Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы

Шығыс Қазақстан Мекмлекеттік универститеті

« Психология және педагогикалық коррекция»

Кафедрасының аға оқытушысы , магистр Матаева.Б.Ү.

« Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану » мамандығының

3 курс студенті Қамзанова .Г.Ф.

 

  ОҚУШЫНЫҢ СУБЬЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ

                                  ТӘРБИЕЛІК ОРТАНЫҢ РӨЛІ.

 

Субьектілік - адамның ерекше сапасы. Оқушылардың субьектілігін дамыту үшін оларды әртүрлі пән аясында белсенді іс-әрекетке жұмылдыру қажеттіліктері туындайды. Елбасымыздың жолдауында «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге оқушылардың субьект ретінде тәрбиеленуіне ерекше назар аударылып отыр екен. Соған орай мектептегі білім беру жүйесінде жаңа білім беру стандарты енгізілді. Ол бойынша қоғамның барлық талаптары мен сұраныстарына орай оқушы өз өмірінің субьектісі(жасаушысы), болашақта өзін-өзі дамыта алатын дербес шешім қабылдай алатындай тұлға қалыптастыру міндетке қойылды. Осы талап бойынша субьектіліктің алғашқы бастауы- әрбір оқушыны жеке тұлға деп бағалау[1] .  Жеке тұлға түсінігінің мәнін ашу үшін педагог К.Д. Ушинскийдің мына сөзіне сүйенуге болады: «Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек» . Субьект үшін жеке тұлғалықтың мәні-оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзінді даму траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыруда көрінеді[2].

Көптеген педагог- ғалымдардың зерттеуінше  баланың жеке тұлғалығы – өз өз қоғамның обьектісі  ретінде де, субьектісі ретінде де қарастырылылуында. Субьектілікті дамыту оқу мен қарым-қатынасқа ғана негізделмейді. Оқушы субьектілігінің дамуына әлеуметтік факторлардың бірі- тәрбиелік ортасының ықпалы үлкен әсерін тигізеді. Себебі, Тәрбие-қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірбиесін кейінгі буынға меңгертіп,олардың сана сезімін жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбиенің бастауы- тәрбиелік ортасына тікелей байланысты.

Тәрбиелік орта – табиғи және әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларда өмір сүрген адамның (бала немесе ересек)жеке тұлға ретінде дамуы.Жалпылай алғанда тәрбие және тәрбиелік орта жайлы зерттеген Н.П.Волкова, Н.М.Фицула, И.Ф.Гербарт т.б.

Тәрбиелік ортасына мыналар жатады: отбасы, балабақшадағы топ, сынып, спорттық секциялар, үйірмелер, көшедегі орта,жоғары білім мекемелері, жұмыс жатады.

Тәрбиелік ортаның мынадай түрлері бар: (энциклопедия практической психологии).

Стихиялы - бала ата-анасынан қашып, дала безіп жүреді.Яғни, көше-баланың тәрбиелік ортасына айналады.

Попустильді- бала ата-анасымен тұрады, бірақ босансып ешқандай тиым салынбай өседі.

Авторитарлы - баланың отбасында анасы басым рөл атқарады. Бала өміріне анасының ықпалы зор болады.

Экстремалды - жасөспірім қателік жасап балаларға арналғанн түзету мекемелеріне түскен жағдайда, тәрбиелік ортасы – түзету мекемесі болады.

Оптималды -  баланың жетілуі мен субьект болып қалыптасуына, өз бетінше дамуға ата-ана, қоғам тарапынан шектеу қойылмайды[3].

Тәрбиелік ортаның мәні ашылып, енді оқушы субьектілігін қалыптастырушы және дамытушы тәрбиелік ортасына( отбасы, балабақшадағы топ, сынып, спорттық секциялар, үйірмелер, көшедегі орта) жекелей тоқталайық.

        Отбасы тәрбиесі бала дүние есігін аша салысымен, ананың аялы құшағында сусындап нәр алады. Алғашқы қадам, алғашқы сөз баланың жеке тұлға болып қалыптасуының бастамасы болады. Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келеді. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына , рухани және адами дамуына ,ең құнды жалпы азаматтық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға , еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында сол қасиет солай қалыптасады. Бала - субьек болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы. «Болса  тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжандатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата- ананың басты міндеттерінің бірі[4].

         Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Балабақшадағы келешек оқушының субьектілігін қалыптастыру үшін ойындар, ертегі-әңгімелер, топ балаларымен  қарым-қатынасы тиімді әсер етеді. Заман талабына сай балабақша жасындағы балаларды жан- жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагогикалық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұр. Қазірде замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде.

         Жеті жасқа келгенде бала мектепке бара бастайды, осылайша оқушы атанады. Бұл кезде тәрбиелік ортасы мектеп болып саналады.  Бастауыш сынып оқушысының білім беру іс-әрекетінің, білім беру жағдайындағы өз мінез- құлқының субъектісі болуы өте маңызды, өйткені ол белсенді бастамаға ие, өзіндік ұстанымға, өзінің қайталанбас даралығына, бастан кешулеріне, әрекеттеріне қатысты бастауыш мектепте тәжірибе жинақтайды. Бастауыш сынып оқушысының бойында субъектікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру өте тиімді. Оларға логикалық есептер, технологиялар, шет тілдерін үйрету, қосымша іс-шаралар ұйымдастыру жатады. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының субъектік белсенділіктерін дамыту мақсатында әртүрлі белсенді әдістерді қолдану тиімділік көрсететіні байқалады. Бұл кезде оқушы оқу үрдісіндегі субьект ретінде белсенді таным әрекетінің тасымалдаушысы,яғни саналы түрде өзінің таным әрекетінің  мақсаттарын анықтаушы, оқу міндеттерін шешудің әдіс-тәсілдерін өздігінен тандаушы,өз іс-әрекетін жүзеге асырудың стратегиясымен тактикасын анықтаушы қабілетімен сипатталады[5].

          Жоғары сыныпқа көшкенде оқушы мен мектеп ұстаздарының арасында толығымен авторитарлы қарым-қатынас орнайды. Тәрбие беруші, оқытушы мұғалім –субьект, және тәрбиені алушы, білімін жетілдіруші оқушы- субьект. Мектепте оқушыға мұғалім: субьект бола білу, тандау, өнер және жеңіске жету, қолдау көрсету, сене білу сияқты жеке бас талаптарын жетілдіреді. Сонын барысында оқушыда ұқыптылық, сену, қамқор көрсету, өз ісіне жауап бере алу, мақсатты орындау сияқты қасиеттері дамиды. Сонымен қатар, мектепте эстетикалық және Рухани- адамгершілік  тәрбиеге аса мән беріледі. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы субьектілігінде эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады[6]. Ал, рухани - адамгершілік тәрбиесі- оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б еңбектерінде кеңінен қолданыс      тапқан[7].

       Балабақша мен мектептегі тәрбие мен таным үрдісін дамыту мақсаты жайлы Э.К.Кей, Г.Шаррельман, М.Монтессори сияқты шетел жазушы және ғалымдары,орыстың А.Шевченко, Н.А.Толстой, Г.Сковорода, И.П.Котляревский жазып кеткен.

        Мектептен тыс оқушы міндетті түрде спорттық секциялар мен үйірмелерге  қызығушылықпен қатысады. Оның да субьектілікті дамытуда маңызы зор. Спорт кешендері  субьектінің денсаулығын нығайтуға көмектесу, ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан- жақты өсіп жетілуіне, қозғалыс  дағдысын тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Ал, кейбір оқушылар бос уақытында қолөенер,ән-би, сурет үйірмелеріне қатысады. Ол шеберлік, қызығушылық, тиянақты болу т.б қасиеттерді дамытады.

       Тәрбие-қоғамның тарихи әлеуметтік- экономикалық жағдайларынан тұратын обьективтік процесс. Баланың балалық шақта қалыптасуы, мектеп жасында субьектілік рольін атқаруы тәрбиемен оқу үрдістеріне тікелей байланысты. Тәрбиелік ортаға сінісіп кеткен жеке тұлғада  субьектіліктің 24 қасиетінің барлығын анық белгілеп алуға болады. Яғни, отбасы, балабақша, мектеп, спорт секциялары мен үйірмелер оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда, ата-ана мен қоғам және мектепте тиімді қарым-қатынас жасауға,  қоғам өміріне субьект болып үлес қосуына жәнеде өз өмірінің авторы болуына кепіл береді. Жалпы алғанда оқушы субьектілігінің дамуы балалық шақтан басталады.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.       Н.А.Назарбаев,Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы,2005ж.Петропавл.13б.

2.       Р.Қоянбаев.Тәрбие теориясы. Алматы,1991.

3.       ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ПРАКТИЧЕСКОЙ ПСИХОЛОГИИ.

4.       Р.Ж.Қоянбаев .Балаларды отбасында тәрбиелеу,1978

5.Жеке адамды жан-жақты дамыту тәрбиенің басты мақсаты.

6.Кутаева.Н, Основы эстетического воспитания.Москва,1986

7.Майғаранова.Ш.Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері,2002ж.