АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ПУБЛИЦИСТ
Кайратова Мерей,
Нурланова Нурзат, Бэкiбаева Толганай
Е.А.Букетов атын. КарМУ,
филология факультеті студенттері
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Мажитаева
ХХ ғасыр
басында тікелей оқу-ағарту ісімен немесе әдебиетпен айналысқандарды
ғана емес, бүкіл қазақ қоғамын
алаңдатқан үлкен проблема болды. Ол – жазу, алфавит
мәселесі. Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың бас кезінде
араб әліппесін қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіру мақсатымен өзгерістер енгізумен
шұғылданады.
А.Байтұрсыновтың публицистік қызметі қазақ
публицистикасының, басылымдарының қалыптасып даму тарихымен
тығыз байланысты. Оларды ажыратып қарауға болмайды.
Көсемсөздің стильдік белгілерінің,
ерекшеліктерінің айқындалып жанр тұрғысынан саралануы Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов және басқа да олардың замаңдас
серіктерінің мақалалары мен хаттарында жүзеге асты.
Соның нәтижесінде жеке стильдік-функционалдық сипатқа
ие лексикалық қабат пен грамматакалық құрылымдар қалыптасты.
А.Байтұрсынов газет мақсатына сай
оның тіліне де үлкен талап қойған, яғни жасанды,
араб, парсы сөздері көп келетін тілден бас тартуды көздейді:
"Аса қадірлі замандасымыз, бас жазушы" мақаласында ол:
"... газетті қазақтың қара тілімен
жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу
өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе
жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен жерден алыс кете
алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз,'" - дейді (
Қазақ, 15 ақпан, 1913). "Жұртқа
жақын", оның "көзі, құлағы,
һәм тілі" болатын газет тілі қазақ публицистикасының
стильдік белгілерінің саралануына, оны жеткізуші тілдік бірліктер
жүйесінің қалыптасуына қозғаушы күш болды.
А.Байтұрсынов мақалаларында әсер етуші,
ықпал тудырушы тілдік құралдар ретінде ауызекі сөйлеу
тілі бірліктері, фразеологизмдер, метафоралар, теңеу, эпитеттермен
қатар, салыстыру, қарсы кою, ойды үдетпелі түрде беру
әдістері қолданылады. Оның мақалаларында сол
кезеңдегі халықтың түсінігіне сәйкес сөздер
мен сөз тіркестері көп.
Публицистикалық шығармадағы тілдік бірліктің
қолданысын, мәтін құрылымы мен мазмұнын
қалыптастыратын – сыртқы факторлар. Хабар жеткізуші тіл бірліктерін
тыңдаушыға әсер ететіндей етіп таңдайды.Тіл бірліктері
ішінде газет тіліне тән фразеологизмдердің алатын орны ерекше.
Дайын тілдік оралымдар мен формалардың молдығы - белгілі бір
стильдің дамығаны мен өңделіп жетілгенінің
айғағы. Бейнелі сөз орамдары мен тұрақты
сөз тіркестері ойды жеткізе білу мүмкіндігін және оның
мағыналық жіктелуін күшейтеді.
А.Байтұрсынов ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін
фразеологиялық тіркестің кейбіреуінің мағынасын
суреттеп отырған оқиға мен өмір құбылысы
жағдайына лайықтап, жаңғыртып жұмсап,
мағынасын өзгертіп отырған. Сол арқылы автор тіл бірліктерінің ықпал ету күшін арттыруға
тырысады.
Публицист жадағай, жаттанды қолданыстардан қашып, белгілі
бір уәждемелер негізінде сөздердің жаңа тіркестерін
қолданған. Публицистикадағы фразеологизмдердің жиі
қолданысы газетті халыққа жақындататынын
көсемсөз шебері жақсы
түсінген. А.Байтұрсынов суреттеліп отырған өмір
құбылысы мен оқиғаға деген жеккөрінішін,
жағымсыз эмоциясын білдіру мақсатында ойды сегменттерге бөлу
немесе предикат сөзді қайталау арқылы орамды
тұтастықтар құруды жиі қолданады. Мысалы:
Өткен жыл - солдаттық қаупімен басталып, жұмысшылар
мәселесіне айналып, қазақ
халқының ылаңға түскен жылы. Ата тілін
ұл алмай, аға тілін іні
алмай, алыс пен жақынды, дос пен
қасты айыра алмай, қазақ жұртының
әуре-сарсаң, сергелдең болған жылы. Үй-іші,
мал-мүлкі қазаға ұшырап, талан-тараж, зорлық
көріп, еркек, әйел адамының
басы қорлыққа түсіп, қазақ
шапқыншылыққа душар болған жыл (Ақ.212).
"Жыл" сөзінің қайталануы, оның жаңа
сапаларға ие бола отырып қайталануы экспрессия туғызады. Ойды
үдетпелі түрде беру, ойдың сабақтастығын бір
бағытта дамыта отырып, индукция тәсілімен ой толғау
А.Байтұрсынов публицисти-касында экспрессия туғызудың бір
тәсілі ретінде қалыптасқан.
Газеттік-публицистикалық стильде "образдылық" газет
тілінің шынайы бағытынан туындайды. Ол – оқырманды сендіру,
иландыру және оған әсер ету мақсатында жаңадан
экспрессиялық құралдарды іздестіру. А.Байтұрсынов
образдылық туғызуда теңеуді орынды пайдаланады. Астарлы
қолданыстар публицистің субъективті шыңдыққа
жағымды, жағымсыз бағалауыштық ойын білдіру үшін
қажет. Ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің публицистикада жиі
қолданыста болуының негізгі себебі мен (Ақ жол,. 2ІО).
"Аллаңнан ойбайым тыныш" дейтін қазақ
уәждемесі -автордың бағалауыштық қызметі.
А.Байтұрсыновтың көсемсөздерінде ауызекі
сөйлеу тілінің элементтері диалогтік немесе риторикалық
сұрақтар деңгейінде де көрініп отырады. Публицист
өз ойын оқушыға жеткізуші ғана емес, сонымен
қатар ой тастаушы, әсер етуші. Оқырманның айтылатын
пікірге көзқарасын аддын-ала болжап, оқырман атынан кейде
өзі жауап береді. Публицистің қаламына сөйлеу тілінде
не болмаса жазба тілде баламасы бола тұрса да, орыс тілінің
сөздерін сол қалпында қолдану тән. Мысалы: Біз
естиміз, елдің көбі істің жобасын ауылнай, болыстарға
аударып, спискі бермей отыр дейді, бұлары қате (Қаз., 322).
Сана-саңлау түскендей я мұсылманша, я орысша жете оқыту
жоқ, "аз білімін
көпсініп, көп қазаққа епсініп", переводчик я
хатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады (Қаз.,
53).
А.Байтұрсынов публицистикасы жанр
жағынан әр алуан.
Бұлар сыни мақалалар, қоғамдық мәселелер
көтерген проблемалық
мақалалар, бас мақалалар, хаттар, ақпараттық
хабарламалар.
Сонымен зерттеу барысында А.Байтұрсыновтың публицистикасында төмендегідей ерекшеліктерді
байқадық:
-публицистің авторлық ұстанымы
(принципі) халықтың өмір тіршілігіне, ұлттық
танымына таныс ұғымдар мен түсініктерді дәлел
ретіңде салыстырып
қарсы қою, сипаттау түрінде көрініп отырады. А.Байтұрсынов оқушының назарын
артықшылықтарға, қажетті нәрселерге аудару
үшін салыстырма мәнді құрылымдар қолданып
отырған;
- экспрессия туғызудың бір
тәсілі ретінде үдетпелі
қолданыс А.Байтұрсынұлы публицистикасында қалыптасқан.
Ойды үдетпелі түрде беріп,
ойдың сабақтастығын бір бағытта жылжыта отырып, индукция тәсілімен ой
толғайды;
-А.Байтұрсынов публицистикасында фразеологизмдердің мол түрі
кездеседі. Газет материалдары қазақ ұлтының
қоғамдық-әлеуметгік мәселелерін көрсетіп,
дамудың негізгі бағыттарын
анықтап, оны халыққа түсіндіруді мақсат
еткендіктен, қабылдау, ұғыну жеңіл болу үшін сол
әлеуметтік топтардың күнделікті сөз қолданысын
пайдаланған;
-А.Байтұрсынов газет тілінің
халық тіліне жақын болуын талап етті. Халық үшін
жазылған нәрсе халыққа жақын болуы керек деп
түсінген. Сондықтан оның тілінде ауызекі сөйлеу
тілінің элементтері жиі кездеседі;
-
А.Байтұрсыновтың мақалаларында тұрақты
түрде қолданыс тапқан сөз тіркестері,
мақал-мәтелдер мен афоризмдер көптеп қолданылған.
А.Байтұрсынов - қазақ халқының өмірі
мен болашағына шын ниетімен жаны ашып, оның ұлт ретінде
сақталуында, бағыты мен жолын айқындауда терең
әрі кеңінен ой пішіп, байымдаған ұлы тұлға.
Ұлтымыздың саясаты мен мәдениетіне, ғылымы мен
өміріне, күллі рухани болмысы мен парасат әлеміне
А.Байтұрсыновтың қосқан елеулі үлесі туралы тек
елімізде болған қайта құру кезеңінің
басында ғана білдік. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов редактор
болған «Қазақ» газеті мен мектепке арнап
құрастырған Ақаңның оқулықтары,
оқу құралдары кітапханалардың «жабық
қорынан» көпшіліктің қолына тиді.
А.Байтұрсынов пен басқа да қазақ зиялыларының шығармашылық
өмірі мен қайраткерлік істері ХХ ғасыр басында
ұлтымыздың саяси-рухани сана-сезімінің қалыптасуына зор
ықпал етті.
"ХХ ғасырдың басыңдағы қазақ
интеллектуалдық күштерінің ұлттық баспасөз
төңірегіне тоғысуы қоғамдық
қажеттіліктен туған еді. Олардың жұмылып
жұдырық болуына, қосылып күш біріктіріп іс-әрекет
жасауына итермелеген қазақ елін жайлаған әділетсіздік
пен адам төзгісіз саяси-әлеуметтік ауыр хал болатын".
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедұлының
қызметтері, публицистикалық шығармалары журналистика
тұрғысынан зерттелгенмен, А.Байтұрсыновтың
лингвистикалық мұрасын, оның ішінде публицистикасын арнайы зерттеген мақалалар,
еңбектер бар (Сыздықова Р., Мажитаева Ш., Ерназарова Г., т.б.).
А.Байтұрсынов "Қазақ" газетінің негізін
салып, қоғамдық өмірде, қазақ
мемлекетінің қалыптасуында елеулі орын алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. Алматы, 1990.
2. Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым.
1999.