Есбол Ғ.Ш.
А.Байтұрсынұлы
атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға
оқытушысы
А.Байтұрсынұлы және
Шәкәрімнің ғибраттық ой-толғаулары
Жаза
бассаңыз жазығын ел көреді,
Жақсылық
қылсаңыз әркез есте жүреді.
(мәтел)
ХХI ғасыр 2016 жылдың 16
желтоқсаны айында Егемендік алғанымыздың 25 жылдығын
атап өткелі отырмыз. ’’Елу жылда
- ел жаңа ‘‘,- демекші, осы аз ғана кезеңде әлемді
қамтыған нарықтық дағдарысқа
қарамастан, елдегі тұрақтылықтың арқасында
экономикалық алға жылжушы 14 елдің қатарына
қосылдық.
1 желтоқсан 2015 жылғы
Қазақстан Республикамыздың Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында :
’’Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген
қасиетті Отанымыз Қазақстанды '' Мәңгілік
Ел '' ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық
түйістіру. ‘‘,-деп, [1] үкімет пен халықтың алдына
үлкен міндеттер қойды. Қазіргі тынысымыз бен тіршілігім
бұрынғы ТМД елдеріне қарағанда шығыс философы
Лао-цзы айтқандай:
''
- Бақытсыздықты қалай оңай жеңуге болады? -
дегенге,
- Басқалардың өте
ауыр жағдайда екенін көргенде. '',- деп, сұраққа
сұрақпен жауап берген. Мына өмірде бәрінің оңай еместігінде екенін
түсіндірген болатын. Шүкір дейік, ''бақыт қайда
барасың дегенге, ынтымаққа барамын деп жауап беріпті.''
Бүгінде тәуелсіздігімізді мығымдап, бірлігімізді нығайтып,
'' Мәңгілік Ел! '' болуды армандаған бабалар мұратын
іске асырып келе жатырмыз. БҰҰ ұйымының төрінен
орын алып, алпауыт дамыған елдерге тұрақтылығымызбен
және бейбітсүйгіштігімізбен танымал болдық.
Енді осы жолда тер төккен
және де құрбан болған ұлтжанды арыстарымыз
А.Байтұрсынұлы мен Шәкәрімнің
ғибраттық ой толғауларына көз жүгіртейік.
А.Байтұрсынұлы 12-13
қазан 1926 жылы«Еңбекші Қазақ» газетінің № 225-226
санында: '' Қазақ Республикасы 6 жасты толтырып жетіге аяқ
басқанда... Өнерлі кәсіп күшеюмен қазақ
жұмыскерлері көбеюге айналды. Мұнымен қатар мекемелер
қазақыландырылып, қалың бұқараға
жақындап келеді. '' [2] ,-деп, сол кездің
өзінде-ақ экономиканы
көтерсек, әлеуметтік мәселелердің шешуі табылатынын
көрегендікпен айтқан болатын. Ахаң одан әрі ойын тереңдете
түсіп: '' Бұған қарағанда Қазақстан
қай жағынан да алға басып келеді. Бірақ алға басу
дәуірінде іс жүзінде ие болып, не істеліп жатқанын,
алға басу бағытын дұрыс бақылап, кемшілік болса
бүркемей ашу керек. Жұмыстардағы кемшіліктерді жойып, артта
қалған жұмысты алға сүйреп, қатарға
қосу керек. '' [2] ,-дегенін, елге қызмет істеп жүрген
азаматтар жадында әр уақыт ұстап жүрсе игі еді.
Биылғы 2016 жылдың 16 желтоқсанында бабаларымыз
аңсаған азаттықтың туын желбіреткенімізге 30 жылдың
жүзіде болып қалыпты. '' Көп түкірсе, көл болады
''демекші, қазіргі жас ұрпаққа, ағартушы
қауымға және барша Қазақстандықтарға
қандай істе болмасын
А.Байтұрсынұлының өсиетінше, алға басуға
ғана ұмтылуымыз керек.
Кіршіксіз қоғамға жетілудің амалы – осы
заманғы оқу – өнерді игергенде ғана болатынын, әрі ақын, әрі тарихшы,
философ, өз заманының дана ойшылы Шәкәрім сол
кездің өзінде-ақ:
Жер жүзі
жабылғанда білім жаққа,
Қазақ
жүр құмарланып құр атаққа... [3] ,-
елдіктен, кісіліктен айырылмайық десе:
Қайран елім,
қазағым, қалың жұртым!... [3] деп, ұлы
Абайға үн қоса, қанша да қиыншылық
қыспаққа алса да ұлттық қайрат – жігерді
көрсетіп, мемлекетіміздің
іргетасын нығайтып, алғы дамыған елдердің
қатарында көрінейік деген жан айғайы еді. Шәкәрім
ақын:
Ойда жоқ өнер
біліп жол табайын,
Жалмауға
жалықпайды өз маңайын.
Мұның
түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық,
ұрыс, араздық күнде дайын.- [3]
деп,
ел болайық десек мамыражай күйден арылайық, шығыс
даналығындағы ''
көзім шықсын, уақытшамен мәңгілікке жеткен адамды
көрген жоқпын '', дегендей, жан-жағың тауқымет
тартып жатқанда өзің ғана мәз болу
қауымның арасына жік салып, қарама-қайшылықтар
тудырып берекені кетіретінін айтады. Иә, Ахмет Байтұрсынұлы
мен Шәкәрімнің заман қалай өзгерседе
білімділікпен, әрбір істе біліктілікпен мақсат-мұратқа
жетуге болады деген тағлымы жастарға, кәсіпкерлерге,
баршамызға терең ой салса деймін.
Ахмет Байтұрсынұлының:
« Қазақстанның ұлт мемлекеті болу дәуірі, екінші
жағынан, сол уақыттың ішінде тәжірибесін молайтып,
өсіп-өнген бірқатар қызметкерлерді дайындап
шығару дәуірі болып саналады.»,-
[2] деген тұжырымы ХХI ғасырда '' Мәңгілік Ел '' болуға ұмтылған
әрбір Қазақстандық қауымның алдында Ахаң айтпақшы, мынау
алмағайып заманда,'' ел үшін еңіреген ер болады,
еңіремеген жер болады '' қағидасын бетке ұстай,
Отанымыздың іргесі берік болуына жан сала қызмет етуіміз керек. Ол
біздің азаматтық, ұлтжандылық парымыз! Қазіргі
ғаламды қыспағына алған ''нарық дағдарысы '' кезеңінде не істемек
керек?
Ендеше Ахаңа жүгінейік: «...
Ақысын жібермейтін дәрежеге жеткенше қазаққа
қай жағынан да болса теңдік жоқ. Бұл заманда
қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін өнер – білім. Сол
өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек,
тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяғы астында
жаншылмас едік. Біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді
білдірер едік. » [4]
деген,
ұстаз ұлағаты бүгінгі күнмен сабақтасып
жатқан жоқ па. Әрі қарай Ахаң ойын
жалғастыра: « Осыларды істей алып отырған жұрттың
бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, ... бізден
де өнерсіз болған. » [4] , деп, кезінде ''дала өркениеті ''
болған, Еуразия құрлығына билік жүргізген,
өр бабаларымыздың ерен ерліктерін еске түсіріңдер!
Сондай болып, Қазақстан мемлекетінің даңқын көкке
көтеріңдер! Ұлы даланың қырандары
ұлттық намысты жібермейтін Отанжанды болыңдар дегені емес пе.
Шәкәрімге бір сәт
үңілсек:
Өнер қылма ар сатып
жалданбақты,
Ұлық болып елді жеп
мақтанбақты.
Біреуді жеп, біреуді табамыз
деп,
Қашан жақсы
көруші ек алданбақты.- [3]
деп,
ғылымда да және іскерлігіңдегі де жетістіктеріңе
бұлданбай, сатпай '' жалғыз шауып бәйге алмас '' дегендей,
қауымыңа қызмет қыл. Ал ел тізгінін ұстап
жүрген азаматтардың бұқара алдында пәк және
әділ болғанын қалайды.
Ұлы Шәкәрім пайдакүнемдіктің жолына
түсіп өзіңді-өзің алдама, жақсылық
қыл, сонда ғана жетерсің адами мұратқа дейді.
А.Байтұрсынұлы: «
Халық жүре, оқи, талаптана келе осыған жеткен... » «
Ендігі істейтін іс: ай мен күндей әмбеге ортақ білімді меңгеру... білгісі келгенге білім табылады » деп, бізге алғы жаңа
технологияларды зерттеумен қатар, оны қай салада болмасын
оңтайлы қолдануға болатынына және тиімділігіне
көз жеткізу керектігіне назар аударыңдар десе «... білім
үшін әуелі керек қылу шарт, екінші жаhат ету шарт... » [4],
мұнда, ерінбей, талмай ғұламала ойшылдарымыз
ұлттық сананы оятып, Егеменді Қазақстан мемлекеті
болуымзды жақындатты. Көреген ойшылдарымыздың қазақ руханиятына, керек
десең ұлттық өркениетке қосқан үлесі
шексіз.
А.Байтұрсынұлы мен Шәкәрім бүгінгі баршасын
құрсауға алған жаhандық дағдарыстан,
ғылым күшімен ғана шығуға болатынын
ұғындырып кетті. Болашағымыз қазіргі
жастарға Елбасымыз Н. Назарбаев: '' Мен жастарға сенемін! '' демекші, XXI ғасыр жас
ұрпақтың еншісінде, өмір сүр иелен, уақытты
жіберме, ең жоғарғы жетістіктерге жетіп бақытты бол
демекпін!
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев.Н. - '' Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы''. Егеменді
Қазақстан.-№230, 2015ж.
2. Байтұрсынұлы.А.
Қазақстан дәуірінің жаңа
құрлымы.-А,2013.-6 том.-8 бет.
3. Мағауин.М.
Ақын, тарихшы, философ. Шәкәрімтану мәселелері.- 1том,
А.-2007.-12 бет.
4. Байтұрсынұлы.А. Мақалалар, хаттар. 6 том.- А,2013.-161-162 бет.