Сарыбекова Ж.Т.,
Қуатбек Г.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ТҰЛҒАНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚҚАНДЫЛЫҒЫ
Жеке тұлға қалыптасуының
биологиялық және әлеуметтік факторларының арақатынасының
бірлігі адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың
негізі болып табылады. Осы әдіснамалық тұрғыдан
алғанда жеке тұлғаның қалыптасуын зерттеуде
кешенді тұрғы болуының қажеттілігі айқын.
Балалық шақтағы барлық ауытқулар, бейімделу
немесе жеке тұлғалық өзгерістерде, осы айтылған
себептердің көп факторлығын ашуға мүмкіндік
беретін, солардың өзара әсерін зерттеу қажет.
Психикалық денсаулықты нығайту, өсіп келе жатқан
ұрпақтың жоғарғы тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру және үйлесімді
психофизиологиялық пісіп жетілуін қамтамасыз ету-маңызды
әлеуметтік міндеттерге жатады.
Психикалық және тән
саулықтарын бір-бірінен бөлуге болмайды. БДҰ беретін
денсаулық анықтамасында бұл жағдай барынша нақты
көрсетілген. Денсаулық ауру немесе жарымжандықтың
(кемістіктің) жоқтығы ретінде ғана емес,
сондай-ақ, толықтай әлеуметтік, рухани және
физикалық аман-есендік. сонымен адам биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік
ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, қазіргі кездегі
этносқа деген тұрғыларға сүйене отырып, адамды-
биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік деп анықтауға негіз бар сияқты.
Мидың генетикалық потенциалы мен органикалық саулығы
баланың отбасындағы, балалар ұжымындағы, оқыту
және тәрбиелеу үрдістеріндегі мінез-құлқын
әлеуметтендіру мен реттеуді тудыра алатын физикалық
процестердің дұрыс өтуінің негізі болады.
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
мәселесі зерттеу нысанасы “адам-орта” жүйесі болып табылатын
көптеген ғылымдар үшін теориялық та, практикалық
та қатынаста ерекше маңызды болып табылады. Адамтану психологиясы
саласындағы зерттеулердің нәтижелері жеке
тұлғаның дұрыс қалыптасуы қолайсыз
биологиялық және әлеуметтік факторлармен бұзылуы
мүмкін екендігін көрсетті. Биологиялық ақаулықтың
психиканың дамуына тигізетін әсері түбегейлі болып
табылмайды, ал ауыртпалық жүктейтін биологиялық қауіптілік
факторлары мен жеке тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуының арасында қатынас сызықтық
түрде болмайды.
Биологиялық фактордың теріс
жақтары және оның психикаға тигізетін әсері, жеке
тұлғаның әлеуметтік детерминизмімен анықталады,
орталық жүйке жүйесінің оптималды қызмет
жағдайы, қолайлы әлеуметтік фактордың тиімді әсет
етуі үшін және әлеуметтік қауіптілік факторларымен
байланысты болатын, жеке тұлғаның қалыптасуының
маңызды бұзылыстарын шектеу үшін алғы шарт болып
табылады. Жалпы
алғанда, бүгінгі таңда биологиялық және
әлеуметтік детерминацияның арақатынасы (теориялық
және әдіснамалық мәселелерді қосқанда)
күрделі және көп аспектілі болып келеді.
Дамудың сапасы жағынан әр
түрлі екі факторының-биологиялық және
әлеуметтік-ролін зерттеу, детерминизм қағидасын
ұсынады. Психологиялық тұрғы биологиялық
және әлеуметтік адам дамуының біртұтас
үрдісінің жүйелік детерминизмінің бөлімдері
ретінде қарастыруды пайымдайды; биологиялық пен
әлеуметтіктің өзара жанама түрленуі
анағұрлым толық формада оның психикасына көрінеді.
(Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,) П.В.Симонов атап
көрсеткендей, жеке тұлғаның әлеуметтік
меңгеру ерекшелігі генетикалық фактордың рөлін,
яғни әлеуметтік және биологиялық бірлікті сипаттайтын
жеке ерекшеліктерге тәуелді, бірдей әлеуметтік әсердің
әр түрлі әсер етуі мүмкін екендігін жоққа
шығаруға болмайтындығын атап көрсетеді.
Шеткі жүйкелік-психикалық
бұзылыстардың туындауындағы орта факторларының
мәні бар ортаның психозақымдаушы әсерлерін
анықтайды. Психикалық зақым кез-келген жаста бала үшін
естен танарлықтай әрекет болуы мүмкін, эмоционалды
депривация, мектептегі қарама-қайшылықтар, неврозбен
мінез-құлықтың бұзылыстарын тудыруы мүмкін.
Психикалық денсаулығы
бұзылған жасөспірімдердің ата-аналарының кейбір
қолайсыз тұлғалық ерекшеліктері бірнеше сипатта болуы
мүмкін: генетикалық фактордың әлеуметтік
психологиялық фактормен қосылуы, жасөспірімнің жеке
басының қалыптасу үрдісіндегі теріс көріністің
күшеюіне, жанұяда психологиялық алдын-алу жұмыстары
болмаған жағдайда жүйкелік психикалық ақаулықтың
дамуына жағдай жасайды. Шекаралық бұзылысы бар
жасөспірімдерде байқалған нақты қолайсыз орта
факторларының арасында отбасылық тұрмыстық факторлар
(созылмалы дау-дамайлар, невроз және т.б.) ерекше мәнге ие болып
табылады.
Баланың қалыпты дамуы үшін отбасы
және қоршаған ортада бала өзін
қорғайтындығын сезінуі шарт. Баланың
қоршаған ортамен өзара қатынасын реттеудің
негізгі механизмдері эмоциялық байланысты құра білу
қабілетіне негізделген. Тілек пен қажеттіліктер тәрбие
процесі нәтижесінде, қоршаған ортадағылардың
қолдауы, не қарсы ықпалы негізінде қалыптасады. Егер
бұл даму процесі қоршаған орта не мидың
зақымдануына байланысты дұрыс жүрмесе, жеке тұлға
дамуында ауытқу болады.
Нервтік психикалық
ауытқушылықтың туындауындағы орта факторларының
әсерін қарастыра келіп клиницистер психологиялық
тұрғыдан маңызды, ең алдымен ортаның психиканы
зақымдайтын әсерін қарастырады. Баланың жүйке
жүйесінің психикалық саулығын қорғауда
отбасының тәрбиелік функциясының әсері зор. Отбасы
мүшелерінің жылы қарым-қатынасы баланың
үйлесімді дамуына әсер етеді. Бала тәрбиесінің типі мен
оның психикалық дамуының ерекшеліктері арасында тығыз
байланыс болуы заңды.
"Эмоция" ұғымының төркіні -
"емовера" деген латын сөзінен, "эмоцион" дейтін
француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні-тітіркендіру,
толқу. Бұл-жан дүниесінің сыртық және ішкі
әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен
шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі.
Эмоция-адамдар мен жануарлар дүиесінде де көрініс беретін кейіп.
Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті
нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін
жабырқатып, іс-әрекетін бей-берекетсіздікке ұшыратады. Сезім
мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне
ұнамды әсер етуі стеникалық-күшті сезім тудырса, ал
ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық-әлсіз,
жағымсыз сезім тудырады.
Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның
қысқа мерзімді айқын көрінісі-эмоция-жан
дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай
маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз
адамның органикалық мұқтаждықтарын
қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты
туатын психикалық күйлер. Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы
мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи
даму жағдайына тәуелді. ал хайуанаттар дүниесінің
эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана
бейімделеді.
Күрделі эмоциялардың бірі-көңіл. Кейіп-біраз уақыт бойы
адамның көңілін билеп, мінез-құлқына
әсер ететін, жалпы эмоциялық күй. Өмір-тіршілігінде
адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады
не күйзеледі, ашуланады, бойына ыза кеңейді, біреуді сүйеді,
бір нәрседен шошиды. Сонымен, кейіп дегеніміз-адамның белгілі
объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған
көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы
көңіл-күйі.
Адамның кейпінің көрініс белгілі сезімге, себептерге
байланысты болады. Мәселен ұнамды хабар естіген адамның
көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу,
уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса, оның бойын
қуаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда
шаттықтың лебі бірнеше күнге созылады. Адам кейпі тіршілік
жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. егер адам
шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпі солғын
болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі
көтеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі.
Адамның кейпіне табиғат көрініс, жыл маусымдары. ауа райы
сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Кейпіне
қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не
көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп
ажыратылады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған
дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы
жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы
жасарымды болса, көңілі де көтеріңкі болады.
Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв
жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді.
Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі
оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе, онда шаи-шадыман
күйге түседі. Ал егер керісінше, көзделген мақсатына
жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады.
Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті
күйде жүреді. Адам өз көңілінің
қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі
тиіс. Өз көңілін меңгере білу - мұғалім
үшін аса қажетті сипат. Егер мұғалім
көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу
материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі-аффектер. Аффекттер дегеніміз-қысқа уақытқа созылса
да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып,
мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің
әлсіреу жағдайында өтеді. Аффект кезінде адамның
"есі шығып" кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді
адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек.
Бұл-адамның өзін меңгере алмауы, ерік
тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мұндай
ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам
не істесе де ойланып істейді. "Ар ісі ақылға ермаек, бойды
жеңбек, өнерсіздің қылығы өле
көрмек" деп Абай дұрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға
шалдыққан адамдапдың аффекттерін ажырату қажет.
мұндай аффекттеп ми қабығы мен қабық асты
орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші
сигнал жүйесінің реттеушілік ролі кемігендіктен болады. Аффекттерді
тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз
байланысты мәселе.
Адамның көңіл-күйінің кйпін білдіретін
жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. "Фрустрация"
латыншадан аударғанда -
көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай
қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі
мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам
оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза
көрнейді, қайғырып, күйзеледі. Адамның сезімі мен
эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық
жағдайдағы көңіл-күй өшпенділік, кейіс пен
қаһар тудырады.
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік
мән-мағынасы бар ерекшелігі-эмпатия. Эмпатия-адамның
өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен
қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға
жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына
түскендей көңіл-күйде болуы. Жаңашырлық
сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып
көрсеткен-американдық психолог Э.Титченер. Ол философиядағы
ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып,
жаңашырлық сезіманің эмоциялық, салыстыру мен
ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық
және адам көңіл-күйінің аффектті
жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты
түрлері болатындығын да даралап көрсетеді.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі
бағытына із қалдыраптывн күшті, терең,
тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің
қоғамдық мәнімен бағаланады.
Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып,
ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі
бір объектіге бағытталады. Құмарлық-адамның
белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды
және ұнамсыз жақтары да бар.Мысалы, оқып білім
алуға дегенқұмарлық адам қабілетін
тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі
мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл-ұнамды қасиет. Ал
ұнамсыз құмарлықадамның еркін нашарлатады, жан
дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Мәселен
маскүнемдікке салыну т.б. сияқты.Бұл адамның
өзіне де, өзгелерге де зиянды. Құмарлықтың
ұнамсыз түрімен күрес жүргізіп, жексұрын
қылықтарға жол бермеу керек.
Егер ғылым мен өнерге, еңбекке
құмарлықты ұнамды десек, дүние
құмарлық , бақ құмарлық, ойын
құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.
"Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік
туғызады, міндет борышты етеді, абұлар еңбекке
жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған
жол", деп Абай адамға қажетті
құмарлықтың психологиялық табиғатын
жақсы көрсетті.
Баланың эмоционалды дамуы-оның
сезімдерінің жан-жақтылығының көрінісі. Балалар
қуанады, жылайды, қорқыныш сезінеді, мұңаяды.
Әр жаста өзіне тән нормативті қорқыныштар
байқалып отырады, қолайлы өмір жағдайларында олар
жойылады. Бірақ қорқыныштар бала бойында жинақталып,
оның тұлғалық дамуына кедергі болып және ол
үшін адаптациялық, невротикалық және басқа да
мәселелер туындататын жағдайлар да кездеседі. Эмоционалды күй
патологиялық бола бастағанда, арнайы коррекциялық жұмыс
қажет.
Психологиялық
денсаулық жеке тұлғаның
толыққандылығын қамтамасыз етеді, ол - адам
тұлғасының маңызды сипаты. Ересектер баланы жас
кезеңіне сәйкес, қоршаған адамдармен
қарым-қатынас контексінде, қоршаған
дүниенің мәдени, әлеуметтік, эконмикалық,
экологиялық нақты жағдайында өзін-өзі
түсіну, қабылдау, дамыту тәсілдерімен қаруландырып,
уақыт және кеңістікте шектелген, психологиялық
қызмет аясында балалардың психологиялық денсаулығын
қамтамасыз ету, жетілдіру амалдары ретінде психолог пен балалардың
арасында белсенді-диалогты танымдық іс-әрекет орнайтын тренингтік
тәсілдерді кеңінен ұйымдастырудың қажеттілігі
айқындалады. Қорытындылай келе, психологиялық денсаулық
- адамның әлеуметтік функцияларды толыққанды орындауына
мүмкіндік беретін қоршаған табиғи және
әлеуметтік ортасымен арасындағы динамикалық
тепе-теңдік, адам мен басқа адамдар арасындағы
тепе-теңдік, адам, табиғат, ғаламшар арасындағы
үйлесімділік.
Әдебиет:
1.
«Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы». А., 2010. – 54б.
2. Сухомлинский А.В. Сердце отдаю детям. М., 2009. – 123с.
3. Арямов И. А. Особенности детского возраста М., 2008. – 246с.
4. Алексеева
М. Ю. Практическое применение элементов арт-терапии в работе учителя.
Учебно-методическое пособие для учителя иностранного языка. М.: АПК и ПРО, 2009. – 88 с.
5. Ахметова Л. А. Формирование
арттерапевтической культуры младших школьников «Сам себе арттерапевт». М.:
Московский государственный
открытый педагогический университет, 2012. – 36 с.
6. Смирнова
О. Психология младшего школьника. М., 2010. – 135с.