Экономические науки/15.Государственное
регулирование экономики
Кереева Айнур Рыстаевна,
магистр
Жетысуский государственный
университет имени И. Жансугурова,
г. Талдыкорган, Республика
Казахстан
ҚАЗАҚСТАН
ЖӘНЕ ДСҰ-НА КІРУ ПРОЦЕСТЕРІ
Қазақстан
тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы
түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан
бұдан әрі қарай даму үшін және экономикасын
байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек.
Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын
табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл
ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық
шарттарын орындауымыз қажет» деп айтып өткен болатын.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
тараптардың барлығына тиімді болатын, әрі біздің
еліміздің стратегиялық және экономикалық
мүдделеріне сәйкес келетін шарттармен кіруді көздейді.
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты проблемаларды
терең зерттеу және маңызды амалдар, шаралар қолдануды
қажет ететін ел экономикасының тұрақтылығы мен
қауіпсіздігіне әсер ететін күніміздегі экономикалық
құбылыс болып отыр.
ДСҰ
- халықаралық сауданы
барынша жоғары мүмкіндікпен болжау мен оның еркіндігін
қамтамасыз етуге, сондай-ақ қатысушы-елдердің
саудаға және саудалық тосқауылдарға қатысты
кез-келген мәселелер бойынша өзара дауларын әділетті
түрде шешуіне арналған ережелерді әзірлейтін әлемдік
деңгейдегі жалғыз ұйым. Халықаралық
экономикалық қатынастардың дәстүрлі және
ең көп дамыған нысаны сыртқы сауда.
Қазіргі кезде ДСҰ-ның мүшелігіне 140-тан астам ел
қамтылған. Халықаралык құқығына
негізделген және алдын ала болжалатын Дүниежүзілік сауда
ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке
қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік
туғызады.Қазақстанның алдында бүгінде
экономиканың шикізаттық бағытын өзгерту
тұрғысында, яғни оны әртараптандыру мен дайын
өнімнің экспортын ынталандыру секілді маңызды міндет
тұр.Қазіргі кезде Индустриялық-инновациялық
дамудың бағдарламасы әзірленуде. Оны жүзеге асыру
аясында басым салалар ретінде металлургия, фармацевтика, химия,
құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіптік
кешені белгіленіп отыр.ДСҰ-ға мүше болып ену өз
кезегінде халықаралық сауда мен субсидиялау ережелеріне
сәйкес келуді, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсету
нарығында қазақстандық өндірушілер үшін
қолайлы жағдай жасауды қамтиды.Қазақстанның
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру
жөніндегі келіссөз процесі толық
қарқынмен жүргізілуде. Қазақстан
ДСҰ-ға, өркениетті әлемдік сауда
кеңістігіне кіріп, әлемдік сауданың
толық та жауапты мүшесі болуға және
осы мүмкіндіктерді Қазақстанның экономикалық
жаңғыру және
халықаралық нарықтағы бәсекелестік
қабілетін нығайту құралы ретінде пайдалануға ұмтылуда.
Қазақстанның
осы халықаралық ұйымға кіруі оның
өз заңнамасын ДСҰ талаптарына
сай үйлестіру арқылы экономикасының
заңдық және нормативтік базасын сапалы
нығайтына септігін тигізетін болады. Қазақстан
үшін олар келесіге негізделген:
·
Қазақстан ашық нарықтық
экономикаға ие, әлем шаруашылығы мен оның дамуына
ықпал ететін әлемдік құрылымдарға біріккенімен
қатар, ол ДСҰ-ның барлық мүшелерімен
қарым-қатынастарда автоматты түрде барынша ықпал ету
режиміне ие болады.
·
Қазақстан сондай-ақ өз тауараларын
транзиттеуге арналған қосымша және тиімді жолдарына ие
болады. Бұл Қазақстанның өңдеу
өнеркәсібінің отандық тауарларымен сыртқы
саудасын дамыту үшін әсіресе маңызды болып табылады.
·
Қысқа және ұзақмерзімді
келешекте Қазақстанның ДСҰ-ға енуі инвестицияларды
тарту және ең алдымен оларды өңдеу
өнеркәсібіне және жоғары технологиялы
өндірістерге тарту тұрғысынан маңызды болып табылады.
·
Қазақстан үшін ДСҰ-ның
саудалық дауларды, әсіресе Қазақстанның
экспорттық тауарларына қатысты қолданылатын демпингке қарсы
дауларына қатысты қолданылатын режим үлкен мәнге ие
болуы мүмкін және ол саудалық-саяси дауларды ДСҰ-да
ескерілген рәсімдердің шеңберінде одан да әділетті
негізде шешуге мүмкіндік береді.
·
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық
саясат туралы жедел ақпарат пен ДСҰ-ға
қатысушы-елдердің үкіметтерінің мақсаттары туралы
ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі туындайды, бұл
ақырында одан да тиімді сауда саясатын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі
жайлы мәселеде Кедендік одақтың қатысушы-елдерінің
көзқарастарын келісімдеу ерекше орынға ие. Қазіргі
уақытта одаққа кіретін барлық мемлекеттер осы
жұмысқа кіріскен, алайда олардың ДСҰ-ға
енудің түрлі кезеңдерінде болып отырғандығын
айтпай кетуге болмайды. Қорытындылай келе айта кететін нәрсе, ДСҰ жүйесі
халықаралық экономикалық қатынастар жүйесін
реттеуде орталық орынға ие, ал ДСҰ тағайындайтын
нормалар шын мәнінде халықаралық сауда заңы болып
табылады. Ортақ құқықтық кеңістіктен
тыс болумен, аталмыш ұйымның мүшесі болып табылмайтын
кез-келген ел өзін халықаралық саудадағы аутсайдер
жағдайына ұшыратады, себебі оған қатысты жалпы ережелер
қолданылмайды. Бұл ДСҰ жүйесіне қосылуға
итермелейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденті
Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».
2.
КамалинСыртқысаудаэканомикасы
Алматы 2005
3.
Мырзахметова А.М. “ ВТО и проблемы внешнеторговой политики РК”,
4. Андрюшина Е. “Казахстан на пути в ВТО”, Вестник предпринимателя – 2002 ж. № 9, 10-13 бет.
5. Темирбекова А.Ж. “Проблемы вступления Казахстана в ВТО и аграрный сектор”, Саясат, 2003 ж. №3, 78-81 бет.
6. Алшанов Р. “ Защитные меры Казахстана при вступления в ВТО”, Вестник предпринимателя – 2002 ж. №12, 3-5 бет.