Өскемен
қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Матаева Бақытгүл
Үкіжарқызы магистр,
«Психология және
педагогикалық коррекция»
кафедрасының аға оқытушысы
Аманқұл Арайлым
Өскемен қаласы С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ
«Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану» мамандығының
3 курс студенті
Үйде оқытылатын балалармен жүргізілетін
психологиялық жұмыстар
Қазіргі
кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып,
олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік
жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар
беруге арнайы жұмыстар жүргізілуде. Үйде оқытылатын
балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті
білім-білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға
байланысты түрлі шаралар жасалады. Үйде оқытылатын балалармен
жұмыс жасауда мұғалім бірнеше міндеттерді орындайды. Атап
айтқанда баланың мектепке дайындығын анықтау,
тәрбиесіндегі кемістігін жою, сабақты жүйелі жоспарлау.
Педагог-психологтар үйден оқытылатын оқушыларға
сабақ беретін пән мұғалімдерінің
сабақтарына еніп талдау жұмыстарын жүргізеді,
әдістемелік көмек көрсетеді. Оқушының оқу
құралдарының пайдалануын, күнделіктерінің
толтырылуын бақылайды. Ата-аналармен байланыс жасай отырып талдап,
тілектерін орындау жұмыстарын жүргізеді. Мұғалімдер
оқу-тәрбие жұмысын балалардың денсаулық
жағдайы туралы деректерді ескере отырып, аурухананың бас
дәрігерінің келісімі бойынша кесте бойынша құрайды.
Күнделікті оқу жүктемесі бір оқушыға 3-3,5
оқу сағаттарынан аспауы керек.
Үйде
оқытылатын балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін
қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын
сақтап, бала мүгедектегінің дейгейін төмендетуге мектеп
психологтары өз үлесін қосып келеді. Әр
педагог-психолог үйден оқитын балаға барғанда
біріншіден, баланың көңіл күйіне қарап,
динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы
мектепшілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде
көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне
барғанда ата-анасынмен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп
отырады.
Үйде
оқылатын балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер
үшін талап та жоғары. Мұғалімдер дидактикалық,
тіл дамыту, сюжеттік дамытушылық, қозғалыс ойындарды
сабақ барысында қолдану баланың зейінін, есте сақтау
қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуға
арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс
қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт
өкілдерімен достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Тек
қана баланың өзімен жұмыс жасаған балаға
ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының
отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып,
балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын
ата-анасымен бірлесе жүргізлетін, баланың өзіне
арналған коррекциялық ойындарды ойнатуға болады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады.
Ойын
элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушының
сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру
мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын
жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды
қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты
көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері –
мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын
оқушы аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне
сенімді көмекші бола алады. Өйткені бала жас ерекшеліктеріне
байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады. Ойын
балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Қарым-қатнасты дамытуға арналған
жаттығулар жасау арқылы баланың өзіне деген сенімін
арттыруға болады. Атап айтқанда: “Бет-әлпетті еске сақтау”.
Бала қоршаған адамдардың бет-әлпетін есте
сақтауға дағдыланады. Қарап ал да,көзіңді
жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық
еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша
бірнеше рет қайтала. “ Ол қалай күледі?” Бет-жүзіне
қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын көз
алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін,
сүйіспеншілігін , махаббатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан
кезде қандай? Ол қуалана ма, әлде сытылып,
құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді?
Ұрсыса ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай
көрінетін еді? Кейін қандай болады? “Мен басқалардың
көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және
әртүрлі адамдармен өзінің
әңгімелесушінің көзімен қарағанда
қалай көрінетініңді елестетуге тырыс. Сен қалай әсер
етесің? Ол сен туралы не ойлайды?
“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайым күлкінің
табы тұруын, мейрімді жүзді, ақжарқын
қалпыңды сақтауға үйрен. Күлкің
келмесе де, оған әр уақытта дайын бол. Әрдайым ішкі
дүниең күліп тұрғаны жөн.
Үйде
оқытылатын балаларға сабақ өткенде дамытушылық
ойындарды тиімді пайдалана білу керек. Дамытушы ойындар танымдық сезімді
оятады, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыта отырып,
ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің
икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял
ұшқырлығын қалыптастырады.
1. Ойын «Өз есіміңді ата»
2. «Көліктер»
3. «Қорапқа түрлі жеміс-жидек сал»
Жалпы білім беру саласындағы
психологиялық қызметтің тәжірибесінде жалпы мектеп
жасындығы балалардың психологиялық саулығы өзекті
мәселе деуге болады.Үйде оқылатын балалардың
психологиясын жеке бастың адамдық көріністерімен тығыз
байланыста қарастыру керек.Мұндай мәселелер жан-жақты
қарастыруды және балалардың дамуының барлық
кезеңдерінде,баламен психологиялық жұмыстардың
тәжірибе деңгейінде қарастырып зерттеуді талап етеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Педагогика және оқушы психолгиясы 6(3) 2016 Шымкент
2.Психологияның қолданбалы мәселелері 10(52) 2012
3.Мектептегі психология 9(51) 2012