Есбол Ғ.Ш.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеяларының сабақтастағы

 

Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.    

          (мақал)

ХХI ғасыр 2016 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығы аталып өткелі отыр. Осы Қазақ елінің егемендік алуы жолында тер төккен және рухани дем берген Алаштың ағартушылары, аяулы арыстары  Ахмет Байтұрсынұлы мен Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына назар салайық.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылғы  « Білім жарысы » еңбегінде:

’’ Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. ‘‘ [1] ,- деп, '' білім – өмір шырағы '' екенін жақсы түсінді. Бізге де қазіргі нарық дағдарысы кезеңінде әр алуан үздік технологияларды меңгеріп, ел тұрмысын жоғары көтеретін кәсіп орындар салып, баршасын жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек.

Одан әрі Ахаңның: «Ғылым, өнер артылған сайын дүниада бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді.» [1] -, дегені, бүгін көріп отырғанымыздай, өндіріс дамыған сайын, одан шыққан өнімдердің арасында бәсекелестік туындайды. Соған әрдайым дайын болып,  содан кейін сапалы өнім шығарғанда ғана дүниежүзілік сауда ұйымдарымен қарым-қатынас жасай аламыз. Халық:  жігіттің екі өнері бар: '' Атқанда - жыққан, ашқанда - оқыған   '' ,-дегендей, әр түрлі ғылымдарды игер десе А. Байтұрсынұлы, ал Ы. Алтынсарин:

                    Мал дәулеттің байлығы,

                    Бір жұтасаң жоқ болар.

                    Оқымыстың байлығы,

                    Күннен-күнге көп болар. [2] ,- деп, үлкен-кішіге де, кәріге де бір сәт талмай, ізденісте жүруі керек, білімді  ғана игілікті молайтуға ұмтылады:

                     Оқу деген шыны-ды,

                     Тұрған сайын шыныққан...

                      Оқу білген адамдар

                      Май тамызған қылыштан... [2] ,- жасөспірімдер алтын уақыттарыңды бос өткізбей, қоғамның ілгері жылжуына барынша үлес қосыңдар!, дегені емеспе.  Ыбырай ұстаз:

                       Білмегенді білуге

                       Есті бала тырысқан,

                       Есер бала ұрысқан.  [2],-деп, өсер бала елін көркейтуге, адам баласына жақсылық істеп, Отанының ардақты азаматы болуға тырысқанын қалайды.

       А. Байтұрсынұлы:

                        Әзірге қолдан келген осы барым,

                        Қомсынып, қоңырамай құрбыларым,

                        бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

                        Күн қайда үздік шығар топты жарып. [3]  ,-деген, ұлт қаhарманы туған елінің азаттық алуын армандаған еді. Тәубә, тәубә, биыл Ахаң аңсаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осы аз ғана уақыт ішінде Қазақстан бұрынғы ТМД елдерінің алдарына суырылып шығып, айтарлық жетістіктерге жетті.

Давос экономикалық форумының Жаhандық бәсекеге қаблеттілік  индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды. Ал, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан  41-ші позицияны иеленді. Арманшыл Ахаң болашаққа көп үміт артты:

                           Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін,

                           естілсе құлағына дүбір барып:

                           әйтпесе, арық шауып оңдырама,

                           жүргенде қамыт басып, қажып-талып. [3] ,- деп, ''жақсылықты-жамандық болмаса білмессің, қиыншылықты басқа түспесе білмессің '', демекші, алғы дамушы елдерді көріп, талай қоқайларды көріп, одан да сытылып шыққан  ер қазақтың  баласы едіңдер, енді ұйқтамай қанаттарыңды қағып, алғы белестерден көрініңдер деген өсиеті ғой.

Біртуар тұлғаларымыз А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсарин қазақ жұртын оқу-білімге жұмылдырып, ұлттық сананың оянуына және Тәуелсіз ел болуымызға баға жетпес өз үлестерін қосты.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Байтұрсынұлы. Білім жарысы. 5-том.-Алматы, 2016.-225 бет.

2. Алтынсарин. Ы. Кел, балалар, оқылық! 1-том.А, 2003.-22 -23 бет.

3. Байтұрсынұлы.А. Мақалалар, хаттар. 6 том.- А,2013.-159 бет.