Қазақ – Орыс Халықаралық Университеті, Қазақстан Республикасы,

Ақтөбе қаласы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАҺАНДАНДЫРУДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Амангелдықызы А., «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Сәдірғалиева Бақытгүл, 3-курс студенті

 

         Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы.

         Бүгiн бiз Қазақстан мемлекеттiлiгi дамуының тарихи аса маңызды кезеңiне куә болып отырмыз. Өзiнiң тәуелсiздiгiн алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқанда құқық қорғау жүйесi де сырт қалмасы анық.Елiмiздегi Конституциялық реформалардың жүзеге асырылғандығы Қазақстан демократиясының және қазақстандықтардың жолы алға басқандығының белгiсi.

Тәуелсiздiк алған аз ғана уақыттың iшiнде елiмiзде 1993 және 1995 жылдары екi бiрдей Конституция қабылданды. Елiмiз Президенттiк басқару жүйесiне өттi. Билiктiң барлық тармақтары Конституцияға сай қызмет атқаруда[1].

            Құқық қорғау органдарына нақты мiндеттердiң жүктелiмдерi бiр тектi болып келгендiгiнен олардың арасында бiр-бiрiнiң бастамасын сан-саққа жүгiртушiлер көп. Сондықтан олардың қызметтерiн ажыратып, реформаны нақты жүргiзу сұралуда. Осыған орай «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Президент Жарлығының ережелерiн жүзеге асырудың ұйымдастырушылық құрылымын жеделдету қажеттiгi туындап отыр. Жүргiзiлгелi отырған реформа қоғамдағы өзгерiстерге сәйкес жүргiзудi талап етуде. Реформа бойынша медициналық айықтырғыш қызметiн Iшкi iстер министрлiгiнен алып, Денсаулық сақтау министрлiгiне берiлуi, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарын Бiлiм және ғылым министрлiгiне беру мәселесi қоғамды сауықтыруға арналған жақсы бастама. Құқықтық мемлекет деп адамзат қоғамының гуманизм, әдiлдiк, теңдiк, демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық бiлдiру сияқты құндылықтары биiк тұратын мемлекеттi айтады. Қайырымдылық және аяушылық бiлдiру сияқты таза адамгершiлiк категориясынсыз қоғамның өркениеттi деп танылуы мүмкiн емес. Сондықтан құқықтық мемлекет қоғам өмiрiнiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, бiрден-бiр жоғары әлеуметтiк құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететiн және қорғайтын маңызды құрал болмақ. Осыған байланысты сот реформасын жүзеге асырудың және конституциялық заңдылықты және елде құқықтық тәртiптiң күштi қорғаушысы болатын сот жүйесiн қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр.  Осыған орай Елбасы құқық қорғау саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Заңға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді, онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған[2].

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.

Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі – жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.

Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) адам құқығының бастау тұғырына айналып, негізгі орын алатын,  әлемдік стандарттарға жауап беретін сенімді құқық қорғау жүйесінің құқықтық негізін қалайды.Жүргізіліп отырған жаңғыртумен қатар  Қылмыстық (бұдан әрі – ҚК), Қылмыстық іс жүргізу (бұдан әрі – ҚІЖК), Қылмыстық-атқару (бұдан әрі – ҚАК) кодекстерінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) жаңа редакциясын енгізу жоспарлануда.Бұл ретте қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар санаттарына байланысты қылмыстық саясатты ырықтандырып, ізгілендірумен қатар, қылмыстың жаңа нысандарына қарсы күресу үшін негіз қаланады, криминалдық қызметтің жандануы байқалатын салалардағы жазалау қатаңдатылатын болады[3].

         Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасына қабылданған түзетулер әлемдік құқықтық кеңістікте болып жатқан қазіргі заман болмысы мен үрдістеріне жауап беретін және қазақстандық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық заңнаманың келесі буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Қазақстан Республикасының Конститутциясы 1995 жыл 30 тамыз

2.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Қазақстан-2030» стратегиясы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты.

3.     Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.