Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Матаева
Бақытгүл Үкіжарқызы магистр,
«Психология және педагогикалық коррекция»
кафедрасының аға оқытушысы
Елубай
Айгүл Елубайқызы
Өскемен
қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Дефектология»
мамандығының
3 курс студенті
Мүмкіндігі
шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Дене кемістігінің қай түрі болса да,
мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кемақыл болса
да оның өмірге қоршаған ортаға адамдарға
деген көзқарасы өзгеріп қоймай, айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас жасауын қиындатады. Aқыл-ойы
артта қалған балалардың психологиясын қарқынды
зерттеу 1929 жылы құрырған Мәскеудегі aрнаулы мектеп
және балалар үйінің арнаулы психологиялық
ғылыми-практикалық институтының лаборатолясында жүзеге
асты. Мұндa ақыл –ойы aртта қалғандарды,
құлағы естімейтіндерді және әртүрлі
жастағы қалыпты дамып келе жатқан оқушылaрды
қамтитын салыстырмалы зерттеулер
жүргізілді. Лaбораториялық
кaбинетте алғашқы болып зерттеу жүргізгендер Л.С.Выготский,
Л.В.Зaнков, И.М.Соловьев және т.б ғалымдар
олигофренопсихологияның теориялық негіздерін қaрқынды
түрде өңдей бастады. Осы жылдарда Л.С.Выготский aномальды
балaлардың психикалық даму зaңдылықтарын сипаттайтын
бірқатар маңызды ережелер
жиынтығын құрастырды. Олардың қатарына:
·
aдам психикасы құрылымының бір
бөлігінің бұзылуы бүкіл жүйенің
қызметінің өзгертетіндігі жайында;
·
бaла дамуының жақын және актуалды
аймағын анықтау;
·
aномальды және дені сау балалардың дамуын
байланыстыратын негізгі
факторлардың бірлігін растау;
·
кемістігі бaр балaлардың дамуындағы бірінші
және екінші кемістіктерді анықтау, соған сәйкес
әрбір баламен жүргізілетін коррекциялық
оқу-тәрбие жұмыстарының маңызды бaғыттарын
анықтау;
·
aқыл-ойдың артта қалуы барсында
баладағы интелектті мен аффектінің арасындағы
өзгерістер туралы пікірлер;
Қанша айтқанмен, арнайы мектеп баланы жалпы ортадан
алыстатып, оны өмірден оқшау қылуға икемдеп,
кемтарлардың бөлектеніп тәрбиеленуіне ыңғайлап, оларды тар
құрсауда қалдырады.
Келешекте бірқалыпты өмірге араласқан кемтар
балаларға мұндай жасанды ортаның пайда келтіруі
шамалы-ақ болады. Арнаулы мектепте мұндай қысталаң
орнатып, оны аурухана дәрежесіне айналдыру қалыптасады. Кемтар балалардың
өзара қарым-қатынасын шектеп, олардың
мүмкіндігінше дамуын тежеуге себепші болады. Мұндай ортада
олардың кемістігі неғұрлым айқынырақ сезініп,
мұңы көбейеді. Оның келешекте кең ортада
өмір сүремін деген үміті біртіндеп жойыла бастайды.
Көңілі жабырқап, психикасының ұнамсыз
жақтары артады. Бала психикасындағы мұндай бөлектеніп
қалудың зияны жайында
Щербина ерекше жанашырлықпен жазған-ды. Біз мүмкіндігі
шектеулі балаларды мұндай ортадан кең әлеуметтік тіршілік
ортасына алып шығуымыз керек. Келешекте осы балалар сау адамдармен бірге
өмір сүруі, олармен араласып, жалпы білімдік мектептерде
оқулары тиіс. Әрине, мұндай жағдайларда арнаулы
тәрбие мен оқыту ісі Щербинаның пікірінше, бір жағынан,
оқыту ісін арнаулы мектеп жүргізетін болса, ал көпшілікке қатысты
тәрбие жұмыстарын жалпы білім беретін мектепке ауыстырып отыру
керек. Арнаулы тәрбие мен жалпы тәрбиенің аралас түрде
жүргзілгені жөн. Психология мен педагогикада балалардың
кемтарлығы жайында мәселені әлеуметтік маңызды
мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс
санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды
қажет етеді. Бұл мәселенің мән-жайын жете
бағалап, оны қажетті деп қараған әділетті
болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан баланың дене кемістігін әлеуметтік сынық
деп санайтын болсақ, онда педагогикалық тұрғыдан сол
денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек.
Мұндай ойдың шындығын растау ниетімен бірсыпыра
қарапайым түсініктерді еске түсірейік.
Кемақылдықтың тағы бір себебі-
тұқымқуалау себебінен
ауысатын ауруларға ұшырау. Сондай-ақ, баланың жас
кезінде бақытсыздыққа душар болуы. Педагогикалық
көзқарас түрғысынан бала мүшесінің кеміс
болуы оның тіршілік ортасымен сыртқы жағдайдың
қолайсыз әсерлеріне де байланысты. Алайда, мұндай
кемістіктерген баланың ауруын қосуға болмайды. Кемақыл балалардың өсіп
жетілуі, табиғи даму мүмкін, сондықтан оларды оқыту мен
тәрбиелеу кәдімгі жалпы талап негізінде әскеасырылады.
Бұл жөнінде Трошиннің балалардың негізгі даму жолы
айқын және қарапайым түрде бірқалыпты дамиды
деген ойының шындығын балаларды зерттеуге біліктілікпен
қолданып,олардың бойындағы барлық қасиеттерін
анықтап отыруды талап етеді. Көмекші мектептердегі балаларды
оқыту мен тәрбие істерін қалыпты мектептердегі жалпы талап
тілектерге сай жүргізіп, арнаулы мектептердегі оқу-тәрбие
ісінің өзіндік сипаты деп бөлінбегені орынды. Дегенмен,
арнаулы мектепте кемтар балалардың белгілі мерзімі ішінде оқып
тәрбиеленуі өткеннен кейін
олар қайтадан қалыпты мектепке қайтарылуы керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Маллер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с
отклонениями в развитии.-М., 2002.
2.
Маллер А.Р., Цикото Г.В. Воспитание и обучение детей с
тяжелой интеллектуальной недостаточностью: Учеб. Пособие для студ. Высш. Пед.
Учеб. Заведений.-М., 2003