразеология мен аударма» мәселесі.Сондықтан,
1975 жылы «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс атты
еңбегі жарық көрді.1990 жылы «Терминдер және
олардың аудармалары» атты еңбегі жарық көрсе, 1992 жылы
«Становление и развитие терминологической лексики в области общественных наук»
тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Ал 1997 жылы «Қазақ сөзі» ( қазақ
терминдерінің негіздері) атты еңбегі жарыққа
шықты.Жалпы айтқанда, академик
Ө.Айтбайұлы мұнымен тоқтап қалған
жоқ, оның қазіргі таңдағы ғылыми еңбектері мен
мақалаларының саны біздің
білетініміз 500 ден асып кетті.2007 жылы «Қазақ тіл білімінің мәселелері» 600 беттік еңбегі жарық
көрді.Бұл еңбекке ғалымның әр жылдары
шыққан тілдің әртүрлі салаларында
жазылған ғылыми
мақалалары мен фразеология, аударма мәселесі, терминдердің
даму децгейі аясында жасаған баяндамалары мен ғылыми ебектері
енгізілген.Ал 2013 жылы
«Қазақ тіл білімінің терминологиясы мәселелері»
атты ғылыми еңбегі жарық көрді. Мұнда ғалым
қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы туралы ой қозғап, жалпы тіл
білімі мен түркологиялағы термин зерттеудіің қазіргі
жағдайы жайлы айта келіп, Ахмет Байтұрсынұлының
терминжасамдағы тәжірибесін алға тартады. Қазақ
тіліндегі термин қалыптастырудың негізгі кезеңдерін жіктеп
қарастырады.Сондай-ақ қазақ тіліндегі термин жасау
жолдарын қарастырып, профессор Қ.Жұбанов және
қазақ терминологиясының кейбір мәселелеріне
тоқталады.Мәселен, қазақтың терминолог –
ғалымы Қ.Жұбанов терминнің өзіндік сипатын
дұрыс түсінбеуден кеткен
қателіктерге назар
аударып, ол аударуға болмайтын терминдердің аударылуын қате
деп санайды.
Мұның негізгі себебі
терминдердің терминдік мағынасы емес, лексикалық
мағынасына мән беруден дейді [3,26].
Ғалымдардың пікіріне
сүйене отырып, біз термин дегеніміз - негізінен белгілі бір ғылым
саласында қолданылатын арнайы лексика деп түсінеміз.
Мәселен,«Спорт терминдерінің лексикасы», «Қазақ
лексикасының терминденуі» деген сияқты т.б.
Ал күні бүгінге дейін бұл жайлы
бірыңғай пікір қалыптаса
алмай келеді. Себебі, термин -
деген сөздің өзі
шет тілінен кірген сөз болғандықтан, ол
алдымен орыс тіліне еніп, орыс тіліне аударылады, сонан
соң өзге тілдерге ауысады.
Мысалы: ағылшын тілінен енген
«ватерполо» термині «water» деген
сөзден алынып, орыс тілінде «ватерполо», ал қазақ
тілінде «су добы» деген атауға ие болып жүр. Өйткені,
ағылшын тілінде «water – су»
деген мағынаны береді.
«Поло» – сөзі шет тілінде
«ойын» ұғымында қолданылатын сөз. Себебі, «конное поло», «ватерполо» деген
терминдердің
мағынасына
үңілсек, бұл сөз «доп» деген ұғымды бермейді. «Конное поло» –
«ат жарысы», «ат ойыны» немесе «көкпар» ойынына ұқсас
ойын шет елде «конное поло», - деп
аталады. Байқап
отырсақ, терминге берілетін
әрбір анықтама, оны жеке термин ретінде даралап, ерекшеліктерін көрсетіп, мәнін ашуға
тырысады.
Негізінде
кез келген сөз термин бола алады,
бірақ ол оның ерекше
қызметіне байланысты. Өндіріс жағдайында терминдер белгілі
бір адамдар тобының
өзара қарым -
қатынас құралы есебінде
пайдаланылады. Ал терминдердің жасалуы, біздің
ұлттық
терминологиямыздың жасалуы
мен дамуына өзінің үлкен
ықпалын тигізеді.
Осының нәтижесінде
тіліміздің байырғы сөздері қайта
жаңғырып, ұлттық терминдеріміз
жан-жақты дамиды.
Осы ретте
қазақ терминологиясының жанашыры болған академик
А.Т.Қайдаровтың айтқан сөзі есімізге
түседі. Ол тілімізде «көненің көзіндей болған, мағынасы сақталып, кейінгі кезде ұмыт болып, қолданыстан
шығып қалған,
не шаң басып жатқан көнерген сөздер аз емес,
оларды тірілтіп, жаңартып,
тіл қажетіне жаратуымызға болады», - дейді А.Қайдаров [4.26].
Термин туралы ғалымдардың пікіріне
сүйенсек, кез келген халықтың өз тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы,
өзіндік
өркениеті бар.
Қазіргі таңда халықтың дүниетанымын, мәдениетін,
тілдің мәселелерімен
сабақтастыра зерттеу – тіл біліміндегі өзекті
мәселелердің
бірі болып табылады.
Сондай –
ақ Ө.Айтбайұлының
аталған еңбегінде «Қазақ тіліндегі
қоғамдық терминдердің негізгі көздері» атты
бөлімінде: алғашқы газет-журналдардың термин жасаудағы ролі сөз болса,
тілімізге заманның ағымымен енген араб – парсы термин сөздері, Монғол тіліне
ортақ атау сөздер, орыс және интернационал термин
сөздері т.б. қарастырылады.
Ұлттың мәдениеті мен тілін байланыстыра зерттеудің қажеттілігі жөнінде ғалым
былай дейді: Ұлт тілін зерттеу - терминология саласы үшін
өте қажет.Өйткені, қазіргі тәуелсіздік
кезеңінде ұлттық терминологияны қалыптастырып, одан әрі
дамыту қажет дейді. [5,26].
Осы мақсаттан, біз қазақ тіліндегі
терминдердің тек
тәуелсіздік кезеңіндегі
қалыптасуы мен дамуын
бөліп, кезеңдерге бөліп қарастыруымызға
болады :
І. 1990-2000 жж тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіде қазақ
терминдерінің жасалу жағдайы;
ІІ. 2000-2010 жж.
қазақ
терминдерінің
қалыптасу кезеңі;
ІІІ. 2010 –
қазіргі күнге дейін даму кезеңі;
Бірінші кезеңде тіліміздегі термин
сөздер жаппай
қазақшаға
аударыла бастады.Ол
Қазақ ССР Ғылым Академиясының, Тіл білімі Институтының ғалымдарының жаңа
қолданыстарды
жинастыруымен «Ғылым» баспасынан 1990 жылы жарық көрді.Мәселен,
еліміздің тың жерлерін
игеруге байланысты, 50 жылдары «целинник» деген термин орыс
тілінен енді. Оның қазақ тіліндегі баламасы «тың
игеруші» деген сөз тіркесімен
берілді. Бірақ бұл бір қарағанда термин емес
қарапайым кәсіби сөз
сияқты қолданды.
Ал тәуелсіздік жылдарында ол «тыңгер» деген термин болып қайта
қабылданды. Соңғы
ширек ғасыр ішінде адамзаттың «космос» әлемін
танып – біліп, игере бастауы көптеген жаңа
сөздерді туғызды.
Мәселен, «космос» пен «космонавттан» басқа сөзді
қолданбайтын
қазақ тілінде
«ғарыш», «ғарышкер», «ғарышнама», «ғарыш кемесі»
т.б.сөздер
қолданысқа енді.
Сондай
– ақ бұрын орысша
аталып келген: проводник, дача, призер т.б.
сөздерге де
қазақша балама табылып, бұл күнде « проводник -
жолсерік», «дача - саяжай», «пляж - жағажай», «овощ -
көкөніс», «призер - жүлдегер» деген атауларға ие болып, қазіргі таңда
қолданылады.
Мұндай жаңалықтардың пайда
болуына себепкер екінші
жағдай, бұл бұрын
тіркес арқылы немесе
орысша атаумен суреттеме не
түсіндірме жолмен аталып
келген ұғымдардың
дәл, анық баламасын
табу мәселесі болды. Олардың көпшілігі жаңа қолданыс ретінде тілімізде
қалыптасқанымен, халықтың сана сезімінде өз
орнын таппай келеді.
Мәселен, «дача» сөзін
«саяжай», «жазхана» деп аударып, ал
«новосельені» «қонысмай», «қоныстой» - деп атау дәстүрі пайда
болды.
Сондай-ақ «рюкзак»
дегенді «жолдорба», «жол
қапшық», «варенье» дегенді
«тосап», «мұраппа», «қайнатпа», ал «универсальный» деген сөзді
«әмбебап», «бесаспап» -
деп бірнеше вариантта беру
мәселесі кездеседі.
Тәуелсіздік
кезеңінің алғашқы
жылдарында кез келген
орыс сөзінің
аударылуы – бұл тіліміздегі жаңа
қолданыстарды пайда етіп,
яғни жаңа
неологизмдер қалыптасты.
Мәселен, өнер -
қазақтың ең
негізгі игілігінің бірі. Сондықтан, қазақ тілінде
өнер саласына байланысты баспа беттерінде қазақ тілінің
ұлттық терминдерін кездестіруге болады. Мәселен, «бейнелеу» -
изобразительный, «кескіндеме» , «шеберхана» - мастерская, «сықпа бояу» -
акварель, «сурет» -картина, «хас шебер» - мастер, «коллекция», «коллекционер»,
«штрих», «пейзаж», «бейнелеу өнері» - изобразительные искусство
т.б.
Бұл терминдерді тек сала мамандары ғана
біледі. Көпшілік
мұндай
терминнің не екенінен
де біле бермейді.Мысалы, Бейнелеу
және сурет өнері кең дамыған сайын тілімізде оған
байланысты терминдерде
қалыптаса бастайды.
Академик
А.Т.Қайдаров
қазақ
терминологиясына ерекше көңіл бөлген ғалым.
Ол өзінің
«Қазақ
терминологиясына
жаңаша
көзқарас» атты еңбегінде қазақ тілінің үш тағаны барын айта келіп, 1.«ең алдымен
жазу - сызуы дұрыс болуы тиіс, себебі бұл –
ұрпақ арасын жалғастыратын алтын көпірі», - дейді.
2.Ономастикасы – жер бетіндегі ескерткіші, ал 3.терминологиясы – оның
баю, жаңару көзі,- деп терминология мәселесінің
бүгінде қайта қарау керектігін баса айтады [6,26].
Біріншіден, әрбір
өркениетті ел ғылыми - техникалық прогрестің айнасы – терминологияның
тиянақты болуына ерекше мән беріп, заман талабына
сәйкес, оның бағыт - бағдарын анықтап,
үрдісін байқап отыруға тиіс.
Екіншіден,
қазақ әдеби жазба
тілі – мемлекеттік тілдің негізі
болса, «терминология мен ғылым тілі» оның жон арқасы, бүкіл рухани – мәдени
өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сезініп отыруға тиіс.
Үшіншіден, қазақ
терминологиясы – әртүрлі жағдайларға байланысты,
бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр. Оның ғылыми принциптері жаңа
үрдіске бағыт – бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына
артқа тартып отыр, -дейді А.Т.Қайдаров.
Осының нәтижесінде әркімнің өз білгенінше термин жасауы мен оны
ауыстыру, алмастыру тәрізді бейберекет, бұқаралық әрекеттерге
жол беріле бастады. Мысалы, наушник - құлаққап,
пассажир - жүрісші,жүргінші, спрос- сұраныс, сұраным,
награда – мадақнама, биография – өмірнама, робот –
көктемір, планета –
ғаламшар, т.б.
Ғалым
осындай терминдердің негізгі себептерін көрсете отырып, сол
кезеңге лайықтап терминдерді қайта қарастыру қажеттілігін айтады [7,31].
Сондықтан, әрбір
саланың өз терминдерін
жүйелеу, олардың
жасалу ерекшеліктерін
қарастырудың кезі келген
сияқты. Мысалы,орысша
«издание» - басылым, «издатель»
- баспагер, «постановка» - қойылым, «заметки» - жолжазба т.б.
Өйткені, тәуелсіздіктің
ықпалымен тілімізде
көптеген терминдер қазақша аударылып, мағынасы келсе
де, келмесе де термин ретінде
ұсынылып жатты. Бірақ
оның бәрі термин
ретінде Мемтерминкомда
қабылданбай қалды. Салалық терминдердің көпшілігі әр саланың ғалымдарының,
тәжірибелі
мамандарының
қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей
ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдің
заңдылықтарын,
дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін біле бермейді.Міне, сондықтан
қателіктерге бой алдырады.
Оның үстіне атау
жасау, ат қою деген үлкен
талғампаздық
пен шығармашылық
қабілетті қажет ететін
күрделі жұмыс.
Терминдердің
жасалу принциптеріне келсек, оны алғаш рет қазақ тіл біліміне тіл білімінің белгілі маманы
Қ.Жұбанов енгізген болатын[8,31]. Оның тіліміздегі
терминдерді қалыптастыру жөніндегі «терминологиялық
концепциясы» негізінде сөздіктің
алдына берілетін қағидаттарды қабылдасақ, әдеби
тілде әлі де аударылмай
қалыптасқан
халықаралық
терминдерді қазақ
тіліне аудармай, сол қалпында алуымыз керек, - дейді. Әдеби тілде әрбір елдің
өз ана тіліне аударып алынатын терминдері бар. Ал қазақ
тілінде эквиваленті табылмаса немесе қазақша аударғанда
түсініксіз, я тіпті теріс ұғым
беретін болса, ондай
жағдайда орыс сөздері алынсын , - деген болатын.Бірақ
Қ.Жұбанов көрсеткен «клетка» термині қазіргі таңда қазақ
тілінде «жасуша» болып аударылып жүр. Ол негізінде адам анатомиясында
кездесетін «көкірек қуысы» - грудная клетка, биологиялық
термин болатын.Оның қазақ тіліндегі аудармасы «тор». Ал
өсімдік клеткаларының қабығын құрайтын
затты орыс тілінде «клетчатка» деп
атайтын.Біздің тілімізге тәуелсіздік жылдарында енген «жасуша»
термині осы «клетчатка» терминінің аудармасына сәйкес келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі «жасуша»
терминін кез келген жерде
қолдануға болмайды.Оны тек медицинада «раковая клетка» - рак жасушалары, «өсімдік клеткалары»- өсімдік жасушалары
деп алғанымыз дұрыс.
Әртүрлі пәндерде түрлі мағынада
қолданылатын немесе мағына жағынан біркелкі байланысы бар
терминдер сол мағынасында алынсын делінген. Мысалы, лингвистика,
ботаника, философия, физика т.б.Бір
сөзбен айтылатын,
бірақ түрлі орындарда
түрлі мағынада жүретін мануфактура – экономикада, продукт
– азық-түлік мағынасында қолданылатын сөздер -
бір пәнде термин болып алынсын да, ал қалғанында
қазақ тіліне аударылсын деген
болатын[9,28].
Бірақ терминология
уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, академик
А.Т.Қайдаровтың 1993 жылы жарық көрген
«Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» атты
еңбегінде, қазақ тілінде термин сөздерді
қалыптастыруға байланысты өзінің
көзқарасымен принциптерін ұсынады.Егеменді ел, тәуелсіз мемлекеттің басты
белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тірегі -
терминологиясы. Терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге,
жүйелеуге, қалыптастыруға, кеңінен
қолдануға сол мемлекеттің өзі
қамқорлық жасауы керек. Бұл принцип терминология
мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл
бөлініп, «Тіл заңының» берік болуы керек деген
мәселемен ұштасады.
Сондықтан,тәжірибе
алмасудың,бір-бірінен үйренудің пайдасы болмаса, зияны
жоқ.
Туыстас тілдердегі
үлгілердің өзіміз үшін үйлесімді,
тиімді,әрі пайдалы
жақтарын таразы басына
салып саралап, сын көзбен қарай отырып
қабылдау керек. Бұл жалпы түркі дүниесіне ортақ,
ғылыми – техникалық прогрестің, мәдениеттің үйлесе дамуына кепілдік беретін лингвистикалық фактор.Жалпы
айтқанда, орыс тілінің терминологиялық қоры негізінен
еуропа мен шығыс елдері тілдерінің элементтерінен
тұрады. Орыс тіліндегі таза орыс
терминдерінің өзі тек
ХУІІ ғасырдан кейін ғана қалыптаса бастады. Таза орыс
тілінің лексикасын қазақ тіліне толығымен аударып
қолдануға болады.Терминдердің жүйелілігі лексика мен
морфология тұрғысынан да талап етілгені дұрыс. Яғни
грамматикалық ауытқушылықтар терминде болмауы керек» - дейді
академик Ө.Айтбайұлы.
Ш.Құрманбайұлы
терминнің осы қасиеттеріне қоса тағы бірнеше
қасиеттерін көрсетеді.
Мәселен, терминнің тілдегі туынды сөз жасауға қолайлы
болуы, онда эмоциональдық пен экспрессивтіктің болмауы,
эстетикалық талаптарға сай келуі кере[10,28].
Термин
жасаудағы қысқалық туралы айтар болсақ,
қазіргі заманда ғылым мен техниканың ерекше
қарқынды даму жолына түскен кезеңінде, ақпараттар жиілігі барған сайын
артып баруда. Оның тіл білімінде
игерілуі едеуір қиындыққа айналып отырған жағдайда, айтылатын
ұғымның
мәліметке тірек болуы, сөздер мен терминдердің барынша
қысқа әрі нұсқа болуының айрықша
мәні бар.Термин жасаудағы дәлдік – термин арқылы ғылыми үғым
беріледі. Ондай жағдайда термин
ғылыми зерттеу
жұмыстарының, ізденістердің негізгі құралына
айналады. Ғылыми ой-пікір
қашан да өзінің анықтылығымен,
тұрақтылығымен ерекшеленеді. Термин дәл болсын деген
талап осы негізде пайда болған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Энциклопедический словарь.-Москва: Наука,1980.
2.Ө.Айтбаев
Қазақ
терминолгиясының
қалыптасуы мен дамуы. –Алматы: Ғылым,1988.
3.І.Кеңесбаев,Т.Жанұзақов.
Қазақ тілінің теринологиялық сөздігі.-Алматы,1977.
4.А.А.Реформатский Введение в
языкознание.-Москва: Наука,1975.
5.Қ.Жұбанов
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы:Ғылым, 2010
6.А.Т.Қайдаров Қазақ терминологиясына
жаңаша
көзқарас. –Алматы:Ғылым, 1997.
7.Ө.Айтбаев. Қазақ
терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. -Алматы:Ғылым, 1988.
8.Ш.Құрманбайұлы.Қазақ лексикасының терминденуі.-Астана,2000.